ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ
ОЙЫН
(3 – 4 сыныптар аралығында)
Дайындаған: Мамырбаева А.М
Сайыстар кезеңі:
1.Таныстыру
2.сурет бойынша әңгіме құрастыру
3.жеті жұрттың тілін біл
4.Кім жылдам?
5. Топ басшылар сайысы
6. Сөзжұмбақ
7.Адасқан әріптер
1.топтың атымен таныстыру.
Мысалы:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Тапқыр достар тобымыз
Ақылдымыз, жеңеміз!
2. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3.жеті жұрттың тілін біл.
4-сыныпқа арналған тапсырма:
лестница – баспалдақ - staircase
камень – тас - stone
стол – үстел - table
палка – таяқ - stick
полотенце – сүлгі – towel
сандал – шәркей - sandal
змея – жылан – snake
лес – орман - forest
холодильник – тоңазытқыш - refrigerator
3 –сыныпқа арналған тапсырма:
лестница – баспалдақ - staircase
яйцо – жұмыртқа - eggs
волк – қасқыр - wolf
пол – еден - floor
трава – шөп - grass
мыло – сабын - soap
нож – пышақ - knife
морковь – сәбіз - carrot
дом – үй – house
4. Кім жылдам? «ТОҢАЗЫТҚЫШТАР» бір сөзден бірнеше сөз құрастыру. Мысалы: аз,от, зат, шатыр, аң, ақ, оң,қара т.б
5. Топ басшылар сайысы. Қазақ тіліне тән әріптері бар сөздерді табу. Мысалы:
«Ү» - үлкен, үстел, гүл, түн, күн, үйрек, түлкі, үш т.б
« Қ» - қалам, қарындаш, қара, ақ, қол, қант, қызыл, саусақ, орамжапырақ т.б
«Ә» - әтеш, әже, әке, әпке, дәптер т.б
«Ұ» - ұлу, ұя, құс, ұшақ, жұмыртқа, ұн,ұл т.б
«Іі» - ілгіш,іні, бір, екі, жеті, сегіз, түлкі, піл, өрік т.б
6.Сөзжұмбақ.
3 – сынып
3 сынып. Сөзжұмбақ сұрақтары:
...рет өлшеп, бір рет кес.
... сақта! (соблюдай чистоту)
Досыңды ... біл!
Туған күніңмен ...!
Он бірінші ай қалай аталады?
Тазалық – саулық негізі,
... – байлық негізі.
Киіміңді таза ...!
4 – сыныпқа арналған сөзжұмбақ.
4 сынып. Сөзжұмбақ сұрақтары:
Ағаштарды ... ! (береги деревья)
Жануарларға .... бол!
Спортпен ...!
Бәріне ... айт!
Үйді ... ұста!
Үлкенді ... , кішіге қамқор бол!
... күніңмен құттықтаймын!
7.«Адасқан әріптер» ойыны. Әріптердін орнын ауыстыра отырып, сөз құрастыру.
Әділқазылар алқасы қай топтың алғырлық танытып, жеңіске жеткенін айтып, оқушыларды марапаттайды!
Осымен бүгінгі интеллектуалдық ойынымыз аяқталды.