Просмотр содержимого документа
«"5 cынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" баяндама»
Баяндама
5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
Сынып жетекші: Жиенгельдинова Айнұр
ADMIN
Оқушыларды орта буынға бейімдеу - қиын да күрделі іс.
Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтуі – қазіргі күнге дейін мектептің актуальді мәселесі болып келеді. Бұл кезең – оқушылар үшін де, ата-аналары үшін де, оларды 4 жыл бойы оқытып, аялап келген ұстаздары үшін де, оларды енді қанатының астына алғалы отырған мұғалімдері үшін де – ең бір жауапты да қиын кезең. Сондықтан бұл кезеңді бала өміріндегі ең алғашқы өтпелі кезең деуге болады. Бұл қиындық жас ерекшелігіне байланысты жүктемелердің көбеюі, яғни 5-сыныпта оқу жүктемесі, оқу жағдайы күрт өзгеретіндігімен түсіндіріледі. Оларға негізгі пәндерден бастауыш сыныпта бір-ақ мұғалім сабақ берсе, орта буында көптеген мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді, кабинеттік жүйе де балаларға өз ауыртпалықтарын салады, салмақты сөмкелерін арқалап, қабаттан-қабатқа жүгіріп жүру де 10-11 жастағы балалар үшін жеңіл шаруа емес. Сондай-ақ, мұғалімдердің сан алуандығымен қатар, олардың қояр талаптарының әртүрлілігі, бір мұғалімнің бала жанын түсініп, қамқор болуы, бір мұғалімнің шектен тыс қатал, талапшыл болуы, кейбір мұғалімдердің дауыс көтеруі – бәрі орта буынға жаңа келген бала үшін қиындық туғызары хақ, осы жайлардың бәрі жас жеткіншек психикасына оңай емес. Ғалымдардың айтуы бойынша, кейбір балалар бұл кезеңнен онша қиналмай өтсе,яғни 4-5 аптадан соң, көпшілігі 2-3 айға дейін немесе 5-сыныпты бітіргенше, ал тағы біразының осы кездегі алған әсерлері салдарынан бейімделу орта мектепті бітіргенше сақталады екен. Міне, осы балалар назардан тыс қалмауы керек деп ойлаймын. Бейімделу кезеңінде балалар шектен тыс сезімтал, сылбыр немесе керісінше, шамадан тыс шулы, беймаза болып өзгерулері мүмкін. Олардың жұмысқа қабілеттері төмендеп, есте сақтау қабілеттері нашарлауы, кей жағдайда ұйқысы, тамаққа тәбеттері төмендеуі мүмкін. Сабаққа деген қызығушылықтары төмендеп, оқу үлгерімдері нашарлауы мүмкін, құрдастарымен қарым-қатынастары бұзылатын жағдайлар да орын алуы кездеседі.
5 «б» сыныбында 25 оқушы оқиды. Олардың 4 оқушы үздік, 9 оқушы екпінді. Екпінділердің ішінде 1 оқушы 1 сабақтан 4-ке бағаланып отыр. Орыс тілі пәнінен мұғалімі Сәрсембаева Г.К. 4 сынып кезіндегі көрсеткішпен салыстырғанда білім сапасы 56%, 5 сыныпта білім сапасы 52% құрайды.
Сыныпта 2 оқушы тұтығып сөйлейді, 2 оқушы жетім бала. Тұтығатын балалар сабақ барысында сасқалақтап сабақ айта алмай қалады және де тіл мүкістігі бар балалар сабақ айту барсында ұялшақтық білдіреді. Бір оқушы Болдырғанов Расул баяу қабылдайды. Сабаққа қатысуы қанағаттанарлық. Екі оқушы апасының қамқорлығында тұрады. Көп балалы отбасы саны: 3 отбасы. Аз қамтылған отбасы саны: 10 отбасы. 3 отбасында жеке меншік үйлері жоқ, жалдамалы пәтерде тұрады. Тәртіп жағынан мазасыздық бар. Тәрбие сабақтары өткізіліп, жиналыстар өткізу арқылы басылып келеді.
Психологтың оқушылардың мазасыздықты анықтау натижесінде тестке 22 бала қатысты.
Мектептегі мазасыздық деңгейі жоғары оқушылар: (үй тапсырмасын сұрағанда, жауап бере алмаудан, оқи алмай қаламынба деп қорқу)
Әлеуметтік стресті уайымдау: ( Сыныптастарымен қарым-қатынасы, сынып алдында ұялу, жасқану, сөзәнәң жүрмеуі, назар аудармау деп мазасыздану)
Табысқа жетудегі қажеттілік фрустрациясы( сыныптастарыана қалып қалмау, жоғары бағаға талпыныну, жаңа материалдарды меңгеруге, артта қалып қалмасам екен деп мазасыздану)