Просмотр содержимого документа
«"Адал ұрпақ" тобының жұмысы туралы»
«Адал Ұрпақ» тобының жұмысы
«Іле аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2016-2017 оқу жылында «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында №35 орта мектебінде «Адал Ұрпақ» атты топ құрылып, жоспар бекітілді. Құрылған топпен жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
2016 жылы 5 желтоқсан күні «Адал Ұрпақ» еріктілер клубына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдау рәсімі ұйымдастырылып, өткізілді. «Адал Ұрпақ» тобының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастама-ларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізге ала отырып, мектебімізде 5- 11 сынып оқушылары арасында «Адал Ұрпақ» ерікті топ 15 оқушы-дан құрылып , жетекшісі тағайындалып, іс-шаралар жоспарланып ұйымдастырылды.
Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сыныптан тыс құқық-тық тәрбие берудің маңызы ерекше. Мектеп бойынша құқықтық тәрбие беруде жүр-гізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған.
2016 жылы 7 желтоқсан күні құқық пәнінің С.Еменов «Біздің қоғамда жемқор-лыққа жол жоқ» атты бейнематериалды мұғалім қауымына ұсынды. Бейнематериалда жемқорлыққа жол бермеу және қандай заңдар қаралғаны туралы көрсетілді. 2016 жылы 8 желтоқсан күні сурет пәнінің мұғалімдері С.Бабазова, Ш.Альжанова мен Ш.Бегмуратовалар болып «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауын өткізіп, бұл байқауда мақсатын дұрыс көрсеткен ең үздік суретші болып 9а сынып оқушысы Б.Шамуратова мен 9б сынып оқушысы К.Турсын мақтау қаға-зымен марапатталды. 10 сынып жетекшілері «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел, тарих пәнінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушыларымен «Қоғам-дық тәртіп негіздері» пікірталас практикум, «Сыбайлас жемқорлыққа,төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлін көрсету» атты ата-аналар жиналысы өткізіліп, практикалық ұсыныстар берілді.
Желтоқсан айында 8-10 сыныптар арасында мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы және оқушылардың қатысуымен «Қазақстан - құқықтық мемлекет», «Вы сталкива-лись с коррупцией? Как её победить?» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Бастауыш сынып оқушылар арасында «Өз құқықтарымызды білеміз бе?» тақыры-бында түсіндіру сабақтары өткізіліп, балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауап-кершілік, адалдық, әдепттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетуді ұйымдастырылды.