Просмотр содержимого документа
«"Адамзаттың рухани ұстазы - ұлы Абай"»
Тараз қаласы №10 орта мектеп
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Абдикаимова Г. С.
ЭССЕ
«Адамзаттың рухани ұстазы – ұлы Абай»
Қазақтың бас ұлы ақыны Абай Құнанбаев.
«Адамзаттың Абайы»
Н.Ә. Назарбаев
Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Мен үшін ұлы ұстаз, өзінің бар күшін, бүкіл өмірін халқының игілігіне, жарқын, жарық болашағына арнаған асыл адам – ұлы Абай.
Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуіріндегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Абай өзінің адамгершілік, гуманистік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтерілген, сол арқылы бүкіл адамзаттық идеяларға жол тапқан.
Ол қазақ поэзиясының, халақ даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық биікке алып шықты.
Ұлы ұстаздың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәніоның шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын көрсете отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды жете бағалай білген ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығынан, кеменгер ойшылдығынан айқын танылады.
Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға.
Абай дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесңнен ғана туындайтын табиғы құбылыс.
Абайдың «Жетінші сөзінде» ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялықұғым бар. Оны Абайбіздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:
«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,»
— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдайұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдыңағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Сондықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздері ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегенмен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады»-деп, ойын осы сөзінде кеңіте дамытқан.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстыр пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Абай Құнанбайұлының әлемдік санадан өз орнын алатындай елеулі құбылыс болуы тек оның әдеби ізденістерінен шектелмейді. Әдебиет – Абайдың күллі дүниелік болмысқа, адами, ұлттық, кісілік, тарихи, заманалық болмыстарға бойлайтын кәусар дариясы.
Ұлы Абай аз халықты да, көп халықты да бауырластыратын рухани ықпалдастық деп түсінді. Адамға адам баласының бәрін дос санады.
Абай өз дәуіріндегі өз жұртының әлеуметтік болмысымен шектелмей, оны қалай сауықтыру мен сауаттандырудың амалын іздеді.
Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгеніміз, Әділет пен Абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыз.
Абайды бізбен мәңгілік бір қылатын да осындай ұғым, осындай сенім.
Ендеше, Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай! Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне білгей!