Жем-Сағыз – айналайын, жайнаған жер!-деп жырлаған осынау құт-береке дарыған қасиетті Жем-Сағыздың бойын жайлаған елдердің тарихында талай айтулы тұлғалар болған. Сол тұлғалардың арасынанбүкіл болмысымени ерекшеленіп тұратын өнер саңлағының бірі жерлес ақынымыз Бәкір Тәжібаев.
Құтты береке дарыған қасиетті Жем-Сағыздың бойын жайлаған елдің тарихында талай айтулы тұлғалар болған. Жем-Сағыз өңірінің тарихы тым тереңнен бастау алады. Зер салып қарайтын болсақ – азуын айға білеген айтулы ақиық ақындарға да, күміс көмей бұлбұлдай сайраған әнші, жыршы, жырауларға да кенде емес. Тым әрідегі тарихты былай қойғанда, осы отырған баршамыз жақсы білетін Кеңестік кезеңде де әдебиет, мәдениет, ғылым, өнер дүлділдеріне кенде болмағаны белгілі. Атағы айдай әлемге әйгілі Сақтаған Бәйішов, Назарбай Былиев, Нұрдәулет Күзембаев бастаған ғалымдар, Тобық Жармағанбетов, Сағи Жиенбаев, Төлеген Айбергенов, Бәкір Тәжібаев, Есенбай Дүйсенбай, Қажығали Мұханбетқали бастаған ақын – жазушылар мақтанышымыз. Осынау тұлғалардың арасынан бүкіл болмысымен ерекшеленіп тұратын өнер саңылағының бірі-Бәкір Тәжібаев.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Айналайын, Ақбұлақ»
Дөңбай Данагүл Өзбекқызы
Музыка пәнінің мұғалімі
Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қаражар орта мектебі
«Айналайын, Ақбұлақ!»
Мақсаты: а) Бәкір Тәжібаевтың өміріне шолу жасай отырып, қаламы қарымды ақынның шығармаларымен, композиторлық қырымен танысу;
ә)Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын мәнерлі, тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру;
б) өз халқының тілін, өнерін құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелей отырып, мәнерлеп оқуға машықтандыру, жерлес-ақын жазушылардың шығармашылығын келешек ұрпақтың бойына сіңіру.
Барысы:
1-жүргізуші:
Құрметтті оқушылар, ұстаздар! Б.Тәжібаевтың шығармашылығына арналған «Айналайын, Ақбұлақ!» атты сыныпаралық ән сайысына қош келдіңіздер!
Жем-Сағыз - ән тербетпей қоймаған жер!
Бақытын туған елім тойлаған жер!
Ақыны бұлбұлдайын сайраған жер,
Жем-Сағыз – айналайын, жайнаған жер!-деп жырлаған осынау құт-береке дарыған қасиетті Жем-Сағыздың бойын жайлаған елдердің тарихында талай айтулы тұлғалар болған. Сол тұлғалардың арасынанбүкіл болмысымени ерекшеленіп тұратын өнер саңлағының бірі жерлес ақынымыз Бәкір Тәжібаев.
Құтты береке дарыған қасиетті Жем-Сағыздың бойын жайлаған елдің тарихында талай айтулы тұлғалар болған. Жем-Сағыз өңірінің тарихы тым тереңнен бастау алады. Зер салып қарайтын болсақ – азуын айға білеген айтулы ақиық ақындарға да, күміс көмей бұлбұлдай сайраған әнші, жыршы, жырауларға да кенде емес. Тым әрідегі тарихты былай қойғанда, осы отырған баршамыз жақсы білетін Кеңестік кезеңде де әдебиет, мәдениет, ғылым, өнер дүлділдеріне кенде болмағаны белгілі. Атағы айдай әлемге әйгілі Сақтаған Бәйішов, Назарбай Былиев, Нұрдәулет Күзембаев бастаған ғалымдар, Тобық Жармағанбетов, Сағи Жиенбаев, Төлеген Айбергенов, Бәкір Тәжібаев, Есенбай Дүйсенбай, Қажығали Мұханбетқали бастаған ақын – жазушылар мақтанышымыз. Осынау тұлғалардың арасынан бүкіл болмысымен ерекшеленіп тұратын өнер саңылағының бірі-Бәкір Тәжібаев.
1926 жылдың 15 мамырда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Абұлақ ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан бастап Темірдің педагогика училищесінде оқып, кезінде Жұрын аудандық (қазіргі Мұғалжар)газеті редакциясында, аудандық комсомол комитетінде қызмет істеген. 1950 жылы Алматы театр-сурет училищесі жанындағы киноактерлік бөлімді бітіргеннен кейін,бірталай жыл Жамбыл, Шымкент облыстық театрларында актерлікпен шұғылданған. 1958 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында әдеби бөлімнің меңгерушісі болып істеген. Кейін Алматы облыстық халық шығармашылығы үйінде, Қазақ КСР театр қоғамында жұмыс жасайды, 1974 жылдан бастап тікелей шығармашылық жүмыспен айналысты.
2-жүргізуші:
Бірнеше жыр жинақтарының, кең тараған әндер мен ән мәтіндердерінің, драмалық шығармалардың авторы. «Жас Дәурен, «Ақбұлақ», «Әппағым-ау», «Гүлсің-ау» әндері бар.Оның өз орындауындағы әндері «Мелодия» фирмасынан күйтабақ болып шыққан. «Қамбар сұлу» операсы либреттосының авторы (музыкасын жазған компазитор Еркеғали Рахмедиев).
150-дей ән мәтіннің авторы. Көптеген әндері әлі күнге дейін сахна төрінде орындалып, халықтың сағынып тыңдайтын әндері. Бірқатар әндер Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғаныстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кеңінен тарап, сүйікті әндеріне айналған.
Шығармашылығына келер болсақ, ол үнемі ізденіс үстінде болды. Жеткен биігінде тоқтап, тоқырап қалмай, тынымсыз еңбек етті. Әлі күнге халқымыздың аузынан түспей келе жатқан әсем әндері соның бір дәлелі. Мысалға «Ақбұлақ», «Әлия», «Әдемі-ау», «Бозторғай», «Бұлбұл әні», «Домбыра», «Гүлсім-ау», «Қарындасым қарлығашым», «Туған ел», «Жүрегім дүрсіл қағады-ау» және басқада әндері.
Әнші Роза Рымбаеваны әлемге танытқан Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтың әні «Әлия». Кеңес Одағының Батыры , жерлесіміз, мерген қыз Әлия Молдағұлованың ерен ерлігі мен даңқына арналған ән.
Сазер, ақындығымен қатар дарынды драматург, қаламы қарымды прозашыл болды. «Сахна жұлдызы» атты кітабында қазақ театры тарихынан бастап, халқымыздың маңдайына біткен мақтаныштары, өнер дүлділдері Ермек Серкебаев, Роза Бағланова, Әзірбайжан Мәмбетов, Ыдырыс Ноғайбаев тағы басқалары жайында тебірене қалам толғайды.
Ал «Балбұлақ» («Жазушы» Алматы, 1969ж), «Қара торғай» («Жазушы» Алматы 1967ж), «Ән дәурен» (Алматы, 1973ж), «Сахна жұлдызы» (Жалын Алматы,1977ж), «Жүріп келем» («Жазушы» Алматы,1967ж), «Дала жолдар» («Жазушы « Алматы,1980ж), «Жыр жолаушылары» («Жазушы» Алматы, 1982ж) тағы басқа кітаптары қазақ әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне сүбелі үлес болып қосылды. Ал, 2000 жылы аудан орталығындағы балалар саз мектебіне Бәкір Тәжірбаевтың есімі берілді.
5-6 сынып оқушыларының Б.Тәжібаевтың шығармашылығын, яғни өлеңдерін жатқа оқиды.
7-11 сынып оқушыларының Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған әндерді жеке орындауындағы сайысы.
8-11 сынып оқушыларының Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған әндерден хоры.
Поэзия минуты. Б.Тәжібаевтың өлеңін жатқа оқу.
Қортынды.
Енді сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейін.
І бөлім
«Ауылым - әнім»
Бір жағында болатын,
Ақ селеулі қыры бар,
Бір жағында болатын
Сары алтындай құмы бар,
Ағашында шиеден өскен
Ақ шаңқайдай жары бар
Ши түбінде жуа өскен,
Ақ тоғайы тағы бар
Шағылынан миуа өскен
Ақ қояны қашатын
Аршынынан асырмай
Құмай тазы басатын
Бөкенбайдың сайында
Ақбұлақтың бойында
Дүниеге келіппін.
Қызық дәурен көріпті
Той думаны қызғанда
Жүйрік мініп желіктім
Бір құдырет аямай
Ән мен күйді серік қып
Жүрегіме беріпті.
Қазақстан –Гүлстан
Хор: Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің әні «Күн дидарлы Қазақстан».
Өмір туралы толғау
Мен өзім
Сапарға, досым, шығайық
Аға
Дидарыңа қашан да көрік берген,
Қалмай сенің соңыңнан еріп келем.
Жақсылықтың жолында, жаным аға,
Мен өзіңе әрдайым еліктегем.
Жатан атқа ініңмен ілікпеген,
Бар сырымды мен сенен іріктегем.
Қиын асу өмірдің өрін өрлеп,
Ізіңменен мен сенің жүріп келем.
Дидарыңа қашанда, көрік берем,
Қиялыма сен барда ерік берем.
Сапардағы мен сенің серігіңмін,
Жарты құртты тар кезде бөліп берем!
Хор: Б.Тәжібаевтың «Бауырым»
Ауылға барғанда
Ауылым, хош иісті гүл-ау далаң,
Үстінде қыратыңның күн аунаған.
Шалқымай көңіл шіркін қала ала ма,
Түтінің қолын былғап тұр-ау маған.
Кегіңе сурет салып бара жатыр,
Тізбекті тырналарың тыраулаған.
Айнымай анадайдан естіледі.
Әнекей, екем дауыс «құраулаған»,
«Шәйт, шәйт» келе жатыр ат үстінде.
Қаптатқан ақтылы қой дырау балаң.
Өзіме домбырасын сыйға тартқан,
Нұрпейіс Байғаниндей жырау бабам....
Жалыны жоқ жүректен ән ұшпайды
Жалыны жоқ жүректен ән ұшпайды,
Жігеріңді жаман дос жаншытпайды.
Жүрген сайын жеткізбей қарсы алдымнан,
Асқар тауы арманның алыстайды.
Жырларымнан тұтатып шырақ алдым,
Сол бір асу биікті сұрап алдым.
Көз жасымды көрсетаей еш адамға,
Жалғыз жүріп кейде мен жылап алдым.
Өмірімнің өткізіп көш тізбегін,
Күн нұрындай көңілге хош іздедім.
Жақын келіп ұғынар жай күйімді,
Қзақ жолда жалтармас дос іздедім.
Менің-дағы биікте шынарым бар,
Сан алуан өнерге құмарым бар.
Қапаланған шақтарда сырласатын
Сал-домбыра сазынан сыңарым бар.
Қара шалдар
Ассалаумағаллейкум, қара шалдар!
Даланың шежіресі-дана шалдар.
Толқимын өздеріңді көрген шақта,
Кеудеме күн орнайды қарасаңдар.
Көғалға ақ текемет жайып тастап,
Отырар сырлы өмірдің жайын бастап.
Тербетіп терең ойлы сөздеріңмен,
Сендер ғой көкке өрлеткен ойымды асқақ.
Әлі де алдарыңда баладаймын,
Әр үйден сендерді әздеп аралаймын.
Өткенде жырдай етіп айтсаң болды,
Өңгені өздеріңнен қаламаймын!
Төгілтен күй төгейін қаласаңдар,
Өнерпаз біз ұлыңа баласаңдар.
Қарттыққа мойын сұнбай жүрсіңдер ме?
Қайыспас қара емендей қара шалдар!
Қарауылкелді
Ақбөкен
Кішкентайдан қолда өсті бір ақбөкен,
Болыпты оған ауыл-үй тұрақ мекен,
Сұлулыұтың еркеі еркін жүрген,
Әлдеқайда ауылда жырақта өскен.
Аңдамастан арудың үрікпесін,
Оңай жерде олжаға іліккесін.
Кездейсоқта жолаушы,
Ақбөкенге
Басып қалды «қос ауыз» шүріппесін.
Аранында ажалдың жай бола ма,
Секілденіп бейне бір аққан жұлдыз
Кете барды ақбөкен айдалаға...
Шаңқылынан мылтықтың жер дір етті,
Ажалына ілікпей өмір кетті
Есеңгіреп қалғандай мөлдір дүние
Шарпып өтті боз мұнар төңіректі....
Нан туралы жыр
Жараланған қауыздағы дән нұрдан,
Дән бар жерде думан құрғам, сән құрғам.
Тірлігімнің бар қадірін білгізер,
Күндей болып оттан шыққан тандыр нан!!!
Буы шығып бұрқыраған кезінде,
Қасиетіне қандай теңеу таба алам?!
Дихан қолы дәнді жерге еккен де,
Дихан ғой сол жерге терін төккен де,
Шаруаға күнде тағзым етемін
Онсыз мен де дегеніме жеткем бе!
Кең даламның даңқы әлемге мәлім ғой!
Дән дариясы таусылмайтын әнім ғой!
Оесыз маған, сірәғ бақыт жолар ма!
Көкірегіме әсем бір саз қонар ма!
Анажанның өз қолымен ұсынған
Нанға лайық баға дегн болар ма!
Буы шығып бұрқыраған нан барда,
Бұл өмірде одан асқан ән бар ма!!!
Мектебім
Кім ұмытар әндеткен қоңырауын,
Жарқын жастық кең ашқан омырауын.
Жамырасып жататын толқындардай
Жас ұландар сол үйде толы қауым.
Келешекке арайлы арман бастар,
Тұрсадағы талай бір алдында асқар.
Түлектердей талпынған қиясына-
Ұясынан ұшатын қарлығаштар.
Нәр алатын жерімнен жасыл бақ бар,
Ырғалатын жерінде бал құрақтар.
Еркіндікте еркелей ойнақ салған,
Бал дәуренім қостайтын балбұлаққа.
Қанша қалсын артымда белес, мейлі,
Сол күйіңмен ешбір күй теңеспейді.
Со бір үйден қашанда сәуле шашқан,
Күндей болып -әр ұстаз елестейді.
Әже
Аяладың, әлдиледің, көтердің,
Не қаласам – соның бәрін әпердің.
Жаны жайлау жазиралы, әжекем
Еңбегіңді немен, сірә, өтермін!?
Балғын болып бауырыңда өстім мен,
Балаң үшін сан қиындық кештің сен.
Мектепке де өзің бардың жетелеп,
Өз саяңда еркін жүріп, ес білгем.
Аяулы әже жанарыңдай көзіңнің,
Есейсем де перзентіңмін өзіңнің.
Бұл өмірде шалқып, тасып өтемін,
Алыс кетсем, ақ сәулең боп жетемін.
Еміреніп «Ботам»- десең, әже-жан,
Жырға айналып, күйге айналып кетемін.!
Аруанадай ақ сүт берген, әжекем,
өмір бойы көңілді жаз етем
сыйлығым деп ән-күйімді арнаймын,
қадірлеумен өтем сені әрдайым!
Адалдық
Адамдығы адамның-адалдығы,
Адалдығы-өмірден табар күні.
Адалдығын күр шалған кей сабаздың,
Ел алдында арзандап қалар құны.
Ақ ниетпен досқа дос қол береді,
Тірліктегі бөлісіп қуанышын.
Қиындықты бірлесіп жеңер еді,
Адамдығы адамның –адалдығы
Адалдығы өмірден табар күні.
Арманына жетуге асыққандар,
Көкейіне қабылдап алар мұны!
Жалыны жоқ жүректен ән ұшпайды
Жалыны жоқ жүректен ән ұшпайды,
Жігеріңді жаман дос жаншытпайды
Жүрген сайын жеткізбей қарсы алдымнан
Асқар таулы арманның алыстайды...
Жырларымнан тұтатып шырақ алдым
Сол бір асу биікті сұрап алдым
Кқз жасымды көрсетпей еш адамға
Жалғыз жүріп кейде мен жылап алдым
Өмірімнің өткізіп көш тізбегін
Күн нұрындай көңілге қош іздедім.
Жақын келіп ұғынар жан күйімді
Ұзақ жолда жалтарсам дос іздедім
Менің дағы биікте шынарым бар
Сан алуан өнерге құмарым бар
Қапаланған құшақтарда сырласатын
Сал –домбыра сазынан сыңарым бар.
ІІ бөлім
сынып оқушыларының Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған әндерді жеке орындауындағы сайысы.
ІІІ бөлім
сынып оқушыларының Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған әндерден хоры.
ІҮ бөлім
Поэзия минуты. Б.Тәжібаевтың өлеңін жатқа оқу.
Ү Бөлім
Қортынды:
1-жүргізуші:
Келесі кезекті сайыстың қорытындысын жариялау үшін әділ-қазылар алқасына береміз.
2-жүргізуші:
Еңбегім-төккен терім аз ба, көп пе,
Қанағат еттім, елім, жазба, сөкпе!
Демеймін: «Даңқ – атақтан кенде қалдым»
Дүниеде сен тұрғанда, мен де бармын! – деп ақын аға айтып кеткендей, осындай жалынды да жігерлі ұрпақтары барда ақын шығармалары ешқашен ұмытылмақ емес.