kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ақшора-Белтұран" - Маңғыстау ғашықтары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Автор:Маңғыстау жалғыз ғана адайдың емес, түрікмендердің де қонысы саналатын заман болған екен.Бүкіл әулетінің билігін ұстап, бір шыбықпен иіріп отырған Дүрді деген түрікмен өмір сүріпті. 4 ұлының арасында жалғыз Ақшора атты қызы болыпты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ақшора-Белтұран" - Маңғыстау ғашықтары»

Маңғыстау облысы

Маңғыстау ауданы

С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп

Жарылғасынова Айымгул


Сахналық қойылым

Отыншы Көшбайұлы

Маңғыстау ғашықтары - «Ақшора мен Белтұран»

Қатысушылар:

Автор -Дидар

Дүрді Қылыш –Ақшора әкесі,түрікмен - Рахат

Ақшора – түрікменнің қызы –Мадина

Белтұран – адайдың жігіті – Бақытжан

Анар – Ақшораның жеңгесі – Айгул

Зергер Наңқы –Дидар

Музыка Кішкентай - Құрманғазы күйі

Автор:Маңғыстау жалғыз ғана адайдың емес, түрікмендердің де қонысы саналатын заман болған екен.Бүкіл әулетінің билігін ұстап, бір шыбықпен иіріп отырған Дүрді деген түрікмен өмір сүріпті. 4 ұлының арасында жалғыз Ақшора атты қызы болыпты. Қызымен құдаласуға ешкімді менсінбей, бір Хиуаның бегіне лайық деп тауыпты. Беделі Қаразымның ойына белгілі, қолтығынан сондай сүйеуші болса, жағдайының жаман болмасын Дүрді сезсе, қызы Ақшораның іс –әрекеті мынандай еді...

1-көрініс

(Бұлақты сылдырап аққан дыбысы мен қыз мен жігіттің күлкісі естіліп жатады. Қыз бен жігіт қолдарынан ұстап, бір бірінен көз алмай тұрады. Қыздың көңіл күйі болмай, бұрылып былай дейді.)

Белтұран: Келдің бе, Ақшора?Ешкім байқап қоймады ма?

Ақшора: Уәде берген соң келіп тұрмын.

Белтұран: Енді қайтпек керек? Бүгін болмаса ертеңгі жағдайымыз не болмақ?

Ақшора:Білмейм (басын бұлғайды)

Белтұран:Өз дегенінен қайтпайтын әкеңді райынан қайтару қиын болайын деп тұр? Араға елші салып «Хиуаның бегіне берген уәдеңді бұз, біздің айтқанымызды қабылда» дейтін сөз жатқан жыланның құйрығын басумен бірдей.

Ақшора: Жоқ, ол жарамайды. Екі елдің арасындағы сүттей ұйып келе жатқан бірліктің бұзылуына ел ақасақалдарын кінәлі қылмайық.

Белтұран: Енді ше?

Ақшора: Көп ұлдың арасында өскен жалғыз еркесі едім ғой, мүмкін сөзімді ерде қалдырмас, өзім айтайын.

Белтұран: Жарайды ендеше.(Екеуі шығып кетеді) Бағымызды сынап көрейік

Ақшора: Олай болса, хабар менен болсын.»кетіп қалады)

2-көрініс

(Дүрді мен Ақшора.Ақшора жыламсырап тұрады.Түрікменнің музыкасы)

Ақшора: Әке, қарауыңдағы елге, балаларыңа қатал болғаныңмен, маған дегенде жүрегің жұқа еді. Орынсыз еркелетпесең де ойымды ашық айтуға үйреттің. Бәлкім өзге құрбыларымнан да артықшылығым осы шығар.

Дүрді: Айта бер.

Ақшора: Онан басқа бәріміздің де түбіміз әйел ғой. Салтты бұзып, әке шешімін аттап өтудің біздің ұлтқа кешірілмес күнә екенін де білемін. Ондай жағдайда бір сенің ғана емес, бүкіл елдің көзіне шыққан сүйелдей болатыным да белгілі. Бұрынғы еркіндігіме салып бір сөз айтайын. Маған ақыл айтты деп сөге көрме.

Дүрді: Айтсаңшы енді жұмбақтамай!

Ақшора: Сақалыңның ағымен екі сөйлеудің мүмкін еместігін де сеземін. Жалғыз қызың үшін райыңнан қайтсаң қайтеді.Төрт бәйтерегіңнің ортасындағы жалғыз шынарың едім ғой. Көктей солдырма мені. Менің жаным да, жүрегім де осы топырақта жаратылған бір тентекпен жалғанған. Оның аражігін ажырату мүмкін емес енді. Мені түсін әке.

Дүрді: Жоқ!(шаңқ етеді)Сен не айтып тұрғаныңды білесің бе? Менің берген антым, құран ұстаған уәдем қайда қалмақ. Қартайған шағымда мен екі сөйлесем оның арты неге апарып соғатынын ойладың ба?

Ақшора: Білемін ,әке. Антты бұзу, аманатты орындамау түрікменнің қанында болып көрмеген нәрсе. Бірақ ,құдай тағалам кешірімді, күнәһар пенделеріне қашанда мейірімді деуші еді ғой Гелді ишан. Сонау қиян шеттегі Хиуадағы біреуден демеу күткенше, қолтығыңнан сүйер қамқор қолды осы жерден іздесеңші,әке.

Дүрді: Хиуаның құрығы ұзын, адымы үлкен бегінен озып маған қамқор болатын кім еді ол? Есен елінде маған жел жағымнан пана болатын қайсысыбар еді. Олар ақылды менен сұрамайтын ба еді. Менің көлеңкемді паналайтын еді ғой.

Ақшора: Ол сен айтқандай Есен елінен емес. Адайдың бір жігіті. Ол Белтұран ғой әке. Өткен жылы болып өткен тойда сол жігіттің өнеріне де, қайратына да риза болған өзің емес пе едің. Осындай он жігітім болса, жер қайысқан жау болса да жүрегім тітіркенбес деп едің ғой. Осы Маңғыстаудан ел үдере көшіп жатқанда, бар өмірім, тіршілігім осы жерде, бұл елден өлесем де ажырамаймын деген де өзіңсің.Ендеше, әке қызыңды баянсыз бақ үшін саудаға салма. Мен айтып болдым. Дегеніңе салып, аяқ-қолымды байлап апарсаң да, жаным сүймеген, жүрегіме жат жерге барып саған қорғаныш бола алмаймын. (шығып кетеді, Дүрді ашуланып жерді соғып қалады көңілсіз әуен.)

Дүрді: Кешегі мәпелеп өсірген қызымнан дәл осындай қарсылық көрем, айтқаным жерде қалады деп ойладым ба? Бүкіл Маңғыстау,сонау Қаразымның ойы құлақтанып, гу-гу әңгімеге арқау болған осы құдалықты көз жасын көледткен қызыма бола тоқтатсам, менде не бедел қалмақ? Өзі би, өзі батыр мына менің екі сөйлесем, сақалымнан не қадір-қасиет қалмақ? Хиуаның жарты байлығын астына басқан бек кім, малының өрісіне бола жаз бойы жұртын үш-төрт ауыстыратын Таласбай кім? .... (сабасына түсіп)Ақшора қайда кетер дейсің? Бейтаныс жерге барғысы келмей отыр да, ертең Хиуаның барлық пен байлыққа толы қақпасына енген соң бәрі де ұмыт болар – ау.

3- көрініс

Автор: Дүрді Қылыш Ақшора мен Белтұранды кездестірмес үшін жұрт ауыстырды. Бүкіл ауыл Ақшораны аңдып жүрды. Көңілі аусын деп еркінен тыс ортаншы жеңгесіне кілем тігуге көмектестіреді.

(жеңгесі Анар мен Ақшора кілем тігіп отырады,өрмек жанында)

Ақшора: (көңілсіз)Бері қарашы, Анар. Күні кеше ғана бәріңнің орталарыңдағы еркелерің мен едім. Жан-жақтан тыйымы көп, әйел жолы жіңішке болса да еркін өскенімді білесің. Әкенің қабағынан қорқып, әке сұсынан жалтақтамадым. Орта жолда тағдыр маған Белтұранды кездестірді. Алғаш көргеннен-ақ мен оған құлай берілдім. Екеуміз гүлге қонған көбелектей болдық. Осында жұрт ауыстырғалы тығырықтан шығар жол іздеп арпалысумен болғанымды байқап та жүрсің. Айтқанымды, көлдеткен көз жасымды көрмей өз дегенімен ғана жүрсе де әкеме кінә арта алмаймын. Белтұран екеуміздің аражігімізді ажырату мүмкін еместігін де айтып едім. Бірақ, амал не ,әкем түсінбейді.

Бұл жерде ештеңе жасырмай сырымды айтар жалғыз сенсің. Мен неде болса әке шешімін аттап өтіп, өз жүрегімнің бұйрығын орындауға бекіндім. Құдайдың шапағаты мол болса, жапырағымды жаярмын. Сондықтан, айналайын жеңешетай,маған істеген жақсылығың болсын, Белтұранға хабар жеткіз.

Анар: Жақсы көретін қайынсіңлімсің, қиыла сұраған өтінішіңдң Белтұранға қайтіп жеткізем?Ауылдағы еркек біткеннің жау келердей дүрлігіп жүргені анау. Оларға керегі сыныққа сылтау.(уайымдайды) Ауылға Наңқы деген зергер келіп жүрген саған соны ертіп әкелмесем, басқа амалын көрмей тұрмын. (шығып кетіп барад)

Ақшора: өз құпиямыз өзімізде.

Анар: Әрине, Көзжақсым! Музыка түркменше

4-көрініс

(Ана мен бірге Ақшора жанына келеді, қолында бұйымдары,амандасады)

Зергер: Әкелген бұйымдарымды әкеңіз ұнатты, өзіне де көрсет дегесін келіп тұрмын. (Ақшора бұйымдарға зер сала қарайды, жүзікті ұнатып қолына тағып алады.)

Ақшора: Ниетің рахмет, аға. Бар өнеріңді салыпсың. Ырым қылып мына бір жүзігіңізді кәзір қолыма салайын. Еркіндікті меңзепсіз ғой. Құс екеш құстың да қанатын еркін қаға алмайтын кезі болады екен. Сол торға қамалған жанның бірі менмін аға. Әкемнің сыйлас досы едіңіз. Бірақ бұл жолы әкеме қиянат жасамасаң да, Менің сәлемімді Белтұранға жеткіз.Ел арасындағы әңгімеге өзіңіз де қанық шығарсыз. Мұны бір әйелдің әңгімесі деп емес, шерлі жанның соңғы үміті, соңғы арапалыс алдындағы аманаты деп білгейсіз.

Зергер: Апырмай, қарағым-ай, не деп кеттің. Қинадың-ау ағаңды. Түбі қайырлы болсын. Дүрдінің бірбеткей мінезі де белгілі. Ашу үстінде қателікке жол берілсе, кәнілі мен болып шықпаймын ба? Тіпті жұрт олай деп ойламаса да қолыммен істегенді қайтып жөн санаймын.

Ақшора: Жо-жоқ, ағатай , олай демеші. Бәрі де жақсы болады.. Мен бәрін ойландым, толғандым. Жастық желігі шығар деп ойлама. Бүгінгі тәуекелім де, ертеңгі үмітім де кәзір тек қана саған байланысты. Көп кідірме ағатай. Бүгін күтем Белтұранды.

Анар: Сөз түсінікті ғой зергер.

Зергер: Екі ашықтың арасына жібек жіп болып, жалғансам жарар- дағы.


5-көрініс қорқынышты музыка

(Белтұран күтіп шыдамсызданып тұрады, Ақшора мен Анар келеді, бір-біріне жүгіреді, та қылып қолынан ұстап алады)

Ақшора: Тағдырдың қайта табыстырғанына ризамын. Ендігі билік сенің қолыңда.Етегінен ұстаған арысымның жолы болғай деп тілеймін. Қалған жердегі маңдайыма жазғанды сенімен бірге көремін-дағы. (жеңгесіне қарап:) -Ал,Анар, ауылдағы жалғыз тілекшім сен болдың. Мен үшін жаның жабырқап, күйзелетіңді де білемін. Рахмет жаным. Жүрегі құрғыр бір нәрсе сезетін сияқты.

Анар: Жолың болсын. Ойыңды жақсылыққа бағышта, құдайдың құлағына шалынар. Ал аман болың.( Жігіттің қолынан ұстайды, Ақшораны бетінен сүйеді)

Автор: (қуғыншылар дыбысы) Қуғыншылар өре түрегеліп, екі ғашықтың соңына түседі.

Дүрді: Аттаныңдар, бұл ауылдың жігіттері қайда? Алты алашқа мәлім болған атымды бір қызға бола таптатпаймын.

Автор: Қарсылық көрсете алмаған Белтұран мен Ақшоран аттарының басын құлама шыңға бағыттады. Екі ғашыққа жұрт сияқты жер басып, жапырақ жаюға тарлық жасаған тағдыр қандай қатал еді. Шың жиегіне келгенде өзін-өзі тоқтата алмай шыңғыра кісінеп көкке атылған ат үстінде төмен қарата құлдилап бара жатты.( кісінеген жылқы дыбысы) ....

Дүрді: Қызым-ай, қызығым-ай,не істедің?

Ақшора (сахна сыртынан, мұңды музыка): «Мен ғашықпын, оның дертінен арыла алмаймын әке!.. Тағдыр тап қылған сүйгеніме деген махаббатым мәңгілік...Мен жол үстінде қарауыл төбедей үнемі ілгері қараумен, өмір бойы оны іздеумен боламын әке...Сүйегіміз құс қанаты талар шөлде қалса да біздің рухымыз мәңгілік жасыл бақ ішінде жасай бермек. Осыны түсін әке...»

Дүрді: Ақылға тоқтамай, асығыс шешім жасадым. Соның кесірінен байлығымның сәніне айналған Ақшорамның, жалғыз шынарымның тамырын қиып алдым-ау»....(кемсеңдеп жылайды)Мұңды музыка

Соңы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ақшора-Белтұран" - Маңғыстау ғашықтары

Автор: Жарылғасынова Айымгул Тілеужанқызы

Дата: 05.12.2017

Номер свидетельства: 442456


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства