Ұйымдастырушылық ізденістік | -Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз неше айдан тұрады? - Күзді неге «жомарт күз »деп атайды? Ойын : «Табиғат мейірімді ». Шарты: Сөйлемді бастап беру. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады. -Жер-Ана мейірімді ,өйткені ол ......( көкөністер мен жемістерді өсіреді). -Күн мейірімді ,өйткені ол ......( жарығын, жылуын береді). Жомарт күз. Жемісі мол теретін , Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. Күз айында жемістер мен көкөністер піседі.Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі. -Жемістер мен көкөністерді ата. Сергіту сәті:( баяу музыка орындалады) Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды,жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі.Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады.Тук,тук,тук (дыбыс шығару).Күн жарқырап шықты , біз қуанамыз! Жұмбақ шешу Жауып жаңбыр ,жерде сабыр, Шөп, жапырақ солады. Айтыңдаршы ,бөбектерім , Бұл қай кезде болады? Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?» Шарты: Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу. (Алма,алмұрт,шие) ағаштары | Сұрақтарға жауап береді. Сөйлемді аяқтайды. Жаттайды. Атайды. Балалар қимылмен көрсетеді. Күзде Тауып іледі. |
Рефлексия-лық түзетушілік | Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады.Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз »деп айтылады.Балалар мектепке барады.Жиын-терін болады. | Өз сөздерімен қорытындылайды. |