Ма?саты: О?ушыларды? ту?ан жерге, еліне ма?таныш пен с?йіспеншілікке,патриотты? сезімін т?рбиелеу.
Саба? т?рі: Саяхат саба?
?діс т?сілдері : А?паратты? технология.
К?рнекіліктері : Плакаттар, Астананы? суреттері, шарлар, интерактивті та?та видеофильмдер.
Барысы: ?йымдастыру.
- Ж?ргізуші:
А?ша б?лттар аспанында
А? ботадай ойна?та?ан Астана
Ж?з т?рленіп ?ас- ?а?ымда
Жан сырына бойлатпа?ан,жас ?ала.
- Ж?ргізуші:
Просмотр содержимого документа
««Ару ?ала Астана»»
«Ару қала Астана» атты тәрбие сағаты.
Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, еліне мақтаныш пен сүйіспеншілікке ,патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Әдіс тәсілдері : Ақпараттық технология.
Көрнекіліктері : Плакаттар, Астананың суреттері, шарлар, интерактивті тақта видеофильмдер.
Барысы: Ұйымдастыру.
Жүргізуші:
Ақша бұлттар аспанында
Ақ ботадай ойнақтаған Астана
Жүз түрленіп қас- қағымда
Жан сырына бойлатпаған ,жас қала.
Жүргізуші:
Көшелері күнге ғашық
Әрбір тасы ән салатын Астана
Жырын толғап , биге басып
Жер жаһанды қарсы алатын бас қала
Жүргізуші :
Еркелеген Есіл ару
Бұйымдары жарқылдаған жас қала .
Таңы сұлу,кеші дәру,
Ақ самалы аңқылдаған Астана
Тақпақ : «Астана» мәнерлеп оқитын Асқарова А
Жүргізуші : Таңғажайып дархан , алып жеріміздің қақ ортасы , кіндігі – Астана қаласы.
Жүргізуші : Тәңірден тыныштық сұраған , өмірден ырыс құт сұраған еліміздің баспанасы түндігі сенсің Астана!
Жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің перзенті Астана қаласы ай сайын ,айбаттанып , жылдар өткен сайын таралып , сұлуланып келеді.
Әдеби монтаж. «Ару қала Астана»
Интерактивті тақтадан Астана туралы слайд көрсетіледі.
1.Астана төлтаңба 4. Аялы алақан 7. Ханшатыр 10.Ақорда
2.Астана туы 5. Пирамида 8. Мұхитарал
3.Бәйтерек 6. Мешіт 9. Цирк
11. Отан қорғаушылар монументі 12. Тәуелсіздік монументі.
Ән: Ару қалам -Астанам!
Жүргізуші : Қазір сіздерді Астана қаласына саяхатқа шақырамыз.
Жүргізуші: Барлықтарыңызды видеофильм көруге шақырамыз.
Жүргізуші: Ән: « Астана»
Жүргізуші : Қазір сіздермен ата – ана мен баласы бірігіп ойын ойнап жіберейік.
Оқушы анасымен ойын алаңына шығады. Экраннан сұрақтар қойылады.
Жаңа Астананың туған күні қашан ?
А. 1997 ж 10 маусым В. 1988 ж 6 шілде. С. 1999 ж 6- шілде.
2. Астананың бұрынғы атауы?
А.Алматы. В.Атырау. С.Ақмола.
3. «Қазақстан» сөзінің баламасы қандай?
А. Елорда. В.Атамекен. С. Елбасы.
4. Президент сөзінің баламасы қандай?
А.Елбасы. В. Елағасы С. Елорда.
5. Елбасы өз қызметін қай жерде отырып басқарады.
А.Парламент үйі. В.Үкімет үйі. С.Ақорда.
6. Адамға ең бірінші не қажет?
А. Ақша. В.Денсаулық С.Білім.
7.Астана Бәйтеректің ұзындығы неше метр?
А. 99м В. 98 м С.97 м
Би: вальс М. Омаров «Астана»
Жүргізуші:
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған
Халқың жетсін мұратқа,
Сен, бас қалам Астана ! (хормен )