Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты. Та?ырыбы: Спорт-денсаулы? жаршысы»
ҚЫЗ ТӘРБИЕЛЕГЕН-ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып қыз балаға келешекте ана, елдің құт-берекесі екенін ұғындырып,әдептілікке, сыпайылыққа, төзімділікке, арлылыққа тәрбиелеу
Жүсіп Балағұнның «Құтты білік» еңбегінен қыз балаларға берілер тәрбие туралы. Қазақ халқының әулие аналары.
Қорытынды.
Әрбір қыз бала- болашақ келін,отбасының ұйтқысы.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қағызы-әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да бүгінгі сабағымызда ұлттық салт тәстүрімізді қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алып, абыройлы қыз, ибалы келін тәрбиелеуді мақсат етіп қойдық.
Әдептілік инабаттылық, сыйласу, қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Қыз бала той-томалақ, көп адам жиналған орындарда көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс-тұрысымен ептілігімен.ұстамдылығымен көзге түсіп,«Түгеншенің қызының тәлімдісін-ай, зерегі-ай, үстінде кіршік жоқ, он саусағынан өнер тамады, сөзі қандай әдемі!» деп тамсанады. Ал мұндай жақсы атақтың қыз бала болашағы үшін маңызы зор. Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у) хадистерінде «Ұяттылық пен әдептілік әрқашан қайырлы істерге бастайды» делінген.
Қыздың, демек болашақ келіннің қолынан іс келуі-міндетті жағдай. «Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды»,»Қыз-еркем, кестесімен көркем»т.б.мақалдар соны білдіреді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінен қыз балаларға берілер тәрбие. Қазақ халқының әулие аналары.
Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» еңбегінде «Кішіпейілдік –үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиетә деген:
«Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат.
Ұлық болсаң, кішік бол».
Әлемге әйгілі «Құтты білік» кітабы Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат дейтін адамгершілік пен имандылық 4 қасиетін 6600 тармақтан тұратын 72 тараулық дастанды келістіре толғаған
Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым-тәлімде өнегелі қыздың ер жетіп өскі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты.
Біздің халықымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Мысалы: мінезі жақсы, әдепті жігіт көрсек, «қыз мінезді жігіт екенә дейміз.
Халқымыздың ауыз әдебиетінде
«Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын»- деген өлең бар.
Бұл қыз баланың айрықша әдепті де көрікті болатынын аңғартады. Халқымыз қыз баланы ардақтайды. Оған қатты сөз айтпай мәнерлеп өсірген. Қызды « Жатжұрттық бала, қыз-қонақ, көретін құрметті де әкесінің үйінде» деп ерекше сыйлаған.
Қазақ қыздарының ішінде небір асылдары бар.Баян сұлу, Қыз Жібек, Еңлік, Құртқа, Домалақ ана, Айша бибі т.б- көркіне ақылы сай, махаббатына берік, үлгі тұтарлық арулар. Қазақтың әулие аналарын айта кетсек.
Домалақ ана (әуелгі есімі-Нұрила)- шыдамдылық пен көнбестік, ақылдылық пен қанағат, ұрпақ тазалығын сыйлаушы рух иесі.
Айша бибі әулие ( жергілікті халық Қыз әулие деп те атаған) – халық аңызы бойынша берік махаббаттың, қайсарлық пен өжеттіктің рәмізді бейнесі.
Бибі мәрия ана-перзентке зар әйелдер мен ерлі-зайыптылар ынтымағын дәнекерлеуші, бәле-жаладан, өсектен арашалаушы.Қожа Ахмет әулиенің анасы.Басына әдемі сағана тұрғызған.
Томирис (Тұмар) –соғыста қаза тапқан күйеуінің орнына патша болған әйел.
Бопай-Кенесарының қарындасы.Ресей отаршыларына қарсы 500 сарбазды басқарған ерен ерлік көрсеткен.
Қорытынды.
Осылардың барлығын үлгі тұта келгенде: «Қыз –болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп көзге түспекке тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болоды. Бірақ сонымен қатар өзінің сырт пішініне қарауы да келіспейді Сөзімізді білімпаз ғалым Ризауддин ибн Фахруддиннің «Әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз.Әйелдер үнемшіл, пысық,жігерлі, талапты болма халық пақыр, кедей болады» деген сөзімен аяқтағымыз келеді.
8 «б» сынып оқушыларымен өткізілген сынып сабағы туралы
ақпарлама
2014 жыл күні 8 «б» сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың тақырыбы:« Қыз тәрбиелеген –ұлтты тәрбиелейді»
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып қыз балаға келешекте ана, елдің құт-берекесі екенін ұғындырып,әдептілікке, сыпайылыққа, төзімділікке, арлылыққа тәрбиелеу
Сынып сағатына 8 «б» сыныптан 25 оқушы қатысты. Сабақ сынып жетекшісінің кіріспе сөзімен басталып бүгінгі сабақтың мақсаты, жүрісі туралы айтылды.
Жүсіп Балағұнның «Құтты білік» еңбегінен қыз балаларға берілер тәрбие туралы. Қазақ халқының әулие аналары.
Қорытынды.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз- ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі екендігін айта келе қыз баланың тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігі айтылды.
Оқушылармен пікір алысып,сұрақ-жауап жүргізілді.
Сабаққа қорытынды жасалды.
Қыз –болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп көзге түспекке тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болоды. Бірақ сонымен қатар өзінің сырт пішініне қарауы да келіспейді Сөзімізді білімпаз ғалым Ризауддин ибн Фахруддиннің «Әйелдері тәрбиелі болған халық тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық тәрбиесіз.Әйелдер үнемшіл, пысық,жігерлі, талапты болма халық пақыр, кедей болады» деген сөзімен аяқтағымыз келеді.