Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Балапан» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК II-кіші «Еркетай» тобы Тәрбиешілер: Қуанышбаева Г.С.
Амантай Д.Е.
Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, әр баланы қайталанбас жеке тұлға ретінде қабылдап, оның жан-жақты дамуын зерттей отырып, оқытып-тәрбиелеу сол баланың ата-анасының қатысуынсыз іске аспайтындығы бәрімізге мәлім. Осындай күрделі, жауапкершілігі мол міндеттерді іске асыруда ата-аналардың рөлі зор. Ата-аналардың көмегімен балалардың ойнайтын алаңдары қысқы мүсіндермен безендірілді.