- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен колледж білім алушылары.
2 - Жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
1 - Жүргізуші
-Отан үшін мерт болғанды танып біл
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашан да өшпейді,
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!
Олар –сенің таңғы шапақ, нұрын ғой!
Олар сенің мәңгі асқақ жырың ғой!
Мәңгі алауға жиі барып әрдайым,
Бас киімді қолыңа алып гүлің ғой!
Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте!
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста, құрметте,-
деген өлең жолдарымен Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!.
Маржан
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. 1979 жылы маусымда Орта Азия республикаларының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе барлаушылар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды.
Нұргүл
Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне, қару жарақтың бар түрінен ату, бетпе –бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеруге дайындалды. Мұсылмандық батальон 10 -12 қарашада Ташкент Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғаныстандағы Баграм авиабазасына түсірілді.
Меруерт
Барлық офицерлер мен солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10- желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75 – 80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді.
Назгүл
Соңғы шешім 16 – желтоқсан күні 12 – де шағын ғана Кеңес басшыларының тобымен шешілді. 16 –желтоқсанда 40 – армия құрылып, оның басшылығына генерал - лейтенант Тухариновты тағайындады. 40 – армияның далалық басқармасын толық жауынгерлік әрекетке келтіріп, Түркістан әскери округінен атқыштар және танкішілер полкін және тағы бір дивизияны толық соғыс қимылына тағайындау тапсырылды. Барлық 100 –ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды.
Гүлім
Әскерді жасақтау үшін резервтен 50000 аға офицерлер, сержанттар шақырылды. Ауыл шаруашылығының 8000-ге жуық автомобильдер мен басқа техникалар бөлінді. 24-желтоқсан күні бірінші жазбаша құжат пайда болды. 1979 жылы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:00 де КСРО қорғаныс министрі бұйрығымен Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу басталды. Кеңес әскерінің Ауғааныстанға енгізілгені Кеңес басшыларының өрескел әрекеті болды. Бұл дүниежүзінде Кеңес Одағына деген қырғи қабақ соғыстың жаңа толқынын туғызды.
Ж.Назерке
Ресми деректер бойынша бұл соғыста 15 мыңнан астам Кеңес солдаттары мен офицерлері қаза тапты, 35 мың адам жараланды Кеңес әскернің соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд.сом шығын әкелді. Ауған соғысының ел басына әкелген қайғы қасіретінде шек жоқ. 1979 жылы 25 желтоқсанда басталып, 110 айға созылған соғысқа Қазақстаннан 21979адам қатысты. Оның 780 – і соғыста құрбан болды, 22 –іс түссіз жоғалды. Қаза тапқандар түгелімен дерлік Қазақстанға әкелініп жерленді.
2 Жүргізуші
- осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қандышайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһармман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.
1. Мұқанов Төлеуғазы Камалұлы
2.
3.
1 - Жүргізуші
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!
- Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз!
2– Жүргізуші
- Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған, адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!
1 - Жүргізуші
- Колледжіміздің кітапханасында Кеңес армиясының Ауғаныстаннан шығарылуы күніне арналған «Ауған қасіреті» атты көрмесі жасалған. Ал ендігі сөз кезегін өзіміздің кітапханашымыз_________ береміз !
Ардагерлермен сұхбат:
Қанағат
- Сіздің пікіріңізше, Ауған соғысының басты сабақтары не деп ойлайсыз?
Райхан
- Бастан өткізген қиындықтарды ұмыту мүмкін емес қой. Ал сіздің әскери борышыңызды өтеу қай жерде басталды, алғашқы кездерде қандай қиындықтар болды? Ауғанстан несімен есіңізде қалды?
С. Ақбота
- Солдат өмірі тек қиындық пен сәтсіздіктерден тұруы мүмкін емес қой, еске алатындай көңілді де қызықты сәттеріңіз болған шығар, соның біреуін еске түсіріп айтып бере аласыз ба?
Аңсаған
- Біздің халқымызда ертеден досқа қол ұшын беру, көмек көрсету – үлкен мәртебе, әрі парыз болып есептелген. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл принцип яғни, адал достық жеңіске жетуге көмектесті. Ал «Достық қиындықта шындалады» дейміз, Ауған жерінде осындай достық жеңістерге жетулеріңізге көмектесті ме?
Асемгул
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
Шырын
Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
Жамиля
Еркіндікті аңсап өткен ер елім,
Менің де бар әлі саған берерім.
Ел боламыз ынтымақты, бірлікті,
Болашаққа ойым таза, сенемін.
Өзгелермен терезесі теңескен,
Өтіп кетті талай асу белестер.
Биіктерден әрқашанда көрініп,
Жанды қайта тұлғалары көп өшкен.
2 - жүргізуші
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер!
1 жүргізуші
- Бүгінгі кешімізге келген Ауған соғысына қатысушыларға мың да бір алғыс айтқымыз келеді. Сіздерге мықты денсаулық, ашық аспан, қажымас қайрат, қуаныш пен шаттық тілей отыра, Отанымыз тыныш болсын деймін. Тек қана жақсылықпен кездесейік. Ал оның бәрі болатынына кәміл сенемін.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
- Осымен, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші аяқталды. Көңіл қойып, қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!