kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЯНДАМА «Жасы мектепке дейінгі балаларды? Отан?а деген с?йіспеншілігін ?алыптастыру жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі мекеме бізді? елімізде ?лтты?  ж?йеде ал?аш?ы білім беру мен т?рбиелеуді, айналада?ы ?лемні? ?арапайым т?сінігін ?алыптастыру?а ж?не баланы? ?з Отаныны? с?йкімді азаматы екендігін сезіне білуге м?мкіндігін ту?ызатын ?о?амды? орын. Мында балалар жа?а с?здер мен т?сініктермен танысады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЯНДАМА «Жасы мектепке дейінгі балаларды? Отан?а деген с?йіспеншілігін ?алыптастыру жолдары» »

«Жасы мектепке дейінгі балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру жолдары»

атты аудандық семинарда құқықтың тәрбиелік мәні туралы

оқылған баяндама.


Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – көп ұлт мекендейтін ілгері мемлекеттердің қатарына жататын қонақжай халықпыз. Түрлі ұлт өкілдерін бауырымызға ала отырып, тату-тәтті өмір сүру біздің қанға дарыған қасиеттеріміздің біріне айналуда. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бұл құрып жатқан қоғамның ең құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі қамтамасыз етілген топтасу адамгершілік, ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары негізделген» - деп, жазды өзінің «Қазақстан болашағы – қоғамдық идеялық бірлігінде» атты еңбегінде. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - өз ұрпақтарымызға ұлттық сана-сезім мен рухани дүниені адамдардың бір-біріне бауырмашылдық қадір-қасиетін бойына дарытқанда ғана қазақ елінің, дүние жүзі халықтарының достастық шаңырағы берік бола алатындығына кәміл сене аламын.

Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайдакүнемділікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан баланы ненің жақсы-жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта тәрбиелеудің алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай жан-жақты жүзеге асатын үрдіс. Яғни, ол балалар бақшасында білім беру мен тәрбиелеу бағдарламасының іс-тәжірибесінде баланың бастапқы елжандылық сезімінің негізі қаланады деуге болады.

Мектепке дейінгі мекеме біздің елімізде ұлттық жүйеде алғашқы білім беру мен тәрбиелеуді, айналадағы әлемнің қарапайым түсінігін қалыптастыруға және баланың өз Отанының сүйкімді азаматы екендігін сезіне білуге мүмкіндігін туғызатын қоғамдық орын. Мында балалар жаңа сөздер мен түсініктермен танысады, мысалы:

Құқық - жеке тұлғаның өз еркін-қайрат, жігерімен еркіндік ниетін іске асыруы, ол қоғам қабылданған шешім, әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп, ереже, нұсқа бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі.

Еркіндік ерікті қозғалыстан басталады. Саналы тіршілік иесінің іс-әрекеті мақсатты болады. Мақсаты тірлік өмір сүріп ортаға байланысты қисынды ой шешімімен орындалады. Әрбір іс-әрекет еркіндікке кедергілерді жеңу жолында тәуелді, тәуелсіз қимылдар жасап, иесін мақсатқа жеткізеді. Адамның іс-әрекеті ерікке, санаға тәуелді. Еріктің беріктігін тәрбиелеу үшін, еркіндіктің саналы әрекетін қалыптастыру қажет. Санасыз еркіндік – жүгенсіздік. Ол жүгенсіздік қоғамның дамуына нұқсан келтіреді. Еркіндіктің саналы әрекеті өмір тәжірибесінде гумандық (адамгершілік) іс-әрекеттер арқылы қалыптасады. Сөйтіп, ол әлеуметтік мәнде құқықтық сана болады.

Ерік – адамның қажеттілікті саналы түрде танып, сол қажеттілікке жету әрекеті үшін шешім қабылдауы, өзін-өзі билей алуы. Ол үшін адамның іс-әрекетінде жүйелі тәртіп болу керек. Қалыптасқан жүйелі тәртіп ережелері – құқықтың негізі болып табылады. Құқық - өмір заңына айналған, заңды құбылыс. Оны ғылым тілімен экономикалық әлеуметтің қондырмасы дейміз. Яғни құқықтық әлеуметтік құны экономикалық (тұрмыс ақуалындық) болмысқа байланысты.

Әрине, құқықтық әкімшілік, тұрмыстық, мүліктік қатынасқа байланысты, отбасылық, еңбектік, кәсіптік, діндік қасиеттері бар. Бұлардың бәрі құлдық, феодалдық, капиталистік, демократиялық қоғамда таптықерекшеліктерін көрсетеді. Ал, қазақтың ұлттық сана-дәстүрлері мен әдебиетінде таптықтан гөрі ұлттық, жалпы адами және адамгершілікке бейімделген құқықтық нормаларды айқындап айта аламыз.

Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып қалыптасқан құқықтық нормалары, негізінен, еркіндік әдебі мен тыйым, талап қою дәстүрлерімен ұштасып жатады. Әдептілік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік әрекеттері салтқа айналған халқымыздың құқықтық санасы оны иманды халық дәрежесіне жеткізген болатын.

Ұрпақты әдептілікке, имандылыққа баулу үшін халқымыз соған сәйкес құқықтық жүйе қалыптастырды да, құқықтық идеологияны (насихат, өсиет, өнеге) өмір биігіне ту етіп көтере білді. Сөйтіп, әлеуметтік әдеп, ұлттық психология қалыптасты. Құқықтану ғылымы, құқықтық мәдениет пайда болды.

Ұлтымыздың құқықтық мәдениеті әдептілік ережелер мен заңдар, кодекстер, жарғылар, қосымша баптар арқылы қалыптасуымен қатар, халқымыздың қасиетті болмысына сәйкес салт-саналық өнегелі үрдістермен ерекшеленіп тұр. Жақсы әдет әдепке, әдеп дәстүрге, дәстүр әдет-ғұрыпқа, әдет-ғұрып салт-санаға айналып, заңдылықпен қалыптасып, құқықтық заң болып өмір қолданысына айналған. Әдет-ғұрып игіліктері рәсімдер мен рәміздерден, жөн-жоғарғылардан, ырым-тыйымдардан көрінеді.

Құқықтық міндеттер, уәждер, борыш, парыз ұғымдары қазақ халқының әдет-ғұрпында құқықтық өмір заңы болып сіңісіп кеткен. Ол кез келген мемлекеттік заң баптарынан әлдеқайда қуатты да құзырлы. Өйткені қалыптасқан дәстүрлер мен салттар дара тұлғаның қажетті түрде орындайтын ұждандық әрекеттерінің көркем көрінісі. Оған ешқандай авторитарлық (өкімдік) қажет емес. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, нағыз қазақ ар-ұждан құқығын бәрінен жоғары қойған. Ұлы Абай осындай нағыз қазақылық құқық нормаларын орындамаған «қырыс, қыртым, қылтың-сылтыңдарды» қатты сынап, әжуа қылып, құқықтық игі нормаларды жеке тұлғалардың адал орындауын талап етті.

Қазақ халқында құқықтық парыз – ұлттық салт-сананың тәлімдік әдептілік әсерлі үрдісі. Ата-анаға, Отанға қызмет ету парызы - перзенттік парыз деп аталады. Ата – ананың, халқының, адал перзенті болу - әрбір азаматтың ар-ұждандық міндеті, өмірдегі бақыты. Мұсылман дініндегі бес уақытты намаз оқу парызына аса жауапкершілікпен, ынта-ықыласпен қарау сол дінге берілгендік болса, Отанға қызмет ету сияқты перзенттік парызды өтеу де әрбір адамның өз Отанына шын берілгендігі болып табылады. Әрбір перзенттің ата-ана мен Отан алдындағы міндеттері ықыласты, жауапкершілік арқылы күрделене қалыптасып, заңды іс-әрекеттің қажеттілік мәніне – парызға айналады. Әркімнің ар-ұжданы перзенттік парызды өтеуге бейімделіп қалыптасқан адамгершілік қасиет екенін халық педагогикасынан айқын көреміз.

Перзенттік парыз құқығы: сыйлау, құрметтеу, қызмет көрсету, өнеге тұту, үлгі тұту, антты орындау, мінәжат ету әрекетімен көрініп, қайырым, мейірім, шапағат болып қалыптасады.

Перзенттік парыз құқығы заттық құлықтарда, меншіктік рәсімдерде, шаруашылықта, еңбек етуде, басқару ісінде, затты пайдалануда т.б. іс-әрекеттерде әрбір жеке тұлғаның ой санасы мен біліктілігіне сәйкес дәрежеде өз биігін көрсетеді.

Перзенттік парыз қоғамда кездесетін кесір, кесапат, қырсық, қыңыр, қиянат, зәбір, жапа сияқты келеңсіз жағдайларда жеке тұлғаның күш сала күресуін талап етеді. Ол күресте адал перзентке қылмыстық кодекстер мен діни қадистер иманды халықтың инабатты өкілдері көмекке келеді. Сөйтіп шындық, адалдық, ізеттілік, қайырымдылық жеке тұлғаны жеңіске жеткізіп отырады.

Мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептерде құқықтық тәрбие жұмыстары шәкірттің өзіне-өзі қызмет ету құқығынан басталады. Құқықтық міндеттер сәлем беру, сәлемдесу, аялаған ананы, әлпештеген әкені сыйлау, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу, әдеппен сөйлеп әдеттену арқылы орындалып, іс-әрекетте құқықтық сана болып қалыптасады.

Қазақтың халық педагогикасындағы сыйласым, имандылық, мейірімділік. Қпйырымдылық дәстүрлері - құқықтық уәждер арқылы қалыптасқан құқықтық мәдениет көріністері болып табылады. Обал, сауап, ысырап, үнем ұғымдары бойынша қалыптасқан халықтық құқықтық міндеттерді айқындап, ол үрдістерді оқу-тәрбие ісіне пайдалана білудің мәні зор.

Отанға қызмет ету құқығы мен ел белгілерін (рәсімдерін, рәміздерін) қастерлей білу міндеттері ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің қуатты құралы екені белгілі.

Халықтың әдет-ғұрыптары, жөн-жоралғылары, кәделері ұжымдық, қауымдық, топтық дәстүрлері құқықтық міндеттер мен уәждерді орындау қажеттілігін іске асыру тәжірибелері өмірден айқын көрінеді.

Мектептегі «әдеп әліппесі», «әдептілік негіздері», «әдеп және жантану» дәстүрлері құқықтану, дүниетану сабақтарымен сабақтасып құқықтық тәрбиелік мақсаттарын мазмұнды орындауға себепші болады.

Балалардың айнала қоршаған әлемді танып, олардың өз Атамекендерінің мүшесі ретінде сезіне білу мүмкіндігін мектепке дейінгі мекемеде білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде жүргізілетін айналамен таныстыру пәні. «Балабақшада білім беру мен тәрбиелеу бағдарламасында», «Балбөбек» бағдарламасында балалардың барлық жас кезеңдерінде 1-сәби тобы, 2-сәби тобы, ересек тобы, естияр тобы, мектепке даярлық тобы, психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріліп сабақта және сабақтан тыс күнделікті өмірде жүргізіліп отырады. Мұнда дұрыс ұйымдастырылған жұмыс түрлері балалардың жас ерекшелігіне сай психикалық дамуына негіз болады. Балабақшада айналамен таныстыру сабағы негізінен үш түсіндірме бөлімдерінен құралады.

Олар:

  1. Қоғамдық өмір құбылыстарымен танысу;

  2. Әлемдегі айнала қоршаған заттар туралы қарапайым түсінігін қалыптастыру;

  3. Табиғатпен таныстыру.

Балабақшада балаларды қоғамдық өмір құбылыстарымен таныстыруда балардың жас ерекшелігі ескеріліп, онда қоғамда болып жатқан түрлі жаңалықтарға балалардың назарын (көре, ести, анықтай білу) аудартып, қызығушылығын арттыруда, жұмыс жүргізілуінде, өзін қоршаған ортамен туған жері және үлкендердің еңбегі туралы білімдерін қалыптастырып, баланың жауапкершілігін оятады. Отбасы, құрбы-құрдас т.б. мағлұмат беріліп, қарым-қатынасты мәдени тұрғыда меңгеруге күш салады.

Ал әлемдегі айнала қоршаған заттар туралы қарапайым түсінігін қалыптастыруда тәрбиеші балалардың сенсорлық тұрғыда жетілуіне назар аударады. Балалар заттардың болмысын және олардың қайдан келетіндігі жөнінде мағлұмат алады. Ұқыптылықтың, жауапкершіліктің т.б. негізі қаланады. Табиғатпен танысуда бала әлемдегі тірі және өлі денелермен танысады, оларды ажырата білуге машықтанады. Сондай-ақ табиғатта болатын жыл мезгіл өзгерістермен танысуда, баланың уақыт, кеңістік туралы бағдар мүмкінділігін меңгеруі жетіледі. Тәрбиенің экологиялық, эстетикалық, отангерлік т.б. түрлері қалана бастайды.

Ғалым Х.Беделбаева: «Баланы қоршаған ортамен таныстыру – баланың психикасын дамыту, оның жеке бастық сапасын қалыптастырудың қажетті шарты. Қоршаған ортаны танып-білу балаларды адамдарға деген сүйіспеншілікке, олардың қайғысы мен қуанышына ортақтасуға, мейірімділікке, еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеумен тығыз ұштастырылған жағдайда ғана пайдалы болмақ» - деп құнды пікірін ортаға салады.

Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру – бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезгіштік тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білімдерін қалыптастыру және оған дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі.

Балалар ересектердің ықпалы арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны табиғат құбылыстарын және де басқа өмірді тани біледі. Айналамен танысу барысында кеңістікті, үақытты, заттың пішінін, түсін, сапасын салыстырмалы түрде үлкен – кіші, қатты – сұйық деген ұғымдары қалыптасады. Қоршаған орта түрлерімен жеке – жеке таныстыру арқылы балалардың Отан сүйгіштік рухын байытып, Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет екенін, біздің елімізді мекендейтін әрбір ұлт тату – тәтті өмір сұру қадеттігін, еліміздің Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуді, осы рәміздеріміз арқылы өткенімізді аялап, қазіргі кезеңде болашағымызды мадақтап отырып жүзеге асыру керек-ақ.

Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы елжандылық сезімі танымдық іс-әрекеттермен тығыз байланыста болғанда дамытудың мүмкіндіктерін А.А.Люблинская, В.С.Мухина, С.А.Козлова, А.Г.Усова, Д.Б.Элбконин, А.В.Запорожец, К.А.Оразбекова, К.Т.Шерьязданова және т.б. психологтар еңбектерінде сөз қылады. Мәселен, психолог А.А.Люблинская өзінің «Детская психология» оқулығында: «Мектепке дейінгі жаста балалардың ортаны қабылдау барысында қалыптаса бастайтын адамгершілік сезімінің ішінде, отангерлік сезімінің ерекшілігі айырықша орын алады» - деп, баланың елжандылық сезімінің психикалық қалыптасуы және оның даму кезеңдеріне анықтама береді. Ал, психолог С.А.Козлова: «Көп қырлы отангерлік тәрбие қоршаған өмір мен тәрбиенің әсері балалық шақта біртіндеп қалыптасып отырады» десе, «Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыру кезінде ақыл – ой дамуына ілгерілеу байқалады, жалпы түсініктермен ұғымдар қалыптасады, маңызды ойлау операциялары – талдау, салыстыру, қорыту, т.б. секілді қабілеттер қалыптасады» - деп, жазады профессор А.Г.Усова.

Балабақша балаларын айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің – көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Өйткені, алуан түрлі іс-әрекеттер арқылы балалар қоршаған орта мен ондағы түрлі заттардың ерекшеліктерін сол мүшелер арқылы зерттеп, оны сезініп сараптама жасайды.

Сезім бұл, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей керіп тұратын аса күрделі психикалық процесс.

Психология ғылымында ғылымдар сезім бөлімінде елжандылық рухта дамытуға болатын бірнеше түрлерін төмендегідей бөліп қарастырады:

  • адамгершілік (моралдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым-қатынасқа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және Отанға, достыққа, намыс-борышқа деген көзқарасы;

  • интеллектуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл-ой процесінде пайда болған адамның жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, юмор, ирония және жаңалыққа ұмтылуы;

  • эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты, Отанға сүйіспеншілік сезімін жатқызады.

Тәрбиеде ең қиын нәрсе – сезе білуге үйрету. Балаларды сезе білуге үйрету, оларға өзінің эмоциялық – адамгершілік мәдениетін бере білу. Баланы сезе білуге, жақын адамдарының көздерінен рухани дүниесін көре білуге үйрету үшін тәрбиелеуші бала бойындағы сезімін бүкіл сезімдік қасиетін аялай білу керек.

Қорыта айтқанда, баланы елжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады. Әлеуметтік орта күрделі, қыр сыры көп, көп жағдайда қайшылықты дүние. Осы жағдайда қоғамда белсенді әрекет, әрине психолог-педагог қауыдарының еншісіне бөлінеді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Бородулина (Россейкина) Анна Михайловна

Дата: 11.06.2015

Номер свидетельства: 219014


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства