« Балаба?ша – с?німіз. ?оштасамыз енді біз » ерте?гілігі.
« Балаба?ша – с?німіз. ?оштасамыз енді біз » ерте?гілігі.
Ма?саты: Бір жыл бойы бойларына сі?ірген білім де?гейін ата-аналар?а к?рсету,бір-біріне деген сыйласты? к?з?арасында т?рбиелеу. К?рнекілігі: Суреттер, аудио-видео техника.++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++++
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«« Балаба?ша – с?німіз. ?оштасамыз енді біз » ерте?гілігі. »
« Балабақша – сәніміз. Қоштасамыз енді біз » ертеңгілігі. Мақсаты: Бір жыл бойы бойларына сіңірген білім деңгейін ата-аналарға көрсету,бір-біріне деген сыйластық көзқарасында тәрбиелеу. Көрнекілігі: Суреттер, аудио-видео техника.
Барысы: І.Әнұран орындалады. Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтып шығады.
ІІ. Тәрбиеші сөзі: - Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Бүгінгі «Балабақша – сәніміз қоштасамыз енді біз » шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Құрметті ата – аналар балаларымыз шағын орталықпен қоштасып, ірі білім сатысының алғашқы табалдырығын аттағалы отыр. Құтты болсын ! Сіздерді әр уақытта қуантып жүрсін, дендері сау болсын .
Осы ертеңгілікке балаларды алғаш қабылдап, тәрбие берген. Гүлнұр апайымызды шақырып отырмыз. Алғашқы ұстаздарыныздың ақ тілегін тыңдайық.
Бүлдіршіндеріміздің шағын орталыққа дейінгі және шағын орталықтағы қызықты сәттеріне көз жүгіртейік.
Сол бүлдіршіндер бүгінде ән салып, өлең оқып би билей алады.
Қыздарымыздың «Аққу » биін тамашалаңыздар.
Ал енді балалар жаттаған шағын өлеңдерін тыңдаңыздар.
1. Бір шаңырақ астында, Тату-тәтті тұрамыз. Толқынай Бірге ішеміз асты да, Бірге сайран құрамыз.
2. Ортақ болып ісіміз, Еңбек десе тынбаймыз. Нұрдәулет Үлкен сыйлап кішіміз, Аға ақылын тыңдаймыз.
3. Шағын орталық есігін, Төртке тола ашқанбыз. Б.Дильназ Балапандай өсіріп, Мәпелейді орталық.
4. Доспен тату ойнауды, Мерекені тойлауды. Инабат Бойымызға сіңірген, Көптің қамын ойлауды - Тәрбиеші мұғалім. 5. Шашымды да тарадым, Айнаға да қарадым. Толғанай Ерте тұрдым ұйқымнан, Мен мектепке барамын.
6. Таудай биік талабым, Суретті де саламын. Нұрберген Әзір менің дәптерім, Қарындаш пен қаламым.
7. Көңілдіміз, күлеміз. Ертегіні білеміз. Диана Шағын - біздің үйіміз, Тату-тәтті жүреміз.
8. Баулып апа,ағамыз, Құстай қанат қағамыз. Лиана Жақсы болып өсуге, Біз тырысып бағамыз.
9. Мектебім менің байтағым, Күліп-ойнап қайтамын. Ж.Дильназ Ән саламын, би билеп, Тақпақты да айтамын.
10. Бұл - құшағы тым ыстық, Мектебіміз бастапқы! Сұлтанбек Мұнда жақын туыстық, Мұнда тұңғыш дос таптық.
11. Бұл екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз. Айшолпан Біз - осы үйдің гүліміз, Біз - осы үйдің сәніміз.
12. Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз, Аян Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
13. Ұл-қыз сәлем береміз, Өнегелі өренбіз. Азамат Білер қазақ баласы: «Сәлем - сөздің анасы».
14. Қуанамыз, сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін Жаннұр Бақшамызды қимай біз Қоштасатын күн бүгін.
15. Мектеп қамқор анамыз Оқып білім аламыз Фатима Өнерпаз боп өсетін Біз оқушы боламыз.
16. Өсіп ой мен санамыз Өмірге жол саламыз Данияр Білім қуған баламыз Біз оқушы боламыз.
17. Мектепке енді барамыз Үлгілі оқушы боламыз Нұрислам Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз.
18. Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам боп шығамыз. Сунна Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс Ұстазымыз алғашқы!
Ү.Тәрбиеші: Айгөлек-ау айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп, - тағы да кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Орыс» биін тамашалаңыздар.
Тәрбиеші: Тамылжытып өрендер
Тамаша ән салады.
Ән «Қошақаным».
Құттықтау сөздер: Бүгінгі ертеңгілігіміздің қонағы, бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары. Байдырахманова Мәншүк апайға ата-аналарға сөз береміз.
- Осымен бүгінгі «Балабақша – сәніміз. Қоштасамыз енді біз » атты ертеңгілігіміз аяқталды, барлықтарыңызға көп-көп рахмет!