Елімізді? ?ркендеуі мен г?лденуі-болаша? ?рпа? ?олында. Б?гінгі к?нні? айдарында?ы басты м?селе бала т?рбиесі. Бала т?рбиесі т?рбие ж?мыстарында ?ана емес, т?лім, таныс ?рдістерінде ж?зеге асады. Т?рбие мен білім ?мір жолында?ы ?зіліссіз процесс.
Егемен елімізді? ерте?іне ?з ?лесімізді ?ос?ымыз келсе, балаба?шадан бастау алып, бала бойына танымды? ?абілет дарыту міндетіміз.
?ай ?асырда болсын ?лт ?нерін ?ркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ?рпа? т?рбиелеу-?о?ам алдында ?рбір т?рбиеші ?стазды? басты міндеті болып саналады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Балабақшада ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру»
Кіріспе:
Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс.
Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз.
Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған, мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.
Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».
Негізгі бөлім:
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың инновациялық тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі факторлары жаңа стандарт жүйесінде іске асырылады.
Біздің МКҚК «Айгүл» балабақшасында оқу тәрбие үрдісі жаңа стандарт бойынша құрылған жылдық жоспарда алынған міндеттемелер бойынша жүргізіліп отыр.
Балбақшаның 2012-2013 оқу жылына алынған міндеттемесі:
Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты мен міндеттері
1. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілетін арттыру.
а) Баланың ақыл ойын, әдет - ғұрпын, ұлттық болмысын қабілетін дамыта отырып, дені сау тұлға тәрбиелеу.
б) Экологиялық тәрбие негізі: Туған өлке табиғатын сүюге, қадірлеп аялауға баулу.
2. Балабақшадағы оқу-тәрбиелеу үрдісін ата-анамен бірге ұйымдастыру. Ата-ананың педагогикалық мәдениетін көтеру.
Жалпы бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі деңгейін көтеру мәселесі.
3. Бала тілін жан-жақты дамыту, көркем әдебиет арқылы, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, әдеби шығармаларға қызығушылығын арттыру.
4. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары.
- Жаңашыл ұстаздар тәжірибесін тарату.
- Шығармашылықпен жан-жақты жұмыстану.
5. Жалпы балабақшада баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады:
- Денсаулық
- Қатынас
- Таным
- Шығармашылық
- Әлеумет
Оның ішінде балалардың шығармашылық қабілеті мен ойлау үрдісіне негіз болатын «Таным» білім беру саласының негізгі бағыттары.
«Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі.
2011 жылы 18 қазанда балабақшада аудан көлемінде семинар ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби дамуын басқару, педагогтардың біліктілігін арттыру». Семинарда жаңашылдыққа байланысты «Компьютер әлемінде» тақырыбындаинформатика маманы Кунчаева Гулназым ересек тобына ашық оқу іс-әрекетін өткізді.
Мақсаты: Компьютер әлемімен таныстыру; жаңа технологиямен оқу іс-әрекетін өткізу, балаларды жаңа технологиялық ақпаратпен таныстыра отырып, балалар қызығушылығын арттыру;
Балабақшада өткізілген әр мерекелік іс-шара, апталық, айлық, түрлі ашық оқу іс-әрекаеттер аудио-видео құралдарымен түсіріліп, таспаға уақытында жазылады. Тәрбиеленушілер өздері түскен іс-әрекетін үнемі телеэкранмен тамашалайды.
Инновациялық білім беру құралдарына аудио, видео құралдары, компьютер, интерактивты тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, оқу әдістемелік көмек, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт жатады.
Балабақшамыздың өзіндік сайты ашылды: www.aigul.skom.kz
Сайтқа әрбір өткізілген іс-шара, ашық оқу іс-әрекеттер, фото көрме, балабақша туралы мәліметтер мен түрлі жаңалықтар уақытылы жіберіліп отырады.
«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Жақсылықова Айгүл жаңашылдық танытып видео экранмен «Құрметтеймін туған тілімді» атты оқу іс-әрекетін өткізді. Нәтижесінде балаларды жаңашылдыққа тәрбиеледі.
Балабақша ішілік «Ғажайып күз» апталығында балабақша топтары арасында сайыс ұйымдастырылып, сайыс шартары бойынша слайт жасақталды.
22.11.2012 ж Балабақшамызда аудандық білім үйлестіру бөлімімен бірлесе отырып «Бүгінгі дені сау ұрпақ ертеңгі ел болашағы» атты семинар ұйымдастырылды. Семинарда ересек тобы тәрбиешісі А.Жақсылықова «Денсаулық еліне саяхат» атты ашық оқу іс-әрекетін видео экранмен өткізді.
«Айналайын» тобы тәрбиешісі А.Соңбергенова «Дәрумендер әлеміне саяхат» іс-әрекетін музыкалық орталық арқылы өткізді. Тәрбиеші А.Ержанова жолда жүру ережесіне орай «Жолың болсын балақай» оқі іс-әрекетін видео экранмен өткізді.
Қазіргі заман талабы «Өзін-өзі тану пәні» делінген болса, балабақшада екі жылдан бері «Өзін-өзі тану» пәні жүргізіліп келеді. Осы орайда топ тәрбиешілері мен «Өзін-өзі тану» пәнінің тәрбиешісі Д.Едилбаева түрлі ашық оқу іс-әрекеттерін өткізіп келеді.
Ән саз жетекшісі жаңа видео экранды пайдана отырып бүлдіршіндерге түрлі оқу іс-әрекеттерін өткізіп келеді.
«Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием» атты балабақша ішілік апталықта ән-саз, көркем сөз, қолөнер, сурет байқаулары ұйымдастырылды. Жаңа әндер орындалды. Естияр тобы бүлдіршіндері «Көк тудың желбірегені» әнімен дараланып көзге түсті.
Балабақшада қаңтар айында «Әке-ер, ана-жігер, отбасында екі кемеңгер» атты сайыс байқауында әр отбасы «Отбасы презентациясы» сәтінде видео экранмен өздерін слайд арқылы таныстырып өтті.
Балабақшадағы филолог маманы Құлшықова тәрбиеленушілерге қазақ ертегілерін видеоэкранмен тамашалатты.
Балабақша бойынша психолог апталығы ұйымдастырылып, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге түрлі тренингтер өтті.
Әр топ арасында дидактикалық, логикалық ойындар ұйымдастырылып балалардың таным қабілеттерін дамытуда компьютермен өткізілді.
3-7 жасқа дейін баланың негізгі іс-әрекеті ойын болса, осы кезеңде бала белгілі бір әлеуметтік рөлді қабылдайды. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде күштеусіз бедел мен ықтиярсыз ойын түрлерін жүргізу арқылы балаға таным қалыптастыра аласыз.
Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтердің өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе.
Инновациялық процесс-педагогикалық жаңалықтарды енгізу болып отыр. «Инновация» ұғымы-жаңару, өзгерту, жаңашылдық дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсеткен. Сол себептен қазіргі таңда даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту мен тәрбиелеу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Қорытынды:
Балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану- бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы. Мыс: Мультимедиялық оқулықтарды балабақшада пайдаланар болсақ, оқу іс-әрекеттерін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға болар еді. Мұндай жағдайда тәрбиеші бала тәрбиесімен айналысқанда әр түрлі шара, оқу іс-әрекеттер өткізер алдында жиі-жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Бұндай оқулықтар пайдалану алдымен балалардың қызығушылығын арттырып, оқу іс-әрекеттерге деген танымын, белсенділігін арттыра түсер еді.
Мультимедиялық оқулықтар болса балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал еді.
Ақпараттық-технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастыру үшін ұстаз өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Сондықтан жаңа стандарт негізінде баланың танымын қалыптастыру бағытында педагогтардың өз білімі мен кәсіби деңгейін жетілдіру кезек күттірмес мәселе.
Қазіргі уақытта оқытудың 50-ден астам технологиялары бар. Олардың бала танымын қалыптастырып тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Олай болса келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни интеллектаулды деңгейін жоғары болуына қойылатын талап зор.
Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.
- Р.Омарова. 12 жылдық мектепке оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. Ақтөбе. 2007 ж.
- Е.Б.Моргунов. позновательные процессы и способности в обучении. М., 1990. 321 бет.