kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларыны? жазба с?йлеу тілін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам ?зі ?мір с?ретін ?лкені? хал?ымен ж?мыс істеп, олармен ?арым – ?атынас жасайтыны м?лім. Халы?ты? тарихын, м?дениетін, тілін, рухани байлы?ын білу адамны? сол халы??а деген ??рмет сезімін оятып, шынайы досты? ?арым – ?атынас тіл ар?ылы ?ана ж?зеге асатыны белгілі. Сонды?тан ?аза?санда ?мір с?ретін халы?тарды? досты? ?арым – ?атынасыны?, бір – біріне сый – ??рметіні? ??ралы ?ызметін  ?аза? тілі ат?аруы тиіс. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? жазба с?йлеу тілін дамыту »

Бастауыш сынып оқушыларының жазба сөйлеу тілін дамыту

Адам өзі өмір сүретін өлкенің халқымен жұмыс істеп, олармен қарым – қатынас жасайтыны мәлім. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу адамның сол халыққа деген құрмет сезімін оятып, шынайы достық қарым – қатынас тіл арқылы ғана жүзеге асатыны белгілі. Сондықтан Қазақсанда өмір сүретін халықтардың достық қарым – қатынасының, бір – біріне сый – құрметінің құралы қызметін қазақ тілі атқаруы тиіс.

Елбасы Н.Назарбаевтың «... қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға қақылы» деген сөзі тіл проблемаларын шешудің, еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді. Қазір мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс – шаралар жан – жақты жүргізілуде.

Қазақ тілі – өз ішінде салаларға бөлінетін, өзіндік сыры мен қыры көп, күрделі және бай тіл.

Қазіргі таңда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алып отырғанда, тілді терең меңгерудің екі түрі бар.Бірі – ауызекі байланыстырып сөйлеу, екіншісі сауатты жаза білу.

Оқушылардың жазба сөйлеу тілін дамытуда жазба жұмыстарының бір түрі суретпен жұмыс. Қазақ тілі сабақтарында пайдаланатын суреттер оқушылардың ойлары мен сезімдерін қамтыған, оларды толқытқан және осының салдарынан өзінің алған әсерін айту ықыласын тудырған жағдайда ғана, эстетикалық тәрбиенәң міндеттеріне және тілді дамыту үшін қызмет атқарады.Сондықтан суреттерді таңдауға әсіресе мұқият қарау керек.

Оқушыларды қандай суреттер қызықтырады? Мұғалім тілді дамыту мақсаты бойынша жұмыс істеу үшін суреттерді іріктей отырып, қандай жалпы принциптерді басшылыққа алу керек? Мұғалім оқушыларды эмоциялы қабылдаудан бейненің құрылымын ашуға жетелейді. Суреттің тақырыбы мен идеясы, сюжет, оқушының өз ойын білдіру үшін пайдаланған,бейнелеу құралдарының ролі ретінде айқындалады.

Сурет арқылы оқушылардың тілін дамыту үшін олардың ойлап тапқан атауларын талдау және салыстыру, аса лайықтысын таңдау; суретшінің берген атауымен салыстыру сияқты жаттығулар да өте пайдалы.

Суретпен жұмысты үлестірме қағаз түрінде немесе үлкен сюжетті тақырыпты көрсетіп, іліп қойып орындауға болады.Әсіресе бастауыш сыныптарда заттық суреттер таратып, атын айтқызып, оны әр қырынан суреттеу де тіл дамытудың нәтижелі түрінің бірі болып табылады. Мысалы: Мынау нелер? Мынау гүлдер. Гүлдер қандай? Гүдер әдемі. Ыдыста қандай гүлдер бар? Ыдыста қызыл, сары, ақ, көк гүлдер бар.Оқушыларға суретпен сөз, сөз тіркесі, сөйлем, әңгіме, шығарма жаздыру өте тиімді. Өйткені, суретке қарап бала өз ойын, көргендерін тиянақты көркем тілмен жеткізе білуге үйренеді.Суретпен жұмыс жүргізгенде оқушыларға суретті ребус, сөзжұмбақтар шешкізуге де өзінің тиімділігін көрсетті.Бұл жұмыстардың нәтижесінде жазған зат атауларын, сөйлемдерді келесі кезекте қатесіз жазуға және естеріне берік сақтауға әдеттенеді.

Сурет бойынша жұмысты ұйымдастыра отырып, мұғалім сабақтың мақсатына, оқушылардың білім деңгейіне, нақты шарттарға байланысты салыстыру тәсіліе әр түрлі пайдаланады. Сабақтың қызықты өтуі – мұғалім жұмысының нәтижелі болуының алғы шарты.сөз соңында айтарым, оқушының ауызекі сөйлеу тілін болсын, жазбаша сөйлеу тілін дамыту болсын мұғаліммен ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін жан – жақты ойластырып, оларды түрлендіріп жүргізу қажет.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бастауыш сынып о?ушыларыны? жазба с?йлеу тілін дамыту

Автор: Алібек Диана

Дата: 22.02.2015

Номер свидетельства: 177354


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства