kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биік т?рсын десек туымыз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ел бас?ару ж?йесінде ата жолын берік ?стап, ру тайпалар арасында барлы? ж?йелерді реттеп, ?аза? хал?ыны? басын біріктірген ?лы хандарды? даналы?ын, к?реген к?семдігін, халы?ты? ?амын жеген парасаттылы?ын, ??ламалалы?ын, батырлы?ын о?ушылар?а д?ріптеу, ?ізіргі та?да?ы 23 жылды? тарихы бар т?уелсіз елімізді? туын берік ?стап, елді? ?сіп ?ркендеуіне ?лес ?осар, білімді, саналы ?рпа? т?рбиелеу ма?сатында "Биік т?рсын десек туымыз!" та?ырыбында ?ойылым ?йымдастырдым.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биік т?рсын десек туымыз! »

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы

Жаңабұлақ ауылы

Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы

Капиева Шолпан Зайреденовна


Қазақ хандығының 550 жылдығына

арналған «Биік тұрсын десек туымыз»

атты композиция

Композиция құрылымы:


Диктор: Иә, абзал халқым! Басыңнан не өтпеді сенің?! Ұлт болып шаңырақ көтерген, дербес мемлекет болғалы неше өліп, неше тірілдің десеңізші, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Қазақ хандылығы ірі жеңіліске ұшырап, халқы көп қырылыпты, соның бәрін жазу – сызу білмесе де қара өлеңмен жеткізген.

Сонау зар заманда, сол зобалаң кезеңде өмір сүріп, жарқын болашақты аңсап, жастарға өсиет – насихат толғауларын айтып өткен жыршы – жыраулардан бастама алады. Олардың өсиет сөздері ауыздан- ауызға тарап қазіргі біздің жаңа ғасырымызға жетіп, егемен еліміздің ұрпақтарына айтылуда, емес пе?

Иә, солай...

Қазақ жаратылысынан, тегінен шешен, кеменгер халық болған, бұл жаугершілік заманда халқымыздың қамын ойлап, жер дауын, ел дауын әділ шешіп отырған.

Қара қылды қақ жарған, елге тек бірлік, бейбітшілік заманды, тыныштық тілеген айбынды да аруақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ел тағдырына қатысты жайларға белсене қатысып, бәтуәлі істер тыңдырған.

Иә, қайран қазағым! Ұзақ уақыт «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұға алмай, ұқсас та ашып айта алмай келдік.

Иә, айту үшін тарихқа бойлау керек, ал тарихтың тұңғиығына барсақ қарауылға іліндік.


Сахнада биіктелген сахна едені болуы керек. Сахна артындағы бейнелер: киіз үй, қазан ошақ, өрістегі мал, бір сөзбен айтқанда қазақ даласы суреттелу керек. Ортада хан, бір жағында уәзірлер, бір жағында билер.

Хан. Қалмақтардың шарттарын естіген боларсыздар?

Отырғандар.

Жоқ, естімедік, о, не шарт?

Хан: Естімедіңіздер-тыңдаңыздар. Қалмақ елі, тілдесуге, елшілікке келсе, алашта топ жарған даналардың бірін жіберсін. Әйтпесе, өнегесі атқа құйрықтарын босқа қажытпасын, сөйлеспейміз депті.

Абыз баба.

Пай-пай, шіркіндердің төбеге түкіруін ай! Ханның өзі келсін демегеніне шүкіршілік.

Отырғандар ду күлісті.

Хан: Бұған алаш билері не дер екен?

Бірінші би:

Е-е, жоңғармен қылышпен қидаласпасақ та, тілмен қидаласар күн туған екен. Ағалар, ағаң-алдарыңда әуелеп өскен дарағың, інің-қанатың мен құйрығың. Мен барайын бұл сапарға!

Жұрт шу ете қалды.

-Барсын, барсын!

Екінші би: О, жамағат! Бұл орынсыз болар еді. Ағалар мен інілер, ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар емес пе! Бұл сапардың жолы-ендеше жал-құйрығы бүтін мекені. Салмағында маған артыңдар!

Бәрі шулайды.

-дұрыс, жөн екен!

Үшінші би.

Уа, ағалар, сөздеріңнің қатесі жоқ, бірақ жығылар жолы бар. Аға – бордан, іні-зордан деген бар емес пе? Іні – найза, аға-қорған деген бар емес пе! Арқамды қорғанға тіремеймін бе, найзамды ерсілі-қарсылы іремеймін бе! Жау үшін менің сөзім тасқын сен емес пе, бұл сапарға менің бауырым жөн емес пе!

Отырғандар:

-Міне асылдың сөзі, жолыңды бер, барсын!

Ортадан суырылып шығып...

Төле би:

Менен ақыл сұрасаң,

Өгізді өрге салма,

Қанатың талар.

Наданға көзің салма,

Сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа,

Сенімің кетер.

Дұшпанға шыныңды айтпа,

Түбіңе жетер.

Шешендік тен не пайда,

Артында сөз қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қылмаса

Хандығңнен не пайда,

Қарашасын жалмаса.

Молдылықтан не пайда,

Шариғатын өзгертіп,

Нашарларын алдаса...


Жал – құйрығы қалың деп,

Жабыдан айғыр салма.

Жаугершілік болғанда,

Жағдайлап мінер ат болмас.

Қабырғадан қар жауса,

Атаң менен нарға күш.

Ел шетіне жау келсе,

Қабырғалы биге күш.

Менің ақылым осы...


Қазыбек би:

Үй жанында биік төбең болса,

Ерттеулі атпен тең.

Шаңырағыңда білгір қартың болса,

Жазылып қойған хатпен тең.

Үш жүз, үш қазақ,

Керіспейік, келісейік,

Ері егескен – ел емес,

Биі егескен жөн емес...

Бәрі:

Беу де!

Әйтеке би.


Биік тұрсын десек Туымыз,

Өрт шалмасын десек нуымыз,

Біз Үш жүз керіспейік , келісейік,

Керістің арты қызыл шоқ.

Керісе қалсақ үшеуіміз,

Бірлікте жоқ, Елдік жоқ.

Өзгемен теңдік жоқ

Әркім бір сарып басыңа.

Дұшпандық етер бас сөгіп.

Қазақпен қазақ жауласса,

Қайрымы болмас жас төгіп.

Биік тұрсын десек Туымыз,

Ынтымақпен бірлік, ерлікке,

Насихат қылып халықты

Бір ауыздан шықсын үніміз.

-Уа, хан төре,

Уа, жамағат,

Бұл сөзіміз өшпес болса,

Болашаққа аманат.

Бәрі.

Ой бәрекелді, дұрыс екен.


Хан.

Разымын! Бәрі де дұрыс айтылған сөз. Қайсысың барсаң да істі тыңдырып қайтатындарыңа, жаудың сағын сындырып қайтатындарыңа шексізбін. Келісімді ертеңге қалдырайық. Келісіп пішілген тон келте болмас, көптің кеңесіне салалық.

Диктор: Қаз дауысты Қазыбек-бойына біткен ерекше дарынмен тай бәйгесінен озып шығып, ат бәйгесіне қосылған, тұнғыш рет елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқан, бала биден дана би атанған қазақ тарихындағы қайталанбас ерекше тұлға.

Қазақ пен қалмақ тығырыққа тіреліп, таразыға түскен сын сағатта уыздай жас Қазыбек тыңнан жол салған:

Жонғар хан ордасы. Хан тақта отыр.

Уәзір:Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр.

Қалмақ ханы: Кірсін! (Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді)

Ия, қазақтар! Айтарларыңды айтып, үйлеріңе қайтыңдар.


Қазыбек би:

Ерден ердің несі артық,

Ептестірген сөзі артық.

Малдан малдың несі артық,

Бір-ақ асым еті артық.

Жердің жерден несі артық,

Бір-ақ уыс шөбі артық.

Міндетіне алған сөзден

Шегінген жігіттен

Аштан өлген аюдың еті артық.

Деп Тайкелтір би мен хан Бертісті тыйып тастап, бүркітше шүйіліп, Қонтажыға: Қазыбек би: «Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат!»

«Біз-қазақ деген мал баққан елміз,бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан ала жібімізді аттап, басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз-қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз-көмір, еріткелі келгенбіз, екі еліктің баласын теліткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танытқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылдан болсаң, мен-арыстан, алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желімдей жабысқалы келгенбіз, берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең, жөніңді айт не тұрысатын жеріңді айт»,-

- дегенде Хан: «Өй өзің жөніңді айтшы, аты-жөнің кім?»

Қазыбек би: «Руым Қаракесек, әкем Келдібек, атым Қазыбек»

Қалмақ ханы: Дауысың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын.

Уәзір: Ләппай тақсыр!

Қалмақ ханы: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар.


Диктор: «Қаһарлы сөз қамал бұзады» бұл сөз - қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи құжат Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне атқосшы болып алғаш рет қалмақ қонтайшысы Цеван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Сол сапарда шешендік танытып 90 тұтқынды, шабылған мал, тоналған мүлігімен алып қайтқан.

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы дана билер айтқан сара жолмен көш бастап келеді. «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады» деген елдің береке бірлігін, шырқын бұзатын сөздерден аулақтап, заманның талабына қарай адал еңбектің көзін тауып, дана билер айтқан өсиет-«Біздер керіспейік, келісейік» деген ата-бабаның сара жолына қылау түсірмейік.

Абыз баба.

Өздеріңдей би болсын.

Елі тыныш күй болсын.

Жау шаппаған жер болсын.

Жау шаппасада бас шаппаған ел болсын.

Бала ойнап жүгірген,

Күлетұғын күн болсын.

Ханың болса, әділет

Халқың тыңдар үн болсын.

Ұрпағың болса саналы,

Төбемізден гүл қонсын! (әмин)

Бәрі беттерін сыйпайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Биік т?рсын десек туымыз!

Автор: Капиева Шолпан Зайреден?ызы

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187844


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства