Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың өздігінен реттелу дағдыларын жетілдіру.
Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың өздігінен реттелу дағдыларын жетілдіру.
Білім беру үдерісін технологияландыру, мектепке енгізген жаңашылдық әдіс тәсілдердің пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен ойын еркін жеткізіп, білім өрісін жаттанды түрде емес, есте ұмытпай қалатындай деңгейде қалыптастыру болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім беру үдерісіне жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың өздігінен реттелу дағдыларын жетілдіру.»
Білім беру үдерісін технологияландыру мектептік білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде
Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың өздігінен реттелу дағдыларын жетілдіру
Өзекті мәселе:Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.Жаңа педагогикалық технология –мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану-заман талабы.
Мақсаты:Білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыруға дағдыландыру
Міндеттері:Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып және жаңа педагогикалық технологияны меңгерту. Оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету
Күтілетін нәтиже:
Нақты мақсат қоюға дағдыланады
Қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыта алады
Шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істей білу қабілеті қалыптасады.
Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі
Сараптауға, бағалауға дағдыланады
Өзіне деген сенімі артады
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелер. Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал. Мұғалімдердің алдына қойып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырып және жаңа педагогикалық техналогияны меңгеру. Осыған орай,Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Жаңа педагогикалық техналогия- мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияларда басты міндет-оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Жаңа техналогиялардың басты міндеті-оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылады. Оқытудың жаңа техналогияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармалыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйені ізденістер мұғалімнің жаңа техналогияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі. Жаңа технология үдерістерінің талабы- оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Жаңа техналогиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау.
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.
Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту.
Баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.
Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндігіне орай оқыту.
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жаңа техналогияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады.Олар:
Педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу.
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру.
Оқу модулін құрастыру.
Оқу жобаларының мазмұнын анықтау.
Әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру.
Оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау.
Оқу әрекетінің бағалау көрсеткіштерін анықтау.
Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар баршылық. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек. Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:
• проблемаға бағытталған оқыту;
• топтық бағытталған оқыту;
• рөлдік ойындар;
• презентациялар;
• пікірсайыстар;
• кейс-стади;
• миға шабуыл әдісі;
• сұрақ-жауап ойындары;
• іскерлік ойындар;
• цифрлық білім беру ресурстары.
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне , қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземін. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен электрондық оқулықтарды);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Осы сабақтарда іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу барысында мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың оқудағы белсенділіктері мен ойлау дағдыларында біраз өзгерістер орын алғанын байқадым. Үй тапсырмасын сұрау барысында «Миға шабуыл» және «Ыстық орындық» әдістерін қолдандым. Оларға бұл әдістің ұнағанын байқадым. Басында «ыстық орындыққа » отырғысы келмеген оқушылар, келесі сабақтарда таласа отырғысы келді. «Сутектің табиғатта таралуы және алынуы» деген тақырыпта өткен екінші сабағымда ойлаудың жоғарғы деңгейдегі дағдыларын белсенді қолдануға көңіл бөлдім. Ол үшін материалды меңгерту барысында «инсерт әдісін» қолдандым. Осы білімді қайда қолдана аламыз ?-деген сұраққа жауап алу үшін оқушылардың әр тобына түрлі есептер ұсындым және шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында тәжірибе жасаттым. Оқушылар тапсырмаларды топпен жұмыс істеу арқылы орындап, әр топ 5 есептен шығарып, тұжырымдады. Және бір-бірінің жауаптарын талдады. Қолдану саласы бойынша зертханада сутекті жинау әдістеріне тәжірибе орындады. Тәжірибе орындау кезінде АКТ-ның көмегімен бейнежазбадан көрген жұмыстарды өздері топта бірігіп орындады және қорытындылады. Өздері қиын есептерді шығаруы үшін мен тек ашық сұрақтар қойып , бағыттап, нұсқау беріп отырдым, бұрын мен бір қиын есептің щығарылу жолын толық түсіндіріп, талдап көрсететінмін. Бұл жолы менің нұсқауыммен осының бәрін оқушылар өздері атқарды. Ең қиын есепті мен кейс-стадии әдісі бойынша талқыладым. Яғни бір қадамды өзім жасап, әрі қарай олардан жауап күттім, әрі қарай тағы осылай жасадым. Осылайша біз күрделі есепті шешіп қана қоймай, оның шығарылуы мүмкін болатын жолдарын қарастырдық. Оқушылардың жоғарғы деңгейдегі ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін олардың өз бетінше жұмыс жасауына қол жеткізуім керек екен. Мен сабақтарымды өту барысында үнемі рефлексия жасауды дағдыға айналдырдым. Менің қазіргі сабақтарымның бұрынғы сабақтарымнан қандай айырмашылықтары бар, тәжірибемде қандай өзгерістер орын алуда? Оқушыларда қандай өзгерістер байқалды? Олардың пәнге деген қызығушылығы артты ма? Ойлау дағдылары жетілді ме? Олар шығармашылық тұрғыда дамыды ма? Олар өз ой-пікірлерін ұстанып, қорғай ала ма? Оларға топпен жұмыс істеген ұнады ма? Оларға бірін-бірі өзара бағалау ұнады ма?-деген және басқа да сұрақтар менің алдымда тұрды. Іс-әрекеттегі зерттеу барысында мен осы сұрақтарымның көпшілігіне оң жауап алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады Өзіне деген сенімі артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. Химия сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы мен осылай олардың сыни ойлауын жетілдіре аламын. Нәтижесінде сабақ барысында олардың таным белсенділігін артады, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыта алады, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істей білу қабілеті қалыптасады. Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісінегі жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсерін тигізеді, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, оқу тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияны қолдануды басты назарда ұстау керек. Әрбір ұстаз күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақтаны тұрақты пайдаланумен қатар, электронды оқулық және интернет материалдары арқылы оқушының пәнге деген ынтасын арттыра түсуге міндетті. Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі болып, оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпайтыны белгілі. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін - өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға тиіспіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ж.Қобдикова. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002.
Schleicher, A. (2012),Ed., Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21 st Century: Lessons from around the World. [ 21-ғасырға арнап мұғалімдерді даярлау және мектеп көшбасшыыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing
Асқарбек Құсайынов. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы.- Алматы, 2013
Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б.