Білім әлемі
Сабақтың мақсаты:
Балалардың білімдерін еске түсіру арқылы бекіту. Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын бақылау;
Көрнекі құралдар:
Суреттер, үнтаспа, фишкалар, сандар, әр балаға команданың белгісі.
Әділқазылар алқасы:
Балалбақша қызметкерлерінен сайланады.
Сабақтың барысы:
Ән-әуен ырғағымен балалар залға кіріп, әр команда өз орындарына жайғасады. Бір команда қыз балалар, екіншісі ұл балалар.
1 – кезең: «Таныстыру»
(Таныстыру үшін әр бала өзі туралы қысқа айта кетеді.)
(Әр жақсы жауапқа фишкалар тақтаға ілініп отырады)
2-кезең: «Атап, көрсет»
Мынау тәрбиеші. Аты-жөні ... Мынау директор. Директор әдемі, мейрімді. Мынау аспазшы. Аспазшы әдемі,жақсы адам. Мынау күтуші Аты-жөні .... Мынау дәрігер. Дәрігер мейрімді, әдемі. Мынау мұғалім. Мұғалім әдемі, қатал.
(Әр жақсы жауапқа фишкалар тақтаға ілініп отырады)
Енді, балалар, кішкене денемізді сергітіп алайық.
Әр команданың капитандары бір сергіту сәтінен өткізеді.
«Сергіту сәті»
Жаңбыр жауады тық, тық, тық
Сен далаға шық, шық, шық
Жел соғады гу, гу, гу,
Жапырақ ұшады ду-ду-ду.
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салай
3-кезең: «Сандықта не бар?»
- Мынау қуыршақ. Қуыршақ өте әдемі, үлкен, сүйкімді,
- Мынау қоян. Қоян кішкентай, әдемі, жұмсақ, түсі ақ.
- Мынау доп. Доп үлкен, әдемі, домалақ, жұмсақ, түсі қызыл.
- Мынау кесе. Кесе кішкентай, әдемі, қатты, түсі жасыл.
- Мынау құрастырушы. Құрастырушы әдемі, үлкен, қатты, түрлі – түсті.
- Мынау ыдыс-аяқ.Ыдыс-аяқ әдемі, қатты, түсі жасыл.
- Мынау қонжық Қонжық кішкентай, әдемі, сүйкімді, жұмсақ, түсі қоңыр.
- Мынау шырша.Шырша әдемі, кішкентай, қатты, түсі жасыл.
- Мынау мысық. Мысық кішкентай, әдемі, сүйкімді, жұмсақ, түсі қара.
- Мынау әтеш. Әтеш үлкен, әдемі, сүйкімді, қатты, түсі сары.
4 - кезең: «Полиглот»
молоко – сүт - milk
хлеб – нан - bread
сыр - ірімшік cheese
колбаса – шұжық - sausage
чай – шай - tea
сок – шырын - juice
сахар – қант - sugar
масло – май – butter
мясо – ет - meat
рыба – балық - fish
Енді тағы да кішкене дем алып алайық сөздік ойын ойнайық.
5 – кезең: «Зообақта»Жабайы аңдар мен құстарды үлкен, кішілігіне қарай торларға дұрыс орналастыру.
Мынау қасқыр. Қасқыр үлкен, әдемі, түсі сұр, жабайы аң, орманда мекендейді, ет жейді.( кірпі, тиін, түлкі, жолбарыс, қоян, арыстан, аққу, тоты, торғай, тырна, көкек, бүркіт)Үлкен торға апарамыз. Кішкентай торға апарамыз.
Көрермендерді сергіту: «Сөздік ойын»
Суп – көже
бабушка - әже
Воротник - жаға
брат – аға
Мудрый - дана
мама – ана
Благословение - бата
Дедушка – ата
Качество - сапа
Сестра – апа
Осень күз.
Сто жүз.
Язык – тіл
Слон – піл
Письмо – хат
Лошадка – ат
Город – қала
Мальчик – бала
Продовать – сату
Дружный - тату
Шустрый – пысық
Кошка - мысық
Просо – тары
Желтый – сары.
Марля – дәке
папа - әке
Шелк - жібек
малыш – бөбек
Соль – тұз
Девочка – қыз
Много – көп
Мяч - доп
6 -кезең: «Түсіне қарай бөліп себетке сал» (муляжбен жұмыс)
- Мынау алма. Алма қызыл.
- Мынау шие. Шие қызыл.
- Мынау қияр. Қияр жасыл.
- Мынау қырыққабат. Қырыққабат жасыл.
- Мынау қызанақ. Қызанақ қызыл.
- Мынау қызылша. Қызылша қызыл.
- Мынау жүзім. Жүзім жасыл.
- Мынау алмұрт. Алмұрт жасыл.
7 – кезең: «Дұрыс бөл»
Ыдыс-аяқтар мен азық-түліктерді айыру.
Мынау кесе. кесе ыдыс-аяқ.
Мынау қант. Қант азық-түлік
Мынау шайнек. Шайнек ыдыс-аяқ
Мынау пышақ. Пышақ ыдыс-аяқ
Мынау қасық. Қасық ыдыс-аяқ
Мынау таба. Таба ыдыс-аяқ
Мынау нан. Нан азық-түлік
Мынау май. Май азық-түлік
Дидактикалық ойын: «Не жоқ» (Таба жоқ. Кесе жоқ)
- Жарайсыңдар, балалар, біздің бүгінгі жарысымыз аяқталды, енді сөзді әділ-қазылар алқасына берейік.
Жеңімпаздарды мараппаттау жүреді, қалған ойыншыларға белсене қатысқандары үшін сыйлық беріледі.
Балалар, бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? Тамаша! Осымен сайысымыз аяқталды, барлығыңа көп рахмет, сау болыңдар!