Просмотр содержимого документа
«Әбіш Кекілбайұлы "Көлденең көк атты" Сахналық қойылым»
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп
Жарылғасынова Айымгул
Сахналық қойылым
«Көлденең көк атты»
Әбіш Кекілбаев
Қатысушылар:
Самат – соғыстан келген жігіт, Ахаттың досы
Жазира – Ахаттың жұбайы, соғыста ерлікпен қаза тапқан
Жанас – ағайын
Баланың анасы
Зайыр
Бала
1-көрініс
Самат Ахаттың үйіне келеді. Алдынан бала шығып амандасады.
Самат:-Хабарласқандай кім бар?
Баланың анасы:- Кім болса да кіре бер!
Олар үйге еніп, хал-жағдай сұрасады.Танысады.
Самат: - Жолдас, әскерден босаған гвардия ефрейторы Қазиев Самат майданда ерлікпен қаза тапқан командирі гвардия аға лейтенанты Ахат Бекбаевтың ата-анасын іздеп келе жатырмын.
Бала ойнап кетеді. (Мұңды музыка ойналады. ) Үйдегілер қазаны естіп жылай бастайды. Бала үйіне кірсе , жеңгесі оны құшақтап жылайды. Дымға түсінбеген бала да оңаша шығып кетіп жылайды. Музыка басылып, үйдегілер бір-біріне сабыр айтып жатады . Жазира шығып кетеді.
Самат: Мына көк теңіздің арғы жағындағы Сталинградтан бастап қуа отырып, сонауБерлинге дейін жауды қуып бардық қой...
(Баланың анасы мен Самат әңгімелесіп отырады).
Самат: Ауылдарыңызда қалсам деймін, шаруашылыққа көмегімді тигізсем бе деп едім.
Баланың анасы: Қалауың білсін, болғаныңша жүре бер.
Сол кезде жылқының дыбысы шығадыда, Жанас кіріп келеді. Алдынан бала жүгіріп шығады.
Жанас: Құшақтамай әрі тұршы, үстімді лас қыласың.Үйде кім бар? Жеңешең үйде ма?
Бала: Үйде барлығы бар, Самат аға да осында.
Жанас: Самат дейді.Неғып жүр сол мұнда?Елі жоқ па екен?
Бала: Не дейсіз?
Жанас: Ештеңе.
(Екеуі үйге енеді. Жанас амандасып, Жазираға ерекше қиылып қарап, сөмкесін, қалпағын, қамшысын береді.Оны Жазира төрге іліп қояды. Жазирадан көзін айырмайды. Оны Самат байқап отырады. Баланың шешесіне айран құйғызып ішеді.)
Бала анасы: Ия, келген шаруаңды айта отыр. Жазираға кеңседен бір жұмыс тауып келдім.Сіздер рұқсат етсеңіздер, күніне атпен барып-келіп тұрады. Үйдегілер басын изейді. Екеуі тұрып кеңсеге кетеді).
Бала анасы: Дұрыс екен,үйде отыра бергенше, бой жазып шығып келгені дұрыс.
2-көрініс
Автор: Арада біраз уақыт өтеді. Самат осы үйдің адамындай сіңісіп кетеді. Үйінің кішкентай баласы да бауыр басып қалады.
(Сыртта төсек үстінде түнде бала Саматтың қасында жатып сұрақтар қоя бастайды).
Бала: - Самат аға, осы біздің аспанға ғой жұлдыздар шығады, ал Германияның аспанына не шығады, крест пе?
Самат: - Біз барғанда Германияның аспанында жұлдыздар быжынап тұрды.
(жұлысқан, алқынған, ырсылдаған дауыстар естіледі) Екеуі төбелесіп, мұрнын басып Самат орнына келеді.
Бала: Аға, не болды?
Самат: Өй,бір доңыз. (деп қолын бір сілтейді)
Бала: Жанас ағаның дауысы сияқты... Ол бар ғой, қызғаншақ, маған қарындаштарын да бермейді көруге....
Самат: Жата ғой орныңа...
3-көрініс
Автор:
(Қойлардың маңыраған дауыстары шығып жатады. Бала мен Самат қолдарында қамшы ішетін тамақтары қой бағып келе жатады. Самат сағатына қарай береді).
Бала: аға, Ахат көкем қаза болғанда қасында болдыңыз ба?
Самат (күрсініп): мұңды әуен ойнап тұрады: Самат басынан өткенді айтып береді.
Екеуі үнсіз алдынан екі қосақтаулы атты көріп қалады да,бала:
Аға, мынау Жанас аға мен Жазира жеңешемнің аттары ғой...Бұлар мұнда неғып жүргені?
Қарайды да,Самат:
-Қой, найсаптарды қой! (Басын шайқайды).- Жүр қойды айда.(.Қойдың даусы шығады.)Сол кезде артынан бір адам шыңып айқайлайды.
Зайыр: -Әй, шөлмегіңді ұмытып кеттің ғой?
Бала шошып, Саматтың артына тығылады.
Бала: Аға, мынау соғыстан жарақат алып келген Зайыр деген аға.Ол күнде мас болып әркімдерге тиісіп жүреді.
Зайыр: Әй, шөлмек дим.
Самат: Қайдағы қшөлмек?
Зайыр: Жер түбінен келгенде бір шөлмектің аузын ашпай бара жатсың,ә? Әй, бірақ сен тентіренді кәрі төбет құсап, күні-түні іргеде жатып, Жазира келіннің етегін күзеткеннен басқа не білем дейсің?
--Самат: Мынаны қара, қайталап айтшы ал.
Зайыр: - Мынау қайтеді ай , жібер.Бәрібір Жазира сендік болмайды, Жанаспен жарасып қалыпты , сенікі құр бекер әурешілік.
Самат: Ендеше , үніңді өшір.(жағасынан алып, итеріп жібереді) Бала жүр үйге.Қойды айда.Қой дыбысы
4- көрініс
Автор: Осы оқиғадан кейін Самат бұл ауылда қалғанды жөн көрмеді, бұл отбасында да артық адам екенін түсінді.
Анасы киіз үйде іс тігіп отырады.Қасына бала жүгіріп келіп, Самат ағасының қайда екенін сұрайды.
Бала: Апа, Самат ағам көрінбейді ғой?
Анасы: Самат ағаң бізді тастап кетті.
Бала: Неге кетіп қалды? Қоштаспады неге? Біздің ауыл ұнамай қалды ма екен....
Бала таң қалып, басы салбырап,көңіл күйі түсіп кетеді.