Бізді? сал?ан суреттеріміз ай?ын ары ?серлі к?ріну ?шін гуаш ж?не акварель бояулар ?ажет.Сондай-а? ?лкенді кішілі ар турлі ?ыл?аламдар керек.О?ан коса палитра да керек.?ыл?аламды стаканда?ы су?а жуу керек. Суды жиі ауыстырып отырса, суреттегі т?стер таза арі асерлі боялады.Бояуларда оз т?стерін жо?алтпайды. Негізгі т?стерді араластыру ар?ылы ар турлі бас?а тустер шы?ару?а болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бояулар ?лемінде »
Бояулар әлемінде
Біздің салған суреттеріміз айқын ары әсерлі көріну үшін гуаш және акварель бояулар қажет.Сондай-ақ үлкенді кішілі ар турлі қылқаламдар керек.Оған коса палитра да керек.Қылқаламды стакандағы суға жуу керек. Суды жиі ауыстырып отырса, суреттегі түстер таза арі асерлі боялады.Бояуларда оз түстерін жоғалтпайды. Негізгі түстерді араластыру арқылы ар турлі басқа тустер шығаруға болады.Мысалы,кызыл туспен сары тусті араластырғанда қоңырқай сары түс шығады. Көк пен қызыл тустер араластырғанда күлгін түс паида болады.Ал сары жане көк түстерді араластыру арқыл жасыл түс пайда болады. Бояу түстер сияқты реңктер де жылы және суық болып бөлінеді.Егер кез келген түс реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса,олар жылы реңктер болғаны. Ал көк түс басым болса онда реңктер суыққа жатады. Күлгін түс тек екі түрлі қызыл және көк түстерден құралған. Күлгін түске көк түсті көбірек қосқан сайын ол суық түске қарай өзгереді.
Табиғат қоршаған ортадағы сұлулық бояу нақышымен қымбат. Олардың көркі ең алдымен түрлі-түстің реңіне байланысты айқындалады. Табиғатта кездесетін түстер негізінен негізгі үш түске бөлінетінін білеміз.Осы үш түсті араластыру арқылы қосымша түстер алынады. Ал қосымша түстердің өзі жылы түстер және суық түстер болып бөлінеді. Жылы түстерге қызыл, сары, қызыл сары түстер жатады. Ал суық түстерге көк, көгілдір, жасыл түстер кіреді. Түстер ерекшелігін, қасиеттерін жақсы білу үшін кескіндемеде, сәндік өнерде көбірек суреттер салып үйренуіміз керек.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді.
Реңк — бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады.
Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады.
Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Егер сіздер жақсы суретші болғыңыз келсе өзіңді қоршаған ортаға, дүниеге зер сала қарап, елеусіз көрінетін сұлулықты, немқұрайлы, назарсыз қалдырмауға тырысуыңыз керек. Сонда бояулар әлемі саған таусылмас қуаныш сыйлайды!