kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бос уақыт қызметінің менеджменті

Нажмите, чтобы узнать подробности

"менеджмент "ұғымы бос уақытты ұйымдастыру  қызметіне  және мәдени- әлеуметтік іскерлік сферасына да кеңінен еніп келеді. Бұл салада менеджмент деп басқару қызметі жүйесінің  бос уақытты ұйымдастыру қызметінің алуан түрін жүзеге асыратын мекемелердің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуін айтамыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бос уақыт қызметінің менеджменті»

Бос уақыт қызметінің менеджменті

Кейінгі кезде "менеджмент "ұғымы бос уақытты ұйымдастыру қызметіне және мәдени- әлеуметтік іскерлік сферасына да кеңінен еніп келеді. Бұл салада менеджмент деп басқару қызметі жүйесінің бос уақытты ұйымдастыру қызметінің алуан түрін жүзеге асыратын мекемелердің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етуін айтамыз.

Қандай мемлекетте болмасын бос уақыт қызметін ұйымдастыру мекемелері мен ұйымдары халық назарында. Әрбір адам мәдениет мекемесіне келгенде өзінің рухани қажеттіліктері мен жан дүниесін дамыту, танымдық қабілеттерін кеңейту, демалу мен сауығу қажеттілігін қанағаттандыру мақсатын көздейді.

Зерттеушілердің ойынша, бұл салада тұтынушылардың сұраныстары әр алуан және эмоционалдық субьективтік ерекшеліктері бар екенін көрсетеді.

Сонымен, мәдени бос уақыт қызметінің сипаты көбіне халықтың рекреациялық қажеттіктері мен мода ағымы және қоғамдық пікірге байланысты анықталады.

Бұл жерде бос уақытты ұйымдастыру қызметі мемлекеттік мәдениет саласындағы саясатпен де үндеседі. Мәдени орталықтар мемлекет қолдауымен қатар нарықтық экономиканың механизмдеріне сүйене отырып қосымша қолдауды да қажет етеді. Бос уақытты ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын мекемелердің басшылары менеджменттің барлық қыр сырын меңгеруі тиіс.

  • стратегиялық жоспарлау

  • перспективалық жоспарлау мен болжау;

  • жобалау қызметі;

  • бағдарламаларды жүеге асыру;

  • даму жоспарларын нақтылау

  • жүзеге асыру механизмдерін игеру т.б.

Бос уақыт қызметі мен менеджментінің функциялары;

Түрлі танымдық шығармашылық, сауықтыру демалыс бағдарламалары адамдардың таңдауы мен өткізілетін бағдарламалардың мазмұнының тереңдігі,әсерлігі, эмоциалық қабылдаудың күшіне қарай жоспарланып отырады.Осындай бағдарламалардың жүзеге асырылуы үш таңдау деңгейіне байланысты болады.

  • Қызығушылықтың тұрақтылық деңгейі;

  • Таңдау мақсатының бағыттары;

  • Қанағаттану деңгейі;

Бос уақыт ұйымдастыру бағдарламаларының жүзеге асырылуы басқа функцияларының келесі ерекшеліктеріне сүйенеді.

  • Ұйымдастыру;

  • Координациялау;

  • Мотивациялау

  • Бақылау

Бос уақыт қызметін ұйымдастырушы басқарушы-менеджер рөлін атқарады.Бағдарламаны құрастыра отырып, ол басқару жүйесін де қалыптастырады.Бұл жерде ұйымдастырушы менеджменттің барлық функциясын жүзеге асырады.Оның ең басты ерекшелігі шығармашылық бағыты: идея ұсынудан бастап, сценарийлық жоспар құру,оны ұйымдастыру мен өткізу.Мұнда эмоциялық айқындық пен көріністің тартымдылығы, ерекше көркем шешімінің қолданылуы шешуші рөлі атқарады.Сондықтан ұйымдастырушының профессионалдылығы шығармашылық үрдістегі менеджмент функциясының жиынтығы болып келеді.

Көрермендердің назарын аудару,қызығушылығын тұрақтыландырып тұру мақсатында ұйымдастырушы ерекше,стандарттан тыс және ұтымды шешім таба білуі маңызды.Менеджмент саласында ең алдымен жоспарлау функциясы жүргізіледі. Жоспарлау арқылы нәтижесін болжай білу,қажетті әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау өте маңызды.

Идеяның шығармашылық сипаты-инновациялық элеменетттерінің болуы менеджмент бойынша шығармашылық идеяның туындауы-ұйымдастырушының стратегиялық ұйғарымы болып табылады.

Ұйымдастырушының стратегиясы бағдарламаны жоспарлау мен жүзеге асыруға үлкен ықпалын тигізеді.Жоспарлау процесінде іс-шараның композициялық,тақырыптық,көркемдік,ұйымдастырушылық шешімдері қарастырылды,сонымен қатар техникалық-материалдық безендірілу де қарастырылады.

Бағдарламаның идеясы мен жоспары бекітілгеннен кейін ұйымдастырушылық қызметі басталады.Егер жоспарлауды менеджменттің жүрегі деп қабылдасақ,ұйымдастыру-оның қозғаушы күші.Тек ұйымдастыру қызметі арқылы ғана идеялар көркемшешімін тауып жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру функциясына:

-қатысушылардың әрекеттік тәртібінің құрылымы

-атқарылатын жұмыс жүйесімен мерзімін нақтылау;

-қажетті ақпараттар мен құралдармен қамсыздандыру;

Ұйымдастыру функциясы-жоспардың орындалуына қажетінің барлығын даярлау.

Келесі функция координациялау:

-жауаптардың әлеуметтік келісімділігін қамтамасыз ету;

-көрермендердің сұранысы мен қызығушылығына мән беру.;

Мотивациялау. Тиімді мотивация өте маңызды, шешуші фактор болып табылады. Мотивация –мекеменің мақсатқа жету әрекетіне ынталандыру. Бос уақыт қызметі – шығармашылық процесс болғандықтан, ынталандыруды ерекше қажет етеді. Шығармашылық сферасының қызметкері қызықты идеялардың жүзеге асуын, адамдарды шығармашылыққа бағыттау, белсенділікке тартуға ықпал етудің әдіс-тәсілін жетік меңгеруі керек. ұйымдастырушыға өз қызметін бастамашылықпен, жаңашылдықпен ерекше ықылас ынтамен орындау үшін ішкі мықты стимул қажет. Кейінгі кезде халыққа қызықты бағдарламалар ұсыну мақсатында ақылы қызмет көрсету өте тиімді стимул болып тұрғаны белгілі. Моральдық жағынан педагог-ұйымдастырыушы өзін креативті ойлайтын, ерекше шығармашыл жеке тұлға, маман ретінде өз қабілеттерін дамыту мүмкіншілігі де күшті стимул бола алады. Стимул ретінде сонымен қатар, кәсіби беделі, өз ортасындағы ерекше орны, ұйымдастырушылық рөлі де күшті ынталандырушы күш бола алады. Бос уақыт қызметі менеджментінің маңызды функциясы –ол бақылау. Бақылау- алдында жоспарланған істердің нәтижесінің бір-біріне сәйкес келуі. Бұл жерде маңыздысы бақылау әрбір кезеңде жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асып отыруы, белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін бақылау, тексеру, түзету жұмыстары уақытында орындалып отыруы маңызды.

Басқарушының жеке менеджменті- деген оның тәртіпке, өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге деген қабілеттерінің шыңдалуын айтамыз.Бүгінгі таңда ұйымдастырушы ең алдымен басқарушы- менеджер болуы шарт.Ұйымдастырушының бизнес- технологияларын да меңгергенді абзал. Заманауи ұйымдастырушы қолданбалы мәдениеттану, әлеуметтік психология сферасына еркін араласа алатын, шет тілдерін меңгерген мәдени салада қалыптасқан эстетикалық талғамы жоғары болуы керектігін уақыт дәлелдеп отыр.

Осы тұрғыда оның ерекше қабілеттері;

Коммуниикативтік құзыреттілігі , әр түрлі адамдармен еркін тілдесуі, оларды креативтік әрекетке бағыттай білудегі бастамашылығы, ерекше назарда ұйымдастырушының сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстай білуі, мәдениеттілігі, киім киюдегі талғамының болуында.

Қосымша білім беру мекемелерін басқарудың принциптері


Әр бір білім беру мекемелері ұйымдастырылу формасы мен типіне байланыссыз білім беру жүйесінің құрамдас элементі болып табылады.

ҚББМ- жеке тұлғаның танымдық және шығармашылық мотивациясын қалыптастырып дамытуға арналған қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Менеджмент-басқару өнері деуге болады.

Басшыға қойылатын негізгі талап- менеджер болу.

Білім беру менеджері- білім беру процесін ұйымдастыру,бағдарлау, жобалау және ресурстармен қамтамасыз ету қызметіне қабілетті маман.

Басшының негізгі қасиеттері:

-Басқару қызметін кәсіби меңгерген;

-Басқару саласында арнайы білімі,біліктілігі бар;

-Бастамашылығы мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары;

-Ұжымда ,шығармашылық командада жұмыс жасай алатын,коммуникативті құзыреттілігі қалыптасқан;

-диалог, пікірталасқа түсе білетін, жаңашылдыққа бейім;

-Дүниетанымы кең, көзқарастары жан-жақты қалыптасқан;

Қорыта айтсақ басқару- ол ең алдымен басқарған ұжымы мен адамдарды жетістікке жеткізе білу.

Лидер ол ең алдымен- стратег, және ол оның басқарушылық қызметіндегі рөлі емес,жеке тұлғалық қасиеті.

ҚББМ басшысы басқару технологиясын жетік меңгеруі қажет:

-Қала, регион және отбасы мен жеке тұлғалардың қажеттілігін,әлеуметтік талаптарды болжай алатын білімге сүйене отырып мекеменің дамуын қамтамасыз ету;

-Мекемедегі инновациялық дамуды координациялау және бағдарлай алу;

-Шығармашыл, инновацияға бағытталған жеке тұлғалар командасын және ұжымын құра білу;

- жинақталған іс-тәжірибе негізінде эксперменталдық режимде даму мен білім беру процесінің қалыпты, ұтымды деңгейін сақтау;

ҚББМ маңыздысы шығармашылық көңіл-күй мен жағымды атмосфераны қолдау адамдарды түсіне білу мен олардың мінез-құлық мотивтеріне ықпал ету өте маңызды.

Басқару-нәтижелі мақсатқа бағытталған іс-әрекетті ұйымдастыру.

Басқару обьектісі-мекеме, мекемедегі білім беру мазмұны, технологиясы, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық база, ресурстық әлеует.

Басқару субьектісі-мекеме басшысы мен педагогтар.

Басқару функциялары:

1.Жоспарлау

2.Ұйымдастыру;

3.Басшылық жасау;

4.Бақылау;

5.Болжау,координациялау,кадрлармен жұмыс



Әдебиеттер:

1.ЕвладоваЕ.Б.,МихайловаН.Н.,ЛогиноваЛ.Г.Дополнительное образование детей, М.:ВЛАДОС,2004

2.Исаева И.Ю. Досуговая педагогика,Москва «Флинта»,2010

3.Аванесова Г.А. Культурно-досуговая деятельность: Теория и практика организации. – М., 2006. С. 192.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Бос уақыт қызметінің менеджменті

Автор: Жунусова Ляззат Байботаевна

Дата: 12.06.2017

Номер свидетельства: 421412


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства