« Брейн — ринг» интелектуалдық ойыны
Мақсатты мен міндеттері
Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту.
Оқушыларды өз Отаны, туған жеріне деген сүйішпеншілігін арттыра отырып отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Брейн -ринг» слайд, суреттер, сұрақтар,топ аттары жазылған плакат
Ойынның барысы :
Сыныптағы оқушылар 7 оқушыдан екі топқа бөлінеді.
І топ «Жас ұлан»
ІІ топ «Жас қыран»
(Топтар өздерінің қысқаша сәлемдерін жолдайды)
І топ «Жас ұлан»
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты білмейміз.
Біз талапты «Жас ұлан»
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ топ «Жас қыран»
Біз «Жа қыран» қарсыластан қалмаймыз,
Әрқашанда тек биікке самғаймыз.
Мұғалім:
Олай болса, құрметті қонақтар, оқушылар жарыс ойынымызды бастаймыз.
І бөлім: «Блиц-турнир»
Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.
І топ сұрақтары:
Қазір қай жыл мезгілі?
Жексенбі аптаның нешінші күні?
Сен қашан ұйықтайсың?
«Көктем » деген сөзде неше буын бар?
Буынның неше түрі бар?
Жаздың бір аптасы туралы өлең не туралы?
Сен мектепке қашан барасың?
ІІ топ сұрақтары:
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Жұма аптаның нешінші күні?
Сен үйге қашан барасың?
Қыс айларын ата?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
«Ақпан » сөзі неше буынға бөлінеді?
Бүгін аптаның нешінші күні?
Сайысымыздың бірінші бөлімі аяқталды. Ұпай сандарын анықтап келесі бөлімге көшеміз.
ІІ бөлім: «Брейн-ринг»
Әр топ жалғауларға қатысты тапсырмаларды орындайды. Әр топқа 3 тапсырмадан беріледі. Бір тапсырмадан бес ұпай.
І топ: «Жас ұлан»
1. Кесе сөзін тәуелде
2. Бал деген сөзге фонетикалық талдау
3. Жаз айлары
ІІ топ: «Жас қыран»
1. Құс деген сөзді тәуелде
2. Оқу деген сөзге фонетикалық талдау
3. Көктем айлары
Топ бірін бірі тексереді. Жарысымыздың екінші бөлімін бағалап, келесі бөліміге көшеміз.
ІІІ бөлім: Қызықты ұйқастар
Қызықты ұйқастарды табу.
1. Жизнь-өмір,уголь-көмір.
2. Число-сан,кровь-қан
3. Колыбель-бесік, дверь-есік.
4. Шаг-қадам, человек-адам.
5. Таможня-кеден,пол-еден.
6. Дело-іс,зуб-тіс.
7. Возьми-ал, мед-бал.
8. Народ-халық, рыба-балық
9. Жди-күт, молоко-сүт
10. Город-қала, ребенок-бала.
ІV бөлім: Қисынды ойлау
Бұл бөлімде оқу құралдары туралы жұмыс жүргізіледі.
Геометриялық фигуралардан әр топ оқу құралдарын құрастырасыңдар. Қай топ бірінші аяқтап, оқу құралдарын атап берсе сол топ жеңіске жетеді.
Төртінші бөлімді бағалап келесі бөлімді бастаймыз.
V бөлім: Көрнекі –әкеректтік ойлау
Бұл бөліміміз көп ойлауды талап етеді. Красвордты дұрыс шешсеңдер 10 ұпай аласыңдар.
Ортасындағы шыққан сөзді анықтаймыз. Қазақстан туралы кім қандай өлең, тақпақ білетінін айтады.
Біздің жарыс-ойын сабағымыз аяқталды. Қай топ жеңгенін анықтаймыз. Екі топты ортаға шақырып, жеңімпаздарды марапаттаймыз.