kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дәулескер күйші - Әлшекей

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күйші Әлшекей Бектібаевтың 170 жылдығына орай.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дәулескер күйші - Әлшекей»

Есенбекова Гүлжахан

Қызылорда облысы

Жаңақорған кенті

№3 мектеп-интернат

кітапханашысы



Дәулескер күйші – Әлшекей .

 

Күй-қазақ музыкасындағы ең айтулы жанрдың бірі.Күй тарту қазақ халқындағыдай басқа халықтарда онша өркендемеген.Күй бар сырын ішіне бүгіп жатқан тұңғиық-тылсым өнердің бірі. Кейде ет бауырыңды елжіретер қайғы-мұңды сарында орындалады,кейде жан дүниеңді жадырататын ,қуаныш-шаттыққа толы әуенде тартылады.Осындай өнердің орындаушылары қазақ халқында көп болған.

«Сыр елі-жыр елі» ақын-жазушылары мен өнер қайраткерлерінің ішіндегі , биылғы жылы, 170 жасқа толғалы отырған Әлшекей Бектібаевтың алатын орны ерекше .Күйші 1847 жылы көктемде Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Төменарық аумағындағы өз әкесінің атымен аталатын «Бектібай сазы» деп аталатын елді мекенде дүниеге келген.

Ата-анасынан ерте айырылған Әлшекейдің балалық шағы жоқшылық пен таршылықта өтеді.Бірақ талантты бала бұған мойымайды. Ол жас кезінде нағашы атасы Рүстемнің тәрбиесінде болып,одан сыбызғы,қобыз тартуды үйренеді.Кейін ықыласы біржола домбыраға ауысады.Әуелде қобызда үйренген күйлерін тәп-тәуір етіп домбыраға түсіріп алады.Біртіндеп өзі де күй шығара бастайды.

Аса шебер домбырашылығымен елге танымал болған Әлшекей кемеліне келіп , атағы шыға бастаған кезде өнер жарысына түскен. Мұстафа,Өтемәлі секілді күйші,жыршы,әнші,серіктерімен бірге серілік те құрған.Тәттімбет пен Аққыз күйлерінің көпшілігін тарта білетін әйгілі жыршы, күйші Бөпемен тартысқа түсіп ,елдің ықыласына бөленеді. Бөпе күйші жас домбырашының есту,қабылдау сезімінің аса күштілігіне тәнті болып ,одан өз күйлерін орындауын өтінеді. Ол өзі шығарған «Тайшұбар», «Айрауықтың ащысы», «Бозінген» күйлерін орындайды .Бөпе күйші жас домбырашының көкірегінен ақтарыла төгіліп жатқан мына сиқырлы сазға аңтарылған күйі отыра береді,сонан бір уақытта барып басын көтеріп ,шаршы топтың алдында :

-Шырағым , Әлшекей, өнерің өрге басқалы тұр екен.Осы жасқа келгенше Қыр мен Сырды аралап жүріп сен сияқты дарынды жасты бірінші кездестіруім ,-деп ақыл кеңесін айтып ,батасын берген екен.

Бөпе күйшінің бағасына қарап Әлшекей өнеріне баға беру қиын емес еді. Сұңғыла күйші бір рет естіген күй сазы мен әуенді тез қабылдап , оң және сол қолымен,башпайымен бірдей дәрежеде құқылжыта орындай алатын болған.Күй мәнеріне қарай домбыраны ойнатып тартатын болған.Ол домбыраны шертіп отырып , бір қолы пернеде жүрсе, екінші қолымен күй мінезіне сәйкес неше түрлі қимыл жасап та отырады екен.Әлшекейді көрген кейінгі қарт қариялар оның үш күн, үш түн тартқанда , күйі таусылмайтын-ды және бір күйі бір күйіне ұқсамайтын деп дәріптеп отырады екен.

Әлшекейдің Айша қызбен күй тартып, өнер сайыстырғаны тіпті қызық. Ақырында бірін-бірі жеңісе алмаған соң , Әлшекей аяғындағы мәсісін шешіп тастап, «Терісқақпай » деген күйді аяғының башпайымен тартып , Айша қызды тоқтатқан екен

Белгілі сазгер,жазушы,өнер зерттеушісі Ілия Жақанов өзінің «Аққулар қонған айдын көл» кітабында : « Ол Созақ, Шу, Арқа жағына да ауық-ауық ұзап барып, серілік құрып, атақты Ықылас күйшіні көріп,күйін тыңдаған.Одан Түркістан,Әулиеата,Ташкент базарының гүлі боп, күй толғаған,ұлы жиынның сәнін кіргізген. Қызылқұм,Сыр алабы,Қаратау елі бәрі-бәрі Әлшекейдің тамылжыған күйлеріне елтіген»,- деп тебірене жазды .

Әлшекей көп жиын тойларда Арқаның Тәттімбеті тартқан «Саржайлау», «Қосбасар», «Көкейкестісін», Шалқар мен Аралдың құмын қыстаған күй өнерінің көрнекті өкілі Қазанғаптың «Көкіл», «Шыныаяқ тастар», «Бозжорғаның бөгелек қағуы» күйлерін тыңдап, оларды көріп, өнердің үздік нұсқаларынан тәрбие алып өнерін шыңдаған екен .

Бірде Арқадан шыққан Әлшекей ,жанында туысы Аралбай бар Қаратаудың етегін жайлап отырған Әли қарттың үйіне құдайы қонақ болып түседі.Күйшінің Әли қарттың үйіне келгенін естіген жұрт тез арада жиналып та қалады. Әлшекей домбырасын қолына алып Арқадан естіген күйлерінің бірнешеуін және де өз күйлерінің шығу тарихын айтып , нақышына келтіріп орындап береді.Сол жиында Әли қарттың баласы Сүгір Тәттімбеттің «Сылқылдақ», «Былқылдық», «Қосбасар» күйлерін және де ел арасына көбірек тараған халық күйлерін үлкен шеберлікпен орындайды. Жас Сүгірдің қолының жүрісіне ,пернені басқандағы дыбыстың сырлы әсеріне тәнті болған атамыз оған ақ батасын берген екен.

Сыр елінің Тәттімбеті атанған Әлшекей 116-ға тарта күй шығарса , кезінде оның 60 күйі елге жайылған , бірақ оның жиырма шақтысы ғана бізге жеткен.Көп күйінің бізге жетпей қалуының басты себебі,Әлшекейдің елден шет жерге ерте кетіп қалуы болса керек-ті.Колхоздастыру кезіндегі асыра сілтеу ,халқымыз үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеліп соққаны белгілі. 1928 жылы Әлшекейдің немере інісі Жантөренің дүние мүлкі тәркіленіп, Оралға жер аударылады. «Байдың тұқымы, кісі жалдаған» деген желеумен күйшінің өзі де колхозға қабылданбай сайлау еркінен айырылғандардың қара тізіміне ілінеді. Шолақ белсенділер мен атқа мінерлерге көз түрткі болған күйшіге бас сауғалап , елмен бірге ауа көшкеннен өзге ештеңе қалмайды . Шаруа күйттеп ен даланы еркін жайлап өскен ел бар малын тартып алып жерге телміртіп қойғанына көндіге алмайды.Көршілес Өзбекстан жеріне ауған Әлшекейдің ауылы 1928 жылдың күзінде Сырдан өтіп Қызылдың құмын індетіп жолға шығады Әлшекей мәуесі уылжыған жиделі тоғайды қақ жарып, арнасына сыймай буырқана ағып жатқан сұлу Сырға соңғы рет көз салады. Бірін — бірі қуалап, бірін — бірі жұтып қойып өңмеңдеп алға ұмтылған ақжал толқындар қиялын қозғап, туған жермен қимай қоштасады. Заман тәлкегіне түскен Әлшекей Тәжікстаннның Қорғантөбе ауданындағы Жауан (Яван) қыстағына біржолата орнығып, отырықшылдық өмірге көшеді. Күнкөрісінің қамымен бүркіт салып,тазы жүгіртіп, аң аулауды кәсіп етеді.Арагідік домбырасын да ұмытпаған

- Шымшып іліп сезімді,жүрегіңді түртіп жеп,

Әр саусақтың астынан үн оянды бүлкілдеп.

Бейлі толған өмірді бір түлетті-ау,жарықтық,

Кей жұқарған көңілді жыртып өтті-ау,

Жарықтық!-деп ақын Ж.Нәжімеденов жырлағандай ,заманның теперішіне ұшыраған бабамыз өмірінің соңғы күндерінде «Елден кеткенім қателік болған екен »,- деп күрсінген екен. «Тым шалғай алыстап кеткенімше ,ел төңірегін маңайлап жүрсемші. Енді туған жердің топырағын қайта басу қайда?! Қайран ел, садағаң кетейін, туған жер »,-деп төгіле сөйлеген екен.

. Әлшекей соңына мол мұра қалдырып 1932 жылы 85 жасында туған жерден жырақта фәни жалғанмен қош айтысады.

Әлшекейдің үлкен баласы Дәнебек күй тартуды кәсіп қылмағанмен,ол әкесінің көп күйін білетін болған. Соның орындауында Әлшекейдің біраз күйі магнитті таспаға жазылғанымен,ол кейін табылмай кетеді.Бұл жайлы Дәнебектің баласы Жидебай да айтып отырады екен. Осы орайда Жидебай атамызда өзінің ренішін алға тартқан екен. 1969 жылы бір кісі келіп менен атамыздың сегіз күйін радиоға жазып алып, кейін өзінің атынан бергендігі мені қатты ренжітті. Сонан кейін кім келсе де , мен күйді бөгде кісіге тартып бермеймін деген уәдем бар еді деген екен.

Сонымен Әлшекейдің бізге жеткен күйлері: «Тепеңкөк», «Аққу кеткен», «Тайшұбар», «Жаяу кербез», «Адасқан қаз», «Ақсақ тоқты», «Айрауықтың ащысы», «Тоқтаған», «Толқын», «Егес», «Шерлі», «Терісқақпай», «Бозторғай», «Нар идірген », «Бозінген», «Желмая», «Қара жорға », «Қыран қайғысы », «Нар соққан», «Жіп жүгірту», «Қаратау», «Айша қызбен тартыс».

Кезінде Әлшекей күйлерін Ә.Әбдіхалықов,Б.Айсынов,Т.Дүйсебеков,А.Мұсабеков, Ә.Сүлейменов, Ү.Әпшеновтер тартып ,кеңінен насихаттады.

Қазақстаннның халық ақыны Манап Көкенов Әлшекейдің 15 шақты күйін магнитті таспаға түсіріп, 1972 жылы Республика Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тапсырады. Күйшінің 10 күйі Бүкілодақтық пластинка фирмасынан күй табаққа жазылды. Журналист –оператор Т.Жаненов Әлшекейдің біраз күйлерін бейнетаспаға түсірді.

Әлшекейдің өмір жолы мен күйлері жайлы мағлұмат Қазақ Совет Энциклопедиясына енді.Күйшінің шығармашылығы жөнінде Қ.Ертаев, Д.Шпақов, Б.Айсынов, Х.Тұрсынов баспасөз беттерінде насихаттады.

Аудан орталығында Әлшекей атындағы өнер мектебі талантты жастарды тәрбиелеп жатса , Талап ауылындағы Әлшекей атындағы халықтық ұлт –аспаптар оркестрі күйші-сазгердің күйлерін жұртшылыққа кеңінен насихаттап келеді.Аудан орталығында Әлшекей бабамыздың атында көше бар .

«Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар»,- деп Абай атамыз айтқандай , қазақтың күй өнерінде елеулі орны бар бабамыздың есімі ұрпақтарының мәңгі есінде.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Жаңарған Жаңақорған»кітабы

2.Б.Нұржанов. «Әлшекей»

3.Б.Әбдіразақов,Қ.Ертаев. «Сыр саңлақтары»

4. «Өнер тарихы» кітабы .






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Дәулескер күйші - Әлшекей

Автор: Есенбекова Гулжахан Ермекбаевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397569


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства