kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАР АР?ЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ? ОЙЛАУ ?АБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын ар?ылы баланы? ауызша с?йлеу тілі мен ойлау ?абілеттерін дамыту

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке ?арамайтын, адамны? к??іл-к?йін к?теретін, ойландыратын ?рдіс. Ойын-т?зімділікті, ал?ырлы?ты, тап?ырлы?ты, ??ыптылы?ты, ізденімпазды?ты, іскерлікті, д?ниетаным ?рісіні? к?лемділігіні?, к?п білуді, сондай-а?, бас?а да толып жат?ан сапалылы? ?асиеттерді? ?алыптастыру?а ?лкен м?мкіндігі бар педагогикалы?, тиімді ?дістеріні? бipi. Сонды?тан ойынды саба?тан тыс уа?ытта пайдалану - ?лкен н?тиже бepepi аны?. Ойын?а зер салып, ой ж?гіртіп ?арар болса?, содан ?лкен м?нді де ма?ыналы істер туындап ?рбитінін бай?аймыз.Себебі, бар ?нерді? бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамны? дене к?ш ?уатын молайтып, оны шапша?ды??а, д?лдікке т.б ?ана т?рбиелеп ?оймайды, оны? а?ыл-ойыны? толысуына, жан д?ниені? ?алыптасуына, eceйіп ?cyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланы? алдынан ?мірді? eciгiн ашып, оны? шы?армашылы?  ?абілетін оятып, танымды? ?асиеттерін дамытады.Ойын-бала ?рекетіні? негізгі т?рі.Ойын ар?ылы балалар ?о?амды? т?жірибені менгереді,?зіні? психологиялы? ерекшеліктерін ?алыптастырады.?аза? хал?ында  «баланы ойын ?сіреді»деген дана с?з бар.Бала ойнап ж?ріп ойланады,ж?йкесі шыны?ады,тілі дамып,к??ілі ?сіп,ойы сергиді,денесі шымырланады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАР АР?ЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ? ОЙЛАУ ?АБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту

Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық  қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені менгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Қазақ халқында  «баланы ойын өсіреді»деген дана сөз бар.Бала ойнап жүріп ойланады,жүйкесі шынығады,тілі дамып,көңілі өсіп,ойы сергиді,денесі шымырланады.Кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым – қатынас жасайды.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл -ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап  жанар оты.
¥лы педагог А.С. Макаренко ойын туралы: «Ойын балалар ұжымында міндетті түрде қатысты болуы қажет,ойын ойнамаған балалар ұжымы,нағыз балалар ұжымы болып саналмайды,балалар өміріне ойындар ұйымдастырылып,ойынның түрленіп отыруы,мазмұнды және қызықты болуы қажет.Балалардың өміріндегі іс-әрекетті ұйымдастыру үшін,ойынға сүйене отырып тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету керек»Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылырдың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса,ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Сондықтан тәрбиешінің міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен ,ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп ,тәрбиелік мәні арта түседі.Тәрбиеші балаларға жақын болу,олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс.Ойын ешқашанда өзінің қызықтылығын жоғалтпайды,тек оның мазмұны,сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай .өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,драматизациялық,дидактикалық құрылыс ойындары,саусақ ойындар,қимылды ойындар,ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік- экономикалық жағдайларына байланысты туып  дамығанына қазақ  халқының ұлттык  ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді.
Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай,әр алуан болып келеді. Дегенмен халық ойынның неше алуан түрлерін туғызып қана қойған жоқ, соны ic жүзінде қолданып, оның тәрбиелік, білімдік жақтарын да көре білді.
Уакыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әpi озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмipre әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр.  Қазақтың ұлттық ойындары: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шыныктыру, спорт ойындары және оймен келетін ойындар болып бөлінеді. Ұлт ойындары сонымен қатар ауыз әдебиетінің бip саласы болып есептеледі.Сюжетті-рольдіойындар балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та,қысқа да болуы мүмкін. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,шындықты көрсету болып табылады. Мысалы:  «Дүкен» ойынын ойнағанда  балалар сатушы  мен сатып алушының әрекеттеріне ,ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер  мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Мен өткізілген ойынға талдау жасаймын,ойын балаларға тигізген  тәрбиелік ықпалын бағалаймын,өз тобымдағы сюжетті-рольдік ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластырамын.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әcipece өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған. Біздің қарастырып отырғанымыз-танымдық ойындар. Танымдық ойындардың түрлері көп. Мысалы, сөз жүмбақ, сөз тізбек, кроссворд, викторина, психологиялық жаттығулар, логикалық есептер, тренинг, тест, т.б. Танымдық ойындар жас ерекшеліктеріне қарай күрделене түседі. Адам бойындағы қызығушылығын, қабілеттерін арттыруда, білімін шыңдауда танымдық ойындардың алар орны ерекше.Адамның танымы биіктеген сайын, дүниеге көзқарасы да кеңейе түседі.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі- ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.  Мысалы: «Сиқырлы қораптың сырын ашайық»-деген ойында мен балаларды зат туралы айта білуге үйретемін,олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қоямын.Дидактикалық ойындарды  айналамен,табиғатпен таныстыру сабағында, математика,тіл дамыту,сауат ашу,көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданамын. Ойын- бала табиғатымен егіз.Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал.Қимыл-қозғалысойынында балалар санамақтар,өлеңдер,тақпақтар қолданады.Бұндай ойындарда балалардың ептілігі,қимылдыңәдемілігі дамып,кеңістікті,уақытты бағдарлауға үйренеді,батылдық,тапқырлық,қайраттылық,достық,жолдастық көмек,тәртіптілік,ойын ережесіне бағына білусияқты адамгершілік сапалар қалыптасады.Қимылды ойындар балаға дене тәрбиесін беру құралы.Балалардың жүгіру, секіру,өрмелеу,лақтыру қабілеттерін жетілдіруге ,дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл ойынында ережелер ұйымдастырушы роль атқарады,олар ойынның барысын,жүйелігін,ойнаушылардың қарым-қатынасын,баланың мінез-құлқын анықтайды.Қимыл ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі.Олар сондай- ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.

Қимылды ойындар баланың барлық  жас кезеңінде өтеді.Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойыналаңы ретінде ойнай алады.
Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттырарын білген.

Саусақ ойының ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап,оның бояуларының бір бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні (кең,тар),биіктігі (биік,аласа) бойынша салыстырады.Ойын барысында шығармашылық танытып,жаңа мазмұн ойластырып,белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Бала өмір құбылыстарына,адамдарға,жануарларға деген ынтасын,қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан ,ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті-ОЙЫН,сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:   «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?   деп айтқандай,баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Жас баланың өмірді тануы,еңбекке қатынасы,психологиялық ерекшеліктері осы ойындар үстінде қалыптасады.

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 

№39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Байменова Айсауле Гайдаровна 
Павлодар қаласы 

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» 
Абай Құнанбаев 

Қазіргі кезде мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру арқылы ойлау қабілеттерін, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру. Сондықатан да балалардың психологиялық ерекшелікетін ескере отырып, қызығушылығын ояту және ойлау қабілеттерін дамытуда дидактикалық ойындар қолданған жөн деп есептейміз. 
Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Пестолоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. [1] 
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтан да оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол «Ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет» - деп атап көрсетті. [1.172] 
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фербель дидкатикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығуларлдың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фербель ойындардың мазмұны балалардың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді. 
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская және т.б өз пікірлерін білдірген. 
Н.К.Крупская : «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін , яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын. [2.21] 
Ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады. 

«Ойын» ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. 
Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзіне қоршаған дүние туралы түсінік алады. 
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейін негізгі әрекеті – ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. 
Педагогкада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім мен білік беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Ендеше, дидактикалық ойындар оқытуға арналған. 
Дидактикалық ойындар - балалардың математикалық білімдерін арттырудың құралы. Математика сабақтарында ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойынды сабақтың ортасында қолданса, онда оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыт-тырып, ерік-жігерін дамыту мақсатын көздейді. Ойын сабақтың соңында болса, тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. 
Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Яғни алты жасарлармен ойналатын ойынның мазмұны жеңіл болады, ал сыныбы жоғарылаған сайын екінші, үшінші, төртінші сыныптарда бұл ойынның мазмұны күшейеді. 
Мысалы: 1-ші сыныпта қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сынып жоғарылаған сайын, ойынның мазмұнын да баланың жас ерекшелігіне сай пайданалынады. Олай болса ойындарды пайдаланудың маңызы зор. Ойындарды математика сабақтарында қолдана отырып, балаларды саналы ойлантуға үйретеміз. 
Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. 
Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойынды балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтардың тақырыбына, мазмұнына сай етіп таңдап алған дұрыс. 
Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқущылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін, қызығушылығын арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу үрдісіне пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездеріне нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. 
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді: 
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі; 
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. 
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. 
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді. 
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді. 
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады. 
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері: 
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар. 
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар. 
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар. 
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар. 
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар. 
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады: 
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар. 
2. Жаттығу ойындары. 
3. Шығармашылық ойындар. 
4. Драмалық ойындар. 
5. Әдеби-музыкалық ойындар. 
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар: 
1. Білім беретін ойындар. 
2. Тәрбиелейтін ойындар. 
3. Дамытатын ойындар. 
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар. 
5. Диагностикалық ойындар. 
Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін. 
Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым-қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. 
Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен ұштастырыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ, ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл, мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан кейін, қорытындыланып отырылса пайдалы болады. 
Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс: 
1. Бастауыш сынып мұғалімі дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс. 
2. Дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу. 
3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу. 
4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу. 
5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау. 
6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру. 
Ойындарды қолдауда мыналарды ескерген жөн. 
- балалардың тұлғалық шығармашылық белсенділігін дамыту үрдісі циклды, оны құрастырушы циклдер ахуал мен үрдіс ретінде ситуативті шығармашылық белсенділіктің туындауымен және бар болуымен байланысты. Шығармашылық белсенділікті дамыту циклы ойындық іс-әрекет құрылымына енгізіліп жекелеген ойын немесе ойындар кешені шеңберінде жүргізіле алады; 
- құрылымында оқушылардың ситуативті шығармашылық белсенділігі циклы айналымға түсетін жүйе ретіндегі ойынның жетекші функциялары: ситуативті шығармашылық белсенділікті іске қосу, шығармашылық белсенділіктің берілген циклын аяқтауда тиімді нұсқа және келесі циклдарды іске қосудың алғышарты ретіндегі ойындық шығармашылық табыс жағдаятын құру. 
Дидактикалық ойынның белгілі бір нәтижесі болады, ол ойынның финалы болып есептелінеді, яғни ойынның аяғы. 
Мұғалім үшін ойынның нәтижесі оқушылардың математика саласындағы жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады немесе оқу-білімді игеру деңгейі болып есептелінеді. 
Біз өз тәжірибемде «Математикалық лото» «Тізбек», «Поезд», «Орынды тап», «Жалғастыра санау», «Көрші-көрші», т.б. ойынындарын пайдаланған кезде оқушылар белсенді қатысып, ойынның нәтижесіне көңілдері толды. 
Мысалы, «Көрші-көрші» ойыны. 
Ойынның мақсаты: 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгеру. 
Ойынның мазмұны: мұғалім бір санды атайды, мысалы: «Жеті» дейді. Жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. 
Мұғалім: «Бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар!» дейді. 6 ,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. 6-ның 7-ден біреуі кем, 6-ға 1-ді қоссақ 7 болады. 6 саны 6 бірліктен тұрады. Одан соң 7,8, т.с.с. 
Қорыта келгенде, біздің ойымызша зейіні төмен, пәнге деген қызығушылығы аз, математиканы қызықсыз әрі құрғақ ғылым деп санайтын оқушылар болатын сыныпта дидактикалық ойындарды қолдану зор ықпал етеді. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын жағдаяттары оқушылардың іс-әрекет белсенділігін арттырып, ойлауға көбірек мәлімет береді және қабылдауды әсіресе эмоционалды және шығармашыл қылады. 

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. – А. 2006-472 б. 
2. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. – А.1973-730 б. 
3. Керімбаева Р. Ойын түрлері және оның ерекшеліктері //Бастауыш мектеп 
№3, 2008, 11-12 б. 
4. Құлбаева С. Ойын әдісімен // Бастауыш мектеп. №3, 2004, 37-38б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАР АР?ЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ? ОЙЛАУ ?АБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Автор: Балтабаева Алматай Насыровна

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257658


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства