Доклад на тему:«?аза? тілі саба?ында ойын т?рлерін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру».
Доклад на тему:«?аза? тілі саба?ында ойын т?рлерін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру».
Бастауыш сыныпта ?аза? тілі саба?тарында ойынны? орыны ерекше. Жа?а с?зді, с?з тіркесін немесе с?йлемді есте са?тау ?шін оны кем дегенде елу рет ?айталау керек. С?здерді бір сарынды ?айталай беру баланы жалы?тырып жібереді. Сонды?тан дидактикалы? ойындар осы н?тижеге жетуді? бір жолы болып табылады. Ойын дегеніміз – баланы ?дептілікке, сауаттылы??а баулитын ??ралды? бірі. Ойынны? саба? барысында басты ма?саты – білім беруді ойынмен ?штастыру. Баланы? ойын?а белсенді т?рде ?атысуы оны? ?жымда?ы бас?а да ?рекеттерін ай?ындайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Доклад на тему:«?аза? тілі саба?ында ойын т?рлерін ?олдану ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру».»
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі
«Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«№ 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Баяндама
«Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін
қолдану арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру».
Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі
Аяғанова Сәуле Мұратқызы
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ
2015 ЖЫЛ
«Қазақ тілі сабағында ойын түрлерін қолдану арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру».
Маңыздылығы: Ойын - оқу-тәрбие үрдісінде әрі әдіс, әрі құрал жаңа технология ретінде орынды қолдана алу білім
нәтижелігін арттырады.
Мақсаты: Бағдарламада алған білідерін қалыптастыру, тиянақтау,
пысықтау.
Міндеті: Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабақтарында ойынның орыны ерекше. Жаңа сөзді, сөз тіркесін немесе сөйлемді есте сақтау үшін оны кем дегенде елу рет қайталау керек. Сөздерді бір сарынды қайталай беру баланы жалықтырып жібереді. Сондықтан дидактикалық ойындар осы нәтижеге жетудің бір жолы болып табылады. Ойынның педагогика, оқыту үрдесінде алатын орыны Платон заманынан белгілі болған XVIII ғасырдың өзінде-ақ Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсірген.
Ойын дегеніміз – баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол - ұжымдық әрекет.
Қазақстандық ғалым Н. Құлжанованың айтуынша “Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті негізгі әрекет және оның жеке өмірі. Ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану - баланың болашақ өміріне түзу салу. Үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімдеуі - басты педагогикалық мақсаттар. Бала ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі”. Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артатынын атап көрсеткен.
“Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе”,- деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, “Ойын - баланың рухани дамуының негізі”, - деп Л. С. Выгодский, Д. Б. Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен.
Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін шындап, ой-өрісін кеңейте алады, білім алуға қызығушылығын арттырады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшіліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. Ойын сабақтың басында өткен тақырыпты еске түсіреді. Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімдерін жинақтау мақсатын көздейді.
Мен өз сабақтарымда балалармен жиі ойнаймын. Балаларға ойындардың барлық түрлері ұнайды. Ойын балалардың епті, жылдам болуларына, ақыл-ойларының дамуына көмектеседі.
Мысалы:
Тапқырлық ойындар «Кім көп біледі?», «Кім жылдам?», «Сөзде тығылған сөздер», «Көкпар», викторина, білім сайысы, анаграмма, жарыстар, сөзжұмбақ,
«Дүкенде» рөлдік ойынын «Оқу құралдары», «Жеміс-жидек, көкөніс», «Азық-түліктер» деген тақырыптарда қолданамын. Балалар сатушы және сатып алушылардың рөлдерін ойнайды.
«Менің отбасым» рөлдік ойыны отбасы мүшелерімен таныстырады.
«Ауылда», «Театрда», «Қалада» тақырыптар бойынша ойын-саяхат.