Бұл мақалада қазіргі қоғамда қоғам дертіне айналған өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) болу себептері мен оның алдын алу мәселелері қарастырылған. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға өмірдің мәнін түсіне білуге, өмірді бағалай білу мәселелері қарастырылды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дөңгелек үстел "Өмір мәні. (суицид туралы)"»
Сабақтың тақырыбы:Өмір мәні... (суицид туралы)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өздері қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры осы өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру. Ата –баларымыздың өсиеттерін екі етпей орындауға, имандылыққа, мұсылмандыққа жат қылықтардан аулақ болуға, өмірдің қиын мәселелері шеше білуге, басқа достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі дөңгелек үстел тақырыбы «Өмір мәні... (суицид туралы)» деп аталады.
Өмір...Өмір... Өмір... Өмірге құштар адамдар бұл сыйды бағалай алады және «Өмір шеңберінің» өз арнасымен айналуына жағдай жасап отырады. Олар түрлі қиындықтар мен қызықтарға, баршылық пен жоқшылыққа, аштық пен тоқтыққа, қуаныш пен қайғыға кездесседе ешқашан мойымайды, қайта қарсы тұрып төтеп бере алады.
Енді, кейбір адамдар өмірдің қымбат екенін біле тұрса да, «Өмір шеңберінің» өз арнасымен айналуына кедергі келтіретін зиянды әдеттерге бой алдырып, қарсы тұра алмайды, әлсіздік танытып жатады.
Өмір адамға бір-ақ рет келеді. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып жесең соның өзі бақыт. Бірақ соқтықпалы, соқпалы өмірдің қиындығына кез – келген адам шыдай ала ма? Шыдауы керек деп жұбату сөзді айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, сол жаққа мезгілсіз аттанып жатады. Олай болса, келесі бейне-роликке назар аударайық:
Видео-ролик (суицид туралы)
Суицид – адамның өз-өзіне қолданылатын аяусыз жаза, өз Меніне ашылған соғыс. Қазіргі босбелбеу жастар жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді. Жалпы, осы қоғамның дертіне айналған бұл суицидтің шығу себептері мен түрлеріне назар аударайық:
Слайд «Суицидтің шығу себептері:»
Бақытсыз махаббат;
Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;
Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;
Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өртіруге дейін жеткізу);
Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;
Өмір мәнін жоғалту;
Қаржы проблемасы;
Денсаулық проблемалары;
Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);
Психикалық аурулар;
Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т. б. атап өтуге болады.
Өзіне-өзі қол салу үш топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрациялы. 1) Ашық суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден баз кешу жайлы ойлап, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді. 2) Демонстрациялы суицидке өлуге деген ниеті жоқ, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жатады.
3) Жасырын суицидке өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, одан басқа жол таба алмай қиналатындар баратын мінез қылығының бір түрі. Жасөспірімдер арасында еліктеуіш күш те қарқынды әсер етеді. Олар теледидар, радиохабарлар, интернет арқылы өз үлгілерін табады да, оларға «көшірме» ретінде еліктейді.
«Өзіне – өзі қол салу» қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен проблемаға айналып бара жатыр. Кез келген өлімнің себебіне көз салсақ, өз –өзін құрбандыққа шалу әлемде сегізінші орын алып тұр. Ал жалпы өлім көрсеткіші бойынша бірінші орынды иеленеді екен.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін жоғары, орта, төмен деп үш топқа бөлген. 100 мың адамға шаққанда өлім көрсеткіші жылына 20 адамнан асса жоғары, 10-20 адам аралығында болса орта, 10 адамнан аспаса төмен болып есептеледі. Деректерге назар аударатын болсақ 100 мың адамға шаққанда әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген елдер:
бірінші орында – Латвия (96-99 адам), екінші орында – Венгрия (88 адам), үшінші орында – Қазақстан (53 адам)
Бұл, әрине өкінерлік жағдай. Жалпы, өмір шеңбері өз арнасымен айналуы үшін не қажет? Осы сұраққа жауап беріп көрейікші…
Сұрақ-жауап:
Өмір мәнін кім анықтайды? Тағдыр немесе адамның өзі ме?
Адам не үшін өмір сүреді?
Адам не үшін бұл өмірге келеді?
Сендер не үшін өмір сүріп жүрсіңдер?
Студенттер өз пікірлерін айтады...
Иә, дұрыс айтасыздар, ендеше, келесі тыңдайтындарыңыз монологқа береміз. Ходжамкулова Әселдің орындауында «Өмір жолы»
Жалпы, суицидті дер кезінде танып, осындай теріс жайттардың алдын алу үшін жан-жақты ақпарат беру, түсіндіру, мәселенің мәніне бойлау, талдау, сараптама жасау қажеттігі сөзсіз. Осы тұрғыда студенттер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – жастардың өмірге көзқарасы, айналасымен қарым-қатынасы, бос уақыттарын қалай өткізетіні жайлы ақпарат алу арқылы осы ортадағы әлеуметтік ахуал жөнінде тұжырым жасау, оған назар аудару.
Сауалнамаға қатысушылардың негізгі жасы – 15-23 жас, ал басым көпшілігі – 67%-ы қыздар болып шықты.
«Бос уақытта немен айналысасыз?» деген сұрақтың жауабын диаграмма түрінде көрсетуге болады.
Яғни, жастардың 65%-ы бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді. Бұл күнделікті қарым-қатынасты әлеуметтік желілер алмастырады деген сөз. Сауалнамаға қатысқан студент жастардың көпшілігі негізінен ата-анасының қамқорлығындағы жаста екенін ескерсек, бос уақытты өткізудің мұндай формасы мінез-құлықтың барлық түрінен, көзқарастарынан, ұстанымдарынан көрініс табады, осыдан барып ата-анамен қарым-қатынас күрделенеді десек қателеспейміз. Ал, демалыс сәттерінде теледидар көретіндер – 15%. Кітап оқитындардың 13%-ды құрағанына қарап, осының өзіне қуану керек сияқты. Бірақ, спортпен айналысатындар, өкінішке орай тым аз болып шықты (7%).
Келесі «Қиын жағдайға тап болсаңыз кімнен ақыл-кеңес сұрайсыз?» деген сұрақ бойынша сұрау салынғандардың жауаптары жастардың өмірге деген көзқарастары туралы жалпы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сауалнама деректерінен көрініп тұрғандай, адамға шын көмек керек кезде, ата-анасынан ақыл сұрайтындар – 49%, достарының пікіріне жүгінетіндер – 24%. Қалған 26%-ы өз проблемасын өзі шешетіні көрініп тұр.
Жастар ерекше қабылдағыш, әсерленгіш және жоғары әлеуметтік тұрғыда жылдам бейімделгіш болғандықтан, жаңа құндылықтардың пайда болуы мен бұрыңғыларынан бас тартуы қоғамның басқа таптарына қарағанда, бұл өтпелі әлеуметтік топқа қатты әсер етеді. Қазіргі жастарға кез келген жолмен баю ма, әлде жаңа жағдайларға бейімделу қабілетін беретін жоғары біліктілікті игеру ме, бұрынғы моральдық-адамгершілік ережелерден бас тарту ма, әлде жаңа шынайылыққа бейімделу икемділігі ме, тұлға аралық қарым-қатынастардың шексіз еркіндігі ме, әлде табысты өмір сүрудің түрткісі болатын отбасын таңдау ма – олар үшін қайсысы құндырақ екендігін өздерінің шешуіне тура келеді.
Өмірді мағыналы өткізудің жолдары туралы сұраққа берілген жауаптар негізінен оң үрдісті көрсетті. Жастардың 95%-ы өз өмірін шығармашылық бағытта, жаңа нәрселерді үйренумен өткізуді қалайды.
Мамандар жасөспірімдердің эмоциялық жағдайына назар аударып, мінез-құлқын мұқият бақылап, қадағалап жүрсе, суицид белгілерін дер кезінде тануға, демек, оның алдын алуға болады деп санайды. Оның ішінде күйзелістік жағдаятқа тап болуы, эмоциялық көңіл-күйі, мінезі, сырт бейнесі, құрдастарымен, достарымен қарым-қатынасына, қызығушылықтарына және т.б. назар аударады. Оған қоса, интернеттегі парақшасы, күнделіктері және т.с.с. бәрі анық ақпарат бере алады. Өйткені, «Өмірінде тым болмаса бір рет өзін-өзі өлтіру туралы ойланбаған бір де бір саналы адам жоқ шығар» (У.Джеймс)
Бұл дүниеде адам өмірінен құнды ешнәрсе жоқ, ал, өз өмірін қиюға барудың ойластырған адамның басына ауыр жайттар, психологиялық қиындықтар тап келгені туралы түйін жасауға болады. Сондықтан, осындай «эмоциялық күйзелістерге түсудің басты себебі не?» деген сұраққа берілген жауаптар да ерекше назар аудартады. Сұрау салынғандардың 40%-ы адам өзін ешкімге қажетсіз сезінгенде осындай шетін жағдайға барады деп санайды. Ал, 29%-ы өмірді қию – болашаққа жоспарыңның болмауының салдары деген пікірге бейіл. Әлбетте, алдына арман-мақсат қойып, соған жетуге талпынған адамның зиянды нәрселерді ойлауға мұршасы да бола бермейтіні анық. Сондай-ақ, түрлі жағдаяттарға байланысты мінез-құлықтың бұзылуы, зиянды әдеттер, өлім туралы ойларға берілу суицидке алып келуі мүмкін деген пікірлер де бар.
Бұл, сауалнаманың қорытындысы болатын, енді, топ студенттерінің қала тұрғындары мен қала жастарының арасында сұхбат жүргізген болатын, сол материалдарға назар аударайық.
Видео-ролик Сұхбат
Сұрақтар:
Өмірдің мәні неде?
Суицидке бару себеп қандай?
Алдын-алу шаралары қандай? т.б.
Иә, бұл қала тұрғандарының өздерінің жеке пікірлері болатын, бұл жерде біз өмірдің мәні, өзіне-өзі қол жұмсаудың ауыр күнә және қылмыс екеніне көзіміз жетіп отыр. Олай болса, келесі кезекті көрініске кезек берейік:
Көрініс:
Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң, ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім - тәрбие бер», деген қағида бар. Бұл жерде айтайын дегенім, егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп, стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз анық. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт - бағдар беруіміз абзал. «Адам өмірге ессіз болып келеді, есалаң өмір сүреді», деп адам өміріне қысқа ғана «мінездеме» берген Асқар Тоқпановтың бұл сөзінен талайды аңғаруға болады.
Ән: Мамбетова Мөлдір «Өмір - өзен»
Өзіне-өзі қол жұмсауды ислам діні не дейді екен, ендеше, келесі бейне-роликке назар аударайық:
Бейне-ролик Ислам діні «Өзіне-өзі қол жұмсау туралы»
Иә, ислам дінімізді бұл жағдайды мақұлдамайтындығына да көзіміз жетті. Олай болса, Алла тағала тиым салған дүниелерден сақ болайық!
Ал енді келесі кезекті топ студенттерінің өз шығармашылығына назар аударайық: Айжарыкова Балнұр, Нұрлыбай Сағира, Уткинбаева Гүлмира және Күмісқалиева Әйгерім.
Келесі, тыңдайтындыңыз Тоқтабаева Жарқынайдың орындауында монолог «Мен өмірге ғашықпын»
Иә, жоғарыда біз қоғам дертіне айналған суицид туралы көптеген ой түйген болармыз, олай болса, бұл дерттің психологиялық тұрғыда алдын-алу және шешу жолдары туралы арнайы маман ретінде колледж психологы Исатаева Хатжан апайға сөз кезегін береміз (колледж психология өз пікірімен бөлісті)
Рахмет, Хатжан апай!
Біз бүгін Сіздермен дөңгелек үстел барысында «Өмір шеңберін» қарастырдық. Енді сол өмір шеңберіне қайта оралайық. Назар аударған болсаңыздар, өмірде бір рет шалыс бассаңыздар, өмір шеңбері өз арнасынан шығып кетуі ғажап емес екен. Сондықтан, зиянды әдеттерден бойларыңызды аулақ ұстап, қылмыс атаулының құрығына түспей, қамшының сабындай ғана өмірлеріңізді бағалай білсеңіздер, өмір шеңбері өз арнасымен айналып, өмірлеріңіздің мәнді де, сәнді болары сөзсіз. «Өмір – қымбат сый» екенін әрдайым есте сақтап, сол қымбат сыйды бағалай біліңіздер! Сөз соңында мен шығыс ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзімен аяқтағым келіп отыр:
«Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жинаған-терненін орынсыз шашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достары және жақындарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады»-деген. Олай болса, өмірді бағалай білейік, жақсы өмір сүре білейік...