Армысыздар құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1 - мамыр Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеш ерекше, өйткені 1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында"Бейбіт болсын болашақ" атты ертеңгілік өткізіп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт дәстүрлі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі халықаралық ынтымақ күні 1 - мамыр мерекесімен құттықтаймыз. Ата - бабам ежелден - ақ дос болған, Татар, қазақ болашақты тосты алдан, сол достығын тағы міне дәріптеп, Бүгінгі күн мерекеде жайнаған. Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды алып келдік. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады. Әнұран. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы. Н. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. Бейбіт болсын болашақ Назданып бүгін нұрлы күн, Қыр беттің қызғалдаққа түнді гүлі. Мамыр боп, айбары асып асқақтайды, Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні. Бейбіт болсын болашақ Тақпақтар 1. Мамырың бірі, достық күні, Ән салып бейлеген халықтың үні. Тұтасып тойлаған ұлттар, Керемет мереке мамырдың бірі. Наргиза: 2. Достық шырағымыз, Достық ұранымыз. Достық туымыз, Достық әніміз. Аманбай:
3. Дос болып түрлі халықтар, Жасай тұғын ғасырмын. Бақыттымын әлемге, Ұмытылмас асылмын. Ақжан: 5. Бейбітшілік менің арманым, Бейбітшілік бұзылмайтын қамалым. Бейбітшілік отаныма тілеймін, Бейбітшілік деп соғады жүрегім. Бәнуа:
Қазақта Бірлік болмай тірлік болмас деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, қазақ елінің нығаюына, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік. Мына бір аңызға тоқталайық: Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні - түні дамыл көрмей - ОТАН, ОТАН, ОТАН..... деп шырылдай береді. Құстың иесі – мұның да отаны болғаныма, ол отаны болса қайда екен?- Құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп ойлайды. Сүйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тікенге барып қонады. Сөйтсе әлгі бұтада ұясы бар екен.- Демек құстың отаны - ұя салған жері болды ғой деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгелі құстың да ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Туған жерде жат елдің болмайтыны ақиқат, Оған көңіл толмайтыны ақиқат. Алтын торда алтын құс, өсірсең де бұлбұл құс, Өскен бағы болмаса қонбайтыны ақиқат. Би: Орыс биі Ән: Ағайынбыз бәріміз. Тақпақтар 1. Біз балдырған тең басқан! Дос құшағын тең ашқан Тілегіміз әділдік. Ашық болсын кең аспан. Лашын:
3. Бірінші бүгін мамырда, Тойлады қала ауыл да, Айналған барша халықтар Дос туысқан бауырға. Елнар:
4. Ортақ дәстүр ғұрып бай, Ынтымағын суытпай. Шаңырағын көтерген, Жүз түрлі ұлт жүз ұлттай. Рамазан:
5. Қызыл сары көк шар Қолымызда көп шар. Әуеде қалқыды, Әніміз шалқыды. Құмар:
Қазақ жері достықтың гүлстаны Дархан өлкем мерейім ырыс бағы Күрестерде еңбекте, мерекеде, Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады. Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды! Мереке құтты болсын! Ән: Құмар. Жаса Қазақстан Кері қайту
Ілмек сөздер: 1 мамыр, бейбітшілік, ынтымақ күні, бірлік және ынтымақ күні