kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмірдің негізі ретінде.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақиқаттан туындағанның барлығы - дұрыс әрекет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмірдің негізі ретінде.»

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















Реферат

Тақырып:Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмірдің негізі ретінде.



Орындаған:Өзін-өзі тану мұғалімі Абдикаимова Г.С.















Тараз 2016

МАЗМҰНЫ


І Кіріспе

 

ІІ Негізгі бөлім

1.Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық ретінде

2.Білім беру үрдісінің Дұрыс әрекетке үйретудегі  мақсаттары

3.Дұрыс әрекетке тән қасиеттер

4.Болып жатқан нәрсеге қарсыласпау

5.Дұрыс әрекет ету іс-тәжірибесі

ІІІ Эксперименттік бөлім

IV Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер




























Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмірдің негізі ретінде.

Абдикаимова Гулзат Сериковна

Тараз қаласы, №10 орта мектеп.


КІРІСПЕ

Ақиқаттан туындағанның барлығы – дұрыс әрекет.

Еліміздің егемендігін толық сақтап тұру үшін, оны дамытып, алға жылжуымыз үшін болашағымыз – бала тәрбиесіне баса назар аудару қажеттілігін елбасы Н.Ә.Назарбаев та өзінің халқына жолдаған жолдауында атап кеткен болатын. Ендеше, ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты бойжеткен болу үшін, халқымыздың  рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет арқылы  бойларына сіңіре білуіміз қажет.

«Құндылық» философиялық және социологиялық  әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да,  адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық мəдениет пен замандағы адамдар үшін абсолютті стандарт болып саналатын іргелі, жалпыадамзаттық бағдарлар мен нормалар, моральдық құндылықтар. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлер құндылықтар деп аталады.

Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесін үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылық - бұл адам табиғат күші мен жан-дүниесінің қаблеттілігі, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындылығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш жігердің қайраттылығы).

Жүре пайда болған құндылық – бұл адамның интелектуалды және адамгер- шілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылық (әдеп,сыпайылылық, сыйластық , жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлық т.б.)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылық ол уақытқа бағынбайды, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін бүкіл адамзат үшін маңызды құндылық.

Ішкі үйлесілімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғасының мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Қиянат жасамау – рухани деңгей

Ақиқат – интелектуалды деңгей (ажырату, интуиция)

Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз)

Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезімдер)

Дұрыс әрекет – физикалық деңгей

Күнделікті өмірде мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл үлкен адамгершіліктік! Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз махаббат. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.

Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.

  Педагогтар қауымы алдында тұрған негізгі міндет –оқушының мықты  рухани күштерін ояту.

         Дұрыс әрекет - жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Жаның мен тәніңді барынша сергітіп, сұлуландырып  жіберетін тек жақсы тәрбие ғана. Сондықтан да,  жас ұрпақты үлкен өмір жолында дұрыс әрекетке бағыттасақ, тәуелсіздігіміздің тұғырын берік ұстайтын  адами асыл қасиеттерге бай тұлғалар тәрбиелей білейік.

 

  1. Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық ретінде

Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалануға болады.

Өткен күн – Кеше –тарих

Келер күн – Ертең – сыр

Ал Бүгінгі күн - Үлкен сый.

Төле би

“Дұрыс әрекет – мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады”

Әл-Фараби

“Бақыт әрқашан ұнатқан ісіңді істеу емес, әрқашан істеген ісіңді ұнату”.

Л.Толстой

“Өзімді құрбан етуге негіз көп, алайда өзгені өлтіруге еш негіз таппадым, қандай ұрыс-керіс, карсылық-жанжал болмасын барлығын махаббатпен жеңу керек”.

Махатма Ганди

         Адамдар осы өмірден қуаныш пен қанағат аламыз деп ойлайды, алайда бұл қуаныш олардың өздерінде жасырынып жатқан  өлшеусіз қуаныштың кішкентай ғана сәулесі

          «Мен өмірдің апаттар қоршауында  өтетінін түсіндім, тиісінше қирау заңдылығынан да жоғары заң болуы қажет. Қандай ұрыс- керіс, қарсылық жанжал болмасын барлығын махаббатқа жеңгіз».

  «Махаббат еш қайтарымын күтпей-ақ, ойланбастан бәрін береді».

   «Ең қуаттылардың қуаты-қиянат жасамау».

    Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің айтуы бойынша  адам-өз тағдырының иесі.  «Гүліне  қарама, түбіне қара»-дейді халқымыз.Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде жүретінмін. Бір нәрсенің  соңына адал жүрек, ақ ниетпен түссең, соның жемісін көресің.Бәрі ниетке байланысты, еш жерде есеп болмау керек. Қарапайым нәрсеге риза бол. Сен өмірді жақсы көрсең қарапайым нәрселердің  құндылығын мойындайсың.

         Ә.Т.Қайдардың айтуы бойынша жақсылықтың бір сәні-«парызды ақтау», жамандықтың бір сыры-«пендешілік», өздігіңді тыңдаудың бір жолы-«рухани кемелдену» деп түсінемін. Парызды ешкім сұратып бермейді де, сұрап алмайды оны әркім борышым деп өзі арқаланады, өзінің адамгершілігіне, абзал қасиетіне  байланысты атқарады. Парыз – төлемді, өтемді талап етпейтін, бірақ әркімнің өзі біліп атқаратын қасиетті борышы болса, қарыз – қайтарылуы міндетті несие.

         Сұлулықты көре білу қасиеті, қарапайым нәрсені жоғары бағалау, өз ортаңда  болудан рахат табу немесе адамдарға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарым-қатынас жасау,  - осының бәріне дерлік ортақ нәрсе: қанағатшылдық, жан тыныштығы және өміршеңдік.Сен сұлулықты, жақсылықты көре алған кезде, өз өміріңдегі  қарапайым нәрселердің құндылығын мойындайсың, осы түйінулердің көрінісін өзіңнен ізде.

ДҰРЫС ӘРЕКЕТ – қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық. 

  Дұрыс мінез-құлық — бұл өз борышын және адамның қоғамдағы мәртебесіне қатысты міндеттемелерді орындауға байланысты мінез-құлық түрі әрі ар-ұяттың ішкі дауысына сәйкес қылықтар.

Әмір Кейқауыстың атақты «Қабуснамасынан» алынған адамға қажетті қасиеттерге тоқталып көрелік:

·        «Ей, перзентім, халық сенің сөзіңе сай іс қылсын десең, сен өз сөзіңе сай іс қыл». 

·        «Ащы болса да, сөздің ақиқатын айт».

·        «Егер абыройдан айырылғың келмесе, жақсылық жасауды ұмытпа».

·        «Жаман істерден, өтіріктен, қанағатсыздықтан ұял; тура сөз, ізгітілек, жақсы бастамадан ұялма».

     «Өз ойларыңды ретте. Егер кейбір қылықтар әдетке айналса, онда соған сәйкес мінезің қалыптасады. Ал мінезің қалыптасқанда, тағдырың қалыптасады. Сондықтан сенің тағдырың өз қолыңда».

         Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет:

1. Дұрыс жол —  ақиқатты дұрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

8.Дұрыс жинақтала білу — өзденеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.

 

2.Білім беру үрдісінің Дұрыс әрекетке үйретудегі  мақсаттары        

Адам баласы өзінің  таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ожданына  бір сәт назар аударса, оның бастауы  тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады. Бала көзін ашқаннан бері  жан-жағындағы  барлық жаратылыстың  адамға қызмет  етіп тұрғанын  және айналасындағы  әр түрлі  ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза  жүрекпен, кірленбеген  ар-ожданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан.  

Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.  

Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».

Күнделікті өмірде мәңгі жалпы-адамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл үлкен адамгершіліктік! Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз махаббат. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.

Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету  және барлық істерді  сәтті тыңдыру үшін  тек қана адамның  өз ойларын  дұрыс басқару қабілетінен  басқа ештеңе қолайлы жағдай  туғызбайды. Ақыл- парасаты  меңгеру ісінде  осы ойларды билеу  мен бағындырудан асқан қиын  нәрсе жоқ та шығар.  Адамның ақылы әрқашан  еркін және  өзіне кездесетін алуан  түрлі нысандармен  байланысқа  түсуге дайын болып,  оған сол сәтінде  қажетті саналатын  мөлшерде ғана  зейінін  бөлуге тиіс.

Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек. Біз қазір жеке эгоистік қызығушылық қасиеттер үстемдік ететін ғасырда өмір сүреміз.

Адамдағы жоғарғы рухани Менін және ішкі адамгершілік борышын ұғыну мүмкіндігі оның сана-сезімін тар эгоистік шеңберден Ғаламдық деңгейге дейін, жоғары сана дәрежесіне дейін кеңейтеді. Осындайда, ол өзіне мынадай сұрақтарды қояды: Мен кіммін? Менің өмірімнің мәні неде?

Адамның санасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым риясыздық дәрежесі жоғары болады

Сократтың айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты  рухани күштерін ояту. Сократ тәрбиелудің жолдарын–өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің  мақсаты–өзін-өзі тану.

           - Әр адамның бойында бар Ар – ұждан дауысын ажырата  және ести білу қабілеттерін ояту.

            -Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту.

         Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет   туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.


3.Дұрыс әрекетке тән қасиеттер

- Әдет – өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдептен орнығады.

- Қанағат – тілек-қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын  тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.

- Ынтымақтастық – жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге  үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.    

- Тәртіп – адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.

- Парыз бен ризашылық – әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.

- Дұрыс ой – адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек.

- Дұрыс сөз – тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.

  Дұрыс әрекет – жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

  Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет.

От парызы–жану.  Онсыз жайғана көмір. Қант парызы–оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жай ғана сусымалы зат. Егер біз ар ұятымызға  сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды.

     Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.

Дұрыс әрекеттің басты қағидаты

  • Бол   ( әуелі өзің ақниет бол)

  • Істе   ( ақниет болып қоймай, оны іс-жүзінде көрсете білу)

  • Сөйле (дұрыс сөз бен айту)

Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек.   Осындай адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен, көре алмаушылықпен, өзімшілдік пен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез-құлқында жалғандық болмайды. Егер адам белгілі бір өлшемдер бойынша ақылды, білімді, қуатты болып саналса, бірақ оның ойлары  эгоистік бағытта болып, маңсапқа ұмтылу мақсатын көздесе, онда  ол әр кезде бір нәрсені ойлап, басқаша сөйлеп жүреді, ал ісі ойымен және сөзіне сәйкес келмей, бір жерден шықпайды. Сонымен бірге, эгоистік ұмтылыстар мен арам ойлар жұмыста көреалмаушылық, сенімсіздік, көңіл толмаушылық, эмоциялық және психологиялық тітіркену  ахуалын тудырады. Бұл кез келген іс-әрекетті күрделендіріп, қиындатып жібереді.

Баласағұни Дәулет-құт өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол үшін адамға қанағат керек.

 

4.Болып жатқан нәрсеге қарсыласпау

Бақытты өмірдің сыры: мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін.

«Мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін» деген не?  Бұл дегеніміз, болып жатқан нәрсеге іштей икемделу, сонымен бірге біте қайнасу.

Бұл енді сенің өміріңе өзгеріс енгізу үшін әрекет ете алмауыңды білдіреді ме? Жоқ, мүлде керсінше. Сенің іс-әрекетіңнің негізі нақ осы сәтпен үндескенде ғана, өмірдің өзі оларды шабытқа толтырады.

         Егер сен тыныштықты барлық нәрседен артық көрсең, расында да өзіңді кішкентай «мен» ретінде емес, рух ретінде тани алған болсаң, онда арандатушы адамдарға немесе жағдайларға тап болғанда сен қарсы әрекет етпейсің, әрі өте сақ болып қала бересің.

         Қайғылы оқиғалардың  салдарынан сананың жаңа өлшемін бастан кешірген адамдар жайлы көптеген оқиғалар бар. Бірі бүкіл мүлкінен, бірі балалары мен жарынан, бірі әлеуметтік дәрежесінен, беделінен, табиғи қабілетінен айырылады.    

         Солай ма? Шебер жалған және ақиқат, жақсы және жаман хабарға бірдей мойын бұрады. Ол үшін тек бір ғана сәт бар, және сол сәт табиғи.

         Таңертең ұйқыдан оянғанда біздің түнде көрген  түстеріміз ғайып болады да, біз: «Бұл түс екен ғой. Бұл өңім болмаған екен»-дейміз.

         Барлығы бір уақыт бойынша және  бір уақытта-нақ осы сәтте өтіп жатқандай болады. Міне, бұл парадокс болып табылады.

         Жауабы әрқашан «Солай ма?» болған Шеберді оқиғасы болған жағдайға ішінен қарсыласпау арқылы жүзеге асқан ізгілікті көрсетеді.

         Қысқа да нұсқа «Мүмкін» деп жауап берген адамның  оқиғасы ешкімге пікір білдірмеу даналығынан көрінеді.

         Қарсыласпау, пікір білдірмеу,  байланып қалмау шынайы еркіндік пен рухани  тазарған өмірдің үш қыры.Қарсыласпау – бәрін бірдей қабылдау емес, іштей икемделу.Өткен шақты босат, қазіргі уақытқа орал.

 

5.Дұрыс әрекет ету іс-тәжірибесі

Тәннің үш дұшпаны:

-Сатқындыққа бейімділік

-Сараңдық, заттарға құмарлық

-Тірі жанды жәбірлеуге бейімділік

Сөздің дұшпаны:

-Үрейтаратуданайызықану(рахаттану)

- Жалған сөйлеу

- Өсек айту

Ақылдың үш дұшпаны:

- Басқаның затына құмарлық

- Көре алмаушылық

- Арсыздық

 Дұрыс әрекеттің аспектілері:

- Ақиқатқа жүгіну

- Жақсы мінез

  - Дұрыс іс-әрекет

- Сезім мүшелерін қадағалау

- Тәртіп

- Байланып қалмау

- Қиянат жасамау

- Риясыз қызмет ету

          Сөздеріңді, әрекеттеріңді, ойларыңды, мінезіңді, жүрегіңді қадағала!Дұрыс әрекет – физикалық аспект. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік.  Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді.

         АҚЫЛ- адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет

Ақылды айға теңеуге болады. Себебі ай өзінен жарық шығармайды. Ол басқалардан қуат алады. Сол сияқты ақыл да рухани деңгеймен біріккенде парасатқа ұласады. Ақыл толассыз ой, пікірлер, қалаулар мен мазасыздықтардан тұрады. Сондықтан ақыл парасатқа бағынуы керек.

Жақсы болыңыздар

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы нәрсе жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол-осы!

Құдықтың тереңдігі ұлғая берген сайын оның суы тазара береді, сол сияқты жан-дүниеңе көбірек үңіле берген сайын, қателіктерің азайып, жақсы жаққа бет бұрасың. 


Эксперименттікбөлім

     Мен өз бойымнан өткенімді айта кететін болсам, мен өз өмірімнен мынаны байқадым. Мен осы күнге дейін өзіме-өзім сенімсіз болдым. Қандай іс жасасам да, бір істі бастасам да үнемі сол жасап жатқан істерімнің дұрыстығына сенбедім.

Кейде бәрін бірден орындауға ұмтыламын. Тез жасап бітірсем екен, осы нәрседен тез құтылсам екен деген ойлар да келеді. Бірақ қанша тырыссам да бойымдағы осы қасиеттен құтыла алмадым. Адамдарға уәде беріп алып, кейін ұмытып та кететін кездерім болатын. Кейін адамдарға, өзіңе  қиянат болып қайтып жататыны дұрыс әрекет жасамағандықтан мен үнемі осындай күйге түсетін едім.

Жұмыстада кейде сабақ беріп тұрған кезімдеде мен балаларға дұрыс айтып жатырмын ба деген ой келеді.

Мектепте де қоғамдық орындарда мен ылғи өзімді-өзім еркін сезіне алмадым. Үнемі бір нәрсені қате жасап жүрген сияқты болып көрінетінмін. Мен бойымдағы мынадай әрекеттен айырыла алмадым: ертен істеймін, арғы күні істеймін деген сөздер. Білмеймін уақыттың тапшылығы ма, әлде мен өзім дұрыс әрекет жасай алмай жүрмінбе деген сұрақтар да келеді? Негізі сөзіңмен ісің бір жерден шығу керек қой сондықтан мен үнемі дұрыс әрекет жасауға тырыстым.

Мысалы мен осы курсқа келгелі адамның бойына рухани-адамгершілік білім беру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру жайындағы тақырыптарда дәрістер тыңдап, шығармашылық жұмыстар орындап отырдық.

Расында, маған алғаш өте қиын болды. Еш нәрсені түсіне алмай қатты қиналдым. Бірте-бірте осы курстың арқасынды, тренеріміз Назира Жорабековнаның және әріптестеріммен тәжірибе алмасуымның арқасында түсіне бастадым. Иә, шындығынды біз орналасқан және біз жүрген аймақтың территориясында мейірімділік пен ізгіліктің, парасаттылықтың, қамқорлықтың, жомарттықтың нұры шашылып тұрады екен. Сол нұр менің де маңдайымна сипап өткендей, менің де бойыма мейірімділік, сыпайылылық, шыдамдылық, сабырлық, сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді таратты. Сондықтан мен әрдайым қандай жағдай болмасын дұрыс әрекет жасау үшін және өзімді-өзім жетілдіру үшін мынадай шешім қабылдауды ұйғардым. Өткен күннің нәтижесін және мақсаттарын жүзеге қаншалықты асырғанымды талдап, дұрыс әрекет жасау керектігін ұқтым.

Мен бүгіннен бастап өзіме мынадай мақсат қоямын өзіме-өзім сенімді болуға, дұрыс әрекет жасауға, ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамауға, мектепке жақсы көңіл күймен баруға, адал болуға, шешім қабылдауда батыл болуды ұйғардым.

Дұрыс шешім қабылдауға үйренуім керек. Көбінесе бір шешім қабылдар алдында мың ойланамын, оның сыртында өзіме сенбей қасымдағы адамдардан сұраймын. Содан кейін  ғана шешім қабылаймын. Өз бетіммен шешім қабылдау қиын.

Бір айта кетерім осы кәзіргі оқып жатқан оқуым да маған көп көмегін тигізді деп ойлаймын. Өйткені мен осы оқудан көп нәрсені үйрендім. Балалардың бойынан көргім келген қасиеттерді мен кәзір ғана біліп отырған екенмін. Мен жақсы әрекеттер мен дұрыс шешім қабылдай білуді де осы сабақтың «Жүректен жүрекке» кезеңінен үйрендім десем де болады. Мен осыдан кейін жұмысымда да балаларға сабақ беріп жатқанымда әрбір айтылған сөздерімнің дұрыс екеніне сенімді болдым. Мен сабақта бұрын көп нәрсені жіберіп алыппын. Соның барлығын мен толықтырдым десем де болады. Мен енді өз-өзіме сенімділікпен қарап, дұрыс әрекет жасап, дұрыс шешім қабылдауға тырысамын.

Кез кеген жағдайда ақылмен шешіп, өз реакциямды бақылауға тырысамын. Өзіңе әсер еткен нәрсеге қаншалықты көңіл бөлсең, ол соншалықты реакциялы болады. Жақсы болу, жақсы нәрсені ойлау, жақсы нәрсе айту, жақсы нәрсені тыңдау, жақсыны көру, жақсы әрекет жасауға ұмтыламын.



Өзімнің дұрыс шешімім

Мен отбасын 2009 жылы құрдым. 2011 жылы қызымы аяғым ауыр еді. Сол кезде мен тіркеуге тұрып, тексерілуден өтіп жүрген кезім. Қазіргі заманда барлығы дамыған заман болғандықтан, баланы іште жатқаннан-ақ анықтап білуге болады. Оны анықтайтын Ультрадыбыстық зерттеу деген құрылғы бар. Мені сол анықтау құрылғысына түсуге жіберген болатын. Ал сол зерттеуден кейін маған дәрігерлер «қызыңның бір бүйрегі жоқ» деген. «Егерде өзің қиналмасаң, баланы кәзірден алдырып тастасаң болады» деп мені дәрігерлер көндіруге тырысты. Мен ойланбастан «жоқ» дедім. Өйткені мен сол кезден ақ балаға деген сүйіспеншілігім күннен-күнге артып, мен үшін ең сүйікті жан осы балам болатынына сендім. Мен қызымды ана махаббатымен мейірімділікке бөлеп, дүниеге әкелдім. Мен үшін мен дүниге әкелген сәби өмірдегі ең сүйікті, ең баға жетпес байлық. Мен қызымды дүниеге әкелгеніме еш өкінбеймін. Әрине, шындығында қызымның бір бүйрегі жоқ болып туылды. Бірақ, дені сау, аман-есен. Аллаға шүкір. Қызым қазір бес жаста, балабақшаға барып жүр. Жасына қарамастан үш тілде сөйлейді, оқып, жаза да алады, санауды да үш тілде біледі.

Мен сол кезде өзімнің дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Өйткені «Менің туғаным – жанды бала».


   Қорытынды

Күллі  жаһанды бүгінгі жаңа  технологиялық даму аясына сиғыза алдық. Ал адамзатты сүю, жақсы көру сезімін жетілдіру қазіргі заманның  қажеттілігі екенін  түсіну қиындады. Демек, бүгінгі  қоғам рухани байлықты, адамгершілікті, адами асыл қасиеттерді бойына сіңірген, ізгі адамдарды тәрбиелеуге тиіспіз. Дұрыс әрекет  жасау арқылы жүзеге асыруға болатынына көз жеткіздік.

Адам баласы өзінің  таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ожданына  бір сәт назар аударса, оның бастауы  тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады. Бала көзін ашқаннан бері  жан-жағындағы  барлық жаратылыстың  адамға қызмет  етіп тұрғанын  және айналасындағы  әр түрлі  ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза  жүрекпен, кірленбеген  ар-ожданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан.  

Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.  Оқушылардың бойларына рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет арқылы  сіңіре білуіміз қажет.

Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді.  

         Дұрыс әрекет жасауға, дұрыс шешім қабылдауға әрекеттендім.  Осы бағдарламаны бетке ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзімізбен-өзіміз және айналадағы  адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құралатыны сөзсіз.

Бұнда адам бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөзйлеуге, парызды орындауға  ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға,  қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуіміз керек деген сөзбен қорытындылаймын.

 

         





































Пайдаланған әдебиеттер

1.     Әлемдік педагогикалық ой -сана. 1 том. – Алматы.  2008.

2.     Әлемдік педагогикалық ой-сана. 4том Алматы .2008 .

3.     Әдептілік әлемі. Бейсенбаев Ж. Алматы. 1982.

4.     Даналарданшыққансөз. ҰлықманАсылов. Алматы. 1986.

5. Ізгілік педагогикасы туралы ойлар. Амонашвили Ш.А. Москва-1996 ж.

6.     Зердеңізге тоқыңыз. Т.Б.Әділжан. Көкшетау.2011.

7.     Тәрбиетуралыойлар. Б.О.Есімбекова. Алматы. 2013.

8.     Кабуснама. Алматы, «Балауса»,1992.

9.     http://ru.wikipedia.org/   Махатма Ганди  

10.   https://www.google.kz/ 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Дұрыс әрекет тәжірибесі – өмірдің негізі ретінде.

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371586

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Белсенді о?у формалары-сапалы білім негізі"
    ["seo_title"] => string(41) "bielsiendiokuformalarysapalybilimnieghizi"
    ["file_id"] => string(6) "319520"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460877532"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Сыныпты бақылау тәжірибесі"
    ["seo_title"] => string(27) "synypty_bakylau_t_zhiribesi"
    ["file_id"] => string(6) "579397"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1619508525"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "??м терапиясы"
    ["seo_title"] => string(14) "kumtierapiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "319771"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1460955721"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(150) "БАЯНДАМА "БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫСЫНЫ?  ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ІС-?РЕКЕТІН ?АЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ" "
    ["seo_title"] => string(90) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushysynyn-shyg-armashylyk-is-riekietin-k-alyptastyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195005"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427829066"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Консультация: Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік – тұлғалық дамуы"
    ["seo_title"] => string(80) "konsul_tatsiia_miektiepkie_dieiinghi_zhastag_y_balalardyn_lieumiettik_tu_lg_alyk"
    ["file_id"] => string(6) "389404"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1486555083"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства