kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Дуальді о?ыту- заман талабы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елімізді? Президенті Н. ?. Назарбаевты? айт?анындай «Білім мен ?ылымды ?з д?режесінде ме?герген елдер ?ана ?лемдік дамуды? алдында болады. Біз халы??а білім беру ж?не ?ылымды дамыту, оларды реформалау ісін ?орытынды жол?а ?оюмыз керек».

       ?аза?стан Республикасыны? білім беру ж?йесін жетілдіруді? басты міндеті – білім беруді? ?азіргі заман?ы сапасы ?амтамасыз ету ж?не білім беру ж?йесіні? барлы? ??раушыларын жеке т?л?аны?,  ?о?амны? ж?не мемлекетті? ?зекті ?рі болаша? с?раныстарына с?йкестікке келтіру болып табылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Дуальді о?ыту- заман талабы»»

Ботанова Орасқан Чокановна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы

«Гуманитарлы –экономикалық колледж » мекемесі

Қазақстан Республикасы, Семей қаласы,

Бірінші май көшесі, 28 «Б»

Баяндаманың тақырыбы:

«Дуальді оқыту- заман талабы»


Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың айтқанындай «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қорытынды жолға қоюмыз керек».

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасы қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық құраушыларын жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті әрі болашақ сұраныстарына сәйкестікке келтіру болып табылады.

Қоғамдағы қазіргі кезеңдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің басты мақсаты – білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынды өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру, жаңа буын оқулықтарын оқыту үрдісіне енгізу тәрізді келелі мәселелер ұстаздарға шеберлік пен іскерлікті, кәсіби дайындығының сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін қазір Қазақстанда әлемдік деңгейдегі колледждер құрылуда, білім беру процесіне дуальді оқыту жүйесі енгізілуде.

Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер - түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.

Озық индустриялы елдерде – Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда – жұмысшы кадрларды даярлаудың дуалдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойынша кәсіптік мектептер білім алушылары бір мезгілде өндірісте тағылымгер болып табылады. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен енгізу қажет. «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуалдық модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды» – деген Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында алдымызға бірқатар жаңа міндеттер қойды.

ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», - деді Елбасы. «Онда білім алушы өндірістегі тәлімгер болып табылады әрі оған жалақы тағайындалып, білім алады», - деген ҚР Президенті, сол жерден алған кәсібінің басқа мекемеде жұмыс істеуі барысында мол пайдасы тиетіндігін баса айтты.


Қазақстандағы 100-ден астам колледже дуальді білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан 2012 жылдың қорытындысын шығару мен Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған мәжіліс барысында Елбасы Н.Назарбаевтың алдында еліміздің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы есеп берген Премьер-министр Серік Ахметов мәлім етті

«Білім беру жүйесінде құрылым, мазмұн жаңғыртылып, әлемдегі ең озық технологиялар енгізілуде. Бұл жаңалықтардың барлығы Қазақстандағы білім беру деңгейінің сапалы дамып, әлемдік стандарттарға теңесуіне бағытталған», - деп түйіндеді өз сөзін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.

Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында адам капиталының, соған сәйкесінше, ұлттық білім беру жүйесін сапалы түрде дамыту туралы жаңа міндеттер жүктеген болатын.

Ұлттық адами капитал әлеуеті инновациялық процестің ең маңызды элементі, ұлттық экономика тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің, техника мен технологиялар жоғары сапасына қол жеткізудің, экономикалық өсудің ізгілендірілген түріне ауысудың негізгі факторы болып табылады. Нарық экономикасы шарттарында адами капиталды қалыптастыру және дамыту процесі осал болып табылады, өйткені ол экономиканың ең өткір мәселелерін және қоғамда бар қарама-қайшылықтарды өткір сипаттайды. Пайда болған экономикалық реформалар реалийнде адами капитал сапасын жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу өзекті бағыт болып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өткізіліп жатқан мемлекеттік саясаты шеңберінде бастапқы мәселелердің бірі болып табылады.

Мақсаты:

Мемлекеттік әлеуметтік саясат тиімділігін арттыру үшін адами капитал сапасын жақсарту бойынша шараларға қатысты ұсынымдарды әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

"Мемлекеттік әлеуметтік саясат тиімділігін арттыру үшін адами капитал сапасын жақсарту бойынша оңтайлы ұсынымдарды әзірлеу

«Дуальды оқыту жүйесінің бір артықшылығы – адам капиталының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Бұл жүйе теория мен практиканы ұштастырады. Еліміздің болашақ мамандарының кәсіптік дайындығын бейімдеу – ел экономикасын өркендетуге білікті мамандар даярлау кешені.

Бұл жүйе теория мен практиканы ұштастырады. Еліміздің болашақ мамандарының кәсіптік дайындығын бейімдеу – ел экономикасын өркендетуге білікті мамандар даярлау кешені. Қазақстанның магистарльдік желісіндегі техникалар мен технологиялар күн санап өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан, уақыт талабына сай мамандар да жаңа технологияларға бейімделуі тиіс. Астанадағы Көліктегі технологиялар орталығында соңғы үлгідегі темір жол техникалары қойылып, тренажерлер орнатылған. Ал, осы орталықта біздің студенттер теория мен тәжірибені ұштастырып қайтты. Оқу курсынан өткен студенттер алдағы күндері темір жол саласына жас маман ретінде жұмысқа қабылданады.

Біздің лексиконымызға алғаш рет «кәсіптік стандарттар» деген термин енді. Бұл термин жұмыс ретінде қалыптасып отыр.

Өйткені бұл стандарттар жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жасалады.

«Кәсіпқор» холдингі құрылды. Онда әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтар мен колледждер желісін, әлемдік озық тәжірибені талдау және меңгеру жүйесін құрамыз.

Мамандар даярлауда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады.

Бұл жүйе бойынша білім алушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді.

Оның мынадай жақсы жақтары бар:

Біріншіден, оқыту өндірістің нақты сұранысына сай жүргізіледі және жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды алады.

Екіншіден, болашақ мамандар өз кәсібін қызығушылықпен оқиды және бітірген соң сол кәсіпорында қалуға ұмтылады.

Үшіншіден, бітірушілерге деген сұраныс пен оларды жұмысқа орналастырудың деңгейі жоғарылайды.

Бұл – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша әсер етеді.

Осылайша, бизнес, адам мен мемлекет мүддесін біріктіріп, үш жақты әріптестік орнатамыз.

Дуальді жүйені енгізуге арналған шаралар 90-шы жылдардың соңында Алматы, Павлодар мен Ақмола облыстарында үш білім беру ұйымында басталды. Олар GIZ Герман қоғамымен бірлесіп іске асты.

Тау-кен саласындағы дуальді оқыту бойынша «Қазақмыс» корпорациясының екі колледжі мен Павлодар электролиз заводындағы (№7 колледж) тәжірибені ерекше атап өтуге болады.

Кадрларды дуальді даярлаудың элементтері 174 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салаларда пайдаланылады.

Олар «ҚазАгро», «Қазақстан Темір Жолы», «АрселорМиттал Теміртау», «Дон тау-кен байыту комбинаты», «Қазақстан Инжиниринг», «ҚазМұнайГаз» және басқа ірі компаниялар арқылы іске асуда.

Дуальді жүйені толық пайдалану үшін заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет.

Біріншіден, әр аймақ, әр сала бойынша дуальді жүйені қолдануға мүмкін болатын мамандықтарды анықтау қажет.

Екіншіден, салалық және өңірлік кеңестер дуальді жүйені енгізуге әріптес болуға дайын базалық кәсіпорындарды анықтап, оларға қойылатын талапты пысықтауы керек.

Үшіншіден, «Атамекен» Одағымен», салалық кеңестермен, жұмыс берушілермен бірлесіп, дуальді модельді енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу қажет.

Төртіншіден, кәсіпорындарда оқушы орындар, шеберханалар ашуды немесе бөлуді қамтамасыз ету керек.

Бесіншіден, білім басқармасы оқу уақытының 60-70%-ын практикада өткізуді қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындармен шарт жасауы қажет.

Алтыншыдан, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін кәсіпорындарда міндетті түрде стажировкадан өткізуді (жылына бір рет) енгізу қажет.

Қазіргі кезде Техникалық және кәсіптік оқу орындары дуальді жүйе бойынша жұмыс істеуге дайын екендігін білдіріп отыр.

Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті:

- мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;

- мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;

- қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу мен дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей қатысты;

- сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;

- тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.

Еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау міндетке айналғалы қашан. Жұмыс беруші кәсіпорын өзіне керек мамандарды оқытады. Одан қалса, қажеттісін даярлауға тапсырыс береді, оқу орындарына. Осы орайда оқытудың дуальді жүйесі маңызды орын алады. Кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың тиімдісі де осы болып тұр бүгін. Яғни, теория мен практиканы біріктірген жүйе бойынша оқушылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын колледжде өткізеді. Өзге елдердің тәжірибесіне көз жүгіртсек, жүйе – нәтижесіз емес. Мәселен, оқытудың бұл жүйесін ГФР канцлері Ангела Меркель Германияны дамытудың ең басты факторларының бірі. Ол жақта аталмыш жүйе 600 мыңнан астам кәсіпорында қолданылады екен.

Қазіргі кезде Техникалық және кәсіптік білім беретін біздің оқу орнында дуальді жүйе қолданылады. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ және химиялық өндіріс сияқты салалар. Оқу жүйесі жалпы Австрия, Дания, Нидерланд, Швейцария сияқты еуропалық елдерде кең тараған, соңғы жылдары Қытай және Азияның басқа да елдерінде қолданыста.

Аталмыш жүйе үш бағытта жүзеге асырыды.

Әуелі лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады.

Екіншіден, әлеуметтік әріптестік дамиды

Үшіншіден, инновациялық технологиялар қолданылатын болады.

Онда әлемдік деңгейдегі халықаралық орталықтар мен колледждер желісін, жаһанның озық тәжірибесін талдау және меңгеру жұмыстары жүргізіледі.

Дуальді жүйе – маман даярлаудың, бизнестің, кәсіптік білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған әлемдегі тиімді оқыту түрі. Техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандар қажеттілігі туындап отырған бүгінгі жағдайда дуальді оқытудың маңыздылығы артуда. Бұл орайда «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ұлттық мамандар даярлаудағы негізгі жоба болып табылады.

Мемлекеттік деңгейдегі қамқорлықтың арқасында соңғы жылдары кәсіпорындар мен кәсіптік оқу орындары арасындағы әлеуметтік байланыс нығайып, серпінді дами бастады. Республикалық бюджеттен облыстағы мемлекеттік-техникалық білім беру ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманға сай жабдықтау үшін

Үшінші. Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей білім алуды қамтамасыз ету.

Қазір техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде Ұлттық кеңес, Салалық және өңірлік кеңестер құрылды. Әрбір аймақта 2-3 колледжді осы жүйеге, оның ішінде дуальді жүйеге бейімдеп, кейін олардың тәжірибесін басқа ұйымдарға тарататын боламыз.

Техникалық және кәсіптік білім

Мақсаты: қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу

Нысаналы индикатор: кәсіби даярлық және жұмыс берушілер бірлестігінде біліктіліктер беру деңгейін тәуелсіз бағалаудан бірден өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 жылы – 60 %-ға, 2020 жылы – 80 %-ға); мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған ТжКБ оқу орындарының жұмысқа орналасқан бітірушілерінің үлесі (2015 жылы – 78 %-ға, 2020 жылы – 80 %-ға).

2015 жылға қарай бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

ТжКБ құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту;

экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;

ТжКБ-да оқыту беделін арттыру;

өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау керек.

Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту

Ұлттық және салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау құрылымы ретке келтірілетін болады.

Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес:

ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, білім беру бағдарламалары жаңартылады;

-арнайы пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеттері әзірленеді;

бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар әзірленеді, модульдік бағдарламалардың деректер банкі құрылады.

Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы кәсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі.

Оқу процесіне білім алушылардың бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыратын қазіргі заманғы білім беру технологиялары енгізілетін болады.

Озық әлемдік тәжірибелер мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің негізінде ТжКБ жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін болады. Республикалық және облыстық ғылыми-әдістемелік кабинеттер тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының кітапханалары қажетті оқу әдебиетімен толық жабдықталады.

Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту

Жастардың кәсіптік білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кәсіптік лицейлер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орнының саны ұлғаяды. Атырау қаласында – мұнай-газ саласы бойынша, Екібастұз қаласында – отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында - өңдеу және Өскемен қаласында – машина жасау салалары бойынша 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады.

Оқу орындары шарттық негізде өндірістік практикадан, тағылымдамадан өту үшін базалық кәсіпорындарға бекітілетін болады.

Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дуалдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысы принципіне негізделеді. Дуалдық жүйеде тараптардың қарым - қатынасы тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі. Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына деген мақсаттары орындалады

«Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады», - деді Б.Жұмағұлов.

Дуалдық оқыту жүйесіне еліміздің 174 колледжі енгізіледі. Қазіргі кезде қалаларда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, ал жалпы алғанда, еліміздің 100-ден астам колледждерінде ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химиялық және кен өндірісі салаларындағы кадрларды дуалдық білім беру жүйесімен дайындау элементтері енгізілу міндеттеліп отыр 2012 жылы Астанадағы 10-нан астам кәсіпорынның білікті кадрлар дайындап шығаруға қатысуына мүмкіндік берелді. Ал республика көлемінде 120-дан астам мамандық бойынша жаңа кадрлардың 70 пайыздық өндірістік тәжірибеден өте жүріп білім алуына жол ашылады.

Осылайша, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.

Өз кезегінде біз де келесі оқу жылында осы бір жаңа әдісті тәжірибемізге енгізгел отырмыз. Биыл қабылданған «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», мамандығының бірінші курс білім алушылары осы жаңа әдіс бойынша оқуын бастап та кетті . Әр білім алушы партада отырып алған білімін колледждің әлеуметтік әріптестері –ашылатын бала бақшада практика жүзінде ұштастырып отыратын болады. Мұның тағы бір тиімді тұсы – практикада көбірек болған білімгерлер көп уақытын жұмыс орнында өткізеді, өндірісте әріптестерімен етене араласып, қарым-қатынасқа тез үйренеді.
Білім алушылардың білімін, біліктілігін бағалап, қабілет-қарымын анықтайтын жұмыс беруші үшін де қолайлысы – осы болар деймін.
Жаңа ашылатын бала бақша біздің колледж білім алушыларының жыл сайын өндірістік практикадан өтуіне көптен-көп көмегін тигізіді. Осы балабақшада біздің білім алушыларымыздың өндірістік тәжірибеден өтуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Білім алушыларға дер кезінде тәлімгерлер тағайындалып, олардың колледж қабырғасынан алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып бекітілуіне, заман талабына сай білікті маман болып шығуына барлық мүмкіндіктер қолданылуда. Керек десеңіз, білім алушылардың жалақы алып, өз қажетіне жаратуына мүмкіндіктері де бар. Бұл дегеніміз,  колледж қабырғасында берілген әлеуметтік тәрбиенің кәсіпорындарда өмір тәжірибесіне айналуының көп көмегін тигізеді
Барлығымыз білетіндей, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында адам капиталы сапасының артуына, оқу процесінде тәрбиелік компоненттердің артуына назар аударып, осы мәселеде педагогтардың сапалық құрамының артуына көңіл бөлді Біздің колледж, болашақ мамандардың кәсіби компетенттілігін жетілдіру үшін оқытудың жаңа замандық технологиясын енгізе отырып, заманға сай мамандар дайындап шығару мақсатында оқу-тәрбие процессін жандандыра түсуде. Осы технологиялардың көмегімен, білім алушылар мен мұғалімдер әртүрлі операциялар орындайды, бір проблеманы екі жолмен шешеді, міндеттер, жаттығулар және тесттермен жұмысты бірігіп атқаратын болады. Интерактивті жүйе пайдалану – білім алушылардың белсенділігін арттыруда қосымша стимул болады. Білім алушыларға мультимедиалық мазмұн: аудио-көрініс, файлдар, бейнелер жақсы ықпал етеді. Оқу процесін ұйымдастырудың негізгі интерактивті түріне мыналар енгізілді: сабақ-практикум, сабақ-модуль, сабақ-жоба, сабақ-презентация, сабақ-диалог.Әр ұстаз сабақтарында ауқымды программалық материал беріп, оған оқытудың көптеген белсенді әдістерін пайдалануда.

  Осылайша, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1.Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т. Электр және магнетизм: Оқу құралы. Қарағанды: КарМУ. 2003

2.Маклаков С.В. BPWin и ERWin. CASE -средства разработки информационных

систем. М.ДИАЛОГ-МИФИ, 2000г

3.Петров В. Н. Информационные системы: Учебник. – СПБ.: Лениниздат, 2002 – 688 с.

4. Козыров А.А. Юдин А.П. Информационные технологий в экономике.

5.Смирнова Г.Н.и другие. Проектирование ЭИС: оқулық.М.Финанс және статистика,

2001-512 бет

6.Автоматизированные информационные технологий в экономике. М.ЮНИТИ, 1998г.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Дуальді о?ыту- заман талабы»

Автор: Ботанова Орас?ан Чокановна

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267703


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства