1. ХІХ ғ. Бірінші жартысында өмір сүрген кемел ақын, жырау Д.Бабатайұлының (1802-1871ж.ж) шығармаларымен сусындату, өз заманының реалист, сыншыл, зар заман, дидактикалық, жаңашыл ақыны екендігін сезіндіру;
2. Сөз өнеріне ,өлеңге, жырға, деген қызығушылығын ояту;
3. Елге ,туған жерге, атамекенге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімін қалыптастыру;
3.Қазақ әдебиетінің дамуына, өркендеуіне үлес қосқан
4.Зар заман поэзиясының көрнекті өкілі
5.Өте шыншыл,турашыл, батыл ақын болған
ІІІ. Мағынаны тану
Дулат өз заманының шыншыл ақыны
Ақын өлеңдерінің ерекшелігі (слайд көрсету)
1-ж: Армысыздар кеш қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап»акциясы бойынша қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып ,түр және көркемдік тәсілдері жағынан байытып, жаңа биікке көтерген Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» жинағын оқу ұсынылып отыр .
2-ж: Ол-туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас тұлға
1-ж: Ол-патшалық Ресейдің қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі
2-ж: Ол-ашықтан-ашық күш хұмсап, қару-жарағы кем, бейқам да бейбіт жатқан байтақ өлкені қарулы күшпен меңгеру, ешбір себепсіз басып алу саясатына түбегейлі қарсылық білдірген азамат.
1-ж: Ол-отарлау саясатының қазақ елін талан-таражға салу, халықтың егемендігін біржола жойып , тәуелді жұртқа айналдыру әрекеттеріне қарсы халықты үгіттеу міндеттерін алдына мақсат қылған нағыз ел қамқоры , сыншыл да ,сыршыл ақын
Кітапханашы: Дулат ақын Семейдің , Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман Сыбан елінен шыққан . Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда , Дулат ескіше оқыған,сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген
Шынардан биік санам бар,
Ақылдан алпыс санам бар,
Қорған құрыш сөзім бар.
Жырымды менің тыңдаған,
Сөз ұғатын соңғы адам,
Шыңдаудан әсте тынбаған,
Сарқырап аққан жылғадан,
Жыр арнасы суатпын –деп бар ақындық өмірін қазақ халқының ары мен ожданы, бостандығы мен тәуелсіздігі жолына бағыштаған Д.Бабатайұлы өз заманының сыншыл ақыны бола білді. Дулат-өзі жасаған заманға , отаршыл зорлығына , ол қауымға қызмет еткен әкімдерге, аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан,халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер ,әрі реалист ақын. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайға ұлағатты ақын болған . Оған ақындық өнер жолында тұңғыш бата берген. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Дулат қазақ халқының қамқоры, Абайды идея жағынан тәрбиелеуші »-деп баға береді. М.Әуезовтың «Абай жолы »романындағы Дулаттың прототипті –Барлас ақын .
(Ақынның шығармашылығына арналған слайд пен бейнебаян көрсетіледі . )
2-ж: Ән «Атамекен»
2-ж: Дулат –өз заманында қазақтың көп жеріне мәлім ақын болған .Оның «Өсиетнама » кітабы 1880 ж. Қазанда басылып шыққан. Жалпы көлемі 800 жолдай . Дулатты өз көзімен көріп оның өлеңдерін жазып алып, сақтап келген Шыңғыстау ақындары ,сөзуар азаматтары, әсіресе Ғаббас Байділдаұлы мен Шәкір Әбенұлының еңбегі ерекше. Бұл азаматтар Дулаттың өзін көрмесе де , оны көрген Байділдә ақсақалдың қолжазбасын сақтап жүртшылыққа табыс еткен , Дулат өлеңдерінің біразы (1500 жолдай ) соның сақтауы арқылы жеткен .
1-оқушы: «Қ айғылыны уаттым»
1-ж: Өз кезеңінде, өткен ғасырдың орта шенінде , басқа ақын –жыраулар секілді негізінен дидактикалық терме, нақыл-өсиет ретінде ұзақ арнау өлеңдер ,ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысалдар жазған. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.
2-ж: Дулат өз елінің патша өкіметіне тәуелділікке түсуіне наразы болған . Ол бұрынғы кезде әруақты батырлар бар еді.олар жерлерін сыртқы жаулардан қорғай алатын еді. Сондықтан да бұл батырлар бар кезде қазаққа ешбір жау-жоңғарлар да, патшалықта қауіпті емес еді. Енді олар жоқ.Дүние өзгерді. Хан, би, барлық әкім біткен әділеттен айырылып, заман азды бұзылды, енді бұл дүниені өзгертпесе , қазақтың бағы ашылмайды деп қорытынды жасайды.
2-оқушы: «Сандықтас»
1-ж. Ақын қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы елдігін сақтап келгенін , туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті , дербестікті мадақтайды. Жоңғарлардың қазақты арқадан қуып , Сыр бойына бостырып жібергенін , сол қиындықтан қазақ халқы өзінің күресі нәтижесінде ғана құтылып, Арқаны қайта қоныстанғанын айтады.
3-оқушы: «Ата қоныс Арқадан»
2-ж: Ақын осылайша халықтың бірлігін нығайтып , елдің даңқын арттыруды жырлайды. Ондайміндетті де , өзінің үмітін де ол жастарға артады. Ол қазақ ішінен жас батыр шығып , бытыраған елдің басын қосып тәуелсіз елдікті орнатуға тиіс деп біледі. Ақынның бұл ойын біз оның «Ақтан жас» деген өлеңінен көреміз.Ақын Ақтан деген бір жетім бала туралы жырлайды, ол ер жетіп , «бадана көз , тоғыз тор сауыт киіп » қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.
4-оқушы: «Ақтанға»
1-ж: Дулат шығармашылығынан елеулі орын алатын «Еспембет »атты ұзақ толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасында да жетім бала тағдырын сөз етеді. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз бойынша жазылған (осы жерде видео ролик көрсетіледі)
5-оқущы: «Еспембет»
2-ж: Өз ортасындаүстем тапқа қарсы , онда да оның бұқара халыққа жасаған зорлық-зомбылығына қарсы бірінші болып тойтарыс берген ақын . Ол бұл тойтарысын сынау арқылы берген жоқ, үстем тап өкілімен бетпе-бет келіп, көзін бадырайтып қойып , атын атай отырып тойтарыс берді.
6-оқушы: «Бараққа »
1-ж: Ақын пысықсыған болыстар бейнесін , патша үкіметі алданда құрдай жорғалап , жоқ жерде кісімсіген , момындар алдында әкімсіп , әділқазы, ата –билердің жолын қумай елініңжауы қатарында өз жұртын талап жатырдеп айыптайды. Пара алып баюдан басқа армандары жоқ, алса тоймайтын кең жемсау, кедең әкімдерді мысқылдайды.
7-оқушы: «Кеңесбайға»
2-ж: Ақын қазақтың кейбір жаңа байларының қайырсыз, нашарға пайдасыз болып бара жатқанын айта келіп, оларды мейірбандылыққа үндейді. Байдың да ,батырдың негізгі міндеттері елі үшін , кем-кетік үшін қызмет ету деп,адамгершілікке шақырады.
1-ж: Ақын жаны- адал, ақжарқын , жомарт. Дулат та соның бірі . Малы барлардың сараңдығын көрсе , мүлде шаужайлап қалады, елдегі күн санап көбейіп жатқан жоқшылықтың негізгі себебі – сол кездегі байлардың пейілі кетіп бара жатқанында дейді. Адамның пейілі тарылып , бұзылып жатыр, оған айыптылар –дүниеқоңыз бай, мансапқор бек, пейілсіз, алаяқ қулар мен сұмдар ,-дейді.
8-оқушы: «Қайырсыз байдан пайда жоқ»
2-ж: Ақын тәубесінен жаңылып , елді алдап жеп жатқанмолданы, мал табуды мақсат еткен ишанды мысқылдайды. Ишандардың бақсылық,емгершілік әркетін әшкерелейді, олар құдай есімі мен құранды жамылып, елде талай сұмдықты қоздыратын, халық қайғысы есебінен байып жатқан залымдар сиқында көрінеді.
9-оқушы: « Ишанға »
1-ж: Ақын байлар елді алдамай адал кәсіп қылса, ел-жұрт мұнша азбас еді. Қазақ жер өңдеумен , мал өсірумен қатар басқа да кәсіптермен шұғылданғаны абзал болар еді.Әрбір адам қолына құрал алып еңбек етсе, алданып, таласып қор болмас еді деп ой түйеді.
10-оқушы: «Кәсіп туралы»
2-ж. Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын. Оның бізге жеткен қызғылықты төрт,бес мысалы бар. Ақын мысал ретінде жазған шығармалары үлгі, өнеге беру, ақыл айту ретінде келіп отырады.Онда кішіпейілділік , бірлік , әділеттік жақталып, мақтаншақтық , менмендік, бейшаралық, орынсыз псықтық сыналады. Ақынның «Бір патша», «сары шымшық», «Қарға», «Шаштараз» деген мысалдарымен халықты жұғымды мінезге тәрбиелеп , ақыл-кеңестер берген. Ақын мысал жанрының алғашқы үлгісін жазып , қазақ әдебиетінде бұл жанрдың қалыптасуына септігін тигізген.
11-оқушы: « Шаштараз»
1-ж: Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі- оқу, өнер,білім. Ақын надандыққа , әдепсіздікке қарсы шығып , оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық – бәрі тәрбиенің , оқудың нәтижесі. Енді оқыған , тәрбиелі, білімді адам басқарса,зұлымдық , озбырлық дегендерге жол берілмес еді ,-деп түйген
Өнер, білім оқып біл
Өнер алды қызыл тіл
Оқып алса , керек сөз
Алтынғы құйған балмен тең,-деп өнер білімнің оқу арқылы табылатынын , көп ізденуі,аянбай еңбектенуі керек екенін ескертеді.
2-ж: Дулат –суреткер ақын . Оныңтуған өлке табиғатын , ата қоныс Арқаның шаруаға құт, малға жайлы, Аякөздің ел-жұртқа мол несібе , ырыстың өлкесі боп, жағасын жайлағандардың қорасы малға, бағы жеміске толып , әуел бастан қонарға құтты қоныс боп келгенін ескертеді.
12-оқушы: Сауыр жерден айрылып
1-ж: Осыменен ақын Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған танымдық кешіміз соңына тақады десек болады. Ақын өз халқы алдында адал қызмет етіп өтті.Ақынның өсиет сөздерін , кейінгі ұрпақ мәңгі есте сақтайды.
2-ж: Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ақынның шығармаларын «Бір ел –бір кітап» акциясынан бөлек, «Бір мектеп-бір кітап» акциясымен оқуға шақырамыз.