?алиа?пар Т?ребай?лы 1900ж. Павлодар облысы, Бес?ара?ай ауданы, ?ар?аралы уезіні? А?бота болысында №2 А?бота аулысында орта ?олды шаруаны? отбасында ту?ан. 1909 жылы отбасы Семей ?аласына к?шіп, ал?ашында медреседе, кейіннен театр мектебінде о?иды. 1917 жылы ?. Т?ребай?лы 2 жылды? ?ыр?ыз педагогикалы? курсына т?сіп, 1919 жылы оны бітірген со? Ша?ан облысына (?азіргі Абай ауданы) м??алімдік ?ызметке жіберіледі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?алиа?пар Т?ребаев»
Ғалиақпар Төребайұлы- алғашқы қазақ театрының алғашқы режиссеры
Ғалиақпар Төребайұлы 1900ж. Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы, Қарқаралы уезінің Ақбота болысында №2 Ақбота аулысында орта қолды шаруаның отбасында туған. 1909 жылы отбасы Семей қаласына көшіп, алғашында медреседе, кейіннен театр мектебінде оқиды. 1917 жылы Ғ. Төребайұлы 2 жылдық қырғыз педагогикалық курсына түсіп, 1919 жылы оны бітірген соң Шаған облысына (қазіргі Абай ауданы) мұғалімдік қызметке жіберіледі. Ғ.Төребайұлы XX ғасыр басындағы еліміздегі болып жатқан саяси өзгерістерге белсене араласады.
Бүгінгі Абай ауданының Саржал ауылындағы тұңғыш мектептің ашылуына өз үлесін қосқан және сол мектептің алғашқы ұстазы болған еді. Кейінгі жылдары сіздің әкеңіз марқұм Батташ Сыдықұлы сол мектепте білім алып, ұстаздық мамандықты таңдап, сол кісінің ісін әрі қарай жалғастыруына Ғалекеңнің үлкен ықпалы болғанына сенімім мол.
Сол жылдары мұғалімдік қызметпен қоса театр қойылымдарына қатысады. М. Әуезовпен, Ж. Шанинмен, И. Байзақовпен, Ә. Қашаубаевтармен бірге Ертіс өңірінде бірінші «Ес-Аймақ» атты драмалық топ құрады. Ғ. Төребайұлы – Әмре Қашаубаев, Иса Байзақов және т.б өнер қайраткердерін тәрбиелеп, өалыптастыруға өз үлесін қосты. Жазушы Н. Ановқа «Крылья песни» атты романын жазуына көмектесіп және осы романның бас кейіпкерінің протатипі етіп алынып еді.
Ғ. Төребайұлы Абай атындағы Семей музыкалық-драма театрының алғашқы режиссері болды, онда 50-ге жуық басты рөльдерді ойнады, «Бәйбіше - тоқал», «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Кек» және т.б спетаклдерінің қоюшы-режиссері.
1923 жылдан Ғ. Төребайұлы Семей педагогикалық училищесінің штаттағы оқытушысы болды.
Ғ. Төребайұлыкөп жылдар бойы арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында, қазақ тілі білімінің мамандарын даярлайтын педагог-филолог боп қызмет атқарды.
1962 жылдан ол зейнеткерлікке шықты.
1986 жылы – халықтың білімінің дамуына, еліміздің сахналық өнерін қалыптасуына үлкен үлес қосқан белгілі педагог- оқытушы Ғ. Төребайұлы бұл дүниеден озды.