Мақсаты: Қазақ елі мен жерінің тарихын таныту, ойындар арқылы тілге деген жанашырлықтарын арттыру, сөйлеу, ойын жетік жеткізе білу, өз елін, жерін сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Жүргізуші:
Құрметті, көрермендер «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» атты тіл мерекесіне байланысты өткізіліп отырған «Елім менің» танымдық ойынына қош келдіңіздер! Ойын 6-7класс оқушылары аралығында өткелі отыр.
Ойынымыздың мақсаты: Қазақ елі мен жерінің тарихын таныту, ойындар арқылы тілге деген жанашырлықтарын арттыру, сөйлеу, ойын жетік жеткізе білу, өз елін, жерін сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу
Ойынға «Қазына», «Өнеге» атты екі топ қатысады. Ойын төрт бөлімнен тұрады.
Жанды сұрақ (бейне сұраққа жауап беру)
Сөздер сыры (тұрақты тіркестердің мағынасын айту)
Кім көп біледі? (сұрақтарға жауап беру)
Адасқан әріптер (адасқан әріптерді орнына қою)
Әділ – қазы мүшелерімен таныстыру
Әділ – қазы мүшелері:
Әділ – қазы мүшелерінің төрайымы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркешева Ж.
Қазақ тілі және әдебиетінің бірлестік жетекшісі Ибраева Г.У
Әділ – қазыларға бағалау жүйесін түсіндіріп өту
Сөйлер сөзге, тілге адамзат сонау көне дәуірдің өзінде-ақ ерекше мән берген. Ғасырдан ғасырға жетіп, бірден-бірге ұласып жатқан ел аузындағы небір ғажайып аңыз, әңгімелер, көне мақал-мәтелдер, жазба деректер осының айғағы тәрізді. Қай халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Табасыз да сүйсінесіз.
Елдігін сақтағысы келген қай халық болмасын, ең алдымен, тілін сақтауға әрі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып көшіп, мирас боп ұласып отыратын мәдени-тарихи қазынаны келер буынға қастерлеп, қасиеттеп ұзатып салатыны да мәлім.
1-айналым Жанды сұрақ (бейне сұраққа жауап беру)назар аударыңыздыр
І топ сұрақтары
«Менің атым Қожа» повестінде кімнің өмірі баяндалады?
«Менің атым Қожа» повесті қай қалада арнайы жүлдеге ие болды?
ІІ топ сұрақтары
Қожа қандай бала?
Қожа өзін қалай тәрбиелейді?
Ән-жұмбақ «Жаса, жаса қазақ тілі» Байнақ Айбану
2-айналымСөздер сыры (тұрақты тіркестердің мағынасын айту)
І топ
Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ бассыздық, тәртіпсіздік
Жауырынынан жел өту азап шегу
Жұмған аузын ашпау сөйлемеу
Иненің көзінен өткендей пысық
ІІтоп
Сырдың суы сирағынан келмеу елемеу
Өкпесі қара қазандай ренішті
Қызыл сөзден бал жағу мақтау
Шаңырақ көтерді үйленді
3-айналым Кім көп біледі? (сұрақтарға жауап беру)
Ітоп
Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанар)
Сәдуақас кімнің шын аты? Сәкен Сейфуллин
ҚР жаңа конституциясы қашан қабылданды? 1995жыл 30тамыз
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» кімнің өлеңі Абай
ҚР –ның мемлекеттік туының авторы Ш.Ниязбеков
Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма «Абай жолы»
Дүние жүзінде қанша тіл бар 5651
ІІтоп
Кісінің көркі киім емес білім
Абайдың шын есімі Ибраһим
Тіл туралы заң қай жылы қабылданды 1989ж
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» кімнің өлеңі Абай
ҚР-ның Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Шотаман Уәлиханов
«Ғасыр ақыны» атанған ақиық ақын М.Мақатаев
Сөйлеушілердің саны жағынан қазақ тілі нешінші орынға ие 70
4-айналым Адасқан әріптер (адасқан әріптерді орнына қою)