Просмотр содержимого документа
«Ер есімі - ел есінде!»
Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер естелігі соғыстың.
Құрметті ауыл тұрғындары, қонақтар және оқушылар. Баршаңызды бүгінгі 9-мамыр Ұлы Жеңістің 64 жылдығымен құттықтаймыз.жарқын болашақ, бейбіт өмір тілейміз. 9-мамыр «Жеңіс күніне» арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
«Жасұлан ұйымының рәміздері » кіргізілсін.
Қ.Р. Мемлекеттік әнұраны орындалсын.
Жанарларға толтырып нұр ұшқын,
Күлер көкте ортақ күн, ырысты күн
Әкелердің ұрпаққа өсиеті,
Сақтау мәңгі әлемнің тыныштығын. Құттықтау сөздің кезегін ауылымыздың әкімі Омарова Гүлбақыт Әлиакбарқызына береміз.
Шын сұрапыл сол дауыл боранның
Ызғарынан көкірегіне болар мұң
Ардагерлер сирегенмен өздері
Қалыңдайды естелігі олардың.
Келесі құттықтау сөздің кезегі мектеп директоры Баймағамбет Қуанышбек Қияшұлына береміз.
Жақсының еңбек десе жаны күлер
Бағаңды жас білмесе кәрі білер
Мерекең құтты болсын еңбек ері
Мереке құтты болсын ардагерлер! Тыл және еңбек ардагері береміз.
Өздеріңіз білетіндей Гитлерлік Германия Кеңестер одағына соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасап, басып кірді. Олардың мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру, дүниежүзіне үстемдік ету болса, Кеңес елінің халқының міндеті жауға тойтарыс беру, елін, жерін, халқын құлдықтан қорғап қалу болды. Ұлы Отан соғысы туралы тарих беттерінен парақтаған кезде қазақстандықтардың да үлесінің телегей-теңіз екенін байқауға болады. Соғыс айтып келмейтін зұлмат, ол әр шаңыраққа қасірет-қайғы әкелді. Майданға аттанғандардың көпшілігі қан майданнан оралмады. Тіпті хабар-ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары аз емес. «Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезінде, оқ пен оттың ортасында, кеуделерін оққа төсеп, бізге осындай шуақты бейбіт өмір сыйлап отырған аталарымыз бен апаларымызға бас иіп тағзым етеміз. Ата –бабасының асыл мұрасы, осы бүгінгі жас ұрпақтардың жарқын болашағы үшін жанын құрбан еткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін бір минут үнсіздікпен еске алайық.
(1 минут үнсіздік жариялаймыз).
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер естелігі соғыстың.
Ендігі кезекте ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі.
Егеменді елдің бүгін діңгегі
Ардақтайды азаматтар сіздерді
Ел қорғаны болып жүрген ұландар
Бүлдіршіндер аға жолын жалғайтын
Келешекте сіздер елді қорғайтын
Қабылдаймыз «Жасұлан» қатарына
Үздік болып жүрген оқушыларды әрдайым.
«Жасұлан ұйымының» қатарына қабылдаушылар:
1-сынып оқушылары:
1. Жұмашева Нұрай
2. Жомартұлы Санжар
3. Шаттық Санжар
4. Айтжанова Гүлизат
-Мектеп оқушылары «Жасұлан» ұйымы қатарына қабылдансын. Ұйымға қабылдау мектебіміздің вице –президенті Кадирова Толқынға жүктелсін.
- Галстук тағу рәсімі Қалалық Зерде интеллектуалдық ойынының жеңімпазы: Сапабекова Жансая. Мектептің вице президенті Кадирова Толқын. Үздік оқушылар 9-сынып оқушысы Қалижанова Алтынай, 7-сынып оқушысы Ұлысбаева Айгерімге жүктелсін.
- Жасұлан ұйымының әнұраны орындалсын.
- Құрметті жасұландықтар, сіздерді «Жасұлан ұйымы » қатарына қабылданып отырған мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бүгіннен бастап сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелді. Алдағы уақытта мектептің абыройын асқақтатар азамат пен азаматша болатындарыңызға сеніміміз мол.