kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерлік ?мытылмайды.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Ерлік ?мытылмайды.

К?рнекілік: Фотолар, буклеттер, видео, интерактивті та?та, шарлар.

?ткізетін орны: информатика кабинеті. Ішін босатып, орынды?тар дайындау.

Ауылды? ?лкендері. 13 адам:Т?ркен а?а, ?аншайым апа, Т?рархан а?а, Раушан апа, Алма апа, Назен апа, Есен а?а, Орынтай апа, ?аражігіт а?а, Ме?діг?л апа, К?л?ш апа, Абды?амит а?а, Зур?ш апа.

Ж?ргізушісі: Рахимжанова Б.А.

Музыка?а жауапты: Жаркеев А:Н.

Кабинет дайындау: Бай?азина А.М.

Видеооператор: Мадияр Т?лейбаев.

Дала?а ескерткішті? г?л шо?тарын дайындау: Каримова ?.Ж.

Орынды?тар дайындау, клуб ма?ын дайындау: Жаманбаев Ы.М.

Музыка ж?ріп т?рады. ?она?тар залды аралап, содан со? стол басына отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерлік ?мытылмайды. »

Алғабас орталау мектебі








Тақырыбы:

Ерлік ұмытылмайды.









Өткізген: Рахимжанова

Биби Асылбаевна

мектеп директоры





2013-2014 оқу жылы



Уақыты: 1000-де таңертеңгі.

Тақырыбы: Ерлік ұмытылмайды.

Көрнекілік: Фотолар, буклеттер, видео, интерактивті тақта, шарлар.

Өткізетін орны: информатика кабинеті. Ішін босатып, орындықтар дайындау.

Төр орын


Ауылдың үлкендері. 13 адам:Түркен аға, Қаншайым апа, Тұрархан аға, Раушан апа, Алма апа, Назен апа, Есен аға, Орынтай апа, Қаражігіт аға, Меңдігүл апа, Күләш апа, Абдығамит аға, Зурәш апа.

Оқушылар

Интерактивті тақта

Оқушылар







Жүргізушісі: Рахимжанова Б.А.

Музыкаға жауапты: Жаркеев А:Н.

Кабинет дайындау: Байғазина А.М.

Видеооператор: Мадияр Төлейбаев.

Далаға ескерткіштің гүл шоқтарын дайындау: Каримова Ғ.Ж.

Орындықтар дайындау, клуб маңын дайындау: Жаманбаев Ы.М.

Музыка жүріп тұрады. Қонақтар залды аралап, содан соң стол басына отырады.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Сәл тынышталыңыздар.

Бүгін ауыл болып 9-мамыр жеңіс күнін атап өтпекпіз. Қазір 5-9 сынып аралығында жылдағы салтанатты жиынын өзгеше сынып сағатын өткізбекші.

Мектебімізге ауылымыздың үлкен аталары мен әжелері, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар жиналып отыр. (Сабағымызды бастаймыз). Қазір бұдан 68 жыл бұрын Жеңіс күні қандай қиыншылықпен келгені туралы еске түсіргелі отырмыз.

Жаркеев А.Н. Священная Война! Бірден қояды. Осыдан соң.

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусым (жексенбі) күні таңғы 4-те соғыс жарияламастан, тұтқиылдан Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Ұлы Отан соғысы басталды.

Ел басына қиын-қыстау іс түскенде әкелермен ағалар қолдарына қару алып Отанды қорғауға аттанды. От-жалынға орасан майдан даласында олар қас-дұшпанмен шайқасып, қан төкті. Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Бұл соғыс 1418 күн мен түнге созылды. Соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар.

Видео көрсетіледі: соғыс болып үйлер қирап жатады.

Соғыс таңғы 4-ке таман фашистердің Белоруссиядағы Брест қамалына шабуыл жасауымен басталды. Соғыстың алғашқы минуттарында-ақ көптеген жауынгерлер, шекарашылар, әйелдер мен балалар не болып жатқаны біліп те, түсініп те үлгерместен қаза тапты. Тірі қалғандары ақырғы демі таусылғанша шайқаса берді. Брест қамалын ерлікпен қорғау бір айдан аса уақытқа созылды. Фашистер жүздеген км алға жылжып, баса-көктеп кірді. Қамал қоршауда елден бөлініп қалды. Онда қоршаудағылар сусыз, азық-түліксіз қырылып жатты. Брест қамалын қорғаушылардың ерлігі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақаталады. 1965 жылы Брест қамалын «Батыр қамал» атағы берілді.

Қазақстандықтар Москва үшін шайқасты.

Видео көрсетіледі.

Отанымыздың бас қаласы Москваның фашистік Германия бірнеше апта ішінде басып алуға жоспарлады. Бірақ Москва түбіндегі шайқаста Қызыл армия еңтелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

1941 жылы Алматыда генерал И.В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасақтайды. Осы дивизияның 28 панфиловпен батырлары Москва қаласын қорғауда ерліктің өшпес үлгісін көрсетті.

Волоколамск тас жолының маңындағы маңызды жерді қорғаған 28 жауынгердің 22-сі қазақстандықтар еді. 316-дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен шайқасты.

Дубосеково разьезді маңында саяси жетекші О.Г. Клочков «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ.

Артымызда Москва деген ұран тастап жауынгерлерді жауға қарсы шайқасқа жігерлендірді.

28 жауынгер басқыншылардың 50 танкісіне қарсы тұрды. Танкілер бірінен соң бірі жанып жатты. Батырлардың барлығы дерлік қаза тапты. 28 батырға кеңес одағының батыры атағы берілді.

Видео 28-панфиловшыларға Алматыда ескерткіш орнатылған.

1941 жылы аға лейтинант Бауыржан Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста қазақстандық батальонды басқарды. Өз жауынгерлерімен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.

Б. Момышұлы соғысты полковник шегінде, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Оған соғыс аяқталғаннан 45 жылдан кейін ғана, 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Видео. Б. Момышұлы көрсетіледі.

Төлеген Тоқтаров 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында шайқасты. Москва облысының, Бородино селосы үшін болған шайқаста асқан ерлікпен қаза тапты.

Т. Тоқтаровқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин даңқты 8-гвардиялық дивизия құрамында шайқасты. Ол көптеген фашисті атып өлтірді, жаудың бірнеше танкісін жойып, ерлігімен көзге түсті.

Буклеттегі суреттерін көрсетемін.

Ленинградты қорғау.

Видео.

Гитлерлік басқыншылар 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетіп қаласын толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден бомбалады, ауыр зеңбіректен оқ жаудырды. Олар қаланы бүкіл елден бөліп тастады. Нан мен отын жетіспеді. Электр жарығы болмады. Қала көлігі мен су құбыры істен шықты. Адамдар аштан қырылып жатты. Бірақ қала ерлікпен қорғана берді.

Қаланы Ленинград майданының әскерлері мен Балтық теңізшілері қорғады. Ленинград қаласының тұрғындары ержүректілік көрсетті. Қақаған суыққа, аштыққа, 900 күн қоршауға қарамастан Ленинградтың кейбір зауыттары жұмысын тоқтатпады. Адамдар 15-16 сағаттан жұмыс істеді. Киров зауатынан ауыр танкілер тікелей майданға аттанып жатты.

Ленинград бүкіл елмен бір ғана жол «Өмір жолы» атанған. Ладоға көлігінің мұзы арқылы байланыс жасады. Осы мұз арқылы күн сайын жүздеген машиналармен қоршауда қалған азық-түлік пен оқ-дәрі жіберілді. Қаладан күн сайын ауру адамдар, қарттар мен жас балаларды тасыды.

Ленинградқа бүкіл ел көмектесті.

Жанар – «Ленинградтың өлеңдерін» Ж. Жанашевтің суреті видеосы көрсетіледі.

1941 жылдың қаңтарында Кеңес әскерлері шабуылға шығып, қала қоршаудан құтылды. Басқыншылар Ленинградтан қуып тасталды.

Ұлы Отан соғысынан отты жылдарында ер азаматтарымен бірге қолдарына қару алып, жаумен шайқасып ерлік көрсеткен қазақ қыздарының аз болмағаны бізге тарихтан мәлім.

Видео. Ә. Молдағұлова – тақпағы

Ақтөбе облысының, Қобда ауылында дүниеге келген 1924 жылы 1942 майданға өз еркімен аттанып мергендер мектебін үздік бітірген. 2-Прибалтика майданының 54-атқыштар бригадасы құрамында шайқасып, асқан мергендігімен көзге түседі. 1944 жылы Новосокольники стансиясы маңында шайқасып қазақтың батыр қызы ерлікпен қаза тапты. Әлияны Отан қорғауға көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ғалия: – Әлия Молдағұлова туралы айтады және тақпағын оқиды.

Мәншүк Маметова (1922-1943) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданыңда туған. Ұлы Отан соғысы басталарда Алматы мергендер институтында оқып жүріп 1942 жылы өз еркімен майданға аттанды. Колинин майданың 21-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші ер жүрек қыз ерекше мергендігімен, қаһармандылығымен көзге түседі. 1943 жылы 15 қазанда Невель қаласы түбінде болған шайқаста М. Маметова ерлікпен қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Видео. М. Маметова суреті.

Зәмзәгүл:М.Мәметова туралы жинаған мәліметтерін оқып береді.

Видео.

Хиуаз Доспанова туралы Аягөз айтады.

Миллиондаған өмірді жалмаған сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен белгісіз батырлар қаншама! Хиуаз Доспанова апайды да атақ 60 жыл адасып жүріп тапты. Ол – «Халық қаһарманы» 300-ден астам ұрысқа шығып, фашистердің әскери нысандарын әлденеше рет талқандаған. бала кезінен аспанға ұшуды армандаған. Орал қаласындағы орта мектепті «Алтын медальмен» бітіріп, «Ұшқыш» деген атақ алады. Бірден Мәскеу қаласындағы Жуковский атындағы ұшқыштар академиясына барады. «Жасын жетпейді» деп қабылдамаған соң, Мәскеу медицина институтына түседі. Бір жылдан кейін соғыс басталады. Марина Раскова ұшқыш қыздар полкін құрып жатқаның естіп, соның құрамына енеді. Солтүстіктін Қырым, Кавказ, Украина, Белоруссия, Польша, Германия майдандарындағы әскери ұрыстарға қатынасты. Олардың міндеті – жау әскерлері мен әскери техникаларының орналасқан жерлерін талқандау еді: Ұшқыш қыздар Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, елге жеңіспен оралды.

Буклет көрсету. Хиуаз Доспанова туралы.

Екі мәрте Кеңес одағының батыры атанған қазақстандықтар Леонид Беда, Сергий Луганский, Иван Павлов, Талғат Бигельдинов (1922 ж қазір 91 жаста) кеше ғана телевизордан мінбеден сөз сөйледі. Кездесуде.

Видео, буклет, фотосы көрсетіледі.

Авиация генерал майоры. 305-рет жауынгерлік тапсырысымен ұшып, фашистік жүздеген танкісін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды.Әуе шайқасында жаудын 7 ұшағын қиратты. Ұлы Отан соғысындағы асқан ерлігі үшін екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атанып, Орден-медальдарымен марапатталды.

Отан-ананы қорғауға біздердің ауылдың ер-азаматтары да аттанды.

Олар:

  1. Әлібеков Жәркей соғыста Берлинде аяқтап бірнеше орден, медальдарға ие болды.

Әділет: Ақан Құрманов туралы айтады.

  1. Мұратов Орақ – 1925 жылы туған 1944 жылы неміс басқыншылықтарын Кергь, Ялта, Севастополь қаласында азат етіп ерекше көзге түскені үшін алғыс мақтау қағазы бар. Кенисберг қаласын алғаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.

  2. Шимшиков Ерден 1954 жылдан – 1970 жылдары мектеп директоры болған, соғысқа қатысып бір аяқтан айырылып жараланып келген, орден, медальдармен марапатталған.

  3. Наукеев Базылбек 1940 жылы міндетті әскер қатарына барып 1943 жылы 13 механикалық атқыштар бригадасында болып сол қолынан жараланып елге оралды.

  4. Нарынбаев Алпыс 93-атқыштар полкгінде болған. Желтоқсанның 1941 жылдың – наурыздың 1945 жылға дейін соғыста болып сол соғыстан ауыр жараланып елге келген «Ерлік үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдармен марапатталған.

  5. Шаяхметова Шайзада – екінші группа мүгедегі қолы, жанбасы, аяғынан жараланған Ұлы Отан соғысының І-дәрежелі орденімен марапатталды.

  6. Жакупов Қадырбай – Ленинград қаласындағы 900 күнге созылған блокада қоршаудан құтқара ған туралы куәлігі бар және «За оборону Ленинграда» медалімен марапатталған. 1944 жылы.

  7. Түсіпбеков Олжабай – соғыстан бір көзінен жаралы болып оралған, оденмен, медальдармен марапатталды.

  8. Алибеков Қайыржан – 1941-1946 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысып орденмен медальмен марапатталған.

  9. Раев Төлеміс - 1941 жылы аттанып 1944 жылы май айында оң қолынан және басынан ауыр жарақаттанып елге оралды. ІІ группа мүгедегі. Отан соғысының І дәрежелі орденінің иегері.

  10. Мұқанов Садық Муканович – соғыстан кейін пед.иститут бітіріп мектепте тарих пәнінен сабақ берген ұстаз. Соғыстың алғашқы күннен бастап 1945 жылы май айында оң аяғына оқ тиген. Оқтың қалдықтары бертін келе денесінде қалып қойып, біраз қиындық көрген адам. Көптеген орден медальдармен марапатталған.

  11. Мусин Сейтбек – Ұлы Отан соғысының 1941 жылы аттанып, соғыс аяқталған аман сау оралды, көптеген медальдармен марапатталды.

  12. Какенов Шаяхмет соғыста Берлинде аяқтап бірнеше орден, медальдарға ие болды.

  13. Дүйсенбаев Кәрім, Бейсенбаев Кәрім, аталарымыз жеңіс күнің, тыныш өмір сыйлаған, біз үшін өз өмірлерін құрбан еткен жандар.

  14. Құсайынов Мұрат – міндетті әскер қатарына 1939 жылы шақырылып одан соғыс басталған соң 33 мотор механизировка полкінде болып, соғыстан аман-есен 1946 жылы 12 қарашада оралған.

  15. Садвакасов Танабай – 1910 жылы туған. Соғысқа 1941 жылы аттанып Ленинград түбіндегі шайқаста қатысып аяғынан ауыр жараланып, елге оралған мектепте мұғалімдік қызметі пенсияға шыққанша істеген.

  16. Қасықпаев Ақылбай – 1918 жылы туған Атбасарда қазақ мектебін бітірген сол міндетті 1939 жылы әскерге алынады. Өте білімді, музыкалық аспаздардың домбыра, сырнайды жақсы ойнаған. 1939 жылға дейін ауылда жаппай білімсіздікке қарсы ликбезге үлкен кісілер оқытқан. Жаппай сауат ашу белсене араласқан. Көзі ашық көкірегі ояу азамат болған. 1939 жылы міндетті әскерде Прибалтикада болды. Ұлы Отан соғысында елін қорғауда қайтыс болған.

  17. Қасықпаев Байбол – 1923 жылы туған. Соғыс басталғанда өз еркімен майданға аттанған. Соғысқа дейін ауылда ақылдығымен, сөзге шешен, музыкалық аспаптарда жақсы ойнаған алғыр бала ретінде көзге ерекше көрінген. Ұлы Отан соғысында елін қорғауда қайтыс болған.

Қасықпаев Асылбай – 1914 жылы туған аштықтан тірі шығып, ес жиып етек жауып енді ел қатарына қосылып келе жатқанда, батыстан тұтанған соғыс өртіне тап болды. Ел қатарлы екі інісімен үшеуі бірден жалғыз шешелерін құдайға тапсырып, ел қорғауға майданға аттанды. Совет үкіметіне батыс майданнан тағы да қиыр шығыстан Жапон интервентері қауіпті қатер төңдіріп тұрды. 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1 миллион жауынгері бар Квантун армиясына қарсы тұрған Совет әскерінің құрамында болды. 1945 жылы тамыз айында Қиыр шығыста Жапон басқыншылықтарынан босатуға қатысты. Қытай мен Корей жерлерін басқыншыларынан азат етуге қатысты. Бір жыл Қытайда, сегіз ай Кореяда болып, 1946 жылдың күзінде елге оралды. Майданға аттанған үш бірдей ұлдың бес жылдан кейін біреуі ғана тірі оралды. Бес жыл ұлдарын аңсап күткен ана біріне ғана ие болып қалды. Соғыстағы еңбегі үшін: «Жапонияны жеңгені үшін» және соғыс кезінде «Ерекше көзге түскен үшін Сталин қолы қойылған грамота», ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен көптеген медальдармен марапатталды.

Елде қалған шиеттей балалар мен қариялар, буыны бекімеген жасөсперімдер аналар мен бірге небір ауыр жұмыстарды атқарды.

«Ана туралы ән» 6-сынып оқушылары.

Қазақстандықтар майданда ғана емес тылда да ерен ерлік көрсетті. Мухамбетов Мәжит, Жаманбаев Мұқаш тылдағылар армияны қар-жрақ, оқ-дәрі, азық-түлікпен жабдықтап тұрды.

Видео суреті.

Соғыс кезінде туған балалар бүгінде 70-тен асып отыр. Сол кезден қиын өмірді бастап кешіргендер. Сөз беремін _________

Берлин үшін шайқас.

Кеңес әскерінің мыңдаған ұшақтары, аспаннан бомба жаудыра, ондаған мың зеңбіректері Берлинді жан-жақтан атқылап, жауынгерлер тіке шабуылға шықты. Қала ішінде жеті күн ұрыс болды. Кеңес әскерлері қала орталығына, рейхстагқа да жетті. Рейхстаг төбесіне ержүрек жауынгерлер Егоров пен Кантария Қызыл Ту тікті. Рейхстаг қабырғасына алғашқы ту тіккен жауынгердің бірі қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев болды. Қазақ халқының маңдайына біткен парасат – пайымы терең, өр тұлғалы азаматтын адам сенгісіз қиындықтарды басынан өткізіп, 360 м жерді 7 сағатта өмірімен өлімнің арасына еңбектеп барып Совет Одағының туын рейхстагтің қабырғасына қадауы шексіз батырлық іс емес пе?

Мереке: Р. Қошқарбаев туралы тақпақ.

Видео көрсетіледі. Р. Қошқарбаев және Рейхстагқа ту тіккен туралы.

«Катюша» өлеңі айтылады. Немесе «Победа» өлеңі.

Қортынды. Өз фотоларым 1985 жылдағы.

Көкіректерін ажалға тосқан боздақтар

Көктеммің келді

Көңілдің күйін қозғап қал

Ауылдың төрін алаудың нұры жайнатты.

Алдыңа келіп бастарын иді ұрпақтар,

Батырсың мәңгі кеудесін тосқан тасқынға

Жатырсың бүгін туған топырақ астында

Есімің сенің еліңе жетті ерлік боп

Елеген жұртың тұрғызды саған тас тұлға.

Осы кішігірім ауылдың өзінен қаншама азамат оралмады. Қаншама шаңыраққа қайғы-қасірет орнады. Біздің бүгінгі бақытты өміріміз үшін өмірін қиған осы ауылдастарымыз бен соғыста құрбан болған 27 миллион азаматтардың ерлігіне тағзым етейік.

Бұлар:

Алибеков Сейтжан, Байбосынов Қаман, Бостанов Жұмабек, Бейсенбаев Какен, Дайыржанов Арын, Дүйсенбаев Кәрім, Елеубаев Сатпек, Еркебаев Алпыс, Елеупаев Меңдібек, Жунусов Ризан, Жанапейсов Ажен, Жансейітов Ақмедья, Жакенов Шығай, Жұманов Балаби, Құдайбергенов Мұса, Какенов Шаяхмет, Қойшыбаев Ислям, Қалдияков Дауренбек, Қасықпаев Байбол, Қасықпаев Ақылбай, Қурсаубаев Нақыпбек, Қадырпейсов Байжан, Карабалин Ақан, Кульбаев Қалиақпар, Қожахметов Абдыкәрім, Маханов Ужан, Молдахметов К, Маутов Қарыбай, Мухамбетов Есет, Мусажанов Балтабай, Мирамов Қабден, Мұсабеков Асылбек, Молдахметов Боранбай, Наурызбаев Қыпшақпай, Мусин Лиас, Оспанов Тәжікей, Орманбетов Ибрагим, Орақбаев Ержан, Сарымсақов Қожабек, Сарымсақов Меңдібек, Секаралин К, Смайлов Қанапия, Жақсыбаев Қожахмет, Таскенов Сейілбек, Тажин Хасен, Тоқсамбаев Жақан, Шарапиев Хамит сол от жалыннан аман оралып біраз жыл еңбек етіп елімізді көтерген азаматтарымыз бүгінде ортамызда жоқ.

Бұлар:

Социалистік еңбек ері Садвокасов Жүнісбек, Алибеков Қайыржан, Алибеков Қали, Мыжықаев Имантай, Муратов Орақ, Елеупаев Сәдібек, Алибеков Жәркей, Құсайынов Мұрат, Раев Төлеміс, Шимшиков Ерден, Альжанов Арап, Мажитов Сары, Татимов Қалымбет, Наукеев Базылбек, Шаяхметов Шайзада, Садвакасов Танабай, Шиденов Сейтжапар, Жакупов Қадырбай, Муканов Садық, Түсіпбеков Олжабай, Исабеков Көжек, Дюзенов Қасым, Жабыкенов Қабрашит, Қасықпаев Асылбай, Нарынбаев Алпыс, Мусин Сейтбек, Махамбетов Мақат, Молдахметов Ақым, Жунусов Мизам.

Ұлы Жеңіске тыл еңбек еткен ауылдастарымыз, еңбек армиясында болғанда Жаманбаев Мұқаш, Мухамбетов Мәжит, Омурзаков Тұрлыбек, Даулетқалиев Сансызбай, Жақсыбаев Жарқынбай, Дерханбаев Шалабай, Райымжанов Шаяхмет, аты аталмай қалған әкелеріміз, аталарымыз ерліктеріне тағзым етейік.

1 минут еске алайық!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерлік ?мытылмайды.

Автор: Рахимжанова Биби Асылбаевна

Дата: 19.03.2015

Номер свидетельства: 189044

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Ешкім де, ешн?рсе де ?мытылмайды "
    ["seo_title"] => string(39) "ieshkim-die-ieshn-rsie-die-u-mytylmaidy"
    ["file_id"] => string(6) "207099"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430330937"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) ""Ерлік  ?рпа??а ?ран ""
    ["seo_title"] => string(23) "ierlik-u-rpak-k-a-u-ran"
    ["file_id"] => string(6) "297661"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456226813"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Классный  час на тему "Же?іс к?ні ?мытылмайды!" "
    ["seo_title"] => string(49) "klassnyi-chas-na-tiemu-zhien-is-kuni-u-mytylmaidy"
    ["file_id"] => string(6) "170886"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423592169"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Т?рбие са?аты«Батырлар есімі еш уа?ытта ?мытылмайды» "
    ["seo_title"] => string(58) "t-rbiie-sag-aty-batyrlar-iesimi-iesh-uak-ytta-u-mytylmaidy"
    ["file_id"] => string(6) "209437"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431167923"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "?лы Же?іс еш?ашан ?мытылмайды "
    ["seo_title"] => string(38) "u-ly-zhien-is-ieshk-ashan-u-mytylmaidy"
    ["file_id"] => string(6) "206837"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430288003"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства