kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза? есімдеріні? шы?у тарихы мен ?азіргі хал-ахуалы».

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ?ылыми жоба ?аза? антропонимдеріні? зерттелу тарихы мен ?азіргі ахуалы туралы м?лімет береді. О?ушы ?з сараптамасын жасай отырып, балалар мен ересектер арасында сауалнамалар, зерттеу ж?мыстарын ж?ргізеді. ?азіргі к?п ?оылып ж?рген есімдер мен ма?ынасы т?сініксіз, ?зге тілден енген есімдерді? де к?птеп ?ойылып ж?ргеніне ?ынжылады. ?аза?ты? ?азіргі заман?а сай к?ркем есімдеріне де ке?інен то?талады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза? есімдеріні? шы?у тарихы мен ?азіргі хал-ахуалы».»

Қарағанды облысы Теміртау қаласы

«№9 мектеп-лицейі» КММ



Секция:тіл білімі



Ғылыми жобаның тақырыбы: «Қазақ есімдерінің шығу тарихы мен қазіргі хал-ахуалы».



Ғылыми жобаның авторы:Муралыева Бактыгуль.

9 «Ә» сынып оқушысы





Ғылыми жобаның жетекшісі: Нурпеисова Еркеш Болатбекқызы

№9 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





















Мазмұны:

Абстракт_______________________________________________________3

Ғылыми жобаның өзектілігі, мақсаты, міндеті_____________________4

Кіріспе

І тарау. Ғылыми әдебиеттерге шолу

1.1 Антропонимдер-ономастиканың бір саласы.____________________5

1.2 .Қазақ есімдері- халқымыздың мәдени-тарихи өмірінің бейнесі___6

ІІ тарау. Зерттеу бөлімі

2.1. Қазақ есімдерінің лексика-семантикалық құрылымы.___________7

2.2. Балаға ат қоюдағы ырым мен дәстүрдің ерекше орны.___________8

2.3.Сан есімдердің ат қоюдағы маңызы.____________________________9

2.4. Тілек-мақсатқа негізделген аттар.______________________________10

Қорытынды

3.1.Халықтың арман-тілегін арқалаған жаңа есімдер –елдігіміздің белгісі.__________________________________________________________14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі__________________________________17

















Абстракт

Зерттеу тақырыбы: «Қазақ есімдерінің шығу тарихы мен қазіргі хал-ахуалы».

Зерттеу мақсаты: Есімдердің адам өміріне қандай ықпалы бар екенін көпшілікке түсіндіру; жас ұрпаққа өз халқының мағыналы да мазмұнды есімдерін үлгі ету,болашақта жастарды тек өз халқымыздың төл аттарын пайдалануға шақыру.

Зерттеу міндеттері:
Адам аты туралы материалдар жинау,оны зерттеу;
Өз сыныбымның, аудан мектептері оқушыларының, ауыл тұрғындарының, жас сәбилер аттарын зерттеп, топтастыру;
Қазақ халқының ат қою ерекшелігін әр адамның білуне ықпал ету.

Ғылыми жобаның өзектілігі:
Адам есімдерін қоярда сақтықпен қарап, жауапкершілікті сезіну – абзал. Қазіргі тілімізге көптеп еніп кеткен шет ел есімдерінен арылуға шақыру. Есімдерді жазуда бірізділікке көңіл бөлу.

Ғылыми жобаның гипотезасы:Болашақта қазақ есімдерінің жаңа жинағын шығарылуына ат салысу. аудан, облыс халқына баспасөз құралдары арқылы өз халқымыздың төл аттарының мағынасын түсіндіре отырып, балаларға заманауи, халықтық ат қоюларына бағыт беру.

Зерттеу кезеңдері:1.Адам аттарының қойылуына қызыға отырып, тақырып таңдау.

2. Материалдар жинақтау, кітаптар оқу, архивтер мен арнаулы орталықтармен байланыс орнату.

3. Жұмысты реттеп, ғылыми жобаны жазу.

Зерттеудің жаңашылдығы:

Республика бойынша, соның ішінде өз мектебімізде балаларға ат қою нәтижелерімен қалың көпшілікті хабардар ету, әр адамның жас сәбиге ат қоюда мұқият болуға, тәрбиелі де мағыналы есімдерді дұрыс таңдай білуге ықпал ету.





«Қазақ есімдерінің шығу тарихы мен қазіргі хал-ахуалы» тақырыбындағы ғылыми жобаға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркеш Болатбекқызы Нурпеисованың


Пікірі


№9 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Муралыева Бактыгульдің бұл зерттеу жұмысы қазақ ономастикасына қосқан бір кішкентай үлесі деп білемін.

Бактыгуль қазақ есімдері ықылым заманнан бері келе жатқан өзіндік тарихы бар, салт-дәстүрге негізделген, тарихымыз бен өткен өміріміздің бейнесін айқын көрсететін тарихи жәдігер екендігін анық аша білген. Ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық қарым-қатынасты сақтай отырып, өз ұлты орыс болса да, қазақ есімдерінің шығу тарихы мен бүгінгі хал-жағдайына зор жауапкершілікпен қарай білген.

Көптеген сауалнамалар мен іздену жұмыстарын жүргізе отырып, болашаққа сеніммен қарайды. Жоба тақырыбын аша алған деп ойлаймын.

Мен алдағы уақытта Бактыгульдің бұл жобасы басқа оқушылардың қызығушылығын тудыра отырып, өзі де жұмысын ары қарай тереңдете түседі деген сенімдемін. Бактыгульге шығармашылық табыс тілеймін.






Пікірберуші: Нурпеисова Е.Б.


№9 мектеп-лицейінің

қазақтіліменәдебиеті пәнінің

мұғалімі.















Антропонимдер ономастиканың антропонимдерді, яғни, кісі аттарын, фамилияларын лақап аттарын және бүркеншік есімдерді зерттейтін саласы. Кісі есімдерінің жалпы жиынтығын антропонимия десе, оларды зерттейтін ғылым саласы антропонимика деп аталады.

Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.

Бұл - өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Міне, осындай себептермен мен осы тақырыпқа тоқталдым. Мен бұл жұмыс барысында тек өз жетекшіммен ғана емес, мектептің басқа ұстаздары тарапыннан да көп қолдау таптым. Сонымен бірге сыныптастарым да көп көмек көрсетті. Мәселен, орыс тілі пәні мұғалімі біздің бастамамызбен

7 «А»-сыныбында «Өз есіміңнің сырын білесің бе?» атты сабақтан тыс іс-шара өткізді. Оған балалар зор қызығушылықпен қатысты. Өз есімдерінің мағынасын түсінбей жүрген балалар мұғалімнің, құрдастарының, ғаламтордың көмегімен көп мағлұматтар алды

Сонымен, менің бұл тақырыпты таңдап алған екінші себебім, қазіргі кезде сан алуан әдемі, заманауи аттармен қатар, біртүрлі оғаш, құлаққа жағымсыз, ең бастысы ешқандай мағына бермейтін есімдердің де көп кездесетіні. Шет елге еліктеп, ағылшын, неміс т.б. елдердің атауларымен қоса, баяғы кезде ата-әжелеріміз заманына байланысты Совет, Кеңесхан, Сиязбек сияқты оғаш есімдер тәрізді, қазіргі дағдарыстың салдарынан сәбиге Дағдарыс , олимпиада өткен кезде туған сәбилерге Олимпиада, Азиада деп ат қою да арагідік блса да кездесіп жүр. Бұл, менің ойымша, ата-аналардың сәбиінің тағдырына атүсті қарауы деп ойлаймын. Өйткені адам есімі қандай әсем болса, ол да болашақта сол есімді ерекше қуанышпен, мақтанышпен айтып жүреді емес пе?!

Бұдан бөлек елімізде Партизан, Армия, Патриот сынды езуге күлкі ұялататын есімдер де бар. Сонымен қатар, Жүрегім, Әттаһиат деген құлақ үйренбеген аттар да кездеседі. Ал Совхозбек, Колхозбектер қазақ есімдерінің тізімінен әлдеқашан орын алып қойған. Бұл есімдер келмеске кеткен кеңестің сүйегімізге салған таңбасы іспеттес. Сол кездегі Съезд, Слёттердің ізін қазір Саммитхан, Азиадалар жалғастыруда. Бала дүниеге келген сәттегі ірі оқиғаны ат қылу үрдісінің белең алғаны соншалық, соңғы әлемдік дағдарысқа байланысты елімізде бір отбасы жаңа туған сәбилерін «Дағдарыс» деп атапты. Бір кездері еліміздің оңтүстік өңірінде Бен Ладен есімді бала дүниеге келгенін естіп: «Бұл қалай болғаны?»-деп таң қалған болатынбыз. Ал Дағдарысты естігенде жағамызды ұстадық. Осы ретте пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына хадисін айта кеткен жөн: «Расулла «с.ғ.с.) мағынасыз және жағымсыз аттарды жақтырмайтын еді. Бірде Хузн деген сахабадан : «Атың кім?»-деп сұрайды. Ол: «Хузн (яғни «қайғы»),-дегенде, Мұхамед (с.ғ.с.): «Сенің атың – Сахл (мағынасы «жеңілдік» ) болсын,- дейді. Сол кезде сахаба: «Жоқ, әкем қойған атты өзгертпеймін»,-депті. Кейін Хузнның баласы: «Әкем қойған атын өзгертпеді. Біз ешқашан қайғыдан құтылмадық»,-деген екен. Яғни, ат қою - ойнап емес, ойланып істейтін үлкен міндет.

Сонымен қатар, біз еліктегіштігіміз ұстап, өз тіліміздегі мағынасына мән бермей, өзге ұлттың есімдерін де қойып жүрміз. Мысалы, Зина деген есім негізінен орыс ұлтына тән болғанымен, өкінішке орай, осы атты иемденіп жүрген қаракөздеріміз де бар.

Сондай-ақ, құдайсыз идеологияның негізін қалаған адамдардың атымен аталып жүрген Мэлс есімді қазақтардың да бар екенні өкінішті. Радамира, Руфинат, Лилиада сияқты есімдер де өзгенің жылтырына қызығушылығымыздан туған дүниелер. Оның үстіне, бүгінгі телесериалдар да қазақ есімдерінің бұрмалануына айтарлықтай ықпалын тигізуде.

Жалпы, балаға ат қоюдың маңызы өте жоғары. Бұның ата-ананың бала алдындағы ақысы екендігін жоғарыда айтып өттік. Бұл жөнінде Ибн Аббастан (р.а.) Имам Байһақи риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің бала алдындағы міндеті-жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру» ,-деген. Келесі бір хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні өз аттарыңызбен әне әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар»,-деп, ат қоюдың қаншалықты маңызды екенін айтқан.

Қазіргі қазақ есімдері сан жағынан көп те мол болумен қатар, құрамы мен құрылысы жағынан да әр алуан өзінше бөлек, дәстүрлі қазақ есімдері де, дәстүрлі емес қазақ есімдері де көп кездеседі. Ол жөнінде жазылған еңбектер біздің қазақ тіл білімінде де аз емес. Әйткенмен, кісі есімдері жөнінде жазылған еңбектердің ішіндегі халыққа ең қажеттісі де, керегі де кісі аттары жайлы анықтама құрал. 1968 жылы белгілі ономаст ғалым Т. Жанұзақовтың қазақ есімдерінің қысқаша анықтама құралы «Қандай есімді ұнатасыз?» деген атпен шығып еді. Бұл анықтама жаңа туған нәрестеге ат таңдауда жақсы және әдемі есімдерді ұсынумен қатар, қазақ есімдерінің жазылуына да біраз түзетулер енгізген. Алайда қазақ антропонимдері құрылысы мен құрамы жағынан, лексика-семантика, этнолингвистикалық тұрғыда жеке-жеке, жан-жақты қаралып бітпей жатқан мәселенің бірі болып саналады. Қазақ антропонимдері мейлінше бай әрі әр алуан, бірақ, тіліміздегі есімдердің басым көпшілігінің кірме сөздерден екендігін бүгінгі күнде тіпті ажырата да алмай жатамыз. Өзге тілдерден еніп, қазіргі тілдік қолданысымызда жүрген антропонимдердің тілімізге келіп, әдбен кірігіп, сіңісіп кетуі соншалық, бұл күнде оларды өзге тілдерден енген есімдер деп айту өте қиын. Қазақ антропонимдерін жүйелей келе тіліміздегі антропонимдердің басым көпшілігінің араб, иран тілдерінен келгендігіне көзіміз жетті.

Кісі есімдерін белгілі бір тәртіппен, жүйеге келтіріп, қатаң әліпбилік ретпен беріп, мағыналарын түсіндіретін анықтамалық кітап-антропонимиялық сөздік. Антропонимиялық сөздік жер жүзі халықтары тілдерінде ерте заманнан бар. Ол Батыс, Евразия, Арабия, Иран, Америка, Қытай, Жапония. түркі халықтарында бұрын да, қазір де жариялануда. Оларкөлемі мен құрылысы жағынан да әр түрлі болып келеді.

Әр халықтың жалпы тіл білімінде антропонимия ғылымы жақсы әрі жан-жақты қаралған, антропонимдердің құрамы, құрылысы, лексика-семантикасы, этнолингвистикасы, тағы басқа да толып жатқан әртүрлі анықталған, антропонимдердің түсіндірме сөздіктері, этимологиялық сөздіктері, анықтама сөздіктері жасалған. Ал біздің қазақ тіл білімінде әлі толық қарастыра алмай, бір бағытта жүйелей алмай жатырмыз. Жалпы тіл біліміндегі антропонимия саласында айналысып жүрген ономаст ғалымдар – Г.В. Тропин, А.В. Суперанская, В.А. Никонов, Н.А. Баскаков, Н.М. Тупиков. Өзбек тілінде Э.А. Бегматовтың «Өзбек есімдері» татар тілінде Г.Ф. Саттаровтың «Татар есімдері», И.С. Колосов, Ш. Жапаров қырғыз тілінде шығарған «Қырғыз есімдері сөздігі», А.В. Суперанская мен Ю. М. Гусева редакциясымен жарық көрген «РСФСР халықтары есімдері» сөздігі О. Мирзаевтің «Әзербайжан есімдері», Р. Ортиков пен Я. Калонтаевтің «Тәжік есімдерінің емлесі» атты еңбектерді ерекше атауға болады. Қазақ ғалымдарынан Т. Жанұзақов пен К. Есбаеваның «Қазақ есімдері» атты қазақ тіліндегі анықтама сөздігін де осы еңбектердің қатарына қоя аламыз.

Антропонимдер тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі қорынан алады да тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп ол тілдегі сөздердің (лексиканың) барлық салаларынан жасалады. Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді.

Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып, төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.

Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота, Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б.

Табиғат құбылысымен байланысты есімдер: Таубай, Боран, Толғанай, Айым т.б.

Аңдар мен үй хайуанаттары және құстармен байланысты есімдер: Арыстан, Түлкібай, Лашын т.б.

Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына байланысты есімдер: Алтын, Болат, Маржан т.б.

Өсімдік аттарына байланысты: Қызғалдақ, Райхан, Раушан, Гүлжан т.б.

Жеміс-жидек атауларымен байланысты: Алма, Мейіз, Анар, Жаңғақ т.б.

Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба, Туғанбай, Жиенбай т.б.

Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ, Орал, Алтай т.б.

Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара, Табақбай, Айнагүл т.б.

10. Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айранбай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.      

 Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.
      Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдардың зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстарының бірі. Соның нәтижесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
      Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқызса, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы»,- дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол – жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс. 
       Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп, әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қалуы ықтимал деп жорыған» (Ю.Бошняков, Денсаулық, 1991, № 11, 25 бет). Иә, баласының атын ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұру деп қабылдаған .

Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болғанда шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген). Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тәрізді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айналдырған. 
     Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.
             Сәбиге ат қоюда салт-дәстүрге негіздеп ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен.
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.

3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай, Берік, Қайрат.
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- санбай, Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек. 

12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат. 

13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б.
      Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.
      Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. Жасыратыны жоқ, халықтардың бір-бірі мен ыстық қарым-қатынасының нәтижесінде және сол ұлттың, ұлыстың әдебиеті мен тарихын оқып, білудің нәтижесінде кейбір есімдер бір-біріне ауысып, сол халықтың бірқатар есімдері біздің төл есімдерімізге де айналып кеткені қашан. 

Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Олардың кейбірі мынандай: Ежелгі түркі есімдері  Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).
Араб есімдері Абылай («ата, әке»), Аи-да («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат 
(«бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын, 
таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), 
Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).
Иран есімдері Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Да-на («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ер-жүрек»).
      Бұрындары қазақ халқында біріккен сөздерден тұратын, яғни, әрбір сөз, есімнің бірінші әрпін бір-біріне қосып қойылатын есімдер де болатын. Солардың бірі – МЭЛС. Ол Маркс, Энгельс, Ленин, Сталин деген есімдердің бірінші әрпінен тұрады. Сондай-ақ, қалааттарымен (Ирак, Бағдат) балалардыатау да орыналды. Құдайғашүкір, қазірбалаларынорысшаатау (Мила, Света, Тимур) да тиылды

Есім берудегі кеңінен тараған дәстүрдің бірі – сан есіммен байланысты болып келеді. Ондай сан есімдерден қойылған кісі аттары бір сан есімінен мың санына дейін кездеседі. Мысалы: Бірбай, Біржан, Бесбай, Жетібай, Сегізбай, Елубай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай, Мыңбай. Керісінше, сан есімнен қойылған әйел есімдері некен-саяқ қана. Ал, балаларға жарасымды да сұлу есім беруде ешбір шек болмаған есімдер тарихында ғасырлар бойы жаңару, ескіру, архаизмге айналу процесі болып отырады. Адамға ат қоюдың себептері алуан - түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған. Бұл заңды құбылыс. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттармен байланысты да болып отырған.

1. Бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай, Алтынбай, Малбай т.б.

2. Күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын деп қойылған есімдер: Арыстан, Батыр, Тарғын т.б.

3. Бала сұлу да көрікті, ажарлы да әдемі болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Айсұлу, Әсем, Нұрсұлу, Ботагөз.

4. Денсаулығы зор болып, ұзақ жасасын деген тілекпен қойылған есімдер: Ұзақ, Өмірзақ, Мыңжасар.

5. Бала ақылды да тапқыр болсын деген тілекпен қойылған есімдер: Ақылбай, Ақылбек, Данышпан.

6. Бала мырза да жомарт болсын деп қойылған есімдер: Жомарт, Мырзабек, Мәртай.

Есімдерді таңдап, талғап қоюда бұлардан басқа да белгілер мен түрлі нышан, әр түрлі жағдаяттар болып отырған. Мәселеге, Аманжан, Қаржаубай, Жолай тағы басқа.

Батырлар жырларындағы халық батырлары мен тамаша, ақылды да парасатты тарихи адамдардың дәстүрлі есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге дейін қойылып келе жатыр.

Тіліміздегі кеңінен тараған екі не үш сөздерден құралған күрделі тұлғасы есімдердің көбірек кездесетіндері – құрамында бай, бек, би, хан, сұлтан, төре, шах, ханым компоненттері (сыңарлары) бар есімдер. Тарихи сипаты жағынан бұл сөздер архаизм әрі историзм ретінде келмеске кеткен әлеуметтік терминдер.

Қазақ халқы тарихында феодал ақсүйектер – өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді. Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандардан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі кездесетін.

Бірақ біздің заманауи дәуірде анықтауыштар әуелі мағыналарынан айырылса, енді біреулері жаңа мағынаға ие болды. Мәселен, мырза қазіргі кезде «қайырымды», «жомарт», «мәрт адам», «бай», «әлді», «қуатты». Бұл күнде ата-аналар балаларына – бай, бек, би, сұлтан, төре сөздері арқылы жасалған есімдерді сирек беріп, балаларға мән-мағынасы айқын да анық, сұлу да көркем есімдер береді:

Мәселен, Басат, Азат, Артур, Айбек, Серік, Алма, Дина, Мира, Сәулетағыбасқа.

Кейбір есімдердің мән-мағынасы (семантикасы) мен дыбыстық сипаттары арқылы белгілі бір аймақ тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Сол жергілікті тілдер негізінде қойылған есімдердің алуан түрлі тұлғалары мен тұрмыстың варианттары да ерекшеленіп тұрады. Атап айтқанда, оңтүстік, тұрғындары есімдеріне дауыссыз еріндік және сонар мдыбыстары орнына қатаң дауысты п дыбысы қолданылса, сол пдыбысы орнына сонар м дыбысының қолданылуы есімдер мен фамилиялардың тек басқа буындарында ғана емес, ортасында да кездесіп отырады. Мәселен, Пақтагүл (әдеби тілдегі Мақтагүл орнына), Палым (Балым); Полат (Болат), Палымбет (Болымбет) т.б.

Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарында, сондай-ақ Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аудандарында әдеби тіліміздегі дауыссыз ұяңш дыбысы орнына тіл алды чдыбысы қолданылады. Мәселен, Ақчал, Чегебай, Чотбай, Чойбек т.б.

Тілімізде халықтың осындай ұлттық психологиялық түсінік, ырым, наным-сенім негізінде дүниеге келген есімдер өте көп. Айталық, аты аңызға айналған Қорқыт есімінің шығу тарихы «Қорқыт ата» кітабында: «Қорқыт ата дүниеге келгенде, табиғат алай-дүлей қаһарына мініп, көк аспанды қара бұлт басып, бірнеше күн қараңғылық билеп, елдің зәре құтын қашырған күн болыпты» делінген. Халықты қорқытқан бала деп атын Қорқыт атапты десе, енді бір деректерде Қорқыт түбірі – құт - береке, байлық, ырыс мағынасында қойылған есім делінеді.

Ал енді қазіргі заманға келсек, өз дәуірінің үні іспеттес жаңа да көркем есімдер өте көп. Мен ғаламтор, баспасөз материалдарын көп іздестіре келе мынадай мәліметтергеқол жеткіздім.

ҚР Статистика жөніндегі мәліметі бойынша 2015 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Қазақстанда туған нәрестелер арасында ең көп таралған есімдер-Ерасыл мен Аружан. Сонымен қатар тізімдегі алғашқы 20 есімнің қатарында-Диас, Мирас, Ислам сында ұлдарымыздың аттары топ жарып тұр. Ал ең көп тараған қыздардың тізімін-Каусар, Аяулым, Әмина, Айзере, Айша атаулары құрайды.

Статистикалық мәліметтер бойынша, қаңтар-тамыз айларында республикада 244 292 бала дүниеге келіпті.

Ерасыл – 1255 бала, Диас – 880, Нұрасыл – 837, Әлихан – 771, Мирас – 737, Бейбарыс – 647, Санжар – 626, Нұрислам – 624, Азамат – 608, Никита – 589, Кирилл – 569, Ислам – 560, Нұрдәулет – 505, Дамир – 493, Руслан – 461, Әмір – 443, Арсен – 434, Әділет – 428, Бекзат – 421, Ернұр – 419, Алдияр – 415, Илья – 399, Бекарыс – 391, Тимур – 388

2013 жылдың ақпан-наурыз айларында ең көп қойылған есімдердің тізімін ұсынып көрмекпіз.

Қазақстан Республикасының статистика агенттігі соңғы үш жылда ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай көрсеткен:

  1. Ерасыл

  2. Әлихан

  3. Санжар

  4. Нұрислам

  5. Нұрасыл

  6. Мирас

  7. Әрсен

  8. Диас

  9. Әмір

  10. Ислам

  11. Әділет

  12. Әли

  13. Руслан

  14. Азамат

  15. Алдияр

Агенттік көрсеткіші бойынша қазақстандық ата-аналар өздерінің қыздарына мынадай есімдерді өте көп таңдаған екен:

  1. Айзере

  2. Айару

  3. Інжу

  4. Кәусар

  5. Айша

  6. Аружан

  7. Әмина

  8. Аяулым

  9. Іңкәр

  10. Сезім

  11. Мадина

  12. Дария

  13. Диана

  14. Аяла

  15. Нұрай

  16. Жанерке

  17. Аяжан

  18. Алина

  19. Сабина

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2014 жылы жаңа туған нәрестелерге көп қойылған есімдерді жария етті. Биыл ұлдарға Әлихан есімінің ең көп қойылғаны белгілі болды, ал қыз балалар Айзере есімін көп иемденді. Өтіп бара жатқан жылы 2798 Әлихан мен 6276 Айзере дүниеге келген.

2014 жылы ұлдарға жиі қойылған есімдер мыналар: Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан, Мирас және Артем.

Қыздар арасындағы ең танымал есімдер Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым мен София болды.

Айта кетейік, 2013 жылдың статистикасымен салыстырғанда, биыл ұлдар арасындағы ең танымал есім өзгерген. Былтыр ұлдарға Ерасыл есімі көп қойылған еді, ал қыздар арасында өткен жылы да Айзере көш бастады.

Қазіргі заман жастарының қандай есімдерді ұнататынын, өз есімдерінің мағынасын білетін-білмейтіендіктерін анықтау мақсатымен, мен мектебіміздің 7-11-сынып оқушыларымен сұхбат жүргізіп, сауалнама алған едім.





Саулнамаға қатысушылар жасы

пайызы

1

12-14 жас

22%

2

15-18 жас

43%

3

ересектер

35 %















Сауалнамаға мектеп оқушыларынан басқа мұғалімдер мен қала тұрғындарын да тартқан болатынбыз. Жалпы саны 82 адам болды. Оның 22% -12-14 жастығы балалар, 43% -15-18 жастағы жасөспірімдер, 35 % -ересектер.



Сауалнама нәтижесінде, қатысушылардың 88 % -өз аттарының мағынасын түсінетінін, ал 12 %- білмейтіндігін анықтадық, яғни көпшілігі біледі деген сөз. Ал «Өз есіміңіз ұнай ма?» деген сұраққа алған жауабымыз бойынша, 95% - «ия» деп жауап берсе, 5% - «жоқ» деп жауап берген.




Сұрақтар

ия

жоқ

1.

Өз есіміңіз ұнай ма?


95

5

2.

Өз балаларына басқа халықтың атын қоюға қалай қарайсыз?


50

50

3.

Өз есіміңіз қандай мағынаны білдіретінін білесіз бе?


88

22

4.

Адам есімі тағдырына әсер етеді дегенге қалай қарайсыз? Сенесіз бе


63

27













Сыныптар бойынша, әр сынып бойынша оқушылардың есімдерінің 95% қазақтың төл есімдері екендігі бір қуантты. Дегенмен де арасында Арилана, Альбина, Алина, Марина, Сабрина, Руслан. Диас сияқты есімдер де кездесті.


Сыныптар

Қазақ есімдері

1

Бастауыш сыныптар

92 %

2

Орта буын

90%

3

Жоғарғы буын

93%


Барлығы

91,6%

Оны мынадай кестемен көрсетуге болады:









Сондай-ақ, мектебімізде Балғұмыр, Шұғыла, Ажар, Нұрсипат, Нұрхаят, Ислам, Нұрислам, Ғибрат, Лашын, Кәусар секілді жаңа сипаттағы әдемі есімдер де бар екен.

Ең көп кездескен есім 8- Ақниет, 6-Перизат, 5- Зейнеп, 6- Арман, 6-Мұрат, 5-Нұрбек, 5-Аружан, 5- Данияр.



Ал алынған сауалнама қорытындысы бойынша көпшілікке мынадай есімдер ұнайды екен:

Ұлас, Жалғас, Мәди, Бақытжан, Алмас, Тұлпар, Әмір, Тілек, Нұржігіт, Елнар, Еркебұлан т.б.

Ал қыз балалардың есімдерінен: Айгерім, Раушан, Айым, Алуа, Жібек, Ләйлә, Аружан т.б.

Бұл жерден байқағанымыз, біздің жастар нағыз, қазақи аттарды ұнатады екен, бұл да қуанатын жағдай деп ойлаймын, өйткені келер ұрпақтың ата-анасы өз балаларына осындай әрі әдемі, әрі халық діліне сай аттар қояды деген сенім мол.

Ал енді ғаламтордағы жас қыздар мен жігіттердің ең таңдаулы, көп дауыс берген есімдеріне назар аударып көрейік.

Ең көп дауысқа ие болған ұл балалардың есімдері: Ерасыл, Әлихан, Нұрислам, Ғазиз, Мансұр, Санжар, Мирас, Диас, Арсен.

Ал қыздардың есімдерінен көп дауыс алған есімдер: Әмина, Аяулым, Аяжан, Диана, Сезім, Інжу,Назым, Әсем.

Қазіргі жастардың Құрандағы кездесетін аттарды қоюды ұсынулары, мағыналарына мән беретіні мені қатты қуантты. Мәселен, Әмина, Мәдина, Айша секілді аттардың шығу тарихына мән беріп, таратып берулері де құптарлық жағдай.

Мысалы,Айша есімі былай түсіндіріледі:

Айша-араб тілінен алынған гайшә- көне еврей тіліненайше-ұзақ өмір сүруші, өмірге құштар, құмар. Пайғамбарымыздың(оғанАллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) әйелінің есімі.

Әмина- араб тілінен аударғанда «адал», сенімді», қауіпсіз» дегенді білдіреді. Ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) анасының есімі болған.

Енді бұл аттың Қазақстанда ең көп кездесуінің себебіне келсек, жауабы оңай, ол жастарымыздың дінге көптеп бет бұра бастауына баланысты.

Сол сияқты Дінмұхамет, Ахмет, Әлихан, Мағжан деген есімдер де көп дауысқа ие болыпты, бұл да халқымыздың тарихымызды құрметтеп, ұлт көсемдерінің есімдерін ұлықтап отырғанының көрінісі.

ХХ ғасырға дейінгі қазақ есімдері өз заманының көрінісі екеніне де бөлек тоқталуды һажет етеді. Қазақ есімдеріне көңіл аударған адам қазақ халы туралы көп нәрсені білу мүмкіндігіне ие болады. Себебі,қазақ халқы есім беруде де өзінше бір үлкен құбылыс иесі екені анық. Қандай аласапыран жағдайларды басынан кешірсе де есім беруге келгенде халықтық тамырынан айрылмаған.

Сонымен, қазақ есімдеріне тек сәби дүниеге келгенде берілген ат деп қанақарап қоймай, оған қазақ поэзиясының және қазақ тарихының бір құрамдас бөлігі деп бағалау қажет. Әсіресе, ақын-жазушылар, кино және театр қайраткерлері өз шығармаларына сол тарихи кезеңге тән есімдерді таңдағаны абзал.

Ал қазіргі еліміз егемендігін алып әлемге танылып жатқан бейбіт заманда Гүлжауар, Жаншуақ, Ерхалық сында жаңа есімдердің пайда болуы да халқымыздың арманшыл халық кенін және сол армандаған мақсатына жете білетіндігінің дәлелдейді.





































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бердалы Оспан. Есімдер еліне саяхат.01.04.2013. «Ақиқат» газеті.

  2. Т. Жанұзақов. Қазақ есімдерінің тарихы .Алматы, 1968.

  3. О. Қожанов. Қазақ ономастикасының нормативтік актілерінің жай-күйі.

  4. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағлымы. Алматы. Ана тілі. 1999.

  5. Ғаламтор деректері.

  6. ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?аза? есімдеріні? шы?у тарихы мен ?азіргі хал-ахуалы».

Автор: Муралыева Бактыгул

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282071


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства