«?аза? ханды?ыны? 550 жылды?ы»-б?л т?уелсіздік пен те?дікті?, ынтыма? пен елдікті? тойы. Атамекенінен айырылып, атаж?рты тарылып, к?бейген елден т?белдей елге айнал?аны ?аншама. Ал бізде – ел де бар, жер де бар. Е? бастысы, Елбасыны? сарабдал саясатыны? ар?асында абыройы арт?ан, т?ртк?л д?ниеге м?мкіндігін мойындат?ан мемлекетіміз бар. Міне, шары?тайтын кез – осы!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Қазақ хандығы-бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Қорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін.Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы -КенесарыҚасымұлы.
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары:1)Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.2)Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар.3)Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығыныңұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Жазба деректер мен тарихи зерттулерде алғашқы қазақ ханының есімі-Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі.Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді өз зерттеуімізде қолданамыз. Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В.В.Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: «Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде «гирей» - моңғол сөзі, моңғолша «гарай» делініп, «еңбегі сіңген» , «лайықты» , «құқылы» деген мағынада қолданылады».Керей ханның шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы –Орда Еженнен бастау алады.Оның ұлы Орыс ханнан бері қарай таратсақ , Орыс ханның үлкен ұлы Тоқтақиядан Болат, одан Керей туады, ал кіші ұлы Қойыршақтан Барақ, Барақтан Жәнібек туады. Ал Жәнібек хан мен Болаттың ұлы Керейдің бір тарихи кезеңде өмір сүргені және белгілі. Олардың да арасындағы жас айырмашылықтары 10-20 жыл деп санауға болады.
Сонымен Керей хан(туған, өлген жылы белгісіз – 15ғасырдың 70-жылдарының бас кезі) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы.Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде Шуөңіріне көшіп келген. Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей хан 10 жылдай Шу бойында хандық құрған.Бұл жылдар хандықтың құрылуының алғашқы кезеңі, сатысы болатын. Керей ханның билігі тұсында жаңа хандық-саяси күш ретінде бірнеше міндеттер орындалады:1)Жүніс ханның Есенбұға ханның тағына таласы уақытша болса да тоқталады.2)Монғол ханы Есенбұғаның өз елінде ықпалы өседі.3)«Көшпелі өзбектер» елінің күйреу процесі тереңдей түседі.4) Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді.
Енді «Неге тұңғыш хан Жәнібек емес, Керей болды» деген сұрақ төңірегінде жауап бере кетейік.Қыпшақ мемлекетінің өзіне тән ғана белгі болды, ол хандық биліктің әкеден балаға емес, әкеден немере туысқа не ініге берілетіндегі.Бұл әдет жасы үлкенді сыйлауға, соған құрмет көрсетуден туса керек. Дешті қыпшақтың билеушісі Барақ хан болған. Монғол дәстүрі бойынша келесі хан оның ұлы Жәнібек болуға тиіс еді, бірақ жергілікті халық дәстүріне сай келесі билік Барақтың немере туысы Керейге тиді.Ал Керейден соң оның ұлына билік тимей, Жәнібек хан болды.Керей хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Керей хан 1472-1473 жалдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі.
Ендігі сөз қазақ хандығының құрылуының басында тұрған ұлы хандардың бірі Жәнібек хан туралы болмақ. Жәнібек ханның шығу тегі мен ата-бабаларына келсек, ол Керей ханның шөберелес туысы болғандықтан, олардың Орда Еженнен Орыс ханға дейінгі бабалары ортақ болып келеді.Жәнібек ханның азан шақырып қойған есімі - Әбу Сайд. Ақ Орданың соңғы ханы, атақты Барақ ханның Мір-Сайд, Мір-Қасым атты ұлдарынан кейінгі кіші ұлы. Сол себептен болу керек, ХVІ-ХVII ғғ. қазақ тарихшысы Қадырғали би Жалайыр оны «Кіші Жәнібек хан» деп айтады. Жәнібек хан шамамен XV ғасырдың басында дүниеге келген. Жоғарыда айтылып кеткендей Керейден соң хандыққа Жәнібектің келуі ата дәстүріне сай жүзеге асады. Жәнібек хандық билікке шамамен 1465-66 жылдары отырған. Ханның билігі 6-7 жылға созылады.Оның тұсында хандық тарихында үлкен маңызға ие бірнеше оқиға болады. Біріншісі, 1469 жылғы Әбілқайыр ханның Қазақ хандығына жасаған жорығы сәтсіз аяқталып, ханның қайтыс болуымен аяқталады. Екіншісіне Дешті Қыпшақта шайбанилық әулет билігінің жойылуы жатады. Шайбанилар әулетінің билігі өздігінен жойылмады, оны жояды. Жойғандардың ішінде Сібір хандығы, ноғай мырзалары, Алтын Орда хандығы, Хорезм хандығы және Жәнібек хан басқарған Қазақ хандығы болды. Жәнібек ханның атқарған тарихи рөлін осы жерден көреміз.Жәнібек хан XV ғасырдың 70-ші жылдарының басында, шамамен 1473-74 жылдары қайтыс болған.Жәнібек ханның артында тоғыз ұлы қалады. Оның ішінде Жиренше, Махмұт, Қамбар, Әдік, Қасым секілді ұлдары XV ғасырдың соңы XVI ғасыр басындағы Қазақ хандығы тарихында үлкен рөл атқарады. XVI ғасырдың ортасы мен екінші жартысында Жәнібек ханның Жәдік атты ұлы мен оның ұрпақтары саяси билікті қолдарында ұстайды. Қазақтың ханы болған Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке хандар –Жәнібек ханның ұрпақтары болып келеді. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекет құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ сияқты болып көрінгенмен, заңдылық болатын. Өйткені екі ханның арғы ата-бабалары – Шыңғыс ханның Керей мен Жәнібек хандарға дейін Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси билікті мұрагерлік жолмен иемденіп, атадан балаға қалдырып отырған. Басқаша айтқанда, Керей мен Жәнібек бірнеше ғасыр бойы уысынан билік кетпеген өте мықты әрі өте беделді әулеттің өкілдері болып табылады.
Керей хан немереінісі Жәнібекпен бірге отырып, жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктету үшін үлкен еңбек сіңірді. Монғолстан ханымен бірлесіп, ойрат тайпаларын қарсы күресті.Қазақ хандығының шаңырағын тіккен екі ханның бірі Жәнібек қазақ ұлттық элитасының негізін салушы ірі тұлға екені әмбеге аян. . «Қазақ ханы Жәнібек Сарайшықта жерленген» деген пікірді шегелейтін айғақтардың жоқ екендігі, оның өзге деректермен қошталмауы, «Кіші Жәнібектің» өлке тарихындағы рөлі - әлі де тереңдете зерттей түсуді қажет етеді.
Суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың
мақтанышына айналды. Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына су қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тындаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әрі тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.
Керей мен Жәнібектің өнегелі өмірі, тағлымды табиғаты-Отанды, елді, жерді сүюдің, жаңа ұрпақ, жас буынды тәрбиелеудің өшпес мектебі.Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Біздің міндетіміз тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, өз Отанына деген құрмет көрсету.
«Қазақ хандығының 550 жылдығы»-бұл тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен елдіктің тойы. Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама. Ал бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Міне, шарықтайтын кез – осы!