kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі саба?тарында а?паратты? ??ралдар ар?ылы ?ызы?ушылы?ты арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

ХХІ ?асыр — жа?а технология мен а?параттандыру ?асыры. Т?уелсіз ?аза?стан да сол ?асыр?а ны? ?адам басты. Ел ?міріні? барлы? саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте елімізді? ерте?і болар б?гінгі жас ?рпа? компьютерді? ?ыр-сырын тере? ме?геруі тиіс.

?азіргі білім беру саласында о?ытуды? озы? технологияларын ме?гермейінше, сауатты, жан-жа?ты маман болу м?мкін емес. Жа?а технологияны ме?геру м??алімні? интеллектуалды?, к?сіптік, адамгершілік, рухани азаматтылы?, адами келбетіні? ?алыптасуына игі ?серін тигізеді, ?зін-?зі дамытып, о?у ?рдісін тиімді ?йымдастыруына к?мектеседі. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?тарында а?паратты? ??ралдар ар?ылы ?ызы?ушылы?ты арттыру»

Қазақ тілі сабағында ақпараттық құралдар арқылы 
қызығушылықты арттыру 

ХХІ ғасыр — жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол   ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. 
  Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны, яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Заман талабына сай ұстаз болу және заманауи технологияларды пайдалана отырып әр сабақта оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің жетекшілігімен «Білім беру үрдісінде АКТ-ны пайдаланудың жаңа әдіс-тәсілдері » атты семинар өткізілді. Семинар басында мұғалімдерді тақырыпқа сай «Ғаламтор желісі», «Ұялы телефон» және «Компьютер» деп үш топқа бөлдім. Семинарды бірлестік мұғалімдері : Абдрахманова Л.Т., Мусина Р.Т., Медетова А.Қ., Қыдырбекова Л.Қ. тақырып бойынша теориялық мағлұмат бере отыра ашты.. Мусина Р.Т. : «...Ақпараттық –коммуникативтік технология ақпараттық құралдармен  жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интербелсенді тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.      Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол».

Медетова А.Қ.: «Қазақ тілі  сабағында ақпараттық – коммуникативтік технология құралдары оқушыларға жаңа ақпарат көздеріне жол ашады, жеке жұмыс пен білім алудың нәтижелілігін, тиімділігін көтереді, кәсіби дағдыларды қабылдау және бекіту үшін мүмкіндіктер береді, қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндіктер ұсынады. Ақпараттық – коммуникативтік технология – оқытушы жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологиялар    дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру үрдісі болып табылады»- дей келе АКТ-ны пайдаланудың маңызы зор екенін айта кетті.

Абрахманова Л.Т. мен Қыдырбекова Л.Қ. : «Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен  білім алушы  мен  оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына  қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін — ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни  ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары,  рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды» деп, оқушылардың сыни ойлауларын дамытатынын мәлімдеді.

Наймақұлова Г.С. семинар тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен алмасу мақсатында шеберлік сыныбын өткізді. Үй тапсырмаларын оқушылардың электронды мекен-жайларына жіберу өте қолайлы екенін көрсетті. Ауа-райының келеңсіз жағдайларында оқушыларды қашықтықтан оқутыдың тиімді түрі екенін атап өтті.

Теориялық мағлұматтан кейін әр топ «АКТ-ның түрлері», «АКТ-ның тиімділігі» және «АКТ-ның кемшілігі» атты тақырыптарды постер арқылы өз ойларын айтып өтті.

Әр  оқытушы сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Семинарға қатысқан мұғалімдердің бірауыздан ұйғарғаны: «Интербелсенді тақта — топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы  жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интербелсенді тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интербелсенді тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интербелсенді тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді».

Жұлдыз Серікқызы Ақсартова ,

«№ 18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ деңгейлі мұғалімі,

әдістеме бірлестігінің жетекшісі,

семинардың ұйымдастырушысы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі саба?тарында а?паратты? ??ралдар ар?ылы ?ызы?ушылы?ты арттыру

Автор: Аксартова Жулдыз Сериковна

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 281143


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства