kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

” ??мырс?аны? ма?ызы” зерттеу ж?мысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

///////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«” ??мырс?аны? ма?ызы” зерттеу ж?мысы »

КІРІСПЕ

Құмырсқа (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық – құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1]





Құмырсқалар.

Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.[3]

































Негізгі бөлім





Сіздер білесіздерме? Жер бетіндегі ең ежелгі жәндік (жасы жағынан) құмырсқа болып табылады. Осындай бір қызықты ақпарат тас ғасырының арқасында анықталып, көпшілікті таңғалдырды. Сонымен ежелгі құмырсқалардың жасы жүз миллион жылдың кемерінен бір-ақ асып шықты. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олардың қаншама ғасырдың ширегінде өзгермей келуі – физикалық және қоғамдық жаңданудың әсерінен екен. Демек, құмырсқалар кез келген дүниені қорек көзіне айналдыру мен өндірісті жүргізіп кетудің жолдарын жетік меңгерген бірден-бір тіршілік иесі болып саналғаны. Олардың шындығында физикалық қуаты орасан болғаны соншалықты, өздерінен жүз есе үлкен затты еш қиналмай тасымалдай береді. Құмырсқа– жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқаның сыртқы пішінін қарастырсақ, денесі,бас,көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген,ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық- құмырсқа қышқылы деп аталады.Құмырсқалар , көбіне топтасып 10-100 мың дарасы бірігіп, арнайы илеу жасап, тіршілік етеді.Әрбір илеуде аталық, аналық, жұмысшы және жауынгер құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары жұмысшы құмырсқалар деп аталады.Олар илеуіндегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғанан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрығынан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді.Аналақ құмырсқаның дене тұрқы ұзын. Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір- бірімен қарым- қатынасы, негізінен, өздерінен бөлінетін ерекше химиялық заттар-феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм, сезуі өте жақсы дамыған. Құмырсқалар иленуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пйдасы көп, халықтар ерте кездерден –ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы Қытайда бұдан 5 мың жыл дұрын жазылған « Бың Цау Гаң Му» кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70–ден астам микроэлемент, 20–астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде пайдаланылады. Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді. Құмырсқалар туылғанынан бастап, өлгеніне дейін әркім өз функциясын қалтқысыз орындайтын қоғамдық өзара қатынастар жүйесінде өмір сүреді екен. Бұл қатынастар жалпы адамзаттық түсініктегі өркениетке келеді. Енді ғана туылған құмырсқаларды арнайы питомниктерде бағып-қағады екен. Оларды илеуден таза ауаға шығарып, қадағалап жүретін кәсіби “тәрбиешілер” де болады, арнайы бала-бақша.

Ал ауруға шалдыққан құмырсқаларға өз ісінің шебері – “дәрігерлері” қарайды. Олар күнделікті профилактикалық қадағалау жұмыстарын жүргізіп отырады және қажет болған жағдайда ауруларды алшақтатып, тіпті хирургиялық операциялар жасауға мүмкіндіктері бар. Мысалы, мертіккен аяқтарын кесіп тастау секілді.

Ал Оңтүстік Америкада фермер-құмырсқалар мекендейді. Олар ағаш бұтақтарындағы жарықшаларын жерден топырақпен толтырып, жаңа егін “алаңдарында” әркелкі дақылдарды өсіретін көрінеді. Ал құмырсқаның бір түрлері илеудің айналасына еге береді. Ал егісті құмырсқалар қауымдастығының барлық мүшелері жинайды. Егістен жиналған дақылдар азық болады да олардан қалған масақ құрылыс материалы ретінде пайдаланыла береді екен.

Орталық Американы мекен ететін кейбір құмырсқалар илеуден азық алатын жерге дейін нағыз жол да салады. Оның ұзақтығы кейде 1,5 шақырымға дейін созылады. Ал егер қандай да бір себеппен жолда бір кедергі пайда болса, құрылысшы-құмырсқалар жұмысын тоқтатып, күтеді. Біраз уақыт өткен соң ол жерге полицай-құмырсқалар барып, тәртіп орнатып кетеді екен. Илеуге дабыл қалай қағылатынын осы күнге дейін түсініксіз. Тіпті, телепатия болуы да мүмкін дейді білетіндер.

Құмырсқалардаң арғы өмірге аттануын да адамдардыкі сияқты арнайы ритуалмен шығарып салады: “тасушылар” қайтқан құмырсқаны илеуден аулағырақтағы жерленетін мазарға жеткізсе, “көрқазарлар” оның денесін

2-2,5 сантиметр қазылған жерге тапсырады екен.

Ендеше, осындай қиын әрі әркелкі өмір сүру салтын сана болмағанда, не анықтап, жүйелеп бере алады? Ғалымдардың айтуынша, бұл қоғамдық жәндіктердегі жоғары сатыға дейін дамыған өте күрделі тума инстинкттер жүйесі. Алып-қосар ештеңе жоқ. Адамдар өз тәккаппарлығы мен көкіректігі жайында ұмыта берсе де болады екен. Ал құмырсқалардағы бұл күрделі қоғамдық жүйе құрылысын “ӨРКЕНИЕТ” демегенде, қалай атауға болады?

Уикипедия өркениет туралы “жалпыфилософиялық ұғым – материяның тұрақтылығын қамтамасыз ететін және қоршаған ортамен тығыз байланыста өзін басқара алатын өзін-өзі дамыту қабілеті (ғарыштық масштабтағы адамдық өркениет құрылысы)” дейді. Бұл тұрғыда, құмырсқалар өркениетінің құрылысы туралы адамзаттық масштабта айтуға болатын сияқты.

Ол құрлысты зерттейтін ғылым - мирмекология да бар екенін де ескерген жөн. Құмырсқалардың қызыққа толы қоғамдық құрылымы голливудтық продюсерлердің де назарынан тыс қалмапты, олар 1998 жылы “Антц” мультфильмін түсірген еді. Оған дейін де одан кейін де бұл қызығушылық еш толастамаған екен. Әдебиетте де құндылықсыз инстинктке құрылған құмырсқалар өркениеті мен қызыққа толы құрылымы жазушылардың назарын бір аудармасы анық еді. Мұқтар Мағауиннің “Құмырсқа-қырғын” әңгімесі дәл осы тақырыпқа арналған. Ондағы көркемдік сипаттама құмырсқалар өмірі жайлы тамаша жасалған әліппелердің бірі.

Сонымен қатар құмырсқалар илеулерде ғана емес, ағаш діңдерінде де, гүл сабақтарында да тіршілік етеді. Ал енді көшпелі тропиктік құмырсқаларда ешқандай тұрақты баспана болмайды. Олар орман арқылы, бұлақтарды бойлай бірінің соңынан бірі жосиды, ұрғашы – “ханым” құмырсқаны ортаға алып жүреді, личинкалар мен одан шыққан жас құмырсқаларды тасиды. Мұндай құмырсқалар жолында кездескен тірі нәрсенің бәрін жайпап кетеді. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 – 100 мыңға дейін), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, “жұмысшы” және “жауынгер” құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары – жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар – феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары болып табылады. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқа арыстаны – торқанаттылар отрядының әдемі жәндігі. Ол далалы және шөлді аймақтарда жиі кездеседі. Ересек түрлерінің сыртқы пішіні инелікке ұқсайды, бірақ ұзын шоқпар тәрізді мұртшаларымен оңай ерекшеленеді. Бұл жәндіктің бұлай аталуы жыртқыш дернәсілінің тіршілігіне байланысты. Құмырсқаның бұл түрі шұңқыр қазып, құрғақ жерде тіршілік етеді.Термиттер – жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамда тіршілік етуіне байланысты және түрлі құбылыстар салуға қабілетті болғандықтан “ақ құмырсқалар” деп атайды. Жанұя тобы: аналық, аталық, жұмысшы және солдаттық құмырсқалардан тұрады. Жұмысшы құмырсқалар ғана өз бетінше қоректенеді. Олар өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтар мен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоректенеді. Қалған топтарды жұмысшы құмырсқалар сілекей безінің өнімдерімен қоректендіреді. Сонымен қатар олар жылу сүйгіш, көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5м биіктікке мұнара тәрізді көтеріледі. Бір қызығы жер бетіндегі күмбездің ішіндегі микроклимат өзгермейді, яғни біздің тілімізбен айтар болсақ желдеткіш орнатып қойғандай. Тіпті жазғы құрғақшылық кезінде айналадағы өсімдіктер құрғап қалса да термит күмбезіндегі ауа ылғалдылығы 96,2 проценттен өзгермейді, сырттағы температура бұл кезде 30 градус ыстық шамасында болады.Термит үйіндісінің жер асты сарайының төрінде қарны қампиып кеткен аса ірі термиттердің жататын орны бар. Олар ханша термиттер. Оның айналасында қызмет ететін көптеген нөкерлер қарбаласып жүреді. Нөкерлердің арасында термиттерден басқа сырттан келген қонақ жәндіктер, яғни ұсақ қоңыздар, қанатсыз шыбындар, масалар, өрмекшілер, сияқты жәндіктер де бар.

Термиттер “Қонақтарына”қонақ асын ұсына отырып, олардың денесінен өзінің дамуына қажетті заттар алады. Америка шатырлы құмырсқалары бірнеше минут ішінде-ақ үп-үлкен ағашты жапырақтан түк қалдырмайды екен. Олар жапырақты дөңгелетіп қиып алады екен да, илеулеріне қарай алып жүреді. Жапырақты жеу үшін емес, олар өздерінің жер асты галереяларының түкпірінде бұл жапырақтарға  ерекше бір саңырауқұлақ ұрығын өсіреді. Ол шатырлы құмырсқаның сүйікті асы болып табылады. “Бағбан” құмырсқалар бұл өсімдікке қандай температура мен ылғал қажет болса, тура сондай жағдай жасайды. Адамдар, мәселен, ондай саңырауқұлақты арнайы лабораторяларда  бірде-бір рет өсіре алмаған екен. Ал балды құмырсқа қайың жапырағына жабысып тұратын өсімдік битінің, яғни жұлдызқұрттардың шырынын жинайды. Құмырсқалар оған жақындап келіп мұртшаларымен биттің бүйірін сауған сияқты қимыл жасап қыдықтай бастайды. осы кезде бит денесінде жинаған тәтті сөлді бөліп шығарады, ал құмырсқа оны жемсауытына жинай береді. Құмырсқаның битті саууының мәні, ол жапырақ сөлін сорады. Бит ішінде қорытылып үлгермеген сөл құрамына кіретін ферменттің әсерінен сөл тәтті шырынға айналады. Тәулік ішінде бит өз салмағынан бірнеше есе артық тәтті шырын жасап шығарады. Ал жақын маңда құмырсқа болмаған жағдайда тәтті сөл тамшы болып жауады. Жапырақ бетіне тамса ол лак жаққан сияқты жалтырап кетеді. Құмырсқалар өздерінің “сауын сиырлары” үшін ағаштың үстіне ұзын үңгірге ұқсас етіп топырақтан “қора” жасап береді де, аузына күзет қояды. “Қораны” құмырсқалар өсімдік тамырларына да жасап, оның бір жағын жер асты жолдар арқылы өзінің илеуімен байланыстырып қояды. Жұлдызқұрт өсе келе қораның тар тесігінен сыртқа шыға алмай қалады. Бұл кезде оны құмырсқа жас жапырақ әкеліп беріп қоректендіреді. Бұл жерде “құмырсқа не үшін сонша әуре боп жүр?”- деген сұрақ туады. Себебі, құмырсқа жұлдызқұрттың өсуі кезінде оны үздіксіз сауып, одан сөл, шырын алып отырады. Құмырсқа дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Олар үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап тез арада түгін қалдырмай тасып әкетеді.Құмырсқалар шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтайды. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әр алуан дәнек, шопақты тазалап, сұрыптайды. Жиналған астықты жемес бұрын қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды.



Дастарханға жауапты аспазшы құмырсқалар ұнтақ ұнды сілекей суларына араластырып, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Сондықтан тіршілік кепілі болған дәнді ұзақ мерзімге дұрыс сақтау үшін жанкешті еңбек етеді.











Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса дереу оларды далаға шығарып, кептіріп, құрғатып, ішке қайта тасиды. Құмырсқалар империясында ең статусы төмені – бала бағушылары. Олар таңның атысы, күннің батысы аналық патшаның жатырынан тоқтаусыз туылып жатқан шақалақ тұқымдарды мәпелеп, аялап, жылы орынға жайғастырумен әуре. Ұлық патшайым ұзынынан созыла жатып, бала туумен ғана айналысады. Күтушілер оның ауызына тамақ тосып, тапқан таянғанын Ұлы ананың таңдайына тамызудан жалықпайды. 





Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс қатайып, қар көп жауып, суытатын болады. Ал егер олар ұясына жәй жиналып жатса, онда қыс жайдары, жақсы болатынының белгісі болмақ.

Сонымен қатар құмырсқа адам денсаулығында да маңызды роль атқарады. Мысалы, Жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін қара құмырсқа мен кәріқыз құртын қосып талқандап, суға езіп, ісінген немесе жараланған жерге таңса жара жазылады екен. Аяққа жара шыққанда да кептірілген қара құмырсқаны талқандап жараның аузына таңуға болады. Сонымен қатар оныңилеуі де ем боладыекен.Балалардың қолқа безінің ісінуінде немесе басқа да ісіктерді асқындырмау үшін мына емді есте ұстаңыз. Таңертең ерте, күн шықпас бұрын құмырсқаның илеуінен алып, суға шымырлатып қайнатып алып, су әбден суыған соң илеуді шүберекке орап, ісінген орынға таңса ісікті қайтарады. Медицина ғылымында құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады екен.

Құмырсқаның иелеуде аталық ,жұмысшы және жауынгер құмырсқалар болады. Илеудегі дернәсілдерді аналық құмырсқаларды жауынгер құмырсқа қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдығын бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аналық құмырсқалар 20 жылға дейін өмір сүреді.Олар күн жылы кезде дернәсілдерін далаға шығарып, жылытып тұрады .Жер бетінде түрлі құмырсқалар болады.Оны Оңтүстңк Үндістанда кездестіруге болады.Құмырсқалар барлығы достық қарым –қатынаста болады.Оның сыртқы көрінісінің өзі ерекше. Илеуінің пішіні күмбез тәрізді етіп жасаудың үлкен мәні бар. Жаңбыр жауғанда су іркілмей ағып кетеді.Күн көзіне тез жылынады, ал илеудің ішкі құрылысы болса, бірнеше бөлімдерге бөлінген, илеудің тереңдігі 30 метрге дейін жетеді. Бұл жәндік алдына мақсат қойып,жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайтын тәрізді.Мысалы құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген жуас үй жануарлары болады. Оларды құмырсқа сыйырлары деп атайды. Өсімдік шырынына әбден тойған өсімдік биттері шырынынның қортылмаған арттығын қалдық ретінде құрсағынан шығарып тастайды. Осы тәтті тамшыға құмырсқалар әуес. Сондықтан осы өсімдік биттін олар асырып, бағатыны анықталған. Құмырсқаның илеуін мұртшалары арқылы иісті сезе отырып адаспай таба алады. Орман құмырсқаларының бір мұртшасында ғана 211 иіс сезгіш бүртік,1720 сезу түтіктері болады. Мұнадай әр түрлі ішкі сыртқы әсерлерді сезінетін нерв ұштарын рецепторлар деп атайды. Рецепторларының саны құмырсқаның қай түріне жататығынына қарай түрлеше болады. Мұртшалар арқылы иісті сезе отырып, оларда өз туыстарын жерлейді. 1 – 2,5 см. тереңдікке көмеді екен. Оларды осы иіс сезгіштік қасиеті тағы да сынай алу қасиетіне және бір- бірімен сөйлесе алады. Құмырсқалардың фероман тілінен басқа ыммен сөйлесу тілі де бар. Бұлай сөйлескен кезде құмырсқаның сыртқы дене пішіні әр түрлы қалыпқа келеді. Суретте құмырсқаның ыммен сөйлесу кезеңіндегі мынадай сөздерді бейнелейтін қалпы көрсетілген:

Қоректендіре гөр! Сақтан ! Өтінемін,Қоректендіре гөр! Абайла! Сен кімсің?Бөгде иістен сақтан! Келсең кел! Аттан! Төмендегі суреттерге назар аударыңыздар!

« Агроном » құмырсқаларда болады. Оның құдіреттілігі сол, оларда егіншілікпен айналысады. Мысалы, олар ағаш топырақтарын түйірлеп, бөліп- бөліп өз ұяларына жеткізедіде, арнайы даярланып қойған орынға үйеді. Жас жапырағы үйіндісі қызып, жылыжай пайда болады. Құмырсқаның пайдасы бақшаға, орманға,адам денсаулығына. Құмырсқаларда бал береді.Оларда бал жинау кезінде аралар сияқты жер кезіп, нектар жинайды. Бірақ құмырсқа балы қышқыл болады. Бал құмырсқалар Австралияда және Америкада кездеседі. Құмырсқа балынан салқын сусындар, емдік дәрә- дәрмектер жасалады. Тіпті сол елдің тұрғындары және Америкада кездеседі, арнайы илеулерін қазып « тірі бөшкені» тауып алып балын жейді. Оларды

«тірі бөшке» деуінің ерекшелігі, олар ара сияқты ұяда емес,өз бойларына жинайды. Сондықтан бал жинаған кезде құмырсқалар торсықтай болып семіріп кетеді де, өте дәмді болады.



Құмырсқалардың ұясында бәрі өз орнымен, белгілі бір дәрежелермен яки жүйелермен іске асады:

Біреулері сауда-саттық қатынасын реттеп, күн тәртібіне қойып жатса, енді екіншілері қорғау қызметінің барысымен күзетте тұрады; ал үшіншілеріне ұрпақ жалғастыру мен аналық құмырсқаларға күтіммен қарау міндеттелген; ал, тіпті, кейбірі "мал шаруашылығымен" тұрақты айналысады; "сауын сиыр" есебінде шіркейлер (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік) пайдаланылып, олардан балшырын алынады (кейде өздері де азық орнына жұмсалады). Өзінің жұмыстарына немкетті қарайтын құмырсқалар ішінде жазалылар болса, олар ағайын-тумаластарының "табалауына" ұшырайды. Құмырсқа-зейнеткерлер мен жарым-жанды сырқаттары өмір бойына жақсы өмір сүріп өтеді...
Бір қызығы, біз ойлағандай құмырсқалардың барлығы еңбекқор болып шықпады. Дәрежелері мен қоғамдық орындарына байланысты, құмырсқалардың 20 пайызы "қара жұмысшылар" тобы еңбекті күні-түні атқарады. Ал  ерігіп бос жүрген құмырсқалардың бос тобы жұмысқа кіріскен күннің өзінде де, " қара жұмысшылардың" қалған бөлігін еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді.









ҚҰМЫРСҚАЛАР ҚҰЖЫРАСЫ



Жұмырбасты пенденің көкті жеңген бірі жоқ,

Бәрін түгел жұтады жер-жебірдің жігі кеп.

Амансың ба сен қазір?! Шаттысың ба осыған?

Айналарсың әлі сен құмырсқаның асына…

                                                   Омар Хайям.

 Бұл көп миллионды қала жердің үстіңгі қабатының бар болғаны екі шаршы метрін ғана алады! Оның тұрғындары – әлемдегі ең еңбекқор тіршілік иелері! Олардың тәртіпке бағына білушілігі – кез келген диктатордың арманы!Олардың ақыл-ойына тек қызығуға ғана болады!Олар – құмырсқалар! Және олар біздің арамызда тұрады.Немесе біз солардың арасында тұратын шығармыз? Кімнің өркениеті өмірге бейімдірек?

Бернард Вербер. «: Құмырсқалар» романы.

 Осы төрт жолды оқып шығуға керек болатын бірнеше секундтің ішінде:

-Жер бетінде 40 адам мен 700 миллион құмырсқа туылады.

-Жер бетінде 30 адам мен 500 миллион құмырсқа өледі.

Адамдар: бойы 1-ден 2 метрге дейін баратын сүт қоректілер. Салмағы: 30-дан 100 килограмға дейін. Ұрғашысының жүктілігі: 9 ай. Тамақ талғамайды. Шамамен саны: 5 миллиард.

Құмырсқалар: бойы 0,01-ден 3 сантиметрге дейін баратын жәндік. Салмағы: 1-ден 150 миллиграмға дейін. Жұмыртқа басуы: сперматозоид қорына байланысты, тілегіне орай. Тамақ талғамайды. Шамамен саны: миллиард миллиардтан астам.

                       Бернард Вербер. «: Құмырсқалар» романы

Бұдан бірнеше жыл бұрын тегі еврей болып келетін белгілі француз жазушысы Бернард Вербердің… құмырсқалар туралы трилогиясы орыс тілінде басылып шықты да, осы тілде оқып-сөйлей алатын қатар жатқан елдерге қабағат тарай бастады. Аттары  «Құмырсқалар», «Құмырсқа күні» және «Құмырсқалар революциясы» деп аталатын үш кітап сол бойда осы аймақтағы бестселлерге айналып шыға келді. Жалпы, жазушының 16 жасынан бастап шиырлауды қолға алған бұл шығармаларының тырнақалдысы 1989 жылы толық жазылып бітіп, 1991 жылы 30 жасында баспа жүзінда жарық көрсе, тәматты-тәмәмі 1996 жылы оқырмандар ортасына жол тартқан екен. Былай қарағанда түкке тұрғысыз көрінетін жәндіктерді кейіпкер етіп алған фолианттың татымды табысқа жете қоятын шамасы жоқ сияқты еді. Оның үстіне француз әдеби сыны кітаптардың әдепкі дебютін оншалықты жылы қабылдай қоймаған-тын. Бірақ кітап оқушы қауым ол сындарды құлаққа да қыстырмады. Соның арқасында құмырсқалар құжырасы мен құдіреті жөніндегі шырғасы шымыр шығармалар қысқа уақыттың қылтасында Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріне толассыз тарап, бірден рекордтық көрсеткіш – 10 миллион таралымды көрсетті.

Сонда әлемнің бір жартысындағы озық ойлы оқырмандар ордасын ормандай шайқап өткен бұл кітаптардың ерекшелігі мен артықшылығы неде еді, ол кәрі құрлық пен жаңа дүниенің кірпияз кітапқұмарларын несімен баурап алды? Жаһан жұртының заманауи сыншыларының пікіріне құлақ түрсек, бұған дейін жұртшылыққа жазушы ретінде белгісіз болып келген Бернард Вербердің бұл туындылары сұмдық танымал атанып, толағай табысқа жетуіне елеулі екі жәйт себепкерлік еткен тәрізді. Оның біріншісі, әлбетте, осы кезге дейін прозаның пәлсапалық-ойынқұмарлық айдынында еркін жүзіп келген ағылшынның атақты қаламгері Дэн Браунды сол толқынның төрінен ақырын ығыстырып шығарып, өзінің әлем құрылысы жөніндегі керемет көрініс-кескіндемесін ұсына қойған жаңа жазушының аты-жөні болса, екіншісі, осы автордың адамзат баласымен қатар тұрған өзгеше бір өркениет өкілдері бар екендігін соншалықты табандатып тұрып дәлелдеп берген тұжырымдамасы көрінеді. Бізге енді жеті қат желегіндегі басқа планеталардан өзіміз секілді жоғары ақыл-ойдың иелерін іздеп індету қажетсіз. Олар біздің жанымызда. Табанымыз тарапында өріп жүр. Құмысқалар өркениетінің зерделілігі мен күрделілігі адамдар аясындағы ағынды өмірдің арнасынан бір де кем емес. Демек, жәндіктің бұл түрінің тыныс-тіршілігі біздің сартап болған санамызға сәуле түсіруі керек. Себебі, одан өнеге алатын тұстарымыз көп. Жазушының айтпағы да сол.

Осы жерде біздің ойымызға өзіміз бала күнімізден естіп өскен Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы тағылымды тәмсілдер еріксіз оралар еді. Сол әпсаналардың бірінде пайғамбар өзінің жер қайысқан қалың қолымен құлан жортпас құла дүзде келе жатып, құмырсқаның илеуіне кезігеді. Атты әскердің жүрер жолын ерсілі-қарсылы кесіп өтіп жатқан сол көп жәндіктің бірін кенет еңкейіп, қолына алған Сүлеймен жер бетіндегі күллі жан-жануардың тілін білетін қабілетін пайдаланып, оған қарап тіл қатады:

- Маған мынаны айта қойшы, құмырсқа, сендер барлық уақытта тыным таппай бірдеңелерді істеп жүресіңдер, бір затты бір орыннан екінші орынға тасып, әуреге түсіп жатасыңдар, әлдеқандай бір себепсіз-ақ басқа жаққа үдере көше саласыңдар. Осының қандай мәні бар?

Бұған құмырсқа былай деп жауап береді:

- Данышпан Сүлеймен, сен де маған мынаны айтшы, қалың қолыңды соңыңа шұбырта ертіп, ерсілі-қарсылы шаршамай шапқылайсың да жүресің, сөйтіп, жорықпен жол тоздырып жүргеніңде саған ілеуде бір болса да, бір құмырсқа келіп, осының бәрінің неге керек екенін, істеп жүрген іс-әрекетіңнің мәнін сұрап көрді ме?

- Жоқ.

- Ендеше, ұлы мәртебелім, сен де біздің тіршілігімізге араласпа, өйткені біздің ісіміздің бәрі адамдар көзінен тасада жасалады.

Осы уәжді естігеннен кейін кемеңгер Сүлеймен құмырсқа илеуін таптап кетпес үшін әскеріне аттың басын кілт бұрып, келген іздерімен кері қайтуды бұйырады. Осылай алда болуға тиісті ұрысты бірнеше күнге кейін шегере тұру ақыр соңында пайғамбар сарбаздарының шешуші шайқаста жеңіске жетуіне мүмкіндік берген екен.

Келесі тәмсілде Сүлейменнің сарай маңында серуендеп жүріп, жерден бір құмырсқаны көтеріп алып, сөйлескені туралы айтылады. Бұл жолы пайғамбар құмырсқаға мынадай сұрақ қояды:

- Жер бетінде менен ұлы жан бар ма?

Бұған құмырсқа өзін Сүлейменнен гөрі ұлы санайтынын айтып, жауап қайырады. Олай болмаса, Жаратқан иеміз оған жер патшасын жіберер ме еді, ал ол мұны алақанына салып көтеріп тұрар ма еді?

Мына сөзге қатты ашуланған пайғамбар:

-Менің кім екенімді білесің бе? – деп айқайлайды.

Бірақ оған құмырсқа саспайды.

-Білемін, сен түкке тұрғысыз нәрседен пайда болғансың, сондықтан қатты ашулануға қақың жоқ, – дейді ол.

Тағы бір аңыздарда құмырсқалардың жабылып жүріп, ұлы Сүлейменге сарай салып бергені туралы баяндалады. Олардың осындай бейнеткештігінен шығар, пайғамбардың көңілі толмаған әулекі әлдекімге: «Эй, жалқау, қане, құмырсқаларға бар, олардың ісін  көр де, ақылға келіп, данышпан бол!» дегені де біздің заманымызға қанатты сөз болып жеткен. Есте жоқ ескі мезгілдерден бері халық сонымен бірге бұл жәндікті Ұлық Аллаһтан хабар алып, жайсаң Жаратылыстың нұсқауымен жүріп-тұрады деп түсінген…

Әлбетте, мұның бәрі аңыз. Дегенмен, әр аңыздың желісі мен мазмұнында шындықтың үзірлі үлесі, ақиқаттың айлалы астары жатады. Мұндағы басты түйін құмырсқалар тобының ерекше еңбекқор екендігін көрсетумен бірге өзінше ақыл-ойдың иелері екенін білдіруге саяды. Міне, қаншама ғасырлардан бері небір ғұлама ғалымдар осы ғаламаттың теңдеуін шеше алмай келеді. Біз сөздің сілемі еткен жазушы Бернард Вербер де құмырсқалар тіршілігін паш ететін кітабының алғашқысын жазып бітіруге ғұмырының он екі жылын сарп еткен. Сол уақыт аралығында ол құмырсқалар өмірін зерттеуші мирмеколог-ғалымдармен ұдайы ақылдасып қана қоймаған, аталмыш жәндіктің тыныс-тіршілігін зерттеу үшін көп қабатты үйдің үйеміндегі өзінің пәтеріне илеу де әкеліп орналастырған. Сол ізденістердің арқасында ғаламдық деңгейде дүмпу туғызған әлгіндей кітаптар шоғырын дүниеге келтірген. Ал осы шығармаларды оқып шыққан соң адамдарға мына жәндікпен тіл табыса өмір сүру керек екен-ау деген тұжырым тұтанып сала берер еді. Өйткені, келешек кенересіндегі эволюцияның екпіні бізді қайда апарып соғатыны белгісіз. Бәлкім, адам баласына бір кездері Күн астынан орын алу үшін осы жәндікпен шындап айқасуға тура келіп те қалар…

Осы жайлы ойлансаң, ойың ойран болады. Ал оқымысты қауым ортасы Бернард Вербер кітабында келтірілген желілердің бәрі де шынайы шындыққа суарылып алынғанын ауызға алады. Расында былайынша момақан болып көрінетін құмырсқалардың біздің планетамыздың нағыз қожайыны саналатындай да реті бар екен. Олар Жер шарын мұнда адамдардың алғашқы нәсілі пайда болғаннан көп бұрын жаулап алғанға ұқсайды. Бұған қоса олар өзіне дейін де, өзінен кейін де жер бетінен біржола құрып кеткен басқа мыңдаған тіршілік иелері сияқты құрдымға ұшырамай, керісінше мұндағы тұрмыс жағдайына барынша бейімделіп алады. Онымен де тоқтамай, ғасырлар бойы өзінің өзгеше өркениетін қалыптастырады. Және бұл өркениеттің құрылымы адамдар қауымдастығын қатты еске түсіреді.

Сонымен, құмырсқалардың да адамдар секілді мемлекет-федерациялары болады. Қарапайым жанның олар жөнінде бірдеңе біле қоюы қиын. Жұрттың көбі, мәселен, құмырсқалардың қызыл түсті үлкен, қара түсті шағындау, қоңыр түсті майда түрлері кездесетінін, ендігі біреулері қанатты болып келіп, ұшып жүре беретінін ғана пайымдай алады. Сол сияқты орманда жүретін құмырсқалардың ірілеу, қалалы жердегілердің кішілеу болатынын да біраз кісі білсе керек. Ал қазіргі таңда ғалымдар жер бетінде олардың 12 мыңнан астам түрі тіршілік ететінін анықтап отыр. Және бұл нақты тоқталған цифр емес. Бұл үшін осыдан санаулы жылдар ғана бұрын деңгейдің 6 мың түрмен шектелгенін айтсақ та жеткілікті. Осы күні де жоғарыдағы көлемнің тоқтап тұрып қалатынына сенім жоқ. Себебі, жыл сайын әлгіндегі тізімге 200-300 түр қосылып келеді. Негізінен олар тропикалық джунгли ормандарының арасынан табылып жатыр.

Құмырсқалар қауымдастығы қазіргі таңда сонымен қатар 20 шағын қауымдастыққа, 54 омаққа, 378 текке, 12 470 түр мен  4515 түршеге бөлінеді. Осы құмырсқалардың көптеген түрі орасан зор қауым болып бірге тіршілік етеді. Ғалымдар бұл колонияларды «федерациялар» немесе «мемлекеттер» деп атайды. Осындай әрбір федерацияның қамтуында бір-бірімен қаншама қайшыласқан соқпақтар арқылы жалғасып жататын әлденеше ондаған, жүздеген немесе тіпті мыңдаған илеулер болады. Бір ғажабы, бір федерацияның құмырсқалары ешқашан бір-біріне шабуыл жасамайды. Мұның орнына олар бір-біріне тамақ ұсынып тұрады, бірге аңға шыға алады, өз аумақтарына кіріп кеткен бәсекелестерімен бірлесе соғыса келіп, ауыр заттарды ізбе-із жүріп бірге тасысады. Ал осы федерациялардың шегінде құмырсқалар аралық ұялар, яғни бақылау бекеттерін орналастырады. Мұнда жауынгер және барлаушы құмырсқалар тұрады.  Олар, әлбетте, қауымдастықты сырттан келетін келетін жаудан қорғайды. Осының өзі бұл жәндіктерді адамдарға қатты ұқсатпай ма?

Қазіргі таңда әлемдегі ең үлкен федерация Жапонияның Хоккайдо аралынан табылған көрінеді. Осындағы жалпы аумағы 3 мың шаршы шақырымды алатын 45 мың құжырада 300 млн. жәндік тырбанып тіршілік етіп жатыр. Мұндай қауымдастықтың ең қызықты да жоғары ұйымдасқан бөлігі тропикалық аймақтарда өмір сүретін көрінеді. Осы секілді «ойшыл құмырсқалар» біздің өңірлерімізде де ептеп кездесіп қалады. Мысалы, тоғайлы-орманды алқаптарды мекен ететін жалқын сары құмырсқалар сондай ақылдылар қатарына жатқандықтан, көптен бері ғалымдардың зерттеу нысанына айналып келеді.  Құмырсқалардың бұл түрлері қара топырақты құнарландыруға атсалысып, өсімдіктерді жұлдыз құрттардан сақтап қалады екен.

Құмырсқалар қауымдастығы темірдей тәртіппен ұсталады. Бұл тәртіп әр құжыра мен илеуден федерация деңгейіне дейін түгел сақталады. Қауымдағы әрбір мүшенің өз міндеті және қызметі бар. Олар алға белгілі бір мақсат қойып, соны орындауға келгенде алдарына жан салмайды. Бұл қауымдастық қай жерде де матриархат болып табылады. Оларда негізінен амазонкалар тұрады. Кез келген илеудің басты тұлғасы, яғни топ бастар көсемі Ана-ханша болады. Құмырсқаның кейбір түрлерінде мұндай жетекші Ана бірнешеу де болып келеді. Осы аналық құмырсқа еркек құмырсқамен ғұмырында бар болғаны бір-ақ рет шағылысады. Бірақ сонда алып қалған шауқаты оның қалған бүкіл өміріне, яғни арғы жағындағы 10-15 жылға толық жетеді. Сол арқылы ол қайта-қайта жұмыртқа басып отырады. Мұнда барлық дерлік құмырсқалар түрлері ұрпақтарын касталық жүйемен өндіреді: бір жұмыртқадан болашақ аналықтар пайда болса, келесісінен аңшылар, бала күтушілер, құрылысшылар, өлексе жинаушылар, күзетшілер, жұмысшылар, жауынгерлер және басқалар өріп шығады. Және олар осы алып шыққан қызметтерін қалыпты тұрмыс жағдайында ешқашан ауыстырмайды. Аналық-ханшалар келбеті жағынан жұмысшылар тобына ұқсайды. Оларды тек кеуделерінің үлкендігі ғана өзгелерден ажыратып көрсетіп тұрады. Бұларда тағы екі қанат болады. Бірақ олар алғаш ұрықтанғаннан кейін-ақ түсіп қалады. Осындай қанаттар еркек құмырсқаларда да бар.

Ана-ханша басып шығаратын жұмыртқадан тек қана әйел құмырсқалар, яғни амазонкалар өреді. Осылайша қауым мүшелерінің дені ұрғашы құмырсқалардан  құралады. Ал Ана-ханша бауырына баспаған жұмыртқа өмірге кіл еркектерді әкеледі. Саны барынша аз болатын олар тек аналықтарды ұрықтандыру үшін ғана керек. Илеудегі еркек құмырсқалардың бар міндеті осылай өз қаласын салу үшін отбасынан кеткісі келетін аналықтарды ұрықтандырып тұру болып табылады.

Тағы бір таң қалатын жәйт, біздің планетамыздағы құл иеленуші қоғамды білетін екі ғана жаратылыс иесінің бірі – адам, ал екіншісі осы құмырсқалар болып шықты. Бұл құрылыс  құмырсқалар арасындағы  амазонкаларда сақталып қалған. Ал амазонкаларда жұмысшы табы болмайды, олар қашаннан аналықтар және жауынгерлер болып екі топқа ғана бөлінеді. Қазақстанда осындай құл иеленуші құмырсқалардың үш түрі бар. Олар өз беттерінше қоректене алмайды, әлдекім ауыздарына әкеліп тамақ тосулары керек. Олар тіпті илеу тұрғызуды да білмейді. Сондықтан құл иеленушілердің аналық-падишасы басқа иеліктегі құмырсқалардың ұясына басып кіреді де, ондағы ондағы аналықты өлтіріп, жұмыртқаларын сонда қояды. Ал сол жұмыртқаларды бұрынғы қожайындардың бала күтушілері қарауына алады. Сосын құл иеленушілер құжыраны толық иемденіп біткесін, ондағы бұрынғы үй иелерін де түгел қырып салады. Осыдан соң ұсақтау иеліктері бар көршілеріне шапқын бастайды. Ондағы бар мақсат бөгденің бала-пілләларын тартып алу болып табылады. Сол шараналарды өз ұяларына әкеліп салғаннан кейін олардан амазонкаларға тамақ тасып, оларды асырап тұруды ғана білетін нағыз құлдарды өсіріп шығарады. Мұндай жағдай адамдардың тарихында да аз кездескен жоқ қой.

Амазонкалар құлдарының аңға шыққан сәттері де қызық. Олар алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы адамдарды тіршілігін қатты еске салады. Олар жолай кезікке жемтіктеріне барлығы жабылып, бас салады. Сол сәтте жабайы адамдардың мамонтты жарға жығатын көрінісі көз алдыңа келер еді. Адамға ұқсас ақылдылығы мен айлакерлігі арқасында бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті торына оңай түсіре алады. Алатын аңын аңдыған құмырсқалар өсімдіктер жапырақтарынан талшықтар қиып алып, олардан іші қуыс кішкене ғана үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Сол кезде іштеріндегі бірнеше ұсақ құмырсқа бастарын қылтитып, жемтігін өздеріне шақырады. Сол арандатуға түсіп қалған ара, шегіртке, қоңыз секілді жәндіктер үйшікті өсімдіктің жапырағын немесе сабағы деп ойлайды. Сосын сол өсімдіктің шырынынан татуға келеді. Ал олжасын күтіп отырған құмырсқалар сол кезде оларға ұйымдасқан түрде тарпа бас салады. Мұндай қауырт шабуылды күтпеген жәндіктер қапелімде қарсыласа алмай, божырайды да қалады. Осыны күтіп жатқан негізгі жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі аяқтан, енді біреуі кеудеден тартып, қайшы тісті шақырлатып келіп салғанда, дөңкиген қоңыз бен шегіртке бірден шатқаяқтап кетеді. Ақырында көздері қарауытып, есеңгіреп сала берген жәндіктер құмырсқаның денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан уытына шыдай алмай, гүрс етіп жерге құлайды. Сол-ақ екен, жүздеген жылтыркөз жыртқыш көзді ашып-жұмғанша дөңкиіп қимылсыз жатқан құрбандықты жіліктеп, турап, қырқып, қидалап, боршалап, әп-сәтте түгін қалдырмай ұясына тасып әкетеді. Осы тәсілдің өзі грек аңыздарындағы Троя шаһары түбіне әкелінген жасанды ағаш атты есімізге салар еді. Сонда адам секілді ойлай білетін құмырсқаның құдіретіне таң қалмасқа әддің қалмайды.

Колониядағы құмырсқалардың айтарлықтай басым бөлігін жыныстық жағынан пісіп-жетілмеген ұрғашы топтан тұратын жұмысшылар қауымы құрайды. Бұлардың өзі кейде ұсақ мамандықтар бойынша сұрыпталады. Құмырсқалар құжырасындағы жұмыс бөлісі де қатаң тәртіп негізінде жүзеге асады. Әдетте жас жұмысшылар бала күтушінің міндетін атқарады. Олар есейе келе, құрылысшыға, сосын тамақ табушыға айналады. Ал тамақ табуға қабілет-күштері қалмаған кәртаңдары азық-түлік қоймаларының сақтаушылары, қарауылдар мен бақылаушылар болып қызмет етеді.

Ендігі бір еріксіз жаға ұстататын жәйт, құмырсқада да адам баласы секілді қолға үйретілген үй жануарлары болады. Былайша өсімдік биті саналатын олар «құмырсқа сиырының» міндетін атқарады. Сол сиырлардың денесінен тәтті шырын бөлінеді. Ақыл-ойы асқан жәндіктер оны негізгі асы мен сусыны ретінде ішіп, өздерінше рақат сезімге бөленіп, кейде мас боп жүреді. Сиырларды асырау үшін олар да бақташы ұстайды. Олар «жануарды» мезгілімен суарып, тойындырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. «Малдың» емін-еркін жайылуы мен өсіп-өнуі үшін беретін құмырсқалар өз ішінен күзетшілер мен қорғаушылар тобын іріктеп шығарады. Егер жайылып жүрген әлгі «сиырларға» сырттан басқа бір жәндік келіп тиісетін болса, қарауыл құмырсқалар қырғын төбелеске кірісіп кетеді. Ал падашының міндеті табынға құнарлы жайылым тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз ету болып табылады. Күн түс әлетіне жетіп, ауа ысыған сәтте оларға шөп-шаламнан күрке жасап беріп, көлеңкелік пана келтіреді. Уақыты жетіп, қыс келгенде, бақташылар ұрғашы сиырларды кәдімгідей жылы да құрғақ қыстауға жайғастырады. Олар құмырсқалар денінің сау болып, ұрпағы жақсы өсуі үшін сиырдың күтімін дұрыстау керек екенін жақсы біледі. Сиыры семіз болса, құмырсқаның да күйі жақсаратыны оларға әбден мәлім. Сол себепті де бақташы қарауындағы сиырлардың қоңы өз бетінше жүргендерден әлдеқайда тәуір болады. Олардың өсіп-өнуі де тез. Сондықтан айдалада жүрген өсімдік биті құмырсқадан қожайын тапса, бала-шағасына дейін қуанады.

Құмырсқалардың шағылысулары кезінде олардың еркектері мен ұрғашылары әр ұядан шығып, шөптің үстіне, ағаштың діңіне, үйдің қабырғасына қонады. Олар ауада немесе жерде қайшыласып үлгереді. Осы жерден жан-жаққа тарайды. Көп ұзамай еркектері түгел қаза табады да, ұрық алып үлгерген ұрғашылары қанаттарын қалдырып, ұя боларлық орындар іздеп кетеді. Қолайлы жер тапқасын, онда қазып ұя жасайды, жұмыртқаларын сонда қояды. Кейде осындай бір ұяға бірнеше ұрғашы құмырсқа жұмыртқаларын салады. Арада бір апта уақыт өткесін, жұмыртқалардан алғашқы личинкалар шыға бастайды. Осы кезде жас личинкалар жалпы ұйықта қала береді де, неғұрлым ірілері топ-топ болып немесе жекелей камераның еденіне орналастырылады, кейді тіпті қабырғаға ілініп қойылады. Тағы екі аптадан кейін личинкалар өсуін тоқтатып, жұмбаздала бастайды. Бұл уақытта олар жұмысшы құмырсқалардан да үлкен болып кетеді. Жұмбаздардан алғашқы жұмысшы құмырсқалар шыққанша аналықтар еш қоректенбейді. Қайта личинкаларды арнайы бөлінген сөлмен тамақтандырып тұрады. Сонымен бірге олардың ұшатын қанаттары біржола қырқылып қалады. Ал жұмбаздардан шыққан алғашқы жұмысшы құмырсқалар бірден тамақ табуға кірісіп кетеді. Осылайша құмырсқаның жаңа отбасы пайда болады.

Құмырсқалардың ұқыптылығында да шек жоқ.  Олар әр жерде шашылып қалған шөп-шалам мен дәнді дақылдың бәрін ұқыппен жинап, ұясындағы құрғақ қоймаға әкеліп сақтауға бейіл. Қоймадағы қызметшілер даладан жиылған әр алуан дән мен дәнекті тазалап, сұрыптап отырады. Жиналған астықты жемес бұрын қауызынан аршып, тазартып, ұн қылып ұнтақтайды. Біздіңше бұл диірменге тарттырып, ұн шығарғанмен бірдей. Дастарханға жауапты аспазшы құмырсқалар ұнтақ ұнды сілекей суларына араластырып, қамыр илеп, быламық жасап, құндақта жатқан «бөпелердің» ауызына апарып салады. Сондықтан тіршілік кепілі болған дәнді ұзақ мерзімге дұрыс сақтау үшін жанкешті еңбек етеді. Нөсер жауыннан соң «ас-ауқаттары» дымқыл тартып қалса, оларды тездетіп далаға шығарып, кептіріп, құрғатып алады. Ал кепкеннен кейін қайтадан үйлеріне тасып кіргізеді.

Бір қызығы, құмырсқалардың тұратын құрлығы мен жерінің ауа райына байланысты кәсіптерінің түрлері де бөлектеу болып отырады. Мәселен, Азия мен Африканы мекен ететін құмырсқалар негізінен көшпенді тұрмыс салтын ұстанады. Олар кезекті қоныс еткен жерлерінде уақытша баспаналар салып алады да, ұдайы көшіп-қонумен болады. Бұлардың арасында дән тұқымын жинайтын, сиыр сүтін сауатын, аңға шығатын түрлері қауымға тамақ тауып берумен айналысады. Осындай тамақ табушылардың қатарына өз илеулерінің қабатында саңырауқұлақ плантацияларын орнататын фермерлерді де жатқызған жөн. Жоғарыда айтылған Бернард Вербердің романында осындай егіншілердің Париж түбіндегі құжырасының өмірінен сыр шертіледі. Бірақ бұл жерде жазушы бір нәрседен қателісіп кетіпті, мұндай орасан зор саңырауқұлақ плантациялары тек Оңтүстік Америка құмырсқаларында ғана болады екен. Жер асты егіншілігін олар 3-5 метр тереңдікке орналастырады, бұл алқаптарды диаметрі 10 сантиметр келетін тоннельдермен жалғастырып қояды. Сол сияқты тыңайтқыш ретінде шіріген жапырақтарды қолданады. Жақында белгілі болды, күллі Оңтүстік Америкада егінші-құмырсқалар саңырауқұлақтың бір ғана түрін емес, оның тіпті бірдей кескіндісін пайдаланады екен. Мұны аз десеңіз, әлемнің кез келген құрлығындағы құмырсқа азық етіп отырған саңырауқұлақтың да түрлері бірдей көрінеді. Демек, бұл өркениеттің иелері сан миллиондаған жылдар бойы жасалған ұзақ тәжірибенің негізінде өздеріне керекті ерекше бір саңырауқұлақ түрін ойлап тапқан болып шықты. Бұған қосарымыз, оларды ауыл шаруашылығы саласын дамыту ісі адамдардан кем дегенде 50 миллион жыл бұрын қолға алыныпты. Құмырсқалардың егіншілікті ғылыми деңгейде дамытып әкеткені соншалық, әлгіндегі саңырауқұлақты құрамында калориясы өте жоғары, белогы бар етіп жасап шығарған.

Ақылы асқан құмырсқалардың тіршілігіне байланысты тағы бір мынадай ғажайып дерек бар. Латын Америкасындағы Перу атты мемлекет жеріндегі ит тұмсығы батпайтын қалың орманының ортасында ағаштың бір ғана түрі өседі. Жергілікті жартылай жабайы аборигендер оған жоламайды. Өздері «Шайтан бағы» деп атайтын бұл маңға барудан қорқады. Себебі, перулік үндістер өз тілдерінде «Чуайтаки» деп аталатын орман албастысы осы жерлерде тұрады-мыс. Кейін елдің биолог ғалымдары түбегейлі зерттеп көрсе, бар гәп құмырсқаларда болып шықты. Осы алапты қоныс тұтқан құжыра иелері бұл маңайда бүршік жарып өсе бастаған бөтен шыбық көрсе, бірден у шашып, көктемей жатып солдырып тастайды екен. Содан соң ғалымдар бақылауды одан әрі жүргізіп, әлгі «Шайтан бағының» жанына әртүрлі басқа талдардың дәнін егіп көреді. Сол дәнектен бірнеше өскін де өсіп шығады. Ал оларды көрген құмырсқалар үдере көтеріліп, небәрі бір тәуліктің ішінде бәрін тып-типыл етеді. Сөйтсе, олар шыбықтарға тиген жерін күйдіріп, ойып түсетін қышқылдарын сеуіп, бірден жойып жіберетін болған. Енді сол көшеттерді өзге бір жерлерге егіп көрсе, еш кедергісіз өсіп-өніп, жайқалып кете берген. Мұның себебін ғалымдар: «Құмырсқалар өздері мекен етіп отырған ағаштарға бақталас болмауы үшін бөтен шыбықтарды әлсіз кезінде аяусыз құртып отырады», деп түсіндірді.  Сол «Шайтан бағындағы» ағаштар саны артық-кемі жоқ тура 328 түп болып шығыпты, ал осы құмырсқа құжырасының тіршілік етіп келе жатқанына 800 жылдан асып кетіпті.

Әлбетте, құмырсқа шаруашылығындағы мұндай таңқаларлық жетістіктерді түгел олардың инстинкіне теліп, табиғат-ана осылай жаратқан соң бәрі өз бетінше жасалып жатқанына илана салуға да болар еді. Бірақ зерттеушілер мұның тіпті де олай емес екенін осы күні таңдай қаға отырып, баян етіп келеді. Құмырсқалар күллі жәндік атаулының ішіндегі бір-бірінің тірлігін бағып, бірінен-бірі үйреніп іс жасайтын жалғыз жаратылыс иесі екеніне әлдеқашан көз жеткізген. Былайынша айтқанда, олар бірінің тәжірибесін бірі алып, жаңа технологияны ұдайы меңгеріп отыратын ақыл-ой иелері болып шықты. Бұл жаңалықты Ресейдегі Новосібір мирмекология ғылыми мектебінің профессоры Жанна Резникова әлемде бірінші болып ашты. Олардың зерттеуінде шалғынды жердің құмырсқалары өздерінен гөрі пысықтау құмырсқалардан тамақ дайындаудың тиімдірек жолдарын үйренген көрінеді. Бір отбасындағы құмырсқалардың бәрінің ақылдары бірдей бола бермейтінін де осы ғалымдар тобы анықтапты. Олардың шамамен он пайыздай бөлігі айрықша алғыр, зерек келеді екен. Солар әдетте көрген жаңа тәсілдерін бірден қағып алып, отбасында аңшылық дағдыны дамытудың негізгі орталығына айналады. Қасында «кеще» бауырларын одан әрі оқытып, іске үйретететін де солар болып табылады.

Жақында құмырсқалардың өздерінің болашақ құрбандарына қалай қақпан құрып, тұзақ салатындары мәлім болды. Оңтүстік Америка ормандарында тіршілік ететін шағын денелі құмырсқа түрі ондай торды өсімдіктің сабағына салатын болып шықты. Олар сол сабақты бірнеше жерінен үңгіп тесіп, соған шегіртке мен көбелек келіп аяқтарын тығып алғанша аңдып отырады екен. Ал жемтіктері сол жерге кептеліп қалған бойда сабақтың астында тығылып тұрған сарбаздар әлгілердің аяқтарына жабыса кетеді. Сол сәтте жоғарыдан жауынгерлердің үлкен жасағы лап қойып, аңшылардың тістегенінен он есе қатты келетін соққыны жаудырады. Жемтік тордан шығып кетпес үшін құмырсқалар оның астынан арнайы тұтқыш та тоқып қоятынға ұқсайды. Осындай қақпанға түскен құрбандық құмырсқа талауынан құтылып кете алмайды.

Бұл жәндіктер еңбек құралын жетілдіруде де ұдайы тәжірибе алмасып отырады. Ғалымдар құмырсқаның бірнеше түріне бақылау жасау негізінде олардың сұйық тамақты тасу үшін жапырақтың қиындысын, ағаштың жаңқасын, кейде қатып қалған топырақты әдемі пайдалана білетіндеріне көз жеткізген. Олар, мысалы, өздері әкеткісі келетін бал тамшысын солардың үстіне тамызады да, әбден кепкенінше күтеді. Содан кейін барып, үйлеріне сүйрелеп әкетеді. Олар осылай әртүрлі заттарды құрал ретінде пайдалану арқылы әдетте өзі домалатып алып кететіннен он еседей артық мөлшерде тамақ тасып әкете алады. Мұның басқа құжыралардағы құмырсқалармен арада жүретін қатаң бәсекелестік жағдайында тигізетін пайдасы зор. Осы жерде 1968 жылы Францияда жасалған мына эксперимент турасында айта кеткеннің артықтығы болмас. Онда құмырсқаларды екі жіпті тартуға үйреткен. Олардың бірін тартып қалғанда қант сиробы шығатын болса, екіншісінің соңында ештеңе де болмаған. Ал құмырсқалардың 70 пайызы сонда таңдауды дұрыс жасап, шырыны бар жіпке ұмтылған. Рас, жіпті бір құмырсқалар тартқан да, ондағы жемді жеген басқалар болған. Демек, мықтылары әлсіздерін, болмаса байлары құлдарын жұмсаған ғой.

Әзірге адамдарға құмырсқаның өзіндік  болжамды тілін түсіну аса қиын болып тұр. Дегенмен, оны ажырату жолындағы эксперименттің жүріп жатқанына біраз болды. Ал құмырсқа тілі негізінен иістердің, яғни феромондардың кешенінен, аяқтарды қозғалту жолымен жасалатын ым-ишара мен антенналы байланыстардан құралатын сияқты. Құмырсқаны зерттеушілер бұл ретте оған туыстас бал араларына байланысты тәжірибеге жүгініп отыр. Тап осы аралардың символды би тілімен сөйлесетінін дәлелдеп шыққан австриялық зоолог Карл фон Фриш 1973 жылы Нобель сыйлығын алып еді. Аралар «тілінің» айрықшалығы жөніндегі тұжырымды өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында даниялық ғалым Бент Бах Андерсен толық қалыптастырып берді. Ол әр жерде тіршілік ететін аралардың адамдардағы сияқты өз диалектілері болатынын да айғақтап шықты. Осының негізіндегі тәжірибелер қазір АҚШ-тың Калифорния университетінде Аргентинадан алынған құмырсқалар негізінде жасалуда. Ал Ұлыбританиядағы Батыс университетінің интеллектуалды автономия зертханасында доктор Крис Мелхиш құмырсқаға жан-жақты ұқсас робот жасап әуреге түсуде. Осы елдегі Брисполь университетінің оқымыстысы Найджел Фрэнкс бұл жәндікті «ұжымдық ақыл-ойға» теңеп, құмырсқалар колониясын шағын пластмасса қорапшалардың ауқымында зерттеп жатыр. Олардың бәрі зерттеу нысанының келешекте ғылым үшін орасан зор жаңалықтар әкелетіне сенімді.

…Шынында да әлі жұмбаққа толы құмырсқалар тіршілігіндегі өзімізге белгілі жақтардың өзінен біздің алатын тағылымымыз көп қой.





































Қортынды

Менің ойымша, әр қайсымыз құмырсқаларды зерттеуіміз қажет. Олар төрт тұжырымдамадан тұратын, таңғажайып пәлсапаға ие. Бірінші, Құмырсқалар ешқашан берілмейді.Егер құмырсқалар бір жаққа беттесе, сіздер тоқтатуға тырыссаңыз да, олар міндетті түрде басқа жолын табады. Белгіленген жерге жету үшін кез-келген амалды қолданады. Екіншіден, құмырсқалар қысты жаз бойы ойлайды. Жаз өмір бақиға созылмайды. Сондықтан да құмырсқалар қысқа арналған азығын жазда жинайды. Үшіншіден, құмырсқалар жаз туралы қыс бойы ойлайды. Бұл да өте маңызды. Қыс бойы олар өздеріне: «Қыс өмір бақи болмайды, біз жақын арада мына жерден шығамыз» деп өздерін сабырға шақырады. Егер тағы да суытса, олар тығылады, жылынса, сыртқа шығады. Олар әр кез өзгерістерді жақсыға балап өмір сүреді. Төртіншіден, қысқа дайындалу үшін қанша құмырсқалар қаншалықты жұмыс істей алса, соншасы жұмыс істейді. Сонымен қорытындылай келе, құмырсқалар бізді мынадай қасиеттерге үйрете алады:

1.Ешқашан берілмеуге;

2. Болашақты ойлауға;

3. Өмірден жақсы өзгерістерді күтуге;

4. Қолымыздан келгеннің барлығын істеуге;

Біз құмырсқалар пәлсапасын қолдану арқылы, өз өмірімізге өзгерістер әкеле аламыз. Бастысы, дұрыс бағыт таңдау. Сіз дұрыс жолмен жүресіз бе, әрі қарай қателіктер жібересіз бе, оны Сіздің жеке пәлсапаңыз және өмірге деген көзқарасыңыз анықтайды. Ешқашан берілмейік, алға, тек қана алға, өз-өзімізге сенімді болайық және қолымыздан келгеннің барлығын жасайық! Еңбекқор құмырсқаны бағалап, адамдарды еңбекті сүюге,ұйымшылдыққа шақырамын. Оның көптеген тигізетін пайдасын, емдік пайдасын одан әрі зерттеп, елімізде түрлі дайын дәрі – дәрмектер жасауын дамытса,құмырсқаның түрлерінің ішінде балды құмырсқаларды өз жерімізге жерсіндіру. Еңбекқор құмырсқаны бағалап, адамдарды еңбекті сүюге, ұйымшылдыққа шақырамын; Оның көптеген тигізетін пайдасын, емдік пайдасын одан әрі зерттеп, елімізде түрлі дайын дәрі-дәрмектер жасауын дамытса; Құмырсқаның түрлерінің ішінде балды құмырсқаларды өз жерімізге жерсіндіру жолдарын анықтап, зерттеп қарасақ. Құмырсқа «патшалығының» мызғымастығын қамтамасыз етіп келе жатқан қасиеттерінің бір себебі - алдында айтып кеткеніміздей бүкіл құмырсқалардың тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы. Миллиондаған жылдар өтсе де, құмырсқаның қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі – БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде. Қорытындылай келе мен барлық адамзат құмырсқа секілді ынтымақта, бірлікте өмір сүрсе екен деймін. қандай түрі болса да, өзгеріссіз қалған. Оның басты себебі – БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА! Олардың өзара бірігіп, өмір сүруінде.























































Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Балалар Энциклопедиясы 2 том, Алматы, 2009ж;

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 6 том, Алматы, 2004ж;

  3. Қ.Сыбанбеков “Биология ғажаптары”, Алматы, Қайнар, 1993ж;

  4. Биқұмар Кәмәләшұлы “Ауа райының” қазақи дәстүрлі болжамдары”, Алматы, Өнер, 2006ж;

 



9



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
” ??мырс?аны? ма?ызы” зерттеу ж?мысы

Автор: Рымбаева Диана Багэткызы

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170506


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства