Оқушыларға бүкіләлемді қамтып отырған ғасыр дерті ЖҚТБ оның таралуы мен алдын алу шаралары туралы ең бастысы бұл қатерлі аурудың бүгінгі жастар мәселесі болып отырғанын атап көрсету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қауіпті аурудың көлеңкесінде қалма»
«Баян орта мектебі» КММ
Қауіпті аурудың көлеңкесінде қалма!
Әлеуметтік ұстаз
Бошанова Гүлжан Бақытжанқызы
2016-2017 оқу жылы
Қауіпті аурудың көлеңкесінде қалма!
Мақсаты:Оқушыларға бүкіләлемді қамтып отырған ғасыр дерті ЖҚТБ оның таралуы мен алдын алу шаралары туралы ең бастысы бұл қатерлі аурудың бүгінгі жастар мәселесі болып отырғанын атап көрсету.
Көрнекілік:Сөздер, плакаттар, слайдтар, өзінің Қазақстан кітаптар
Сабақ барысы:Сұрақ жауап түріндеоқушылар дайындаған слайдтарын қорғайды.
Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Кіріспе сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030 » стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Аданың ақыл – ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығн, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», — деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты , рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза , танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығрмашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Бүгінгі таңда елбасымыздың айтылған сөздер басты мәселеге айналды.Жастықтың жұлынқұрты ХХІ ғасырдың обасына айналған ЖҚТБ дерті әлемге шарпып,көзге көрінбейтін,емі табылмаған қас жауымызға айналды.Сондықтанда да 1желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ ға қарсы күрес күніне айналған еді.Бұл күні барлық әлем мемлекеттерінде Халықаралық,қоғамдық ұйымдар бұл күнге арналған іс шараларға қатысады.Бұлар ғылыми конференциялар,семинарлар,кеңауқымды акциялар,конкурстар,митингілер,сурет көрмелері,қайырымдылық акциялары өткізіледіЕндігі кезекте ЖҚТБның жұқтырушысы,аурудың белгілер.ЖҚТБ ға шалдыққан адамның көңіл күйі және оған қалай көмектесуге болатындығы және т.б.мәселелерді қарастырамыз.
Ең алдымен біз 3 топқа бөліне қояйық.
Біздің сабақ 3 кезеңнен тұрады.
І кезең Танысу кезеңі
ІІ кезең Негізгі кезең
ІІІ кезең Қорытынды кезең
Өз тобындағы адамдарды таныстырамыз.Таныстырғанда топ басшылары көршісінің атын атайды және оның бір жақсы қасиетін айтамыз.
Бізге әділқазылар керек,сондықтанда келген қонақтарымыз әділқазылар болсаңыздар дейміз.
Қазір мен әр топқа сұрақтар бар карточкалар берем сол сұрақтарға сендер жауап бересіңдер.
І топ:
Вичтің,яғни АҚТҚ ның ашылу тарихы
АҚТҚ/ ЖҚТБ екеуі бір ұғым ба?Қалай ойлайсыңдар?
Вирус қалай жұғады,жұғу жолдары және қалай жұқпайды?
Ауруға шалдыққан адамға қалай көмектесуге болады?
Ауру адамға көзқарас
ІІ топ:
Вирусты алғаш зерттеген ғалымдар?
Аурудың даму кезеңдері.Әр кезеңге сипаттама
Аурудың белгілері,қалай тексерілуге болады?
Стигма,дискриминация ұғымының мәнін ашып айт.
Вирустан емделу жолы
ІІІ топ:
Аурудан қалай қорғануға болады?
Қазақстандағы АҚТҚ/ ЖҚТБ жағдайы.
Кливт дегеніміз не?
Вирус адам ағзасында неше жылға дейін өмір сүреді?
Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сиқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жаман болма.
Тек көзіңді жасуаратпа,
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әніңасқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.
(Осыдан кейін , бәрі бірге шығып, қол ұстасып, басын иеді ).
Балалардың өздері дайындаған шағын слайдтары бар зиянды заттар туралы соны көрсек.
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші.
Қазір сендерге мақал мәтелдердің бірінші жолдары оқылады,ал сендер жалғасын тауып айтасыңдар.
1. Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )