Просмотр содержимого документа
«Қазақша сөйлесейік»
Алматы қаласы Алмалы ауданы № 46 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі, пән мұғалімі, жоғары санатты, І деңгейлі сертификатталған мұғалім-Сакиева Сағыныш Жанатовна
Алматы қаласының Алмалы ауданындағы 46 гимназияның 5-сыныптар арасында «Қазақша сөйлесейік!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. «Қазақша сөйлесейік» атты сыныптан тыс іс-шара 5-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға гимназияның 5-сыныбында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара оқушылар мен мұғалімдер қауымының көңілдерінен шықты. Әділ-қазы мүшелері іс-шараның жоғары деңгейде өткені туралы айтты.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, оның қоғамдағы беделін арттыруға, халықтың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын тудыруға және азаматтарымыздың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізіп отырмыз.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранынан бастадық.
4. Жүргізуші: «Атауын тап!» ойыны суреттегі сөздердің атауын табу (интерактивті тақтадағы жеміс-жидектердің сурет атауын тауып айту, 1 минут), құлпынай, таңқурай, қырыққабат, алхоры, шабдалы, қызанақ, шие, аскөк.
5. «Қазақша тілдесейік!» сайысында белгілі тақырып бойынша диалог айту.
5 «А»- «Қазақ тілі сабағында»; 5 «Б»- «Отбасы»; 5 «В»- Дүкенде; 5 «И»- «Жыл мезгілдері»; 5 «Х»- «Мектепте»
6. «Кім көп сөз құрастырады?» Әріптер сөйлейді, қазақ тіліне тән дыбыстармен сөздер құрастыру. (интерактивті тақтада қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар-ә, ғ, ң, ы, і, ү, ұ, ө, һ, қ)
7. Мақал-мәтелдердің тақырыбын табу (Еңбек, денсаулық, тіл, Отан, дос)
5 «А»- Еңбектің наны тәтті, 5 «Б» Денсаулық зор байлық
Жалқаудың жаны тәтті 5 «В» Отан-оттан да ыстық
5 «И» Тіл тас жарады, 5 «Х» Досы көпті жау алмайды,
Тас жармаса бас жарады Ақылы көпті дау алмайды
Әділ-қазылар мүшесінің марапаттауы. Бас жүлде-5 «А», І орын-5 «И», ІІ орын-5 «В», ІІІ орын-5 «Б», ІV орын-5 «Х»
«Қазақша сөйлесейік» атты іс-шарамыз оқушылар мен мұғалімдер қауымының, әділ-қазылар алқасының көңілінен шықты. Әділ-қазылар алқасы сайысқа қатысушы оқушыларға жақсы тілектерін білдірді.