kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ спортының қаһармандары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ спортының қаҺармандары Қ.Мұңайтпасов, Ж.Үшкемпіров туралы.

,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ спортының қаһармандары»

Есенбекова Гулжахан,

Ильясова Жанар

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№3мектеп-интернат


Тақырыбы: Қазақ спортының қаһармандары

(Алып күштің иесі, балуан Қажымұқан Мұңайтпасов-145 жаста,

қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров -65 жаста)


Мақсаты: Қазақ күресіне еңбегі сіңген балуандардың өмірі мен жетістіктерінен мағлұмат беру,жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру , дені сау, саналы , білімді ұрпақ болып қалыптасуына жағдай жасау

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд,видео, қанатты сөздер

Әдісі: Топппен жұмыс, тренинг

Барысы:

  1. Топқа бөлу: Әр топ берілген тапсырма бойынша өз позициясын қорғайды.

1-топ «Балуан ата»

( Балуан Қ.Мұңайтпасов туралы айтады)

Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Кейбір деректер бойынша Қажымұқан 1883 жылы туылған. Кедей жанұядан шыққан Қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады.

Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.

2-топ «Жүлдегер»

( Балуан Ж. Үшкемпіров туралы айтады)

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген.

Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандығын қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі.

1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын.

Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын.

Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.

3-топ «Зерттеушілер »

( Қазақ спортындағы басқа балуандар жөнінде ой толғайды)

Нұрмағанбет Баймырзаұлы, Балуан Шолақ (1864-1919) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.

Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.

14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.

Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

Шәміл Керімұлы Серіков (5 наурыз 1956 жылАлматы қаласы — 22 қараша 1989 жылАлматы қаласы) —палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979)

6 жасар жас баланың бойында талантты байқаған тәжірибелі бапкер Аянбек Алдабергенов Шамильді өз секциясына жаттығуға шақырады. Осы бапкердің қол астында жаттыққан алты жыл ішінде Шамиль төрт рет Қазақстан чемпионы болды, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасын жеңді.

Қазақбай балуан XX ғасырдың бас кезінде Алтай аймағында өмір сүрген. Оның «қажы» атануы жөнінде қызық әңгіме бар.1900 жылдары жетпістен асқан Шәукебай қажылыққа бармақшы болады. Халық Шәукеге «жасыңыз болса келіп қалды, сонау Меккеге қалай жетесіз?» дегенде, «жанымда Қазақбай жүрсе, еш қауіп-қатер жоқ» деп жауап беріпті. Сөйтіп, жиырма шақты адам қажылыққа аттанады. Қазақбайдың ол кезде он алтыға толып, ел арасында танылған кезі. Көшке ілесе алмай қалған түйені мойнына салып көтеріп, жылқының кісендерін бытырлатып үзгені, тағаларды алақанға салып, бір қысқанда сындырғаны дүйім елге тарап үлгерген болатын.Қажылыққа баратындар керуенге ілесіп сан алуан елдерді, сусыз шөлдерді басып, қиыншылықпен жетеді екен. Жолшыбай керуенбасы: «Жақын арада суық суы, саялы ағаштары бар бұлаққа жетеміз. Сол арадан тынығатын жер таңдаңдар», - дейді.
Біраздан соң сары кұмның арасынан жап-жасыл кілемдей ағаштың басы мұнартып көрінеді. Қазақбай жүгіріп барып, бұлаққа жақын шынар ағашының астына алашасын жаяды да, кері кетеді. Адамдарын ертіп келсе, жаңағы жерге отыз шақты адам үлкен қалы кілем төсеп отырып алыпты. «Бұл біздің орын еді, мен белгілеп, алашамды жайып кеткем» деген Қазақбайға әлгілер «өй, Самарқанның сары кілемі тұрғанда, қазақтың алашасына не жоқ?!» деп орындарынан қозғалмайды. Ашуланған Қазақбай кілемнің шетінен қос қолдап ұстап сілкігенде, әлгі отыз шақты адам үйме-жүйме болып бірінің үстіне бірі құлап, ойран-топыры шығыпты. Кілемдерін алуға мұршалары да келмей қаша жөнеліпті.

4-топ «Қыл қалам шеберлері»

Жалпы спорт тақырыбына салған суреттері жайлы баяндайды


  1. Ойын: «Екі шындық,бір өтірік »

-менің атым Г. Ол шындық

-Мен кітапханашымын, ол шындық

- Мен Бейжің Олимпиадасының жүлдегерімін , ол өтірік

Оқушылар әрі қарай жалғастырады

3. Слайд көрсету «Күш атасы-Қажымұқан»

4.Өлең оқу: С.Сейфуллин. « Өрдеш төс,білеу дене , шойындай сом »

5 Ойын «Кім күшті » (Оқушылар қол күресіп жарысады)

6.«Әріптер сөйлейді » (Алфавит бойынша балуандарға мінездеме береді)

А-алып ,айбарлы

Б-батыл

Ш-шыдамды

Т-төзімді

7. «Біз – өмірдің гүліміз » тренинг

Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түсті гул- қағаздар (стикерлер) үлестіріліп беріледі. Қағаздардың артқы бетіне,жүректерінен шыққан жақсы тілектерін жазып , тақтадағы ватманға жапсырады. Ватманда даланың суреті, гүлдердің талдары салынып тұрады. Гүлдерін талдардың үстіне жапсырып, плакатты « гүлдер әлеміне » айналдырады.

Рефлекция :

Ой-толғаныс: Ал, балалар бүгінгі іс-әрекетімізге қорытынды жасайық. Біз бүгін тәрбие сағатында не жайлы айттық? Кімге не ұнады? Не нәрсе ұнамады? Бар білгенімізді мына жаттығу бойынша ортаға салайық


Кеше -----------------------------

Бүгін-----------------------------

Ертең----------------------------


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қазақ спортының қаһармандары

Автор: Ильясова Жанар Орынбаевна

Дата: 03.03.2017

Номер свидетельства: 397582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства