Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі»
«Жаңаша оқыту-жаңаша ойлау »тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелдің рефлексиялық есебі
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Жаңаша оқыту барысы жайында түсінік беру мақсатында өткен дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер , қазіргі таңдағы мінсіз оқушының моделі және топтық жұмыстың тиімділігі болды. Топтық жұмыста орындалатын ережелер таныстырылып, топтық жұмыстың пайдасы туралы сөз болды. Мектеп тұрғысынан қарағанда бұл тақырыптың маңыздылығы:
Мінсіз оқушы бейнесі жасалады және ХХІ ғасыр оқушысының бейнесін жасау
Топқа бөлінудің түрлерімен танысады;
Топтағы бірлескен жұмыстың тиімділігі айтылады.
Топтық жұмыстағы әр оқушының ролі мен мұғалім ролі
Дөңгелек үстелге фокус тобының 6 мұғалімі және ІІІ деңгей бойынша білімін жетілдірген мұғалімдер шақырылды.
2-бөлім.Дөңгелек үстелдің жалпы сипаттамасы.
Дөңгелек үстел бір біріміздің пікірімізді білуге және қатысушылардың ой пікірін білуге негізделді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мұғалімдерге білім алушы оқушыларды «мінсіз оқушы» деңгейіне жету жолын және оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіндіру.Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында топтық жұмыс туралы теориялық және практикалық жағынан қолдау көрсету. Табыс критерилері: Топтық жұмыс туралы мағлұмат алады. Топтық жұмыс не үшін қажет екенін біледі.Топтарды қалай ұйымдастыруға болатыны туралы біледі. Топтағы бірлескен жұмыс қандай мақсаттарда жүзеге асатыны туралы біледі.Топтық жұмыстық қолдана алады. Тиімділігі туралы ой қорытады. Барысы: Бүгінгі дөңгелек үстелдің тақырыбына сәйкес алдымен жиналған мұғалімдер бір біріне сәттілік тіледі. Отырған деңгейлік курска қатыспаған мұғалімдерге «Мінсіз оқушы» моделі дегеніміз не деген сұрау қойылды. Отырған мұғалімдер бір- бірінің ойымен келісіп-келіспей оз ойларын айтты. Бірінің ойына келіссе, бірінің ойына келіспеген жағдайлар болып жатты. Келесі ортаға флипчартқа мінсіз оқушы моделін бірге жасауға кеңес бердім. Бәрі бірлесе отырып «мінсіз оқушы» моделін жасап шықты. Бұл жасалған оқушы бейнесі бәрінің ойынан шықты. Енді бізге жекелей оқу мен топпен оқудың қандай айырмашылықтары бар екені сұралды. Қатысқан Н.Л топпен орындағанда менің ойымда жоқ нәрсе әріптестерім айтып жатты сол жағынан жақсы. Ш.А. : «Жекелей оқу ол тар аяда қалсақ, бірлесе оқуда ойымызға ой қосылып, тақырып бойынша меңгеруге қажетті нәрседен асуымызға болады», - екен деді. Бірлесе оқудың бізге қажеттілігі бар ма деген сұрауға бәрі бірлесе отырып қажет екендігін айтты. Келесі сөз ІІІ деңгей бойынша білім алып келген Н.Ф. «Топтық жұмыс және оның ерекшеліктері» тақырыбында сөйлеуге, Е.Б. «Топқа бөлу түрлері» тақырыбында айтса, Т.Ж. «Топ мүшелерінің қызметі» тақырыбында өз ойларын, тәжірибесімен бөлісті. Келесі кезек барлық қатысушыларға «Топтық жұмыстың жақсы жақтары» тақырыбында оз ойларын флипчартқа түсіру сұралды. Өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Бүгінгі дөңгелек үстелдің сізге бергені қаншалық болды тақырыбында кері байланыс алынды. Кері байланыс беруді дұрыс білмегендіктен бәрі тек ұнағаны және табыс тілеумен шектелгенін түсіндім. Алдағы уақытта жеке жеке интервию әдісімен пікірлерін сұраймын деп шештім. Жеткен жетістігім:
Қатысқан мұғалімдер топтық жұмыстың маңыздылығын түсінді;
ІІІ деңгей мұғалімдері өз істәжірибесімен бөлісе алды;
Оқушы қажеттілігі деген ұғымға мұғалімдер назар аударды;
Топтық жұмыстың ережесін білді
Жіберген кемшіліктерім:
Қатысқан мұғалімдердің дөңгелек үстелден алған ойын білмедім
Қатысушы саны аз болды
Топтық жұмыс жүргізуде әр ролмен жеке жұмыс жүргізілмеді
Алдағы уақытқа жоспарлауым:
Интервию әдісімен мұғалімдер пікірін білу;
Аралық бақылау өткізу
Жаңаша оқыту-жаңаша ойлау
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Мұғалімдерге білім алушы оқушыларды «мінсіз оқушы» деңгейіне жету жолын және оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіндіру.Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында топтық жұмыс туралы теориялық және практикалық жағынан қолдау көрсету. Табыс критерилері: Топтық жұмыс туралы мағлұмат алады. Топтық жұмыс не үшін қажет екенін біледі.Топтарды қалай ұйымдастыруға болатыны туралы біледі. Топтағы бірлескен жұмыс қандай мақсаттарда жүзеге асатыны туралы біледі.Топтық жұмыстық қолдана алады. Тиімділігі туралы ой қорытады Әдіс тәсілдері: Топтық жұмыс, талдау, баяндау, өз ойларын жеткізу Дереккөздер: МАН /36 бет/ Апталық ресурстар 2 апта /8,9,31,44-45 беттер/ Флипчарт, маркерлер, стикер, қағаздар.
Барысы:
1.«Топпен шаттық шеңбері» /келушілер бір -біріне жақсы тілектер тілейді./ 2. Сұрақтар:
Мінсіз оқушы моделі дегеніміз не? (Деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдер жауап береді)
3.Постермен жұмыс. «Мінсіз оқушы» моделін жасап, қорғалады.
4. -Жекелей оқу мен топтық оқудың қандай ерекшеліктерін байқадыңыздар? - Бірлесе оқудың оқушылар үшін қажеттілігі бар ма?
5. ІІІ деңгей мұғалімдерімен ой бөлісу. 1. Тарих пәнінің мұғалімі Нұрахметова Ф.Р. «Топтық жұмыс және оның ерекшеліктері» 2. География пәнінің мұғалімі Егізбаев Б.С. «Топқа бөліну түрлері» 3. Математика пәнінің мұғалімі Мұхамадиев Т.Ж. «Топ мүшелерінің қызыметі»
6.Постермен жұмыс. «Топтық жұмыстың тиімділігі»
7.Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек /қатысушылар өткен дөңгелек үстелден алған екі жақсы істі өз тәжірибесіне қолдануы және қамтылмай қалған бір тұсы туралы жазып беру сұралды./
«Б.Садырбайұлы атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі