kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында а?паратты? технологияларды пайдалануды? тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі ?о?ам м??алімдерді? алдында білім берумен ?атар о?ушыны жеке т?л?а ретінде ?асиеттерін ?алыптастыруды дамыту ж?нінде міндеті ?ояды. П?н м??аліміні? басты ??зыреттілігі – оны? жа?аша к?з?арасы бар, я?ни білім алуды? ?айнар к?зіне ба?ыттауда шексіз а?парат алуына м?мкіндік беретін а?артушы ретіндегі р?лі ма?ызды. Осы?ан байланысты а?паратты? технологияларды ме?герген, жобалауды білетін, жа?а ойларды іске асыра алатын ж?не мектепте т?жірибе беретін, білімді ж?не м?дениеті жо?ары тіл мен ?дебиет о?ытушыларына м??тажды? туындайды. Жа?андану заманында ?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында а?паратты? технологияларды пайдалану – б?гінгі к?нні? с?ніне ілесу емес, т?жірибелік білім да?дыларды ?алыптастыруда?ы ?ажеттілік.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында а?паратты? технологияларды пайдалануды? тиімділігі»

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ақпараттық

технологияларды пайдалану



Шығыс Қазақстан облысы Н.Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Слямова Қанағат Тусуповна



Қазіргі қоғам мұғалімдердің алдында білім берумен қатар оқушыны жеке тұлға ретінде қасиеттерін қалыптастыруды дамыту жөнінде міндеті қояды. Пән мұғалімінің басты құзыреттілігі – оның жаңаша көзқарасы бар, яғни білім алудың қайнар көзіне бағыттауда шексіз ақпарат алуына мүмкіндік беретін ағартушы ретіндегі рөлі маңызды. Осыған байланысты ақпараттық технологияларды меңгерген, жобалауды білетін, жаңа ойларды іске асыра алатын және мектепте тәжірибе беретін, білімді және мәдениеті жоғары тіл мен әдебиет оқытушыларына мұқтаждық туындайды. Жаһандану заманында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану – бүгінгі күннің сәніне ілесу емес, тәжірибелік білім дағдыларды қалыптастырудағы қажеттілік. Бұл өз бетімен өздік жұмысты ұйымдастыруға әсер етеді және оқу үрдісін жекелей оқуға деген қызығушылықты арттырады; оқушылардың танымдық қызметін ынталандырады, оқушылардың зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың өз бетімен білім алуларына және әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Техникалармен жабдықталған қазақ тілі мен әдебиеті сабағын кабинетте өткізудің өзі балаларды қызықтырып, оларда ынта пайда болады.

Компьютерді сабақта қандай мақсатпен қолданамын?

Біріншіден, жалпы оқу бойынша практикалық тапсырмаларды орындау үшін нақты орфографиялық және пунктуациялық мықты әдет-дағдыны қалыптастыру;

Екіншіден, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру. Мәтіндік бақылау және компьютер арқылы әдет-дағдыны қалыптастыру дәстүрлі әдіске қарағанда тиімдірек, оқушылардың пәнді меңгергенін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінің мұндай тәсілі ақпараттық өңдеудің бағалау жүйесі үшін тиімді.

Үшіншіден, ақпараттық технологияларды қолдану оқушыларда негізгі құзыреттілікті қалыптастырады. Бұл мәселелер мен білім беру компьютерлік бағдарламаларды шешуге көмектеседі. Компьютерлік оқу бағдарламалары ұстазға бірнеше мәселелерді бір уақытта шешуге көмектеседі:

- өз білім деңгейін арттыруға көмектеседі;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;

- оқушылардың білім сапасы мен үлгерімін арттырады;

- оқушылардан сауалнама алуға уақытты үнемдейді;

- оқушыларға өздігінен үйде, сабақта, сабақтан тыс уақытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша материалдарды ұсынуда тиімді амалдарға мультимедиялық тұсаукесерлерді жатқызуға болады. Сабақ үстіндегі ТЖК-ның жеке құралдарының бірі PowerPoint бағдарламасы болып табылады. Аталмыш бағдарламада оқушылар мен ұстаздар сабақ өткізу барысында және сабақтан тыс уақытта ақпараттық қолдау көрсететін түсаукесер жасауға мүмкіндік береді.

Педагогтар мен оқушыларға мультимедиялық тұсаукесерлерді дайындауда шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың жобадағы қызметі топпен жұмыста ынтымақтастықта білім алуға, оқушылардың сараптамалық дағдысын қалыптастыруға, ақпараттық сауаттылықты арттыруға әсер етеді.

Оқушы әрбір слайд жасау барысында компьютер суретшісіне айналады (слайд өте әдемі әрі автордың көтерілген мәселені көрсетуі керек). Оқу қызметінің аталмыш түрі оқушының логикалық ойлауын дамытады. Бұрынғы түссіз әрі зеріктіріп жіберетін суреттер есте қалатындай, айқын бола түседі.

Тұсаукесерді көрсету барысында оқушылар көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын игереді. Бұл алдағы өміріне де сабақ болады. Жарыс элементін қосу компьютермен жұмыс істеу дағдысы бойынша оқушының өзін-өзі бағалауды арттырады. Бұл – қазіргі таңда жастар мәдениетінің маңызды элементі.

Соңғы кездері оқу үрдісіне Интернетті жаппай енгізу байқалады. Барлық пәндер бойынша ақпараттық ресурстардың саны артуда. Интернет білім беру үрісінде қолжетімді болуда. Мысалы, «Халық ертегілері» тақырыбын оқуда оқушылар Интернет арқылы көптеген қызықты ақпараттар тауып алды. Ақпараттық технологиялар ақпараттың қолжетімдігіне жол ашып қана қоймай, барлық оқу субъектілерімен жаңа қарым-қатынас ұйымдастыруға, білім беру жүйесін құруға көмектеседі.

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне енгізу білім беруді белсендіріп, оқудың даму идеясын жүзеге асыруға, сабақ қарқынын арттыруға, өздігінен жұмыс атқару көлемін арттырады.

Білім беру үрдісінде бұл әдістерді қолдану арқылы оқытушы сабақты қызықты, мазмұнды және тартымды өткізеді. Бүгінгі күнгі мектеп заман талабынан кейін қалмауы тиіс. Сондықтан заманауи оқытушы қызметте ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануы керек. Себебі мектептің басты міндеті – болашақ ұрпақты сауатты, ойланатын және өз бетімен білім алатын жаңа өскелең ұрпақты тәрбиелеу.

Түрлі ақпараттық білім берудегі жүйенің құрылымын жасау оқушылардың ақыл-ой дағдылары мен оқытушының шығармашылық әлеуетіне қарай құрылады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?аза? тілі мен ?дебиеті саба?ында а?паратты? технологияларды пайдалануды? тиімділігі

Автор: Слямова ?ана?ат Тусуповна

Дата: 05.07.2016

Номер свидетельства: 336972


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства