Мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың -170 жасқа толған мерейтойын атап өту,ақын,жыршы, жырау атамыздың шығармаларының бай мұрасымен сусындату, өнерді, ақындықты,айтысты ,жыраулық өнерді құрметтей білуге шақыру.
Әдісі: Бенефис –кеш
Көрнекілігі: Кітап көрмесі,слайд, видеоролик, қанатты сөздер
Барысы:
1-ж: Армысыздар ұстаздар,оқушылар, кеш қонақтары!
Ол-көп жасаған,көпті көрген, туған халқының кешегісі мен бүгінгісінің
куәсі болған данышпан қария
2-ж: Сол көрген білгенін маржандай жыр сөзімен баяндаған құдіретті талант
иесі, үлкен шәйір, ақын
1-ж: Қазақтың ұлы ақыны Абайдан бір-ақ жас кіші...
2-ж: Ол- «Жетісу ақындарының алтын діңгегі болған » атақты Сүйінбай
ақыннан 15 жасында бата алған
1-ж: Ол-ақын ғана емес тамаша жыршы (айтушы) да болған
2-ж: «ХХ ғасыр Гомері» атанған , «Менің пірім Сүйінбай » деп жырлаған
Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған
бенефис –кешімізге қош келдіңіздер!
1-ж: Кешімізді келген қонақтарымызды таныстырудан бастайық:
2. Тотаев Мәдениет ағай, аудандық Мәдениет үйінің маманы
3. Әлібекова Гүлнар апай,директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары ,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ән: «Домбыра » Орындайтын Нұрланқызы Индира
1-ж: Өлең сөздің дүлдүлі ,жырау, жыршы Жамбыл бабамыз туралы
видеороликке назар аударыңыздар
2-ж: Жыр алыбы Жамбыл бабамыз Жамбыл облысында ,Шу өзені бойындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.Тегі кедей-шаруа, жасында діни мектеп есігін ашқанымен, шала молданың шатпағына шыдамаған Жамбыл оқуды тастап кетеді.Таяқтың астына алып дүрелеп оқытатын молдалардың жаттанды діни оқуын өткір сынға алады.
«Шағым» Өлеңді оқитын Нүрділлаұлы Мейрамбек ,6-сын
1-ж: Ақын феодалдық-патриархалдық өмір болмысын, кедейлерді қанау арқасында ғана өмір сүріп отырған байларды батыл сынға алады. Ел ішіндегі кесапаттың барлығы байлардың қорқаулығы мен өкімет билігін түгелдей өз қолдарына алған би-болыстардың озбырлығынан деп біледі.
«Сараң бай мен жомарт кедей» Өлеңді оқитын Әнуарқызы Қасиет 6-сын
2-ж: Жамбыл қарапайым халық атынан сөйлейді, кедейлер мен шаруалардың ауыр тұрмысы, олардың үстем тап өкілдері тарапынан езіліп, қаналып азап шегуі жанына қатты батады.Ол өзінің алдына еңбекші халыққа қызмет етуді, арман-тілектерін жырлауды асыл мұрат,қасиетті парыз етіп қояды.
«Кедей күйі» » Өлеңді оқитын Қайратқызы Нұрай,6-с
«Мәмбетке» » Өлеңді оқитын Сарбас Нұрымжан,8-с
1-ж: Ерубай ағай ,сіз көптің адамысыз,жиын-тойлардың,үлкен іс-шаралардың арасында жүресіз десек артық айтқандық емес. Жамбыл бабамызға арналған мерейтойлар есіңізде ме? Суретке түсірген кезіңіз болды ма?
2-ж: «Менің пірім-Сүйінбай
Сөз сөйлемен сиынбай»-деп жырлаған Жамбыл ақындыққа бет бұрған кезінде небары 15 жаста екен . Жамбыл айтыс кезінде көптеген ақындарды жеңіп отырған.Олардың ішінде айтыста ысылған Сарбас, Досмағанбет, Құлманбет сияқты атақты ақындар да бар еді.
Алдарыңызда бала Жамбыл мен Бөлектің қызының айтысы, яғни қыз бен жігіт айтысы. Орындайтындар 6-сын. оқушылары Әбдіхан Жантемір, Жұмағали Сұлушаш
1-ж:1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бір сапта болып, майданның қара жұмысына адам алу жөніндегі патша әміріне қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Патша үкіметі халықтың ұлт-азаттық көтерілісін аяусыз жаншып басқаны, оған қатысқан адамдарды, әсіресе басшыларын ұстап жазалағаны тарихтан белгілі. Осы кезде оның жасы жетпіске келген кезі еді.
«Патша әмірі тарылды» » Өлеңді оқитын Қайнар Марлен ,7-с
«Зілді бұйрық» » Өлеңді оқитын оқитын Көзжан Гүлнұр ,7-с
2-ж: Ұлы Октябрь социалистік революцияның жеңісі Жамбылды рухтандырып, оған қайта қанат бітірді.жер ортасынан асып, егде тартып, әрі тұрмыстың тауқыметін көп тартқан Жамбылға Октябрь шексіз қуаныш, мұқалмас қайрат және асқан шабыт берді. Ол қайта жасарғандай болды. Өлең шығаруды көптен бері қойып кеткен Жамбыл домбырасын қолға қайта алды.
«Қазақстан тойына » өлеңді оқитын Тасыбай Азамат ,7-с
Ән: «Туған жер» орындайтын Қайратқызы Нұрай,6-с
1-ж: Гүлнар апай, ақынның жазған өлеңдерінен оқырман өзін тауып алмаса, ол өлең емес деген сөз бар , «ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады» деген сөзді қалай түсінесіз? Апай, әдебиет сабағында Ж.Жабаевқа сағат бөлінген бе? Қай сыныптарда оқытылады? Оқушылардың әдебиетке,поэзияға деген ынтасы қалай?
2-ж: 1929ж Жамбыл колхозға (артелге) кіреді, өмірінің соңына дейін Алматы облысындағы өз атымен аталатын колхозда өмір сүреді. 1936 жылы республикалық ақындар слетіне қатысады. 1936ж қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен он күндігіне қатысады.Онда еліміздің аса көрнекті партия және мемлекет қайраткерлерімен кездеседі, В.И.Ленин мавзолейінде болады, Москваны өз көзімен көреді,астананың ұлылығы мен сән-салтанаты ақынды аса қатты тебірентіп , оны жаңа жырлар шығаруға шабыттандырады.
«Дастарқан жыры» өлеңді оқитын Байсейіт Нұрдәулет ,8-с
«Қайта жасардым» өлеңді оқитын Әсілзат Айғаным ,7-сын
1-ж: Күй: «Қаражорға» Орындайтын Жүніс Назым
2-ж: Мәдениет ағай,әдебиет,мәдениет, өнер салалары егіз,бір-бірінен ажыратуға болмайды.Жамбыл бабамыз өз өлеңдерінде халықтар достығын жырлаған , олардың тату-тәтті өмірін өлеңдеріне арқау еткен, өнер саласында көп жылдан бері еңбек етіп келесіз өзге ұлт өкілінен досыңыз барма ? Аудандық мәдениет бөлімінде өнер көрсетіп жүрген өзге ұлт өкілі бар ма? Неге сіздің атыңызды Мәдениет деп қойған?
Ән: « Қазақтай ел қайда.» Орындайтын Кенжебай Ахметхан
1-ж: 1941ж Ұлы Отан соғысы басталған кезде Жамбыл бабамыз 96 жаста болатын. Міне , осы қаһарлы күндерде қартайып, белі бүгілген Жамбыл үндемей қала алмайды, көптеген жаңа өлеңдер шығарады,Отанымыздың барлық ұлдары мен қыздарын Москваны, Отанды қорғап қалуға шақырады. Соғыс жылдарындағы шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі «Ленинградтық өренім» өлеңі. Бұл өлең 1941 жылы , Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарылған.
«Ленинградтық өренім» өлеңді оқитын Жұмабай Самал,6-сын
2-ж: Соғысқа Жамбылдың ұлы Алғадай да барады .
«Алғадайым арлы едің
Перзентімнің алды едің» -деп батасын беріп шығарып салған ұлы , ұрыста ерлікпен қаза болады.
«Аттандыру» өлеңді оқитын Қожамұрат Асылжан, 9-с
«Балама хат» өлеңді оқитын Адаберген Ғалым ,9-с
1-ж: Күй: «Балбырауын» Орындайтын Сабырханова С
2-ж: Жылдар жылжып, жас ұлғайған сайын Жамбыл да шөге бастады. Сол жылдары Жәкеңнің басы-қасында болған С.Мұқановтың жазуына қарағанда , 1944 жылдан бастап Жәкең жиі ауырып,көп жантаятынды шығарды , көзі көруден, құлағы естуден қалды.
1-ж: Ақыры, ол 1945ж 22июньде , жүзге қараған шағында қайтыс болды. Адамгершілік пен ақиқаттың, батырлық пен ерліктің туын биік ұстап, жырға қосқан Жамбыл ақын,халық жыршысы.Ақын, жыршы,жырау Жамбыл бабамыздың шығармалары орыс тіліне түгелдей дерлік аударылған десе болады. Оның көптеген өлеңдері ағылшын,француз,неміс,испан,чех,поляк,венгер,болгар,монғол тілдеріне аударылған.
2-ж: «Ұлылардың ұлағатын ұмытпау-ел боламыз деген халықтың алдындағы парызы»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,ұлыларды ұлықтау, ұрпақ парызы деп кешімізді аяқтаймыз.