kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Химия, биология пәндерін оқытуда білім мазмұнын жаңарту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Химия, биология пәндерін оқытуда білім мазмұнын жаңарту жолдары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Химия, биология пәндерін оқытуда білім мазмұнын жаңарту жолдары»

Химия, биология пәндерін оқытуда білім мазмұнын жаңарту жолдары

Қоғамда туындап отырған жаңа экономикалық қатынастарға орай білім беруді реформалау мәселесі туындайды. Реформалаудың басты мәселесі білім мазмұнын толық жаңғырту жетілдіруді талап етеді. Ол білім беру стандарттарын, базалық оқу жоспарларын жасау және тәжірибеге енгізу арқылы жүзеге аспақ. Стандарттар барлық тұрпаттағы оқу құралдарының қай түріне жататынына қарамастан, кадр даярлаудың жоғары біліктілік сапаларын үйлесімді атқаруы тиіс. Бұл күнде өмір өлшеусіз өзгереді. Қазақ халқы өз еркін өз қолына алып, өз болашағы болып табылатын болашақ жастарды білім мен тәрбие ісіне көңіл бөліп, өзіндік бағыт ұстап, жасампаздық жолға меңзейтін әдістер ұсынуда.

Өз мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгершілігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу.
Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай – ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту. Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс-тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту.
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де, білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол білім беру заңдылықтарына байланысты өзгеріп дамып отырады. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоямыз. Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.

2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім мазмұнына барлық сыныптар көшеді. Ол 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функцияналдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру. Білім беру жүйесінде-жоғары сыныптарды ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық қолдау. Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау үшін педагогтердің таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылады.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 12 сұрақ:

  1. Жаңартылған орта білім беру мазмұнына көшу

  2. Мектептегі бес күндік оқу аптасы

  3. 12 жылдық оқыту моделіне көшу

  4. Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі

  5. Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі

  6. 2019 жылдан бастап 10 және 11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын пәндерді енгізу

  7. Бірыңғай оқулықты енгізу

  8. Оқу бейнематериалдары

  9. Шағын жинақты мектептермен жұмыс

  10. ҰБТ-дағы өзгерістер

  11. Мұғалімдердің жүктемесі

  12. Мұғалімдермен тікелей байланысу және мектептердің есеп беруі

Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері

АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін қалыптастыруы керек.

Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр. Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар болып табылады. Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Математика», «География»,

«Физика», «Биология» пәндерін көптілді оқыту бойынша әдістемелік

ұсынымдар бар. Әдістемелік ұсынымда жалпы білім беретін мектептердегі сабақта көптілді оқытуды ұйымдастыру мен пайдалану бойынша практикалық ұсынымдар, сабақты жүргізудің типтері мен формалары, әдістемелік тәсілдердің жиынтығы көрсетілген. Пәнді көптілді оқытудың дидактикалық тәсілдері суреттелген, пән бойынша оқушылардың тілдік құзыретін және функционалды сауаттылығын дамытудағы жұмыстың мазмұны, әдістері және нысандары бойынша ұсыныстар беріледі.

ХХI ғасырда оқушылардың сын тұрғысынан ойлау, өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі реттеу, оқи білу дағдыларын белсенді әрі табысты қолдану дайындығын қалыптастыруға ықпал ететін қажетті білім ортасын құруға мүмкіндік береді. Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер:

- жоспарлау процесін, бағалау жүйесі мен рефлексиялауды жетілдіруі, жеті

модуль тақырыбында кіріктірілген тізбекті сабақтар серияларын іске асыруға тиіс.

- Бағдарламаның 7 модулін қолданудың, сабақтарға қатысу арқылы

оқытуда инновациялық тәсілдерді қолданудың тиімділігін бақылау;

- сол мұғалімнен білім алатын оқушылардың білім сапасына мониторинг

жүргізу.

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді: сабақта белсенділік жоғарылайды; сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды; оқуға қызығушылықтары артады;

2. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? Ол:
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым. Төмендегідей нәтиже береді:
- білім алушының белсенділігін арттыру;
- пәнге қызығушылығын ояту;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарау.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Мұғалім оқушыны оқуға мәжбүрлеу үшін кейде «баға-жазалау құралы» деген әдісті қолданулары да мүмкін. Ол сыныптың бағалау журналына түскеннен кейін оқушының мұғалімге және сабаққа кері көзқарасын туғызуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде 3,4,5 қою білім деңгейлерін тексеруде аздық етеді, себебі көпшілік жағдайда салыстырмалы тәсілдерді пайдаланып қоямыз деп ойлаймын.

Көтеріңкі баға қою оқушының сабаққа қызығушылығын арттыратыны белгілі, жиі қолдану теріс нәтиже береді. Ол үшін мұғалім жақсы бақылаушы бола білуі тиіс. Оқушының нені білетінін, нені істей алатынын, қиындықтарға кездесуі мүмкін бе? деген сауалға өзі жауап іздеуі шарт. «Көп оқығаннан емес, көп көргеннен сұра» деген түсінікке сәйкес зертханалық жұмыстар орындау барысында осымен бетпе-бет кездесемін.

Бақылау, қорытынды және логикалық қорытынды арқылы мұғалім жиынтық бағалай алады. Бір оқушының бойынан барлығы табыла білсе, екінші біреулерінде тек осының бір түрін ғана бақылауға болады. Білім сапасын арттыру мақсатында критериалды бағалау жүйесін дамыту маңызды болып отыр. Критериалды бағалау - оқушылардың білім жетістіктерін анықтауға, оқушыларға алдын-ала белгілі, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген процесс.

«Өте жақсы», «жақсы», «керемет», «қанағаттандырарлық» деген түсініктер, сонымен қоса қолдау, қолпаштау оқушыларға ерекше әсер қалдырады деген ойдамын. Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Бұл бағалау жүйесі- тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі болып табылады.

Химия пәні бойынша оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлерін Блум таксономиясына салып, талдауға болады.
Критерийлер Максималды деңгей
1.Білу 1
2.Түсіну 2
3.Қолдану 3
4.Талдау 4
5.Жинақтау 5

6.Бағалау 5
Барлығы 20
Оқушылардың білім деңгейлері мына шәкілмен бағаға айналдырылады:
Ұпай саны Баға
9-нан төмен ұпай «2»
10-14 ұпай «3»
15-17 ұпай «4»
18-20 ұпай «5»

Оқушы өзін бағалағанда қызығушылығына ықпал етеді, білім алуға түбегейлі әсер ететіндігін бірнеше сабағымда байқадым. Алғашқыда көтерме бағалаулар жүзеге асады, оқушыға нақтылап ұғындырғанда ол жауапкершілікті сезініп, осыған қарай бағыт алады.

«Оксидтер» тақырыбына топ болып критериалды бағалау құрған болатынбыз, ол төмендегідей болды.

Критерийлер

Балл

Блум таксономиясы

1.

Анықтамасы

1 балл

Білу

2.

Аталуы, валенттілікке сәйкес формула құру

2 балл

Түсіну

3.

Жіктелуі

2 балл

Түсіну

4.

Табиғатта таралуы

1 балл

Білу

5.

Алынуы

3 балл

Талдау

6.

Физикалық қасиеттері

1 балл

Білу

7.

Химиялық қасиеттері

3 балл

Қолдану

8.

Қолданылуы

2 балл

Жинақтау

9.

Оксидтердің бейорганикалық қосылыстардың арасындағы алатын орнын бағалау

5 балл

Бағалау

Осы нұсқаларды сабақтарымда қолданып жүрмін.

Нақты критерийлер құра отырып, оны оқушылармен талдау арқылы бағалау тиімді екендігін түсіндім. Мысалы, кез-келген сыныпта химиялық реакция теңдеулерін құруда, сандық есептер шығаруда:

  1. Элементтің дұрыс таңбалануы 1 балл

  2. Реакция теңдеуінің дұрыс құрылуы 2 балл

  3. Валенттілікке сәйкес формуланы құрастыру 2 балл

  4. Коэффициенттердің қойылуы 2 балл

  5. Теңестірілуі 3 балл

  6. Реакцияға қатысқан, түзілген заттарды оқи білуі ... 5 балл

15-13 «5» 12-10 «4» 9-7 «3» 6-0 «2»

Осыны қолдану барысында «дұрыстап ойлансаң бұл есепті шығара аласың», «сенің көмегің қажет», «сәл ойлан, білімің жеткілікті», «мына есепті жақсы шығардың», «алдыңғы сабақта шығардың ғой, сол тапсырмаға ұқсас» деп қолдау көрсетіп отырамын.

Топта жұмыс істегенде барлығы есеп шығаруға, қате жібермеуге, талдауға талпынады, нәтижеге бірге қол жеткізеді.

Ал, 8-сынып бақылау жұмысында балдық шәкіліне бағаны нақтылап алғанымда жұмыс оң нәтижесін берді.

1

Химиялық элементтің атауымен таңбалайды

1 балл

2

Теориялық білімді тұжырымдай біледі

2 балл

3

Сұраққа толық жауап беріледі

2 балл

4

Ережені біліп, мысалын дәлелдеп береді

3 балл

5

Теңдеуді аяқтайды, теңестіре алады

3 балл

6

Есептің шығарылу жолын біледі

4 балл

7

Жаттығуларды толық аяқтайды

5 балл


20-18 «5»

17-14 «4»

13-10 «3»

9- 0 «2»




Қорытындылай келетін болсам, критериалды бағалау арқылы жоғары сынып оқушылары өздерін-өзі бағалай алады, топ басшысының формативті бағалауымен келісімге келеді, яғни оқушылар бірін-бірі бағалағанда әділдік бар. Ал, орта буын балалары мұғалімнің жиынтық бағалауымен түсіндірме жүргізген жағдайда қанағаттанады, келіседі. Нақты критерийлер оқушылармен бірге талданса, өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінеді.

Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты-білім сапасын арттыру болып табылады. Ал, қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз-ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Оқушыларды бағалауда дәлдік пен дәлелділікке үйрету керек, өйткенді шолу өлшемдерін қолданатын және нәтижелерді бақылай алатын тұлғаға бағыттауды қолға аламын.

4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында.
Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті, әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар ғана емес. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген. Мысалы, төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда», «не», «кім», «неге», «қашан» сияқты көптеген сұрақтар пайдаланады. Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасау - бұл мұғалімнің жан - жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.


7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

- заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
- оқушының қабілеті мен талантын ашу;
- шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай.

4



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Химия, биология пәндерін оқытуда білім мазмұнын жаңарту жолдары

Автор: Ағзанова Айнур Дәулетханқызы

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384032

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "химия ж?не биология саба?тарында интерактивті ?арым ?атнас "
    ["seo_title"] => string(68) "khimiia-zh-nie-biologhiia-sabak-tarynda-intieraktivti-k-arym-k-atnas"
    ["file_id"] => string(6) "164434"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422635762"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства