Просмотр содержимого документа
«Конспект психологических тренингов на тему "Бар ?лем мен ?шін"»
Тақырыбы: «Бар әлем мен үшін!»
Мақсаты: Оқушыларды жағымсыз қылықтардан арылту және өзіндік сананы дамыту. Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындығын арттыру.
«Сенің есімің» ойыны.
Ойыншылар шеңбер болып тұрады. Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі ойыншалар кезекпен бірінші ойыншының есімін допты шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре айтады. (сәуле, Сәулетай,Сәулежан, Нұрсәуле, т.б.) осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын түрлендіре естігенде қандай сезімде болғандықтарын бөліседі.
Психолог: Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір бірімізбен қарым қатынас жасағанда, әңгімемізді міндетті түрде есімімізді айтудан бастайық.
«Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» жаттығу.
Сіздерге келесі тапсырма. Бірінші тұрған адам өзінен кейінгі екінші адамға қолын созып, сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын дейді, ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға осы сөзбен қолын созады. Осылайша «тізбектеле» барлығы бір бірінің қолынан қстап шеңбер құрады.
Өзіндік таңдау «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз дегенде он түрлі жауапты жазып, тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат ілінеді.
Қазір сендер жайлы өз сыныптастарың не ойлайтындарын бәлесіңдер және өздерің жайлы өз ойларыңмен салыстырыңдар. Оқушылар кезекпен шеңбер ортасындағы орындыққа отырады, ал қалған ойыншылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін жоғарыдағы сөздер тізбегінен сәйкес келетін сөздердің ішінен таңдап немесе өзі ойынан айтуларына болады. Кейін оның қаншалықты «Менің ойыша мен ...» деген сөйлемді аяқтаған кездегі жазған анықтамасына сай келетінін анықтау керек.
«Ассоциация» ойыны.
Қазір ойынды бастап жүретін адамды таңдап алайық. Жүргізуші болам деген бала ортаға шығады. Сонан соң, ойынға қатысушылардың әр қайсысы осы ойыншының неге ұқсайтынын (өсімдікке, затқа, жануарға, құсқа) (тек жағымды жағынан теңеу) қандай ой туғызатынын айтулары керек. Мысалы: Гүлнұр балапандарына жем тасыған қарлығашқа ұқсайды, себебі қашан да өзгелеге көмек көрсетеді. Жансараны бәйшешек гүліне ұқсатамын, себебі ол өте әдемі, нәзік. Т.б.
Психолог: ойын үстінде қандай сезімде болдыңдар? Қандай теңеулер сендерді таңқалдырды? Неге?
Сабақты талдау
Бүгінгі сабақты бағалап көрейік. Әркім қоятын бағасын бір қолдың саусағымен санақ
бойынша бір мезгілде көрсету керек. Не ұнады?, Жұмыс барысында қандай қиындықтар кездесті? Кімді бағалаған қиын, өзіңді ме, өзгелерді ме? Себебі не?
Үй тапсырмасы
Психолог: дәптерлеріңе мына аяқталмаған сөйлемдерді жазыңдар, ал үйде оны аяқтаңдар. (Аяқталмаған бірнеше сөйлемді келтіруге болады)
Мен құс секілді боламын, егер ...
Мен көктемнің жылы жаңбырымын, себебі ...
Мен шамшырақ секілді боламын, егер ...
Мен биік тау секілдімін, себебі ... (менің алдыма қойған армандарым мен мақсатым биік)