І.Қызығушылықты ояту БІЛУ (15 мин) | 1-қадам 1 мин 2-қадам 1 мин 3-қадам 1 мин 4-қадам 10 мин | -Сәлемәтсіздер ме, құрметті мектебіміздің қонақтары, әріптестер?! -Коучинигімізді бастамас бұрын, сіздерге өзімді таныстырып өтейін.(Түйіндеме. 1-слайд) Бүгін сіздермен бірге өткізетін коучинг-сессиямда Қазақстанның патриоттарын,ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеу бағытындағы жұмыс түрлерін жүргізіп,тәжірибе бөлісетін боламыз. Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда, жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу-мектеп мұғалімдері мен басшылары үшін ең өзекті мәселе.Оны дұрыс ұйымдастыру, жоспарлау - оң нәтижеге алып келетіндігін айтқым келеді. Баршаңызды келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтаймын.Мына әсем ән сіздердің құрметтеріңізге арналады.осы әсем әуеннің құшағында,бойымызды сергітіп, іске сәт дей отырып, коучингімізді бастайық! Сергіту сәтін ұйымдастырады Жағымды музыка әуенін ойнатып, қатысушыларға түрлі-түсті қима қағаздарды ұсынады, олардан алдыңғы қатарға жайғасуларын сұрайды «Миға шабуыл» Видеоны көрсету: «Көк ту мен достар» 4-қадам Сұрақ : -Осы бейнекөрініс сіздерге қандай ой салды? -Оқиға қандай мәселеден туындады? \Әрине, біздің көк Туымыздан\. Қатысушыларға бейнекөрініс туралы ой-пікірлерін айтуды тапсырады: І топ. Бейнекөріністе не көрсетілді? /Мазмұнын айту/ ІІ топ. Идеясы неде? /Автордың ойы / ІІІ топ. Қандай тақырыпты көтеріп отыр? ІV топ. Бейнекөріністі қалай аяқтар едініздер? /Өмірмен байланысы/ -Сіздерге көп рахмет! Міне, алдымызда өсіп келе жатқан балалардың алдында түсінбейтін осындай сұрақтары көп.Ал олардың сұрақтарына жауап беретін, тура жолға салып, тәрбие дәнегін себетін , әрине, біздерміз.Осы бейнекөрінісімізге байланысты берілген экрандағы тақырыптардан бүгінгі коучингте тәжірибе жасау үшін қайсысын таңдар едіңіздер? 1.Тәуелсіздік 2.Халықтар достығы 3.Бейбітшілік 4.Табиғат-Ана -Тамаша , бәріне ортақ тақырып- «Тәуелсіздік».Ал басқа тақырыптар олардың құрамдас бөліктері. Өйткені, Тәуелсіздік баянды болады: -Егер Бейбітшілік болса. Тәуелсіздік баянды болады: -Егер Халықтар достығы болса. Тәуелсіздік баянды болады: -Егер Табиғатымыз бұзылмай, аман болса,- дей отырып, бүгінгі тәжірибемізде Тәуелсіздік тақырыбын тағы да қандай бағыттар толықтыратынын табатын боламыз.Себебі, Тәуелсіздік ұғымы тек осы аталған тақырыптармен шектелмейді ғой.Солай емес пе? Сонымен ,бүгінгі тәжірибе жасау тақырыбымыз «Тәуелсіздік» екен.Олай болса, мына билеттерді алып, өз топтарыңыздың атын атап қабылдаңыздар 5-қадам.Топтастыру. І топқа: « Туған жері -түп қазығы айбыны» ІІ топқа: «Туған тілі- сатылмайтын байлығы» ІІІ топқа: «Салт-санасы - тірегі» ІV топқа: «Туған тарих...» | 3-қадам Қатысушылар әуенді тыңдай отырып, алдыңғы қатардағы орындықтарға жайғасады 4-қадам Қатысушылар бейнекөріністі көреді Берілген сұрақтар тңірегінде әр топ өз пікірін білдіреді 5-қадам Билетті алып, топтың атын таңдайды Әр топ өз атын жеке-жеке таныстырады. | 1.Музыка 2.Топқа бөлуші қима қағаздар. 3.Интербелсенді тақта. 4.Видео: «Көк ту мен достар» |
ІІ.Мағынаны ажырату ТҮСІНУ (10 мин)
|
1-қадам (дайындыққа – 4мин.,қорғауға – 2 мин )
| -Құрметті ,әріптестер ,Тәуелсіздік тақырыбына келмес бұрын, алдымен, осы Тәуелсіздік белестерін еске түсіріп көрсек деймін.Сіздерді тағы да билеттер күтіп тұр, алыңыздар да, сол бойынша ой өрбітіп, тақырыпты ашуға тырысыңыздар. 1-қадам.Қатысушыларға сөйлем жазылған үлестірме қағаздарды алып,ондағы берілген сөйлемдердің мағынасын өз ойларымен дәлелдеуді тапсырады. 1. «Мен- қазақпын, мың өліп, мың тірілген...» 2. «Тәуелсіздік бізге тегін келген жоқ...» 3. «Тәуелсіздік тағылымы ...» 4.Мәңгілік Ел- Ел мұраты...» |
1-қадам. Әр топ үлестірме қағаздардағы берілген сөйлемдер бойынша өз идеяларымен ой бөліседі |
Үлестірме қағаздар Интербелсенді тақта |
ЖИНАҚТАУ (5 мин) | 1-қадам | -Өте жақсы, тыңдадық, пікір айттық,өте орынды.Олай болса, ойымызды жинақтайық.Мына жерде 4 топқа 4 бөлік тірек мәтіндер мен жапырақтар қойылған.Осы тірек мәтіндердің әрқайсысына тұжырым жасап,тақырып қойыңыздар да, оларды жапырақтарға жазыңыздар Берілген мәтіндер бойынша топтарды түйінді ой-тұжырым жасауға шақырады -Жасап болсаңыздар ,мынау не? \\ағаш\ -Қандай ағаш? \қу ағаш, сүреңсіз т.б\ -Қайтсек бұл ағаш көркіне енеді? Олай болса, жапыраққа жазылған тұжырымдарыңызды таныстырып, мына ағашға іліңіздер.Ал енді осыдан қандай қорытынды шығарар едіңіздер? -Дұрыс, «Ағаш жапырағымен көгереді » Бүгінгі ұрпақтың болашағының нұрлы болуы үшін тәуелсіздікті сақтаудың және жас ұрпақтың бойына дарытудың жоспарлы бағдарламасын бірлесіп жасап шықтық.Мысалы мен өзіме мына үлгіде жылдық жоспар жасадым.(Интербелсенді тақтадан көрсетіледі) Сонымен бүгінгі коучингімізде мақсатымызға жеттік деп ойлайсыздар ма?
| Топ мүшелері түсінгендерін топ ішінде талқылап, түйінді ойларын стикерге жазып, бәйтерек ағашына іледі
Қатысушылар коучинг барысында атқарылған іс-әрекеттерді қорытып, жинақтайды | Мәтін жазылған қағаздар, бәйтерек ағашының макеті, маркер,стикер |