Мектептегі іс–т?жірибе кезінде осы коучингті ?ткізу барысында ?зімді б?рын?ы жай м??алім емес, коуч ретінде сезіндім. Алда?ы уа?ытта б?л о?ыту т?сілін тек ?ріптестерге ке?ес беру ?шін коучинг ?ткізу кезінде ?ана емес, о?ушыларды жа?а біліммен сусындатып, ?з ?леуетін іске асыру?а м?мкіндік беретін саба?тар ?шін де ?олданатыныма сенімдімін. Бірінші коучингте м??алімдермен ж?мыс жасау кезінде саба?ты? кейбір т?старын келесі саба?та ескерермін деген т?старым да болды. Сонымен бірге коучингті ж?ргізу барысында уа?ытты алдын-ала белгілеу ар?ылы тиімді пайдалануды, топтар?а б?ліп ж?мыс жасауды, оны? негізгі ма?сат–міндеттерін ескере отырып, н?тижеге ?ол жеткізуді ?йрендім. Коучинг ?ткізу м??алімнен ?за? уа?ыт дайынды?ты, т?жірибелі болуды ?ажет етпейді дегенмен, ?ріптестер ортасы білікті мамандар болса, онда ?рбір коучті? тияна?ты дайынды?тан ?туі ?ажет. Себебі, ?оз?алатын м?селе ж?нінде жан – жа?ты хабардар болу?а міндетті болып саналады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Коучинг жайында рефлексивті есеп »
Туржупарова Гульшат 2 – деңгей мұғалімінің Есеп В1
№1 топ портфолиосы
Ақтау қаласы
1 -коучинг жайында рефлексивті есеп
Екінші деңгей бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып саналатын, яғни мектеп мұғалімдерінің кәсіби білім беру қоғамдастығын құруға негіз болатын үдерістің бірі–коучинг.
Коуч–тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады. Мұғалім өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімге көмек көрсетеді (МАН,82-бет) деп көрсетілгендей,екінші деңгей бағдарламасының бірінші бетпе–бет кезеңінен кейінгі іс–тәжірибе кезінде мектепте тәлімгерлікпен қоса, жаңалыққа жаны құмар ұстаздар тобына коучингтер өткізу мақсатында, мектепке келгеннен кейін мектеп әкімшілігімен кеңесіп, жүргізетін жұмыстарымның ретімен таныстырып, мұғалімдердің оқытудағы тәжірибесін жақсарту мақсатында коучинг сабақтарын өткізетіндігім туралы да айттым.
Әкімшілік өкілдерімен кеңескеннен кейін коучинг сабақтарымды өткізуді жоспарлап, мұғалімдермен әңгімелестім. Әңгімелесуге ұжымның (әкімшілікті қоспағанда) он бес мұғалімі қатысты. Әңгіме барысында мұғалімдерге деңгейлік бағдарламаның мақсат–міндеттері, күтілетін нәтижелері, коучинг туралы жан–жақты түсінік беруге тырыстым. Бағдарламаның жеті модулінің мазмұнына жеке–жеке тоқталып, өткізетін коучингіміздің тақырыптарын таңдауға, бағдарламаның қандай модульдері жайында көбірек біліп , мәлімет алғылары келетіндігін білдім.
Сауалнама беру арқылы өткізетін коучинг сабақтардың тақырыбын анықтап, мұғалімдерден қай күні, қай мезгілде өткізген ыңғайлы екендігін сұрадым.
Сауалнама жүргізу барысында мұғалімдердің басым бөлігі деңгейлік бағдарламаның «Оқытудағы жаңа әдіс–тәсілдер » және «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдері туралы білгісі келетіндіктерін белгілеген. Осы сұраныстарға сәйкес 1-коучингтің тақырыбы ретінде «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулін алдым.
«...Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу , тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді...» (МАН, 78-бет) . Осы тұжырымдамаға сәйкес қазіргі оқу мен оқыту процесінде бірлескен оқудың ерекше қажет екендігін сезіндім. Себебі, ынтымақтастық, бірлік– бұл тек оқытудың әдісі ғана емес, сонымен бірге адамдар қарым–қатынасындағы ерекше философиялық ұғым. Яғни, жұппен, шағын топтармен жұмыс жасау арқылы оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен мұғалім арасындағы қарым–қатынасты жолға қойып, үлкен жетістіктерге қаншалықты қол жеткізуге болады? – деген сұрақ туындады.
Осы кезеңге дейін, өзімнің он үш жылдық іс–тәжірибемде топтық жұмысты өзімше ғана түсініп, оқушыларды бірнеше топқа бөлгенде, олардың арасында ынтымақтастық емес, бәсекелестікті көздеп, топтар арасындағы сайыстарды жүргізу үшін ғана жүзеге асырдым. Әріптестерімнің ашық сабақтарына қатысқан сәттерімде де тек осындай суреттер көріп жүргенімді мойындадым. Яғни, топтық жұмыстар бұдан бұрын да біздің іс–тәжірибемізде бар, бірақ сол әдісті тиімді қолдана алмағанымды сезгендей болдым . Бұл ойымды мына сөздермен пысықтағым келеді:
« ...ХХІ ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен , сын тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары өте ерте замандардағы құрал жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды...» (МАН, 4–бет ) Осы айтылғандай, топтағы бірлескен жұмыс та тәжірибемізде бар, бірақ оқыту мен оқудағы әдіс–тәсілдер жаңарып, жаңғырып отырғандығының дәлелі.
Топтық жұмыс жүргізудің жалпы мақсаты–топ мүшелері арасында, белгілі бір ұжымда ынтымақтастық пен бірлестікті қалыптастыру болатын болса, біз бірінші коучингте бірлескен шағын топтарда жұмыс жасай отырып, коучингтің SMART–мақсаты–мұғалімдерге топтық жұмыс жүргізудің мақсат–міндеттері, топтағы рольдер, ерекшеліктері туралы нақтырақ түсінік беріп, шағын топтарда жұмыс жасау жолдарын көрсету болды.
Топтағы бірлескен жұмыстың әдіс тәсілдерін меңгертуді 9-10 мұғалімнен тұратын ұжымды мақалдың құрамындағы сөздерді ретімен орналастыру арқылы екі топқа бөлуден бастадым.
Сабақ басында, мұғалімдер топқа бөлінгеннен кейін екінші деңгей бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі - коучинг пен тәлімгерлік туралы, оны өткізудегі мақсат, оның міндеттері және коучинг тек білім саласында ғана емес, сонымен бірге экономика, бизнес салаларында да өзіндік орны бар оқытудың бір әдісі екендігі туралы айтып өттім.
Осы мақсатта оқушыларды шағын топтарға бөліп, жұмыс жүргізу үшін, ең алдымен топтардың ережелерін құрғызып, ортақ ереже шығару арқылы да оқушыларды топта жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа, бірлікке шақырып, бір–бірін тыңдай білуге, бір–бірінің пікірлерімен санасып, пікірлесуге ықпал ететінімізді айта отырып, топтарға ережелер тізбегін жаздыртып, содан кейін әр топтың ережелерін тыңдай келе, топтарға ортақ ережелер тізбегін жасады.
Топ ережелерінің жиынтығына кірістірілген әрбір ереже қатаң сақталуға тиіс екендігін ескертіп өттім. Бірақ жұмыс барысында сол сақталуы тиіс ережелер көп жағдайда сақталмай жатты. Мысалы, уақытқа бағынбаушылық өте жиі бұзылған ереже болды. Мүмкін, бұл менің де тарапымнан жасалатын жұмысқа уақыт шегін тым қысқартып жіберуімнен де болар деп ойладым. Уақыт мәселесін топқа берілетін тапсырманың көлеміне қарай белгілеуді келесі коучингте ескеруге тырыстым.
Топтағы бірлескен жұмыста міндетті түрде қатысушылар топ мүшелерінің қызметтерін бөлісіп, сол бойынша жұмыс жасайтынын айта келіп, қатысушыларға топ мүшелерінің аттары жазылған парақшаларды беріп, жеке жұмыс жасап, содан кейін топта талқылауын тапсырдым.
Коучингке қатысып отырған мұғалімдер тобымен жұмыс жасау мен үшін жеңіл болатынын сабақтың басталған сәтінде–ақ сезінген болатынмын. Соның бір дәлелі ретінде, осы топ мүшелерінің қызметіне сипаттама берерде де топтардың жауаптарында ешқандай мүлт кеткен тұсы болған жоқ. Тапсырманы берерде «спикерге, хатшыға, тайм–кипердің қызметтеріне қандай сипаттама берер екен?» деген күдікті ой болып еді. Тайм–кипердің және спикердің қызметіне қатысып отырған ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің көмегі тиді. Сөздерді тікелей қазақ тіліне аударма жасап, содан топ мүшелерінің қызметіне сипаттама беріп жатты. Осы жұмысты жүргізе отырып, өз топтарының ішінде осы қызметтерді бөлісіп алуға ұсыныс жасадым.Топ мүшелері өзара ұсынылған топ мүшелерінің қызметтерін бөлісе отырып, топта талқылап болғаннан кейін, топтардың спикерлері топ мүшелерінің атқаратын қызметтеріне анық және нақты жауап беруге тырысты.
Топ мүшелерімен ақылдаса келіп, топ спикерлерінің берген түсініктемелерін ғылыми түсініктемелермен салыстыруға мүмкіндік бердім.
Топтағы бірлескен жұмыстың тиімділігі, нәтижелі болатындығын төмендегі оқу пирамидасы арқылы түсіндірдім. Яғни мектеп жасындағы балалардың алынған ақпаратты есте сақтауының орташа пайызын өз ойларынша белгілету арқылы олардың пікірін білдім. Қатысушылардың ойлары оқу пирамидасында көрсетілген пайыздық көрсеткішпен ұқсастық таппады.
Оқу пирамидасы туралы , ондағы пайыздық көрсеткіштердің шындыққа қаншалықты жанасымды екенін тәжірибе жүзінде көріп жүргеніміз туралы сөз қозғалды. Оқушылар өзара бір-бірін оқытқанда ақпараттың ең жоғары пайызын, яғни 90 % - ын есте сақтайтындығына осы топтық жұмыс арқылы көз жеткізді.
Топтағы бірлескен жұмысты сәтті жүргізе білу арқылы біз оқушыларды кезекпен сөйлеуге, басқалардың пікірін тыңдай білуге, қойылған ашық және жабық сұрақтар жөнінде ойлана білуге, болжамдар айта білуге, берілген рөлді орындай білуге, өз ойын тұжырымдап, түсіндіріп жеткізе алуға жаттықтырамыз.
Бұл топтық жұмыс барысында қатысушыларға берілген тапсырма « ХХ ғасыр мұғалімі және ХХІ ғасыр мұғалімі » деген тақырыпта постер қорғау. Бұл тапсырманы ұсынудағы негізгі көздегенім – бұрынғы мұғалім мен жаңа заман мұғалімдерінің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көрсете отырып, қазіргідей ақпараттық ағыны күшті заманда қалай жұмыстану керектігі туралы түрткі болу. Тапсырманы топ мүшелері ойласа отырып, топта талқылап, постер дайындады.
Мұғалімдер « ХХ ғасыр мұғалімі және ХХІ ғасыр мұғалімі » тақырыбына постер дайындауда
Постер дайындау барысында мұғалімдер өзара ақылдасып , пікірлесіп , топта бірге жұмыс жасау арқылы нәтижеге жетуді көздеді. Тіпті өздерін оқушының орнына қойып қарауға да ұмтылды. Мұғалімдердің сабаққа жасаған кері байланысында да өздерінің коучингке қызығушылықпен қатысып, топтың әрбір мүшесі өз дауысын білдіргені айтылған.
Сабақ соңында мұғалімдер кері байланыс парағына стикерлер арқылы өздерінің бағасын беріп, көңіл–күйлерін білдіріп жатты.
Бірінші коучингті өткізу барысында байқағаным–топ мүшелерінің жаңа әдіс–тәсілдерге ерекше қызығушылық танытқаны. Кері байланыс кезінде де осындай сабақтар жиі өтіп тұрса өте жақсы болар еді деген ұсыныстар айтты. Мұғалімдер өздерінің осындай пікірлері арқылы сабақта көп нәрсеге қол жеткізгенін байқатты. Топтағы бірлескен жұмыс–оқытудың жаңа әдістерінің бірі екендігін , топтық жұмысты жүргізудің жолдарын меңгерді. Топқа бөлу, топтағы адамдар саны, топ ережесі, топ мүшелерінің атқаратын қызметі, міндеттері, кері байланыс, сергіту сәті - бәрі–бәрі мұғалімдерге жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде көмек болатын әдістер.
Курс бағдарламасын меңгергеннен кейінгі уақытта, яғни мектептегі жұмыс барысында да бағдарлама модульдерін мектеп ұжымына жеткізу мақсатында коучингтер жүргізуді алдағы күннің жоспарына кірістіріп отырмын. Себебі, мындай өзгерісі мол ақпараттық дәуірде білсем, үйренсем деген ұстаздар мұндай жаңа істерден бейхабар болып қалмауы тиіс.
Мектептегі іс–тәжірибе кезінде осы коучингті өткізу барысында өзімді бұрынғы жай мұғалім емес, коуч ретінде сезіндім. Алдағы уақытта бұл оқыту тәсілін тек әріптестерге кеңес беру үшін коучинг өткізу кезінде ғана емес, оқушыларды жаңа біліммен сусындатып, өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін сабақтар үшін де қолданатыныма сенімдімін. Бірінші коучингте мұғалімдермен жұмыс жасау кезінде сабақтың кейбір тұстарын келесі сабақта ескерермін деген тұстарым да болды. Сонымен бірге коучингті жүргізу барысында уақытты алдын-ала белгілеу арқылы тиімді пайдалануды, топтарға бөліп жұмыс жасауды, оның негізгі мақсат–міндеттерін ескере отырып, нәтижеге қол жеткізуді үйрендім. Коучинг өткізу мұғалімнен ұзақ уақыт дайындықты, тәжірибелі болуды қажет етпейді дегенмен, әріптестер ортасы білікті мамандар болса, онда әрбір коучтің тиянақты дайындықтан өтуі қажет. Себебі, қозғалатын мәселе жөнінде жан – жақты хабардар болуға міндетті болып саналады.
2 - коучинг жайында рефлексивті есеп
Екінші коучингтің тақырыбы - «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау». Бұл тақырыпты таңдаудағы ойларын мұғалімдер оқушы білімін шынайы, біліміне қарай бағалаудың тиімді тәсілдері туралы мәлімет алғылары келетіндігімен түсіндіреді.
Мақсаты – критериалды бағалау туралы түсінік бере отырып, оны оқыту үдерісінде іс – тәжірибеде пайдалануға ықпал ету. Бағалаудың әдіс тәсілдеріне сипаттама беру.
Коучингімізді бастамас бұрын, сабақ алдындағы өздерінің көңіл – күйлеріне баға беру үшін , «BLOB» тар бейнесін ұсындым. Менің «Өздеріңді қазір қалай сезініп отырсыңдар? Өз көңіл – күйлеріңді осы BLOB – тардың бейнесімен салыстырыңдар » деген нұсқауыммен өз көңіл – күйлеріне баға беріп, басқалармен бөлісуге тырысты.
Коучингімізді бірден топқа бөлінуден бастадық. Топқа бөліну үшін мұғалімдерге бақша өнімдері мен жемістердің суретін бердім. Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлана отырып , ол жеміс – жидектердің ерекшеліктеріне қарай жіктеп екі топқа бөлінді.
Топтық жұмысқа кіріспе ретінде екі топтың мүшелеріне бар шеберліктерін салып, 3 минуттың ішінде үйдің суретін салуды тапсырдым. Бұл суретті салу үшін мұғалімдер тек қағаз бен қаламды ғана пайдаланды. Суреттерді салып болған соң жинап алып, оқушыларды бағалаған кездегі оқушылардың жан – дүниесін сезіндіру мақсатында өз тарапымнан формативті бағалаған сәтте, менің бағалауыма келіскен де, ренжіген де мұғалімдер болды.
Мұғалімдердің жұмыстарын бағалағаннан кейін, қойылған бағалар туралы рефлексия жасадық. Мұғалімдердің біршамасы өз жұмыстарының қойылған бағаларға, бағалардың жұмыстарға сәйкес екендігін мойындап жатса, енді біршамасы мен шеберлігімді пайдаландым, есік, терезесін салып едім, айналасына ағаштар өсіріп едім десе, енді бірі өз жұмысына өзі баға беріп, менің тарапымнан бағаның көтермеленіп қойылғанын айтты. Орындалған тапсырмаға, қойылған бағаларға байланысты кері байланыс мынадай сұрақтарға ауызша жауап алу арқылы жүзеге асты:
Жұмысыңызға қойылған бағамен келісесіз бе?Сіздің
жұмысыңызды бағалаған кезде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Неліктен?
Осындай жағдайлар сыныптарда орын ала ма?
Сіздің сабағыңызда оқушылар не үшін баға алғандарын біле ме?
Олар қалай және қайдан біледі? сияқты сұрақтар қойылған кезде мұғалімдер кішкене ойланып қалды. Әрине, әрбір сабақта оқушының білімін, іс - әрекетін бағалау жүретіндігі белгілі. Алайда, ол бағалау қалай жүзеге асады? Оқушылар не үшін баға алғанын біле ме? Білсе қалай? Қандай жолмен түсіндіресіз? деген сияқты сұрақтарға жауап беру мұғалімдер үшін қиындық тудырды. Яғни, мен де, олар да бағалаудың тиімді әдіс–тәсілдерін пайдалана алмайтынымызды мойындадық. Бағалаудың бір жақты ғана жүретіндігі оқушының сабаққа деген ынтасының артуына, келесі материалды игеруіне, дамуына айтарлықтай әсер етпейтіндігін айта келіп, бағалаудың тиімді әдіс–тәсілдерін қолдануды ұсындым.
Суретті бағалау кезінде мұғалімдердің ішінде менің қойған бағама ренжіген бейнелеу пәнінің мұғалімі С.К. менің бағалауымдағы мақсатты да бірден түсінген мұғалім болды. Яғни, біз бағалаған кезде, оқушылар да өздерін осылай сезінеді екен ғой, - деп өз пікірін айтты.
Теориялық мәлімет ретінде мұғалімдерге «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбына тоқталып, бағалаудың мәні, мақсаты, бағалаудың тәсілдері туралы слайдтар арқылы мәлімет бердім. Мұғалімдер тақырыпқа байланысты берілген мәліметтерді тыңдай отырып, суммативті бағалау және формативті бағалау туралы түсініктер алды.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін – өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады (МАН, 105 - бет) . Осы тұрғыда оқушының білімін бағалауды екі бағытта жүргізетіндігімізді айттым.
Бағалау - оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау. Бағалауың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай–ақ оқуды критериалды бағалау ды зерделеуге бағытталған.(МАН, 104-бет) Тұжырымдамаға сәйкес, бағалаудың оқытуды және оқу үдерісін жақсартуға қаншалықты әсер ететіндігін түсіндік.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық әдіс емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш–жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (МАН, 104 - бет) , яғни оқушының әрбір іс – әрекетіне баға беру арқылы баланың дамуына да ықпал ететінімізді естен шығармауымыз қажет.
Келесі қадам мұғалімдерге теориялық білім, яғни бағалау критерийлері-рубрикатор туралы мәлімет беру. Интерактивті тақта арқылы бағалаудың түрлері туралы білімдерін жетілдіре түсіп, рубрикатор туралы мәлімет бердім:
Рубрикатор / Рубрикатор / Marking Scheme - критерийлер, лейблдер мен дескрипторлардың болуын көздейтін, оқушы жұмысын қалай бағалау керектігін түсіндіретін құжат. ( МАН, глоссарий )
Қажетті мәліметті алғаннан кейін коучингке қатысушылармен біріге отырып, теориялық білімді пысықтау мақсатында рубрикатор жасадық. Бұл тапсырмада өздерінің енді жасайтын жұмыстарын бағалату мақсатында, өздерінің жұмысын бағалау критерийлері нелерді қамтитынын білгізе отырып жұмыс жасату. Оқушылар білімін критерийлер бойынша бағалауда да біз оның білімін, меңгерген дағдыларын қандай критерийлер бойынша бағалайтынымызды алдын ала білуі тиіс.
Аталған рубрикаторды бірге жасай отырып, мұғалімдерге аққаланың суретін салуға тапсырма бердім. Бұл тапсырманы орындауда мұғалім өзінің жұмысының қандай негізде бағаланатынын, қандай ерекшеліктерінің есепке алынып, оған қандай ұпай қойылатынын білді. Суреттерін де сол бағалау критерийлеріне сүйене отырып салды. Бұл тапсырманы орындауда мұғалімдер топта ақылдасып, критерийлерді қалт жібермей , флипчарт, түрлі - түсті қарындаштар, фломастерлер, маркерлерді пайдаланып жұмыс жасады. Және мұғалімдер тапсырманы орындап, суретті салып болғаннан кейін топтардың жұмысын белгіленген бағалау критерийлері бойынша бағаладық.
І топтың аққаласы ІІ топтың аққаласы
Екі топтың жұмысы да 3+3+3=9 ұпай жинап, «5» деген бағаға лайық жұмыс болды. Жұмысты бағалау кезінде үйдің суретін бағалағандағыдай ешқандай түсінбеушілік, реніш болған жоқ. Сонымен бірге, топтар бір бірлерінің жұмыстарын формативті түрде бағалап, пікірлерін айтты.
Бұл тапсырманы орындатудағы мақсатым: мұғалімдерге алдағы уақытта өз тәжірибелерінде қолданатын рубрикаторды жасаудың жолдарын меңгерту. Мұғалімдердің жасаған топтық жұмыстарының орындалу сапасына қарап және олардың білдірген пікірлерін тыңдай отырып, олардың ойында бағалау туралы белгілі бір түсініктер қалыптасқандығын байқадым.
Екінші коучингтің негізгі тапсырмасы мұғалімдердің өздеріне бағалау критерийлерін жасай отырып рубрикатор жасату. Осы мақсатта топтарға ресурстар таратылды. Осы ресурстарды пайдалана отырып, 15 минут ішінде қазақ халқының ұлттық биі «Қамажайды» бағалау бетшесін, яғни рубрикатор дайындауы тиіс. Топ мүшелері ынтымақтаса отырып, топ ережелерін ескеруге тырысып, әр топта ұлттық биді бағалау үшін бір рубрикатор дайындады.
ІІ топ бағалау критерийлерін жасау үстінде ІІ топ бағалау критерийлерін жасау үстінде
Қатысушыларға рубрикаторда критерийлер, дескрипторлар, лейблдарды қамтуы міндеттелді. Мұғалімдер бұл тапсырманы менің ешқандай көмегімсіз, өздігімен, яғни топ мүшелерімен ақылдаса отырып орындады.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалімдерге жұмысымызды ары қарай жалғастыру үшін интерактивті тақтадан «Қамажай» биінің бейне жазбасын тамашалаттым. Осы биді тамашалау арқылы мұғалімдер өздері дайындаған бағалау критерийлері бойынша биді бағалады.
Өздері дайындаған бағалау критерийлері бойынша екі топтың мүшелері тамашалаған «Қамажай» биін орындаушылардың іс–әрекетіне баға берді. Және әрбір топ спикері осындай критериалды бағалаудың оқушы білімін нақты бағалауда ерекше роль атқаратынын айта отырып, болашақта өз сабақтарында пайдалануды өте қажет деп санайтындықтарын айтты.
Мұғалімдердің осы сабақта алған мәліметтерін тағы бір пысықтап, толықтыру мақсатында бағалаудың әдістері туралы слайдтарға тоқталып, бағалаудың түрлерін көрсеттім. Мысалы: «Бағдаршам», «Мадақтау сэндвичі», «Әңгімелесуші серіктестер» , «Екі жұлдыз, бір тілек», Post – IT «жапсырмалар», смайликтер, «Кір жер» т. б. бағалаудың тәсілдері.
Коучингтің кері байланысы ретінде мұғалімдер кері байланыс парағын толтырды. Сол кері байланыс арқылы коучингке қатысқан мұғалімдердің басым бөлігі коучингтен бағалау туралы көп мәлімет алғанын, алдағы уақытта дәл осындай білім мен біліктілігін жетілдіретін, кәсіби көмек көрсететін сабақтар көбірек ұйымдастырылса, жақсы болар еді десе, үшеуі өздеріне рубрикатор жасауда қиналғандарын жазыпты. Және Т.А. деген мұғалім осы сабақтың барысында өз еңбегінің жеке бағаланбағанын түсіне алмағанын жазыпты.
Осы кері байланыстың негізінде, мұғалімдердің сабақ барысында айтқан пікірлерін ескере отырып, алдағы өткізетін сабақтарда бағалаудың үлгілерін қолдану арқылы түсінбеген сұрақтарына жауап беремін деп ойлаймын.
Жалпы, бұл коучингтің мақсаты мұғалімдерге бағалаудың түрлері туралы түсінік беріп, өз тәжірибелеріне енгізуге ықпал ету болғандықтан, жиынтық бағалау және қалыптастырушы бағалау туралы кеңірек мәлімет беруге тырыстым.
Мұғалімдер бұл сабақта, жоғарыда айтқандай, бағалаудың оқыту мен оқу үдерісінде маңызды роль атқаратынын, оқушының танымдық даму үдерісіне ерекше ықпал ететінін түсіне отырып, бағалаудың түрлері, олардың айырмашылықтары, бағалау нысандары туралы білімдерін қалыптастырды. Ауызша және жазбаша кері байланыс жасау арқылы да мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында құпия және сенімді бағалау үдерісі жүретіндігін білді.
Осы екі тақырыптағы коучингті жүргізу барысында коучингті жоспарлауды, мақсатты анықтай білуді, SMART–мақсатты құруды, коучинг барысында мұғалімдермен қалай жұмыс жасауды, ауызша және жазбаша кері байланыс жасауды, ақпараттық технологияны тиімді пайдалануды топтық жұмысты ұйымдастыруды үйрендім. Деңгейлік курс уақытында меңгерген теориялық білімді ұжымдастарыма жеткізуге тырыстым.
Алдағы уақытта өзім жұмыс жасайтын мектепте өзгеріс енгізуде, оқыту мен оқуды жақсарту ісінде, ұжымдастардың әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік етуде кәсіби құзыреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді дайындауда менің өзіндік қолтаңбам болады деп сенемін.