Просмотр содержимого документа
«Коучинг – сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп»
А2 Коучинг – сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп
Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру.Бұл – әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі (МАН 87-бет). Коуч ретінде мен өз мектебімдегі әріптестеріме қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында көмек көрсетемін.Соның нәтижесінде әріптестерім өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі.
Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады (Мерсер мен Литлтон 2007). «Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын әдістерін «диалогтық оқыту» деп атауға болады (МАН 71-бет). Мектепке тәжірибе кезеңіне барғанда «Диалогтық оқыту» тақырыбында коучинг өткізуді жоспарлап отырмын. Осы тақырыпты таңдаған себебім әріптестерімнің бұрынғы сабақтарына қатысқанда мұғалім оқушыға немесе оқушы оқушыға сұрақ қойғанда сұрақтың мазмұнына көп мән берілмейтіндігін байқадым. Мұғалімдер жабық сұрақтарды көп қояды, оның қауіп-қатерін сезінбейтін сияқты. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (МАН). «Диалогтық оқыту» тақырыбындағы коучингтің мақсаты: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибесіне енгізу әдістерінің жолдарын ұсыну.Түрлі мүмкіндіктерге және оқушылардың жас ерекшелігі мен дамуына қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттау.
Күтілетін нәтижелер: 1.Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады. 2.Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі. 3.Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады. Жағымды ахуал қалыптастыру «Өзгеру». Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беремін. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып,«иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады. Осыдан кейін «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» бейнефильмін көруге ұсынамын. Қатысушыларды түстер (көк, сары) арқылы екі топқа бөлемін.Топқа бөлінгеннен кейін барлығымыз ақылдаса отырып топ ережесін құрамыз.
Теориялық кезеңдегі №1 Тапсырма - Джигсо әдісі арқылы топтар диалогты оқыту модулін оқып танысады. №2 Тапсырма -Топ ішінде жаңа ақпаратпен алмасады. Жұппен талқылайды. №3 тапсырма - Постер жасап қорғайды. Қатысушылар А4 форматты қағаздың бетіне постерге өз ойларын түсіреді, оны қорғайды.Келесі кезең сұрақ қою түрлеріне арналған «Ұшақ ұшыру» ойыны. Коучингке қатысушыларға қағаздан ұшақ жасауға тапсырма беріледі. Ұшақ жасағаннан кейін әр қатысушы зат есімге байланысты сөз жазады да, оны әріптесіне қарай ұшырады.Екінші адам сол сөзге сұрақ жазып, ұшырады.3-ші адам сол сұраққа жауап жазады. Қорытындысында сұрақтар талданады. Қорытынды жасайды. Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау... Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? " деген сұрақтармен бағыттайды. Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.Нәтижесіндеоқушыларға ашық сұрақ қою ұсынылады.
Рефлексия. Қатысушылардан «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде кері байланыс аламын.Өткізілген сабақ бойынша ұсыныс-тілектерін стикерлерге жазу арқылы білдіреді.
Оқуды дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;
Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
«Қайназар ауылындағы №1 орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коучинг тақырыбы «Диалогтық оқыту»
Коуч: Мамыркулова У.К
Күні:
Мамыркулова У.К.
Коучингтің тақырыбы
«Диалогтықоқыту»
Коучингтің мақсаты
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибесіне енгізу әдістерінің жолдарын ұсыну.Түрлі мүмкіндіктерге және оқушылардың жас ерекшелігі мен дамуына қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттау
Күтілетіннәтижелер:
1.Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады. 2. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі. 3. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады. 4. Әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмектеседі, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады.
Сіздердің назарларыңызға «Әлем өзгереді, мен өзгеремін» бейнефильмін ұсынамын
Бізге өзгеру керек пе? Нені өзгертер едіңіз? Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек?
Қандай түсті таңдайсыз?
Топ ережесін құрып алайық (бірлесіп жұмыс істейік)
Түстер арқылы мінездеме беріледі.
«Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
Қатысушылар бейнефильм бойынша өз ойларын айтады,
талдайды, ұсыныстарын білдіреді.
Түстер арқылы екі топқа бөлінеді
Сары түс, көк түс, жасыл түс
Стикер, маркер
АКТ
Сары түс, көк түс, жасыл түс.
Теориялық кезең
№1 Тапсырма
Джиксо әдісі арқылы топтар диалогты оқыту модулін оқып танысады.
№2 Тапсырма.
Топ ішінде жаңа ақпаратпен алмасады.
№3.Постер жасап қорғайды.
Нұсқаулықтан берілген түсіндірме мәтінін топқа таратып беремін.
Жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырады
1.«Диалогтық оқыту тәсілі» туралы мәтінді оқып танысады.
2.Жұппен талқылайды.
3.Қатысушылар А4 форматты қағаздың бетіне постерге өз ойларын түсіреді. Постерлерін қорғайды.
Мұғалімге арналған нұсқаулық (І деңгей), Үлестірме материалдар (екінші апта),
тапсырманы орындауға арналған постер, маркер, стикер, А4 форматты қағаздар
Мармозетка
Сұрақтар бере отырып, диалогқа түсу
Тапсырманы орындау үшін бірнеше ойлау деңгейінен өтеді.
Слаид
Мармозетка суреті
Сұрақ қою түрлері
«Ұшақ ұшыру»
Рефлексия
Коучингке қатысушыларға қағаздан ұшақ жасауға тапсырма беріледі.
Қорытынды жасайды.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау... Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
Оқушыларға ашық сұрақ қою ұсынылады.
Қатысушылардан «Екі жұлдыз, бір тілек» түрінде кері байланыс алады.
Ұшақ жасағаннан кейін әр қатысушы зат есімге байланысты сөз жазады да, оны әріптесіне қарай ұшырады.Екінші адам сол сөзге сұрақ жазып, ұшырады.3-ші адам сол сұраққа жауап жазады.
Өткізілген коучинг бойынша ұсыныс-тілектерін стикерлерге жазу арқылы білдіреді
Ұшақ
Кері байланысқа арналған стикерлер
Диалогтік оқытудың көмегімен оқушының оқуға қызығушылықтары артып, өзіндік баға беруі, өзін-өзі бағдарлауы дамиды.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (МАН). «Диалогтық оқыту» тақырыбындағы коучингтің мақсаты: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде мұғалімдердің диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибесіне енгізу әдістерінің жолдарын ұсыну.Түрлі мүмкіндіктерге және оқушылардың жас ерекшелігі мен дамуына қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттау.Күтілетін нәтижелер: 1.Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі. Зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын орта оқу үшін барынша қолайлы. Оқушылар мұндай ортада жұмыс істегенде, өзара әңгімелесу барысында олардың ой-пайымдары айқындала түседі, әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін. Берілген теориялық білімнен кейін мұғалімдер бұрынғы, жаңа білімдері негізінде постер жасап, өз түсініктері бойынша тұжырымдамаларын жасады, кері байланыс берді.Қорыта келгенде, оқушылардың нені білетіндері мен нені білмейтіндерін анықтау үшін мұғалімнің жақсы қарым-қатынас дағдылары және түсіністікпен қарауы қажет болады. Диалогтік әңгіме мұғалімдер де , оқушылар да оқыту мен оқуға маңызды үлес қосатын өзара іс-қимылдың аса тиімді түрі болып табылады.Оқуды дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім не істей алады:
Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларға өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуге көмектеседі;
Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Пікір; В есебі нақты деректерге сүйене жазылған. Есепті оқй отырып,мектептегі тәжірибелік кезеңі жоспарға сәйкес өтілгені байқадым. Шынар