Просмотр содержимого документа
«Күйшілік дәстүр «Батыс күйшілік өнері»»
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
МҚКК «Балалар мен жасөспірімдер
шығармашылығы орталығы»
музыка студиясының меңгерушісі,
қосымша білім беретін педагогог: Бердешова Ұ.С.
Пәні: домбыра
Педагог: Бердешова Ұ.С.
Шебер класс тақырыбы: Күйшілік дәстүр «Батыс күйшілік өнері»
Шебер кластың мақсаты:
1.Педагогтың алдыңғы қатарлы тәжірибесін трансляциялау, кәсіптік қарым-қатынас үшін жұмыс тәжірибесін алмасу, инновациялық кеңістік ұйымдастыру негізінде педагогтардың кәсіптік шеберлігін дамыту және толық құнды көрсету үшін шарттар жасау.
Шебер - кластың міндеттері
Педагог шебер қызметінің жеке бағыттары немесе жұмыс жүйесін ұсынады;
Педагог шебердің инновациялық педагогикалық тәжірибесін, ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету қимылдарын, әдістемелерін, тәсілдерін және түрлерін тура түсіндіре көрсету жас педагогтарға беру.
Педагог шебердің сабақ бағдарламасында қойылған әдістемелік тәсілдерін еңбекпен өтеу, мәселесін шешу амалдарын шебер кластың қатысушыларын ортақ іске тарту.
Өз кәсіптік тәжірибесін шебер-класқа қатысушылармен талдау.
Кәсіптік өсу бағдарламасын құру, өзін-өзі дамыту міндеттерін шешуге мастер-класс қатысушыларына көмек көрсету.
Шебер-кластың өзектілігі: осы тәсілдерге жалпы білім беру мектептерінде,
1-кезең: Педагогтық іс-тәжірибие, негізгі педагогикалық технологиялармен таныстыру.
2-кезең: шебер класс таныстыру.
3-кезең: Дина Нұрпейіскеліні
4-кезең: Бейнетаспадан Динаның күйі «Науай»
5-кезең: «Қазанғап
6-кезең: сергіту сәті бейнетаспа арқылы
7-кезең: Бейнетаспадан Қазанғаптың күйі «Жем суының тасқыны»
8-кезең: Қ.Ахмедияров
9-кезең: Бейнатаспа Қ.Ахмедияровтың күйі
10-кезең: Практикалық күйлерді ойнатып талдау.
11-кезең: Вен диаграммасы
12-кезең:Қорытынды
13 кезең. Бекіту
Жаңа тақырып:
1-кезең: Педагогтық іс-тәжірибие, негізгі педагогикалық технологиялармен таныстыру.
-нәтижесінде жеткен жетістіктер презентациялау.
2-кезең: шебер класс таныстыру.
Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес. Қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер, әсіресе бүгінгі күнге дейін шашау шықпай бізге жеткен домбыра мен қобызда орындалатын күйлер - дүние жүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлдүлдері қаншама, орындаушылық өнердің сан тарау мектептері қаншама!
Домбыра мен қобызға арнап шығармалар жазған халық композиторларын, ұлттык дәстүрді әрі қарай дамытып, аспаптық музыка саласында айтулы еңбектерімен танылған Қазақстан композиторлары. Осыдан соң дәстүрлі күйшілік өнер мектептерін саралай келе Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина күйлері.
Күйлердің орындаушылық ерекшеліктерін, олардың екі үлкен мектепке бөлініп: шертпе күйлер, төкпе күйлер болып дараланатының сөз еткенде, екі мектептің де басында тұрған ұлы күйшілерді атамай болмайды. Олар 19 ғасырда өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырып кеткен халық композиторлары Құрманғазы мен Тәттімбет. Бірі төкпе күйдің, бірі шертпе күйдің алғашқы негізін қалап, қалыптастырып кеткен тұлғалар.
3-кезең: Дина Нұрпейіскеліні Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы Бекетай деген жерде 1861 жылы дүниеге келген. Ол туа біткен дарынының арқасында тоғыз жасар кезінде-ақ күйшілік өнерді еркін меңгеріп, әйгілі күйшілер Дәулеткерей, Байжұма, Баламайсан күйлерін нақышына келтіре тартып, ел ішінде «домбырашы қыз» атанады. Динаның тізгіннің екі ұшындай екі ұлы мектебі бар. Оның, бірі Құрманғазы да, екіншісі: - Дәулеткерей. Осы екі үлкен мектептен үлгі-өнеге алған Дина Құрманғазының өршіл рухы мен Дәулеткерейдің сыршылдық жүрек сезімін өз шығармаларында ұштастыра білген. Сонымен қатар Дина сол мектептер шеңберімен ғана шектелмей, әрі қарай өзіндік жол тауып, өзінін, шығармашылық қолтаңбасын қалыптастырған.
Тоғыз жасар Динаның күйшілігі Құрманғазыдай ұлы тұлғаның назарына ілігіп, күй атасы оны арнайы іздеп келіл жолығуының өзі Динаның біртуар үлкен өнер иесі екенін танытса керек.
«Науаи» күйінің шығу тарихымен таныстыру. 1944 жылы Ташкентте Орта Азия Республика музыкасының онкүндігі өтті. Осы онкүндікте Динаның орындаушылық шеберлігіне қатты риза болған музыка сыншысы А .Островский: «Оны домбыра тартудағы шеберлігі адам сенуге болмайтын ғажайып құбылыс» деп бағалады. Дина бұл күйін өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науаиге арнап шығарған. Күйдің ішкі құрылысынан, музыкалық тақырыбынан өзбек халқының сазымен қатар, орыс халық әндерінің әуендеріне ұқсас буындар мен ырғақтар құлаққа анық шалынады.
Басқа бір деректерде бұл күйдің атауын «Ұршық төкпе» деп те атаған деседі. Жалпы «Науаи» әуенге бай орындаушыдан асқан шебарлікті қажет ететін әсем туынды.
Дина төкпе дәстүріндегі қара қағыстарды қолданады.
Дина байқаулардан оралған соң басқа ұлттардың әуеніне еліктеп, күйлер шығарған. Әсіресе қырғыздардың қолды ойнату тәсілдерін шебер пайдалана білген. Сондай-ақ тыңдарманның көңілін өзіне аударту үшін оқыстан күйді тоқтату секілді домбыра қағыстары Динаның тек өзіне ғана тән ерекшеліктер.
Күй 2/4, ¾, 4/4 өлшемдері араласып кездеседі. Төрттік, сегіздік, оналтылық ноталар кездеседі. Әртүрлі лигалар, сондай-ақ оң қолдағы қағыстар түрленіп отырады.
Бірыңғай төмен қағыстармен ойнау
Оң олды сілтеп қағу
Қағыссыз алу. Перне бойын айналдыра қағу
Квинтоль (лат guntus бесінші) –үш немесе төрт нотаның орнына келетін бес нота.
Дина апамыздың күйлерінен ұстазы Құрманғазының орындаушылық дәстүрін одан әрі дамытып бірінші саусақ пен төртінші саусақ екі ішекте унисон интервалын алатын күйлерін кездестіруге болады. Мысалы «Қара қасқа ат», «Он алтыншы жыл»
Динаның бұдан басқа да: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Көгентүп», «Көкөніс», «Қарақасқа ат», «Қосалқа», «Мендіқара», «Науысқы», «Он алтыншы жыл», «Өттің дөурен», «Сегізінші март», «Тойбастар», «Шынар» тағы сол сияқты толып жатқан күйлері бар.
4-кезең: Бейнетаспадан Динаның күйі «Науай»
5-кезең: «Қазанғап десек» ең әуелі үш профессионал өнер қайраткерлері –академик Ахмет Жұбанов, Қазақстан еңбегі сіңірген әртісі Жалекеш Айпақов және өнер зерттеуші Садуақас Балмағанбетов еске алу мүмкін емес. Осы ағаламрымыздың еңбегімен Қазанғап күйлері бізге жетіп отыр. Қазанғаптың күйлері өзінің орындалу тәсілі жөнінен де, мазмұны мен әуені жағынан да ерекше. Оның күйлерінен тегеурінді жойқын күш сезілмейді, тұнық лиризммен өрілген күй арқауындағы әрбір ойы философиялық тұжырымға негізделеді. Мәнерлі, қоңыр үнді, биязы күйлері тыңдаушысының жан дүниесін баурап алып, терең де, тылсым дүние төріне жетелей жөнеледі. Қазанғаптың күйлерінде қағыс түрлері қаншалықты құбылып, тыныс- демі қаншалықты өзгергенімен, барлық күйлеріндегі саз-әуен бітімділігі ұзара сақталып отырады. Оң қол қағысының қимыл-қозғалысы күй әуенін айқындауда басты тетік болып табылады. Қазанғап күйлерін тек ойнап қою аз, оған орындаушы жан тәнімен берілу қажет. Қазанғап күйлерінің өн бойында кездесетін «ілме» қағыстар мен «қара» қағыстарды сипай, әдемі үн шығара қағу әдістерімен орындау, «теріс» қағыстарды- сұқ саусақ пен бас бармақтың көмегімен алуы мен ерекшелінеді. Қазанғаптың Балжан қызға арналған он бес түрлі күйі бар. «Жұртта қалған», «Боз жорғаның бөгелек қағуы», «Кербез Ақжелен», «Шырылдатпа», «Жыр күйі»- деген күйлері бар.
Ілме қағыс – nvv «сұқ» саусақпен төмен, «бармақпен» және «сұқ» саусақпен жоғары қағыс
Осы ілме қағыс кейбір күйлерінде бірнеше саусақтар кезектесіп жоғары алынады.:
cбжос
nvvvv- cұқ саусақпен төмен, «бармақпен» және «жүзік», «орта», «сұқ» саусақтармен жоғары қағыс.
6-кезең: сергіту сәті бейнетаспа арқылы
7-кезең: Бейнетаспадан Қазанғаптың күйі «Жем суының тасқыны»
8-кезең: Қ.Ахмедияров тақырыбы және стилі жағынан әртүрлі 50-ден аса күй шығарған екен.Оның ішінде жақын,сүйікті адамдарына арнаған «Қайран әке», «Ақ қайың», «Сағыныш», замандастарына «Ғазиза», «Би», «Қуаныш», «Шамғон Ақжелең», «Нұрғиса», өткеннің өр тұлғаларына арналған «Абай толғау», «Құрманғазы», «Ақжелең» күйлері бар. «Жаңа жыл», «Шабыт», «Осака» т.б. күйлері сырлы сезімді суреттесе,ал «Алтын ұя», «Құрдастар», «Нарын», «Ақжайық» , «Атырау», «Атамекен» туындалары қоғамдық өркениетке,туған жер тақырыбына арналған.
Қ.Ахмедияровтың күйлерінің ішінде өзгеше бітімді, шоқтығы биік туындылар бар. Автордың дәстүр аясында туындаған күй желісін әртүрлі байланыстар арқылы жалғастырып, музыкалық полифония дестелерімен өрнектеп, дәстүр мен жаңашылдық арасын дәл кіріктіре білуі өте сәтті шыққан. Осы тұрғыда «Нұрғиса», «Сағыныш», «Нарын», «Атырау», «Атамекен», «Ғазиза» күйлері өзінше бір құбылыс десе болады.
Ал күйлерінің мазмұнын саралайтын болсақ, үнемі даму сатысында болғанын көреміз.Егер бастпқы күйлері жас талапкер талғамына сай жалынды, балауса келсе,ал кейінгі шығармларының соңданып толысқанына куә боламыз, соның бір дәлелі 90-шы жылдардан бастап күйлерінде тың леп, толғаныс, талмай ізденіс иірімдері бар. «Абай толғау», «Хамаң толғау» және т.б. шығармаларында автор айтарын дәстүрлі жанрлаға сүйену арқылы жеткізген.
Бұл күйлерінің сарынынан жоқтау, арнау, Толғау,Ақжелең, Қосбасар, Желдірме, Терме, Жыр және тағы басқа дәстүр дестелерінің иірімдері білінеді.Автор бұған жанама түрде, ерекшеліктерін саралау жолымен де жаңаша зерттеп қана қоймай, зерделей қарайды. Жанрларды жүйелеуде соны бағыт алып, жалпылама түйіндерден бойын аулақ ұстайды. «Қосбасар», «Шамғон», «Ақжелең», Абай толғау» күйлерінде қазіргі заманға сай саз иірімдері құлаққа келеді.
Қаршыға Ахмедияров шығармашылығы күйдің төкпе және шертпе бағытында қатар өрледі. Оның біріншісі басымдау екені рас. Бір шығармаға әртүрлі стилді тықпаламай, керісінше шертпе күй желісінде Батыс Қазақстан дәстүрлі домбыра өнерінің кейбір еркшеліктерін шеберлікпен қиюластыра білген. Стилдік байланыс күйдің екпіндік, иірімдік, әуендік негіздерінен көрінеді. Төкпе дәстүрінде шыққан туындылары өзгелеріне қарағанда соқталы келеді. Бұл орайда Қ.Ахмедияров Құрманғазы,Дина мектебінің бірден бір жалғастырушысы ретінде тұлғалана түседі.
Қ.Ахмедияров тек қана шебер орындаушы емес, бірнеше төл туындының авторы.
Қ.Ақмедияровтың композиторлық
шығармашылығында аймақаралық
күй өнерінің даму бағыттары
«теріс қағысты» сырт көзге қалай түсінеміз. Көптеген жинаушылар мен нотаға түсірушілер бұл қағысты синкопа секілді етіп белгілейді немесе 16-лық және нүктелі сегіздік ал бірақ ойнап отырып ұқсауын ұқсағанмен теріс қағыстың біздің теориядан білетін синкопа емес екеніне көзің әбден жетеді.